КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Е-үкіметЭлектрондық үкімет (е-үкімет) – халықтың ел үкіметімен тікелей байланысын қамтамасыз ететін жүйе. Бұл – қызмет көрсету, азаматтардың саясатқа араласуы және басқару үрдістерін ішкі және сыртқы қарым-қатынастарды техникалық құралдардың, Internet-тің, қазіргі заманғы БАҚ көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз оңтайландыру. ҚР Электрондық үкіметі веб-порталы – www.e.gov.kz. мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципімен ұсыну тұжырымдамасын жүзеге асырудың тәжірибелік механизмі болып табылады. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Электронды үкіметті қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстанда Электрондық үкіметті енгізу жұмыстары халықтың мемлекеттік органдарға жүгінуін оңайлату, мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға көрсететін қызметтері сапасын жақсарту және мерзімін қысқарту, мемлекеттік органдар қызметі бойынша дерек қорларына қатынасуды қамтамасыз ету және келешекте әкімшілік жүйе жетістіктерін есепке ала отырып, құрамы жағынан оңтайлы да тиімді мемлекеттік аппарат жасауға бағытталған. Электрондық үкімет азаматтарға мемлекетпен қарым-қатынас жасауды және мемлекеттік қызметтерге қатынауды орналасқан орны мен жыл мезгіліне тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Мемлекеттік мекемелер көрсететін барлық қызметтердің тізімі мен сипаттамасы, нормативтік-құқықтық ақпарат, азаматтардың билікпен, түрлі әлеуметтік қызметтермен, комитеттермен және ведомстволармен ашық та тура сұхбаты кез келген уақытта бәріне де, әркімге де ашық болуы тиіс. www.e.gov.kz. Веб-порталының пайдаланушылары екі категорияға бөлінеді: пайдаланушылар және тіркелген пайдаланушылар. Пайдаланушылар веб-порталдың барлық беттерін қарап шыға алады, бірақ жеке беттерге қатынаса алмайды. IР-телефония (Skype бағдарламасы) IP-телефония ретінде қолданыла алатын көптеген алуан түрлі бағдарламалар бар. IP-телефония Internet арқылы дауысты жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл бағдарламалар ішіндегі ең танымалы Skype (http://www.skype.com.) болып табылады. Skype бағдарламасын орнату компьютер жөнінде қандайда бір артық білімдерді талап етпейді және ең көбі бір минут уақыт алады. Бағдарлама жақсы дыбыс сапасын қамтамасыз етеді. Оның үстіне, Skype мүлде тегін: өздеріне Skype орнатып алған абоненттермен қалағаныңызша сөйлесе беруге болады. Skype бағдарламасын пайдалану алу үшін компьютер мынадай ең аз жүйелік талаптарға сай болуы тиіс: · Windows 2000 немесе XP амалдық жүйесі; · 400 MHz процессор; · 128 MB оперативті жады; · дискіде 15 MB бос орын; · дыбыстауыш, құлаққап + микрофон (гарнитура); · 33.6 Kb/s-тан төмен емес жылдамдықты Internet қосылысы. Веб-камера бар болса, Skype бағдарламасын бейнеқоңыраулар үшін пайдалануға болады. Skype бағдарламасындағы бейнебайланыс жетесі әңгімеле-сушілерге бір-бірін көріп отыруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде арнайы бейімдеуіштер көмегімен Skype терминалы ретінде кәдімгі қалалық телефонды пайдалануға немесе кіретін қоңырауларды ұялы телефонға қабылдап алуға болады Skype бағдарла-масымен сәйкестендірілетін DECT-телефон да пайда болды. Қарапайым да арзан шешім – неғұрлым ыңғайлырақ болуы үшін USB-портқа арнайы IP-телефонды қосуға болады. Skype желісіне қосылу үшін мына әрекеттерді орындау керек. Лекция №28HTML гипертексті белгілеу тілі. Дәрістің мақсаты.HTML құжатының құрылымымен таныстыру. Жоспар: 1. Гипермәтінді жіберу хаттамасы. 2. HTML құжатының құрылымы. Кілттік сөздер:гипертекст, Web құжат, HTML тілі. Иллюстрациялық материал: слайд. WWW-құжаты стильденген және форматталған мәтін, графика және әртүрлі Internet ресурсты гипербайланыстарға ие бола алалды. Осы мүмкіндіктерді іске асыру үшін HTML (Hyper Text Markup Language – Мәтінді Белгілеу Тілі) арнайы тілі шығарылды. HTML-де жасалған құжат мәтіндік файл болып табылады, мұнда мәтін және белгілеу жалаушалары (markup tags -тегтер) орналасқан. Жалаушалар <> белгісінде жазылатын белгіленген ретті символдар болып табылады. Белгілеу жалаушаларына сәйкес программа мәтінді, бөлек графикалық файлдарда сақталынатын суреттерді экранға орналастырады және басқа құжаттармен немесе Internet-пен гипербайланыс жасайды. 1. html - берілген құжат HTML тілінде жазылғаны туралы программаға хабарлайды; 2. head және /head жалаушалары арасында құжаттың тақырыбы орналасқан; 3. title және /title жалаушалары арасында құжаттың аты орналасқан; атау құжаттың өзімен емес, ал қарау программа терезесінің тақырып өрісінде орналасады; 4. body> және /body жалаушалары арасында құжаттың денесі орналасқан; 5. h1 және /h1 қарау программасы үлкен шрифтпен шығаратын (тақырыпты құжат тақырыбымен шатастырмау керек) тақырып орналасқан; 6. p жалаушасы параграф басын белгілейді, оның мәтіні жаңа жолдан шығарылады; әрбір параграфқа бос жол тіркеледі; мәтін жолының ұзындығы бастапқы HTML – файлындағы ұзындығымен сәйкес келмеу мүмкін, сондықтан ол қарау программасының терезе өлшемімен және шрифттің символдар өлшемімен мәтінді шығару программасы арқылы анықталады; 7. u1 және /u1 жалаушалары реттелмеген тізімнің басы мен аяғын белгілейді, мұнда әрбір элементке li жалаушасы бастама болады; әрбір тізім элементі * символымен басталатын жаңа жолға шығарылады; 8. img src="face.gif" жалаушасы face.gif файлында сақталған кескінді (сурет) құжатқа қосады;
|