Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiлiм беру саласындағы құзыретi




Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) бiлiм берудi дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және iске асырады;
2) бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламалары мен бiлiм беру жүйесiн дамытудың стратегиялық жоспарларын әзiрлейдi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады, оларды iске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
3) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және келешектегi қажеттiгiнiң тұрақты мониторингi жүйесiн қалыптастырады;
4) әлеуметтiк әрiптестердiң кәсiптiк бiлiм беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етедi және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар үшiн мамандар даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi, сондай-ақ техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандар даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;
5) жоғары бiлiм алуға ақы төлеу үшiн бiлiм беру грантын беру ережелерiн бекiтедi;
5-1) "Өркен" грантын беру қағидаларын және оның мөлшерiн бекiтедi;
6) бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды;
7) Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау қағидаларын бекiтедi;
8) бiлiм беру қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
9) мемлекеттiк үлгiдегi бiлiм беру туралы құжаттардың түрлерi мен нысандарын және оларды беру тәртiбiн анықтайды;
10) халықтың тығыздығына және елдi мекендердiң қашықтығына қарай бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiн бекiтедi;
11) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгiлiк штаттарын, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының тiзбесiн айқындайды;
12) Қазақстан Республикасының Президентiне адам тәрбиесiне, оқуына және кәсiптiк қалыптасуына аса зор үлес қосқан жекелеген бiлiм беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс енгiзедi және Бiлiм беру ұйымдарының ерекше мәртебесi туралы ереженi бекiтедi;
13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
14) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi;
15) "Болашақ" халықаралық стипендиясын беруге арналған Үмiткерлердi iрiктеу қағидаларын бекiтедi және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;
16) мемлекеттiк атаулы стипендияларды бекiтедi;
17) "Алтын белгi" белгiсi туралы ереженi бекiтедi;
18) "Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы" және "Үздiк педагог" атақтарын беру ережелерiн бекiтедi;
19) тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары, оның iшiнде балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiн бекiтедi;
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
21) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджет қаражатының кемiнде бiр пайызы мөлшерiнде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекiтедi;
22) "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантын беру тәртiбiн және оның мөлшерiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекiтедi;
22-1) қаржы ұйымдары беретiн бiлiм беру кредиттерiн кепiлдендiру тәртiбiн айқындайды;
22-2) маманды жұмысқа жiберу, өз бетiмен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде бiлiм алған, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған азаматтарды жұмысын өтеу жөнiндегi мiндетiнен босату немесе олардың мiндетiн тоқтату тәртiбiн айқындайды;
23) бiрiншi басшыларын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын жоғары оқу орындарының тiзбесiн және оларды тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату тәртiбiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi;
24) бiлiм берудiң тиiстi деңгейлерiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын бекiтедi;
24-1) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде қабылдау квотасының мөлшерiн бекiтедi;
25) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгiлiк қағидаларын бекiтедi;
25-1) осы Заңның 8-бабы 4-тармағының екiншi бөлiгiнде аталған азаматтарға әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн, көздерiн, түрлерiн және оны беру тәртiбiн айқындайды;
26) бiлiм алушыларды бiлiм беру ұйымдарының үлгiлерi бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекiтедi;
27) бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыстар берудiң тәртiбiн бекiтедi;
28) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерiн лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидаларын бекiтедi;
29) қашықтықтан бiлiм беру технологиялары бойынша оқу процесiн ұйымдастыру қағидаларын бекiтедi;
30) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 53; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты