КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс. Сыртқа шығару үрдістеріАқырғы өнімдерді бөлуге қатысатын басты мүшелер: бүйректер, өкпелер, тері бездері, асқазан-ішек жолдары. Өкпеден СО2, су буы, кейбір жеңіл газ тәрізді заттар (эфирдің буы, алкоголь) болады. Ал сөл бездері, асқазан және ішек бездері ағзаға түскен ауыр металдарды, дәрі заттарды, салицилаттар, бөгде органикалық заттар, әсіресе осы бездердің рөлі бүйректің қызметі төмендегенде жоғарылайды. Осылардың ішінде бүйректер ең маңызды да, басты мүше болып табылады. Бүйрек арқылы бөлінетін азоттық өнімдердің алмасуынан пайда болатын ақырғы өнімдер және бөгде заттар: мочевина, зәр қышқылы, креатинин, аммиактар, мочевина белок алмасу кезінде түзіледі. Мысалы, тәулігіне шамамен 100 г белоктан 16 г азот немесе 30 г мочевина, нуклеин қышқылынан зәр қышқылы тәулігіне зәрдің құрамымен 0,7 г, ал ет тканінде креатинин түзіледі. Ол сусызданып креатинге айналып, зәрмен бірге тәулігіне 1,5 г дейін бөлініп отырады. Бүйректе көптеген аминқышқылдары дезаминсіздену процесіне ұшы-рап, оның ішіне глутамин қышқылы нәтижесінде улы зат – аммиак түзіледі. АҮФ жартылай өзіне сутегі ионын қосып алып, аммонийге айналады. Тәулігіне 0,3–1,2 аммиак бөлінеді. Егер бүйректік функция-сы бұзылса, онда осы айталған ақырғы өнімдердің концентрациялары жоғарылап кетеді. Қалыпты мөлшері мынадай: Зәр қышқылы – 5 ммоль/л Мочевина – 0,25–0,30 ммоль/л Креатинин – 60–100 мкмоль/л Аммиак – 0,03–0,03 мкмоль/л Бүйрек, сонымен қатар реттеуші орган болып есептеледі: қанның айналымын (зәр түзілу арқылы) клетка ішіндегі және сыртқы сұйықтықты, осмостық қысымын, плазманың иондық құрамын қышқыл-сілтілік ортаны да реттеуші болып табылады. Нефрон. Адамның әр бүйрегінде 1,3 млн нефрон бар. Кейбір мәліметтерге қарағанда 4 млн. Егер осы нефронды қарайтын болсақ, әр нефронның ұзындығы 50–75мм, ал барлық нефронның жалпы ұзындығы 120 км-ге дейін жетеді. Нефрон екі қабырғалы қапсуламен көмкерілген (Боумен-Шумлян-ский капсуласы), ішінде қан капиллярларының шумағынан тұратын бүйрек денесінен (немесе Мальпигии денешігі деп те атайды) болады. Одан кейін проксималды иірілген канал, Генли ілмешегі және дисталды иірілген канал, ол жинаушы түтікшеге барып (құйылады) жалғасады.
Бүйректен қан айналу механизмі және оны реттеу Бір минутта бүйрек арқылы 1200 мл қан ағып өтеді немесе бүйректің 100 г массасынан минутына 400 мл қан ағып өтеді. Бұл біздің ағзамыздағы көп қан ағып отыратын мүше, бауырға қарағанда Бүйректегі қан ағу процесі екі типтен тұрады. Қыртысты қабаттағы қан ағысы шамамен 80%–90% және бозғылт қабаттағы 10–20%. Қыртысты қабаттағы қанағыс бүйрек шумағындағы фильтрацияны қамтамасыз етсе, ал бозғылт қабаттағы қанағыс реабсорбция процесін және ортаның осмостық активтілігін реттеп, зәрдің концентрация жинағыш түтікке өтуін реттейді. Қыртысты қабаттағы қанның қысымы тұрақты болады. Бозғылт қабаттағы қанның ағысы негізінен артерияның қысымына байланысты. Артерия қан қысымы жоғарыласа, бозғылт қабаттағы қан қысымы да жоғарылайды. Осының нәтижесінде бозғылт қабаттың ішкі қабатынан осмоактивті заттар түзіліп, бүйректе зәрдің концентрация-сы төмендеп, диурез жоғарылайды. Клиникадағы ең басты мақсат – қыртысты қабаттағы қан ағысына баға беру. Ол клиренс немесе тазалау коэффициент әдісі арқылы анықталады. Бүйрек арқылы парааминогуппорово қышқылын жіберу арқылы қан қанша пайызға тазаланатынын уақытқа қарай анықтау. Ал осы заттың тазартылуы фильтрация процесі бойынша жүреді.
Зәр түзу механизмі Зәр түзілу үш кезеңнен тұрады: фильтрация – сүзу, қайтадан сіңу (реабсорбция) және каналдардағы секрециялардың бөлінуі. Зәр капиллярлар шумағынан капсуланың мембранасы арқылы сүзіледі. Ол тек диаметрі 100 ангстремге дейінгі молекулаларды өткі-зіп, одан ірі молекулаларды өткізбейді. Неорганикалық және төменгі молекулалы заттар (мочевина, моче-виналық қышқыл, глюкоза, аминқышқылдары, т.б.) шумақтардан еркін өте береді. Бұл процеске әсер етуші фактор капилляр шумағын-дағы артерия қан қысымы, себебі қысым ол жерде жоғары 70 мм с.б. тең. Мұны былай түсіндіруге болады. Бүйрек артериясы құрсақ артериясынын шығып, тарамдалмай (бұтақталмай) бүйрекке бірдей барады. Екіншіден, капсуладан шығатын артерияның тесігі екі есе жіңішке. Үшінші жағынан, сүзуге кедергілік жасаушы факторлар бар. Мысалы, капсула түтігіндегі гидростатикалық сүзу қысымы 20 мм с.б. тең. Қандағы плазма белогы онкотикалық (осмостық) қысымы 30 мм с.б. тең. Суды қан тамыр жүйесінде ұстай тұрады. Сонымен, шумақ-тағы сүзуді қамтамасыз етуші қысым мынаған тең: 70-(20+30)=20 мм с.б. Тәулігіне бүйрек арқылы 1700 л қан ағып өтеді, сондағы бірінші зәрдің мөлшері 170 л, ал екінші зәрдің мөлшері 1-2 л, демек 168 л сұйық қайтадан сіңіп отырады (17-сурет). Қайта сіңу (реабсорбция) – бұл зәр түзілудің екінші кезеңі. Капсуладан шыққан артерия қан тамыры өзектің немесе каналдың безінде капиллярларға тармақтанады да қанға қайта келіп сіңеді (су, қант, аминқышқылы. Na, К, Са, Cl иондары). Бірінші қатардағы иірілген каналда капсуладан сүзілген сұйықтық-тың 40-45%-ы қайта сіңеді. Генли ілмешегінде 25–28% реабсорбцияға түссе, жинағыш түтікшеде 20%-ға дейін қайта сіңеді. Қайта сіңу процесі бүйрек түтікшелерінің құрылымдық ерекшелік-теріне байланысты. Жоғарғы (проксималды) иірім түтікшелер қабыр-ғасы көмкерілген цилиндр тәрізді эпителийден тұрады. Түтікшенің сі-ңіру қабілеті өте жоғары. Нефронның бұл бөлігінде шумақта сүзін-дінің 85% (7/8) қайта сіңеді, яғни бір тәулік ішінде түзілген 150–180л алғашқы несептің 125–145л қайта сіңеді. Ал 15%-ы одан әрі жылжиды. Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек үсті бездері орналасқан.Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан.Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады. Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді. Бүйрек — адам мен омыртқалы жануарлар организмінде несеп түзетін және оны шығаратын жұп орган. Ересек адамда әрбір бүйректің салмағы 120—200 г-дай, ұзындығы 10—12 см, ені 5—6 см, қалыңд. 3—4 см-дей болады. Бүйрек іш қуысында, омыртқа бағанасының екі жағында — соңғы кеуде омыртқасы және жоғ. бел омыртқа тұсында орналасады. Бүйректің ішкі жиегінде бүйрек қақпасы бар, сол арқылы бүйрекке артерия мен жүйке талшықтары өтеді. Қақпа бүйректің ішіне тереңдеп еніп, көлемді қуыс — бүйрек қойнауына айналады. Онда кіші, үлкен бүйрек тостағаншалары және бүйрек түбегі, қан тамырлары, жүйке талшықтары орналасады. Бүйректі майлы шандыр қабаты жауып жатады. Бүйрек беткейі қыртыс заттан, терең қабаттары — милы заттан тұрады. Қыртыс зат тұтас болып келеді, ал милы зат пирамида тәрізді 10 — 15 үшбұрышты денелерден құралған. Бүйректің анатомиялық құрылым бірлігі нефрон деп аталады. Олардың саны 1 млн-дай. Нефрон әр түрлі бүйрек өзекшелерінен түзіледі. Нефрон өзекшелерінің екі бүйректегі жалпы ұзындығы 100 км шамасында болады. Нефрон арқылы зат алмасу процесінде пайда болатын организмге қажетсіз және зиянды заттар сыртқа шығарылады. Пирамиданың бүйрек қойнауына ашылатын ұшы бүйрек бүртігін құрайды. Осы бүртіктегі түтіктер арқылы несеп бүйрек қойнауындағы 8 — 9 кіші бүйрек тостағаншаларына құйылады. Екі-үш кіші бүйрек тостағаншалары өзара қосылып, үлкен бүйрек тостағаншаларын түзеді. Олар өзара бірігіп, бүйрек түбегін құрайды. Осы бүйрек түбегі біртіндеп жіңішкеріп, бүйрек қақпасы тұсында несепағарға жалғасып, қуыққа жиналған несеп сыртқа шығарылады. Бүйрек түбегінің қабырғасы суды, тұзды, көмірсуларын өткізеді де, қандағы ақуызды өткізбейді. Несепке белоктың араласуы бүйректің ауруға шалдыққаны. Организмдегі барлық қан бүйрек арқылы сүзіліп, тазарады.
|