Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Күннің көрінетін тәуліктік және жылдық қозғалысы




 

Жердің айналу осінің Жер орбитасы жазықтығына көлбеу бұрышы 66°33' тең, демек, жер орбитасының жазықтығымен жер экваторының жазықтығының арасындағы бұрыш 23°27' тең.

 

5.2-сурет. Жердің айналу осінің Жер орбитасы жазықтығына көлбей айналу бұрышы

 

 

Мысалы, Cолтүстік жартышарда ең үлкен күн ұзақтығы жазғы күн тоқырау мезгілінде22-маусымға тура келеді, Жер осі Күн жағына солтүстік жағымен еңкейгенде және сәйкесінше ең қысқа күн (немесе ең ұзақ түн) қысқы күн тоқырау мезгілінде 22 желтоқсанда, ось қарама-қарсы жаққа тұрғанда түседі.

Жердің Күнмен салыстырмалы тағы екі мінездемесі бар. Ол күн мен түннің ұзақтылығының теңелу мезгілі бұл жердің айналу осі Жер мен Күннің центрлерін қосатын сызыққа перпендикуляр болғанда байқалады, ол жыл мезгілінің 21 наурызы мен 23 қыркүйекгінде теңеседі.

Жер өз оссін 23 сағ. 56 мин. 4 с. бір айналып шығады. Бұл уақыт аралығы жұлдыздық тәулік деп аталады.

Біз күнделікті өмірде есеп жүргізіп жүрген уақыттар, тәуліктер, негізінен орташа деп аталады. Оларда 24 сағат бар, онда тек қана Жердің өз осінен айналуы емес, сонымен қатар оның күнді айнала қозғалысына (айналуы) .тәуелді [9,19,41,44].

 

5.4-сурет. Жердің Күнді айналу траекториясы

 

Жердің күнді бір айналып шығуы 365 күн 6 сағ 9 мин тең. Бұл аралық жұлдыздық жыл деп аталады .

Жердің күнді айналу (жер орбитасы) қозғалысындағы траекториясы шеңберге жақын, бірақ сәл керілген ол эллипске ұқсас келеді. Күн орны оның орбитасының центрінде емес, фокустарының бірінде орналасқан. Сондықтан жыл бойы күннің жерге дейінгі арақашықтығы оқтын-оқтын өзгереді: 147,1 млн. км-ден (қаңтар басында) 152,1 млн. км-ге (шілде басында) көрсетілген аралықтар арасында. Жер орбитасының үлкен жарты осі Жерден Күнге дейінгі орташа арақашықпен анықталады. Ол шамамен 150 млн. км-ге (149,6 млн. км) тең.

Орбита фокусы оның центрінен 2,5 млн. км қашықтықта жатыр. Жер орбитасының күнге ең жақын нүктесі перигелий, ал ең алысы – афелий деп аталады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 507; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты