Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Йма құрылысы.Газ көпіршіктері мен бос тесіктер түзілу. Аймақтық ликвация. Құйма ішінде қоспаларды реттеу.




Кристалдану кезінде түзілген түйіршіктердің формасы олардың өсу шарттарына, әсіресе, жылудың бөлініп шығу жылдамдығы мен бағытына және сұйық металдың, сондай-ақ қоспаның температурасына тәуелді.

Түйіршіктердің өсуі дендриттік (ағашқа ұқсас) схема бойынша жүреді. Кристалдардың өсу жылдамдығы тор атомдарының орналасу тығыздығы көп болатын жазықтықтар мен бағыттар бойында өте үлкен болады. Мұның нәтижесінде бірінші реттік ось деп аталатын ұзын бұтақ өсіп шығады. Мұнан әрі осы осьтерде екінші реттік бұтақтар т. б. пайда болады. Мұнымен қоса қабат дендрит осьтерінің арасындағы учаскелерде кристалдану процесі жүріп жатады.

 

Дендриттер бір-бірімен түйіскенше өсе береді. Осыдан кейін осьтерсындағы кеңістік біржолата толады да, дендриттер сыртқы қырлары дұрыс емес толық кристалдарға айналады. Мұндай кристалдар түйіршіктер немесе кристалиттер деп аталады.

Түйіршіктер арасындағы шекараларда, дендрит осьтері арасындағы учаскелерде қоспалар жиналады, кішіреюдің салдарынан және сұйық металдың кристалдану фронтына жақындаудың қиындығынан кеуектер пайда болады.

Кристалдану кезінде жылудың бөлініп шығу шарты едәуір дәрежеде түйіршіктедің формасына әсер етеді. Бұл жағдайда сом болаттың кристалдану мысалынан көрінеді.

Сом болаттың кристалдануы үш сатыда жүреді. Құйма бетінде әуелі ұсақ кристалдар зонасы 1-зона түзіледі, бұл салқын металл формасының әсерінің нәтижесі. Ал салқын металл формасы құйманың алғашқы қатаю кезеңінде металдың сууын шапшаңдатады. Одан әрі жылудың бөлініп шыққан бағытымен созылып жататын үлкен кристалдар (2-зона) өсіп шығады.Оларды бағаналы кристалдар деп атайды. Ақырында салқындату дәрежесі аз байқалатын құйманың орта тұсында үлкен мөлшердегі тепе-тең кристалдар түзіледі (3-зона).

Белгілі бір жағдайларда (сұйық металдың аса қызуы, қоспалардың аз болуы т. б.) ірі тепе-тең кристалдар зонасы толығымен жойылады. Құйманың құрылымы іс жүзінде тек қана бағаналы кристалдардан ғана тұрады және ол транскристалл құрылымды деп аталады. Бағаналы кристалдар зонасы тығыздығының өте жоғары болуымен сипатталады. Бірақ бағаналы кристалдардың түйіскен жерінде ерімейтін қоспалар жиналады және транскристалл құрылымды құймалар қысыммен өңдеу кезінде жиі жарылып кетеді. Транскристалдану пісірілген жапсарларда жиі байқалады, әрі ло жоспарлардың беріктігін кемітеді.

Ең соңғы кезекте қатаятын құйманың жоғары бөлігінде кішірейген қуыстар жиналады. Кішірейгенқуыстары бар металдар кеуек болып келеді және оларда кішірейген қуыстар өте көпболады. Металдың кішірейгшен қуыстары мен кеуектері бар бөлігін кесіп тастайды. Құйманың құрамы біртекті болып келмейді. Мысалы, болатта беткі жағынан ортасына және төменнен жоғарыға қарай көміртегінің және зиянды қоспалардың (күкірт және фосфор) концентрациясы артады. Құйманың зоналар бойынша біртекті еместігі зоналық ликвация деп аталады. Ол құйманың механикалық қасиеттеріне теріс әсер етеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 134; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты