Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


дәріс.




Тақырыбы: Метаболизмнің реттелуі.Гормондар және олардың заттар алмасуын реттеудегі ролі.

Мақсаты: Гормондардың әсер ету механизмдері және нейроэндокриндік заттар алмасуының реттелуі туралы түсінік қалыптастыру.

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

Гормондар-эндокриндік бездерде түзілетін, қанға немесе лимфаға бөлінетін, рецепторлар арқылы нысана-жасушаларға әсер етіп, заттар алмасуын реттейтін биологиялық активті заттар.

ОЖЖ тітіркендіргіштер әсер еткенде жауап ретінде гипоталамусқа және барлық басқа тіндерге, сонымен бірге эндокриндік бездерге жүйке импільстерін жібереді. Гипоталамус гипофизға әсер ететін нейросекретиндер немесе рилизинг-факторларды бөліп шығарады. Олар екі түрлі болады: либериндер –гипофиздің тропты гормондарының бөлінуін стимулдейтін, және статиндер – тропты гормондарының бөлінуін тежейтін. Тропты гормондар шеткі эндокриндік бездерінің қызметін реттеп отырады.

Гормондар үш негізгі топқа бөлінеді: 1 топ- белокты-пептидтік гормондар, 2 топ- амин қышқылдарының туындылары, 3 топ- стероидты гормондар.

Гормондардың үш әсер ету механизмін ажыратады. Бірінші механизм бойынша гормондар жасушаішілек екіншілік делдалдар (цАМФ, цГМФ, кальций иондары, ИТФ, ДАГ) арқылы әсер етеді. Екінші механизм бойынша майда еритін гормондар әсер етеді. Олар жеңіл мембраналар арқылы жеңіл өтеді, жасушаның ядросына түсіп, транскрипцияны күшейтеді, ізінше белок синтезін жоғарлатады. Үшінші механизм арқылы әсер ететін гормондар жасушалық мембрананың субстраттарға өткізгіштігін арттырады. Бұл механизм бойынша, мысалы инсулин әсер етеді.

Қалқанша безінде кальцитонин, қалқанша маңы безінде паратгормон түзіледі. Олар кальций мен фосфаттар алмасуын реттеп отырады. Қалқанша безінің фолликулярлық жасушаларында тиреоидты гормондар түзіледі. Олар негізгі алмасуды (энергия алмасуын) реттеп отырады.

Үйқы безінің гормоны – инсулин жаңғыз глюкоза деңгейін төмендететін гормон. Басқа гормондар контринсулярлық болып табылады. Оларға глюкагон, адреналин, глюкокортикостероидтар, өсу гормоны жатады. Сондықтан, инсулин жетіспеушілігі кезінде қантты диабет ауруы дамиды. Бұл ауру кезінде гипергликемия, гиперкетонемия, глюкозурия, кетонурия, полидипсия (шөлдеу), полиурия байқалады.

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

1. Презентация (слайдтар)

2. Видеофильм «Гормондардың 1-ші әсер ету механизмі».

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Т.Ш.Шарманов, С.М.Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», Алматы, 1998 г.

2. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006.

3. С.Тапбергенов «Медицинская биохимия», Астана, 2001 г.

4. С.Сеитов «Биохимия», Алматы, 2001 г.

5. В.Дж.Маршал «Клиническая биохимия», 2000 г.

6. Б.Гринстейн, А.Гринстейн «Наглядная биохимия», 2000 г.

7. Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2004 г.

Қосымша:

1. Д.Г.Кнорре, С.Д.Мызина «Биологическая химия», Москва, 1998 г.

2. Р.Марри, Д.Греннер «Биохимия человека», I-II том, 1993 г.

3. А.Ш.Зайчик, Л.Г.Чурилов «Основы патохимии», Москва, 2001 г.

4. Полосухина Т.Я., Аблаев Н.Р. «Материалы к курсу биологической химии», 1977 – С.8-11, 13, 34.

5. Верболович П.А., Аблаев Н.Р. «Лекции по отдельным разделам биохимии», 1985 - С.27-36.

6. Н.Р. Аблаев Биохимия в схемах и рисунках, Алматы 2005 г.

7. Биохимия. Краткий курс с упражнениями и задачами. Под ред. проф. Е.С. Северина, А.Я. Николаева, М., 2002 г.

8. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.

 

ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАР:

1. Гормон деген не?

2. Гормондардың жіктелуі.

3. Жасушаішілік екіншілік делдалдарды атап беру.

4. Қандай гормондар кальций мен фосфаттар алмасуын реттеп отырады?

5. Қандай гормон гипогликемиялық әсер көрсетеді?

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 141; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты