Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Компоненттер




Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма – программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді. Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес.

 

Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер (форма компоненттері) орнатылады. Негізгі компоненттердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементтер панеліне енгізілген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған.


 

Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View-Forms командасын беру жеткілікті.

Қасиет (Сипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар обьектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды.Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері –форма тақырыбының мәтіні, өлшемі,экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.

Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Обьект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес обьектіні (форманы не формада орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған обект атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі суретте көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events ( Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар – олардың мәндері.

 

Форма қасиеттері:

Name (Атау) ─ формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің (компоненттердің) негізгі қасиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол объктіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің ормаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form 1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Форманың іс-әрекеті атауынан белгілі болуы үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн. Мысалы, форма квадрат теңдеуді шешуге пайдаланатын болса, Form 1 орнына KvTend атауын енгізу. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса болғаны. Терілген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады.

Font (Шрифт) ─ формаға енгізілетін мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде сұхбаттық шрифт таңдау терезесі көрінеді Терезеден, әдеттегідей, қажетті шрифт типін, өлшемін таңдап (мысалы, Times Kaz, 10), OK түймесін шерту керек.

 

Шрифт таңдау терезесі

Caption (Тақырып, бетіне жазу) ─ форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиеттеріне тақырып үшін Form 1 енгізіліп қойылған. Оны "Redactor" не басқа тақырыпқа алмастыру Name қасиетіне мән меншіктеу тәсілі сияқты (қасиет мәні енгізілген соң КҚ (каретканы қайтару , енгізу) клавишін басып қойған жөн).

Cоlor (Түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі – қасиет мәнінің бірнеше екенінің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімді көрінген қалаған түсті шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.

Width (Ен), Height (Биіктігі) – пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады).

Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View-Object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де көрінеді.

 

Ескерту. Жаңа проект іске қосылған кезде алдымен Delphi Direct терезесі іске қосылуы мүмкін. Терезеден Delphi News бумасын таңдау жеткілікті.

 

Оқиғалар. Програмалық код терезесі.

 

Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнату, форманы не формада орналыстырған компоненті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның әр іс-әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға – программаның жұмыс істеу кезінде объект жағдайының өзгеруі.

Delphi-де әр оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1 компонентін шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады

Әр объектіге байланысты оқиғалар жеткілікті. Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны – 35 Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдында On префиксі (қосымшасы) тіркестіліп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.

 

 

 

Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:

 

On Click – тышқан түймесін бір рет басу;

On Dbl Click- тышқан түймесін екі рет басу;

On Down – клавишті басу;

On KeyUp – басылған клавишті босату;

On Mouse Down – тышқан түймесін басу;

On Mouse Up – тышқан түймесін босату;

On Mouse Move – тышқан көрсеткішін жылжыту;

On Greate – форманы екі рет шерту, т.б.

 

Delphi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады : алғашқыда автоматты түрде project1 атау берілетін проект файлы (негізгі модуль) және unit1.pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналыстырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес іс- әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі (олар 1.4-тақырыпта кең түрде қарастырылған). Программа мәтінін программалық код деп, терезені прогаммалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. 1.1- тақырыпта ескертілгеніндей , Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері :

- форманы жабу ( жабу түймесін шерту);

- код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту. Терезе белсендірулері

түрде ашылады да ,онда процедура дайындамасы (үлгісі) көрінеді. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлінген класс және процедура атауларынан тұрады (1.5-сурет), т.б.

Жалпы, формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 клавишін басу жеткілікті. Оқиғаға байланаысты құрылатын процедура оқиғаны өндеуіш не оқиғаны өндеу процедурасы делінеді. Процедура дайындамасының жазылу түрі:

Pocedure <атау> ( Sender : TObject);

сипаттау бөлімі

begin

поцедура денесі

end;

мұндағы Sender параметрі құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін анықтайды.

Жалпы, Delphi–де программаның орындалуы автоматты түрде негізгі модульді орындаудан басталады.

Модуль – түрлі іс-әрекеттерді орындауға арналған программа бөлімі. Модуль тақырыбы Unit (модуль) қызметші сөзінен басталып, соңына әдеттегідей нүкте үтір (;) таңбасымен аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphi–дің модульге алғашқы рет меншіктейтін атауы: Unit1. Жаңа проект ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматты түрде құрылады:

 

unitUnit1;

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 190; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты