КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Салыстырмалы диагностикасы. ЖДҚБО емі төрт басты қағидаларға негізделеді (3.32 сурет):3.8. бөлімді қараңыз.
Емі ЖДҚБО емі төрт басты қағидаларға негізделеді (3.32 сурет): 1. Үрдістің таралуына байланысты лимфа түйіндерімен бірге мойын шелмайын алып тастайтын тиреоидэктомия. 2. Тиреоидэктомиядан кейін — потенциалды мүмкін метастаздар мен ҚБ барлық жасушаларын ликвидациялауға (қалыпты, қатерлі) бағытталған радиоактивті 131I-пен терапия. 3. Тироциттердің пролиферациясы мен өсуін ынталандыратын ТТГ деңгейін төмен мөлшерде ұстап тұруға бағытталған L-T4-мен супрессивті терапия. 4. ЖДҚБО рецидивінің басты маркерін динамикалық бағалау- қалыпты және ісік жасушаларымен бөлінетін тиреоглобулин. Тиреоглобулин мөлшерін анықтаумен қатар науқасқа периодты түрде барлық ағзаның 123I сцинтиграфиясы немесе йодты жинайтын тіндерді, яғни метастазды анықтау мақсатында 131I-пен сцинтиграфия орындалады. Зерттеу ісік жасушаларымен йод сіңірілуін арттыратын ТТГ мөлшерінің жоғарылаған кзінде L-T4 қабылдауды тоқтатқаннан кейін жүргізіледі. Тиреоглобулин деңгейінің жоғарылап, жергілікті рецидив мәліметтері анықталып, сцинтиграфия нәтижелері бойынша алыс метастаздар болуы ісік рецидивін дәлелдейді.
3.32 сурет.Жоғары дифференцирленген қалқанша без обырымен сырқаттанған науқастарды бақылау және емдеу алгоритмі
ҚБМО кезінде комбинирленген мойын лимфаденоэктомиясымен бірге ҚБ экстирпациясын жүргізу тағайындалады. Науқастың отбасы мүшелерінде ҚБМО-ның отбасылық түрін немесе RET протоонкогенінің мутациялануымен сипатталатын КЭН-2 анықтағанда медуллярлы обырдың дамуына қарамастан профилактикалық тиреоидэктомия жөнінде сөз қозғалады. Анапластикалық обырды анықтағанда қажетті көлемдегі операциялық араласу орындалады.
|