Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Болжамы. Барлық орындалған аяқ ампутацияларының 50-70%-ы ҚД-не тиесілі




Барлық орындалған аяқ ампутацияларының 50-70%-ы ҚД-не тиесілі. ҚД-мен сырқаттанған науқастарда аяқ ампутациясы диабетпен ауырмайтындармен салыстырғанда 20–40 есе жиі орындалады.

 

7.9. ҚАНТТЫ ДИАБЕТ ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК

Гестацилық қант диабеті (ГҚД) — алғаш рет жүктілік кезінде анықталған глюкозаға деген толеранттылықтың өзгерісі (7.23кесте). Бұл анықтама жүктілікке дейін де көмірсу алмасуының патологиясының болу мүмкіндігін жоққа шығара алмайды. ГҚД-ін бұрын диабетпен ауыратын әйелде (жасына қарай, жиі ҚД-1) жүктіліктің даму жағдайынан ажырата білу қажет.

 

Этиологиясы мен патогенезі

ГҚД ҚД-2 ұқсас. Овариальды және плацентарлы стероидтардың деңгейінің жоғары болуы, бүйрек үсті безі мен кортизол өндірілуінің артуы жүктілік кезінде физиологиялық инсулинрезистенттіліктің дамуына әкеледі. ГҚД кезінде дамитын инсулинрезистенттілік және инсулинге деген жоғары сұраныс бейім әйелдерде ұйқыбездің β-жасушаларының функционалдық мүмкіндігінен асып кетеді. Босанғаннан кейін гормональды және метаболикалық арақатынастардың бастапқы күйіне қайта оралуынан, әдетте бұл жағдай өтеді.

 

7.23 кесте.Гестациялы қант диабеті

 

Этиологиясы мен патогенезі ҚД-2 ұқсас. Тұқымқуалаушылық физиологиялық гестациялы инсулинрезистенттілікпен және қауіп факторларымен ұштасады: — жас шамасының 30 жастан жоғары болуы — артық дене салмағы — жақын туыстарында ҚД-2 болуы — глюкозурия — гидрамнион және құрсақтағы баланың ірі болуы — алдыңғы жүктілігінде дене массасы 4000 г нәресте туылуы немесе өлі туылуы — ҚД-2 даму қаупі жоғары нәсіл мен ұлтқа жатуы
Эпидемиологиясы Барлық жүктілердің 1–14% (АҚШ пен Ұлыбританияда 3–4 %)
Басты клиникалық көріністері Әдетте дамымайды
Диагностикасы Гипергликемия; қатерлі топтарда ОГТС
Салыстырмалы диагностикасы Шынайы ҚД, жүктілердің глюкозурияся
Емі Гипокалориялық емдәм; компенсацияға қол жеткізу мүмкін болмағанда — инсулиндік терапия
Болжамы ҚД оңтайлы емес компенсациясы нәтижесінде нәрестеде түрлі патологияның дамуы қаупі 30%, босанғаннан кейін алғашқы тәулікте дамитын гипогликемия — 45%. Әйелдердің 50%-да алдағы 15 жылда ҚД-2 манифестацияланады

 

ГҚД әдетте жүктіліктің 2 үшайының ортасында, 4 және 8 ай аралығында дамиды. Науқастардың басым көпшілігінің анамнезінде туыстарында ҚД-2 және артық дене салмағы тән. ГҚД дамуына әсер ететін қауіп факторлары мен ГҚД даму қаупі төмен әйелдер тобы төмендегі кестеде келтірілген (7.24 кесте).

 

7.24 кесте.Гестациялық қант диабетінің дамуына әсер ететін қауіп факторлары

 

ГҚД дамуына жоғарғы қатер ГҚД дамуына төменгі қатер
— 30 жастан жоғары жас шамасы —метаболикалық синдром және/немесе артық дене салмағы — жақын туыстарындағы ҚД-2 — глюкозурия — гидрамнион және ірі нәресте — алдыңғы жүктілігінде дене массасы 4000 г нәресте туылуы немесе өлі туылуы — ҚД-2 даму қаупі жоғары нәсіл мен ұлтқа жатуы — 25 жастан төмен жас шамасы — қалыпты дене массасы — жақын туыстарында ҚД-нің болмауы — анамнезінде глюкозаға толеранттылық дамымаған — анамнезінде жүктіліктің сәтсіз аяқталуы болмаған — ақ нәсіл  

 

Анасында дамыған гипергликемия нәресте қанайналымындағы гипергликемияның дамуына әкеледі. Глюкоза плацента арқылы оңай өтіп, ана қанынан ұрыққа үзіліссіз өтіп отырады. Сонымен қатар, амин қышқылдары мен кетон денелері де ұрыққа белсенді түрде тасымалданады. Ананың қан құрамындағы инсулин, глюкагон және бос май қышқылдары ұрық қанына өтпейді. Жүктіліктің 9–12 аптасында ұрық ұйқыбезі әлі өз инсулинін өндірмейді. Осы кезеңдегі ана қанындағы тұрақты гипрегликемия ұрықтың осы кезеңде қалыптасып жатқан ағзаларының түрлі ақауларының (жүрек, омыртқа, жұлын, АІЖ) дамуына әкеледі. Жүктіліктің 12-ші аптасынан бастап ұрықтың ұйқыбезі инсулин өндіре бастайды, сондықтан гипергликемияға жауап ретінде фетальды ұйқыбездің β-жасушаларының реактивті гипертрофиясы мен гиперплазиясы дамиды. Гиперинсулинемия нәтижесінде ұрық макросомиясы дамып, лецитин синтезі тежеледі, бұл жаңа туылған нәрестелерде респираторлы дистресс синдромның жиілігінің жоғары болуын түсіндіреді. Β-жасушалардың гиперплазиясы және гиперинсулинемиясы нәтижесінде ауыр және ұзаққа созылған гипогликемияларға бейімділік орнайды.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-05; просмотров: 133; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты