Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Генетикалық информацияның биохимикалық мәнін талдау.




Генетикалык кодтың шешілуі.(фр."соdе"-нуклеин кышқылдарындағы тұқым қуу ақпаратының «жазылу» жүйесі). ДНҚ-ның генетикалық ролі ашылғаннан кейін генетикалық информацияның тұқым қуатындығы жөнінде концепцияның негізі қалана бастады. ДНҚ-ның құрылымы ондағы негіздердің бір ізділігіне тәуелсіз екені маңызды факт болды. Сөйтіп, полинуклеотидтік тізбектегі негіздер бір ізділігі ДНҚ-ның құрылымына емес, оның белоктағы амин қышқылдарының бір ізділігін кодтауға зор маңызы бар екен. Әрбір белоктың белгілі бір амин қышқылдарының тұрақты санынан тұратыны жөніндегі көзқарас 1950 жылдары инсулиннің құрылымын ашу жөніндегі Сэнгердің жұмыстарының негізінде басталды. Клеткадағы белоктардың катализдік және құрылымдық белсенділіктерінің жиынтығы оның фенотипін анықтайды. Әрине, ДНҚ-да белокты кодтайтын бір ізділіктерден басқа, әдетте белоктың қасиеті бар, реттеуші молекулалармен танытатын ерекше аймақтар болады. Бұл аймақтардың қызметі тікелей олардың бір ізділігіне тәуелді және кодпен қамтылмаған. Организмдегі генетикалық ақпарат осы бір ізділіктердің екі түрінен, белок түрінде көрінетін (экспрессияланатын) гендерден және тікелей реттеуші қызметін атқаратын зоналардан тұрады.[1] Молекулалық биологияда жалпы қабылданған көзқарасқа сәйкес, организмнің әрбір клеткасында бірдей хромосомалар жиынтығы болады. Демек, бірдей генетикалық ақпаратты иеленеді. Бірақ осы барлық информация әр клеткада экспрессияланбайды (көрінбейді). Бұл дегеніміз генетикалық материалды генетикалық ақпараттың қоймасы ретінде білу. Әрбір клеткада осы материалдың тек бір бөлшегі ғана экспрессияланады, ал қалған информация үнсіз қала береді. ДНҚ тек кана амин қышқылдар бір ізділігін кодтауға қажет.Геннің және белоктың бір ізділігінің арақатынасы генетикалық кодтың көмегімен іске асырылады. Амин кышқылдары бірімен бірін пептидтікбайланыстармен жалғанады. Ол байланыстар бір амин қышқылының амин топтарының (NH2 )екінші топтың карбоксилдік тобымен (СООН)конденсацинялануы нәтижесінде пайда болады

1951 жылы американдық генетик Джеймс Д.Уотсон Англияға келiп, Кеммбридждегi Кавендени Лабораториясында жұмыс iстей бастайды. Зерттеулердi физик Фрэнсис Крикпен бiрге жүргiздi. Екеуi де тұқымқуалау заты белок емес, ДНҚ екенiне көз жеткiздi. Уотсонның айтуы бойынша – “молекулалардың iшiнде ДНҚ ең алтыны”.

Генетикалық материал болуы үшiн ДНҚ 4 талапқа жауап беру керектiгiн олар бiлдi.

1. Генетикалық аппаратты клеткадан клеткаға және ұрпақтан ұрпаққа тасымалдау; сонымен бiрге оның құрамында өте көп мөлшерде ақпарат болу керек. (пiл, ағаш және адам дамуын басқаратын гендер жиынтығында өте көп мағлұматтар болуы керектiгiн ойлап қараңыз).


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 101; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты