Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кестелер




Кестелер жақсы көрнекілік үшін және көрсеткіштерді салыстырудағы ыңғайлылық үшін қолданылады. Кестенің атауы оның мазмұнын айқындау керек, нақты және қысқа болу керек. Кесте атауын кестенің жоғарғы сол жағына, азат жолдық шегерімсіз оның нөмірімен сызықша арқылы бір жолға орналастырған дұрыс «кесте» деген сөзден кейін (Қосымша И).

Диплом жұмысында (жобасында) кесте бірінші рет айтылатын мәтіннен кейін тікелей немесе келесі бетке орналастырылады.

Диплом жұмысында (жобасында) барлық кестелерге сілтеме болу керек. Сілтемеде оның нөмірі көрсетіліп «кесте» сөзі жазылады.

Қосымшаның кестесінен басқа кестелерді араб сандарымен өтпелі түрде нөмірлеген дұрыс.

Жолдары көп кестені басқа бетке тасымалдауға болады. Кесте бөлігін басқа бетке тасымалдағанда «кесте» сөзі және оның нөмірі бір рет кестенің жоғарғы бірінші бөлігінде сол жақтан жазылады, басқа бөліктердің үстінде «жалғасы» сөзі көрсетіледі және кесте нөмірі жазылады, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестені басқа бетке көшіргенде тақырыбы оның бірінші бөлігінің үстіне ғана орналастырылады.

Кесте бөлігін тасымалдағанда атауы кестенің тек қана бірінші бөлігінің үстіне жазылады, кестені шектейтін төменгі көлденең сызық жүргізілмейді.

Графалары көп кесте бөліктерге бөлініп, бір беттің шегінде бір бөліктің астына екіншісін орналастыруға болады. Егер жолдар мен графалар бет форматынан шығып кетсе, онда бірінші жағдайда кестенің әр бөлігінде басқы бөлігі қайталанады, екінші жағдайда – қырын бөлігі.

А3 форматындағы көлемді кестелерді енгізуге болады.

Егер кестенің бағанында қайталанатын мәтін бір сөзден тұрса, онда оны бір рет жазғаннан кейін тырнақшалармен алмастыруға болады; егер екі немесе одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші рет қайталау кезінде оны «тағы да» сөзімен, ал одан әрі тырнақшалармен алмастыруға болады. Қайталанатын цифрлардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тынақшаларды қоюға рұқсат етілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында цифрлік немесе басқа да мәліметтер келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.

Графалар мен жолдардың тақырыбы бас әріппен жекеше түрде жазылады, ал графалардың тақырыпшалары – тақырыппен бір сөйлем құраса, кіші әріппен немесе олар жеке мағынада болса бас әріппен жазылады. Тақырып пен тақырыпшалардың соңында нүкте қойылмайды. Кестелер сол жақтан, оң жақтан және төменнен сызықпен шектеледі. Кестеде мәтіндегіден кіші шрифт қолданылады.

Қырын бөлік пен графалардың тақырыптары мен тақырыпшаларын диагональ сызықтарымен бөлуге болмайды.

Көлденең және тігінен кестені шектейтін сызықтар кестені қолдануға ыңғайсыздық тудырса жүргізілмейді.

Графалардың тақырыптары кесте жолдарымен параллель жазылады. Қажетті жағдайда графа тақырыптары перпендикуляр орналастырады.

Кестенің басқы бөлігі кестенің басқа бөлігінен сызықпен шектеледі. Қосымша Л.

В тексте дипломной работы следует пропустить одну строку перед словом таблица и одну строку после таблицы перед текстом.

Ескертудімәтіндік, графикалық материалдан кейін немесе осы ескертулер жататын кестеде орналастыру қажет. Кестеге ескертулерді кестенің соңында кестенің аяқталғанын білдіретін көлденең сызықтың жоғарғы жағына жазады.

«Ескерту» сөзін азат жолдан бас әріппен, ыдыратып және астын сызбай теру керек. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен теріледі. Бір ескерту нөмірленбейді, бірнеше ескерту нүктесіз рет бойынша араб цифрларымен нөмірленеді.

Формулалар мен теңдеулер

Формулалар мен теңгерімдерді мәтіннен жеке жолға бөліа алған дұрыс. Әрбір формуладан немесе теңгерімнен ең азы бір жол қалдырылуы керек. Егер теңгерім бір жолға сыймаса, онда ол мына белгілермен тасымалданады: теңдік белгісі (+), алу (-), көбейту (х), бөлу (:), немесебасқа да математикалық белгілермен тасымалданады, әрі белгілер келесі жолдың басында қайталанады. Көбейту операциясын символдайтын белгідегі формуланытасымалдағанда «х» белгісі қолданылады.

Диплом жұмысында (жобасында) формулалар жодың оң жақ шетінде дөңгелек жақшаларда араб сандарыменберіледі.

Мысал

А=а:б, (1)

Мәтінде сілтеме реттік нөмірі формулаға сәйкесжақшаның ішінде беріледі. Мысалы - –« ...формула (1)».

Қосымшада келтірілген формулалар әрбір қосымшаның шегінде араб сандарымен жекелей нөмірленеді. Мысалы формула (А.1).

Жұмыста келтірілген математикалық теңдеулер де формуладағы сияқты белгіленеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 72; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты