Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Алматы, 2014




«Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика» модулінің отырысында талқыланып, бекітілді.

 

Хаттама № __ «___» _______ 2014ж.

 

Модуль жетекшісі: Садыров Ғ.А.

 


1. Қандай анықтама экономикалық теорияның зерттеу пәнін дәл анықтайды?

А) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің динамикасы туралы ғылым

Б) адам іс-әрекетінің құлшыныстары туралы ғылым

В) игіліктерді өндщіру және бөлу туралы ғылым

+Г) ресурстардың шектеулілігі жағдайында қоғам дамуының жалпы заңдары туралы ғылым

Д) ақша ресурстарын басқару туралы ғылым

2. “Политэкономия” терминін өз еңбегінде ең алғаш қолданған кім?

А) Адам Смит

+Б) Антуан де Монкретьен

В) Аристотель

Г) Карл Маркс

Д) Альфред Маршалл

3. “Экономикс” терминін өз еңбегінде қолданысқа енгізген кім?

А) Жан Батист Сэй

Б) Артур фон Хайек

+В) Альфред Маршалл

Г) Джон Мейнард Кейнс

Д) Пол Самуэльсон

4. Экономикалық теорияның тарихи ең алғаш қалыптасқан мектебі қандай?

А) марксизм

+Б) меркантилизм

В) кейнстік ілім

Г) классикалық политэкономия

Д) монетаризм

5. Байлықтың көзі- ауыл шаруашылығы өнімдері мен табиғи ресурстар деп санаған экономикалық мектеп:

+А) физиократтар

Б) меркантилизм

В) монетаризм

Г) институционализм

Д) маржинализм

6. Институционалдық пікір бойынша экономикалық талдауда келесі мәселелер қаралуы тиіс:

а) әлеуметтік

б) этикалық

в) құқықтық

г) саяси

+д) әлеуметтік, этикалық, құқықтық, саяси

7. Экономиканың жекелеген субъектілері деңгейінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануды оқытатын бөлім:

+а) микроэкономика

б) менеджмент

в) макроэкономика

г) маркетинг

д) мегоэкономика

8. Экономикалық теорияның зерттейтіні:

а) тауарларды өндіру мен айырбастау

б) жиынтық экономикалық процестер

+в) шектеулі экономикалық ресурстарды пайдалану

г) капиталды арттыру механизмі

д) қоғамдық процестерді басқару

9. Экономикалық теория ғылым ретінде қай ғасырда қалыптасты?

+а) XVI ғ.аяғы - XVII ғ. басы

б) XVII ғ. аяғы

в) XIXғ.

г) XIVғ.- XVғ.

д) XVIII ғ.- XIX ғ.

10. Экономикалық теорияның негізгі қызметтері қандай?

а) танымдық, әдістемелік, логикалық

+б) танымдық, теориялық- әдістемелік, практикалық

в) формациялық, әдіңстемелік, практикалық

г) практикалық, логикалық, танымдық

д) гнесеологиялық, дүниетанымдық

11. Ғылым ретінде экономикалық теорияның алғашқы атауы қандай?

а) экономикс

+б) политэкономия

в) жалпы экономика

г) экономика

д) қолоданбалы экономика

12. Экономика- бұл:

а) шаруашылық жүргізу бойынша адамдар арасындағы қатынастар

б) адамдардың өндірістік әрекеті

+в) материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну бойынша қоғамдық қатынастар

г) өндіргіш күштерге мемлекеттің ықпал етуі

д) адамдардың табиғатқа әсер етуі

14. Меркантилизмнің көзқарасы бойынша:

а) байлық материалдық өндірісте жасалады

б) байлық еңбек өнімдерін тиімді бөлудің нәтижесінде пайда болады

в) абсолютті артықшылығы бар тауарларды өндіруші мануфактураны қолдау қажет

г) сауда эквивалент тауарлардың айырбасын білдіреді

+д) байлық дегеніміз- алтын

15. Меркантилизмнің екінші кезеңі қандай теория ұсынды?

а) ақша балансы

б) төлем балансы

в) өндірістік баланс

+г) сауда балансы

д) қаржылық баланс

16.Қоғам байлығы саудада емес, материалдық өндіріс сферасында қалыптасады деп тұжырымдаған қандай мектеп?

а) утопиялық

б) маржиналистік

+в) классикалық

г) әлеуметтік бағыт

д) тарихи

17. «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер» кітабының авторы кім?

а) К. Маркс

б) П. Самуэльсон

в) Д. Рикардо

+г) А. Смит

д) Л. Вальрас

18. Келесілердің қайсысы экономикалық мақсатқа жатпайды?

а) экономикалық өсу

б) толық жұмыспен қамту

+в) саяси тұрақтылық

г) экономикалық тиімділік

д) адамдардың әл- ауқатын арттыру

19. Экономикалық заңдар нені сипаттайды?

а) моральдық- этикалық байланыстарды

б) субъективті- психологиялық байланыстарды

в) әлеуметтік- саяси байланыстарды

г) заңдық- құқықтық байланыстарды

д+) себеп- салдарлы байланыстар

20. Экономикалық процестерді зерттеуде қандай әдістер қолданылмайды?

+а) картографиялық

б) индукция және дедукция

в) математикалық

г) графиктік

д) анализ және синтез

21. Физиократтар ілімінің басты мазмұны қандай?

а) шаруаларды әртүрлі салықтардан босату

б) әлемде табиғи тәртіп бар, оны тану қажет

в) сауда дегеніміз өндірілген игіліктермен айырбас

г) байлықтың көзі еңбекте

+д) ұлттың байлығының көзі еңбек және ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімдері

22. Қоғамның экономикалық өмірінде қандай қатынастар маңызды?

а) діни

+б) өндірістік

в) саяси

г) идеологиялық

д) моральдық- құқықтық

23. Либерализм идеялары мен мемлекеттің экономикаға араласуын шектеу туралы көзқарастарды алғаш ұсынған кім?

а) Дж. Кейнс

б) К. Маркс

+в) А. Смит

г) У. Петти

д) А. Маршалл

24. Экономикалық өмірдегі процестердің ішкі мәніне үңілуге мүмкіндік беретін қандай әдіс?

а) анализ

б) синтез

в) диалектикалық

+г) ғылыми абстракция

д) математикалық талдау

25. Микроэкономика нені зерттейді?

а) елдегі жұмыссыздық деңгейін

+б) өндіріс факторлары рыногындағы салыстырмалы бағалардың орнауын

в) экономикадағы ивестициялық сұраныстың көлемін

г) экономикалық өсуге фискалды саясаттың әсерін

д) инфляцияға қарсы саясаттың әдістерін

26. Экономикалық ғылымдар жүйесіне жалпы, арнайы және салалық экономика ғылымдары енеді. Жалпы ғылымға не жатады?

а) көлік экономикасы

б) менеджмент

в) кәсіпорын экономикасы

+г) экономикалық теория

д) еңбек экономикасы

27. Әрбір экономикалық жүйеде “не, қалай және кім үшін өндіру” мәселесі микро және макро деңгейлерде шешіледі. Төмендегі сұрақтардың қайсысы микроэкономикалық деңгейде шешіледі?

а) толық жұмыспен қамтуға қалай жетуге болады?

+б) не және қанша өндіру?

в) инфляциядан қалай құтылуға болады?

г) жұмыссыздықтан қалай құтылуға болады?

д) экономикалық өсуді қалай ынталандыруға болады?

28. Қоғамның негізгі даму заңы қандай?

а) ақша айналысының заңы

б) баға заңы

в) сұраныс заңы

г) ұсыныс заңы

+д) өндірістік қатынастардың өндірістік күштер деңгейі мен даму сипатына сәйкес келу заңы

29. Қоғамдық өндірістің басты емес бөлімі қайсы?

а) өндіріс

б) бөлу

в) айырбас

г) тұтыну

+д) жинақтау

30. Өндірістің қандай факторларын білесіз?

а) еңбек, капитал, ақпарат, технология

б) заттық және жеке

в) табиғи ресаурстар, капитал, еңбек

+г) жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік

д) табиғи, еңбек, материалдық және қаржы ресурстары

31. Материалдық өндірісті көрсетіңіз:

а) денсаулық сақтау

б) білім беру

+в) ауыл шаруашылығы

г) спортпен шұғылдану

д) балет өнері

32. Материалдық емес өндіріс сферасын атаңыз:

+а) білім беру

б) құрылыс

в) өнеркәсіп тауарларының өндірісі

г) пайдалы қазбалар өндірісі

д) агроөнеркәсіп кешені

33. Материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру құралдары қандай?

а) маманның білімі мен тәжірибесі

б) жалдамалы жұмысшының физикалық және рухани қасиеттері

+в) өндіріс ресурстары

г) ақша ресурстары және меншіктің көптүрлілігі

д) материалдық және материалдық емес игіліктерді тұтынушылардың табыстары

34. «Не, қалай және кім үшін өндіру керек» мәселесі қандай жүйеге қатысты?

а) тек нарықтық экономикаға

+б) кез-келген экономикалық жүйеге

в) тек дамыған экономикаға

г) тек артта қалған экономикаға

д) тоталитарлық жүйеге

35. Экономикалық мәселелер ішінара нарықпен, ішінара мемлекетпен шешілсе, онда ол қандай экономика?

+а) аралас

б) нарықтық

в) дәстүрлі

г) командалық

д) өтпелі

36. Дәстүрлі экономикаға тән емес:

+а) ұлғаймалы ұдайы өндіріс

б) сұраныстың төмен болуы

в) бағаны реттеу

г) фирманың үстемдігі

д) заңдардың әлсіздігі

37. Капиталдың экономикалық категория ретіндегі мәні қандай?

а) капитал- ақша

б) капитал- жер байлығы

+в) капитал- экономикалық қатынастар

г) капитал- тұрмыстағы қымбат заттар

д) капитал- өндіріс құралдары

38. Қазіргі экономикалық теория капиталға нені жатқызады?

а) өндіріс құралдары

б) ақша, бағалы қағаздар, қаржы

в) энергия, дағды

г) уақыт

+д) капитал- табыс алып келетіннің барлығы

39. Физиократиялық мектеп капитал ретінде нені қарастырады?

а) қоғамдық жинақталған еңбек

+б) жер

в) өндірістің техника- экономкалық элементтері

г) қоғамдық ерекше өндірістік қатынастар

д) ақша, қаржы ресурстары

40. Капиталға толық және ауқымды анықтама берген қай мектеп?

а) классикалық

б) физиократиялық

+в) марксизм

г) монетаризм

д) маржинализм

41. Өндіріс факторларына не жатады?

а) капитал

б) еңбек

в) жер

г) кәсіпкерлік қабілет

+д) капитал, еңбек, жер, кәсіпкерлік қабілет

42. А. Смиттің капиталға берген анықтамасы қандай?

+а) жинақталған және заттанған еңбек

б) өндірісте қолданылатын елдің байлығының бір бөлігі, яғни азық- түлік, киімдер

в) еңбек бөлінісі мен айырбастың пайда болуымен байланысты қорлардың ерекше түрі

г) өндіріс құралдарының жиынтығы

д) елдегі барлық игіліктер

43. Капитал- бұл:

а) К.Маркстың кітабы

+б) өздігінше өсетін құн

в) ақша

г) өндіріс факторлары

д) тауарлар мен қызметтердің қозғалысы

44. Өндіріс құралдары дегеніміз не?

а) капиталдың бір бөлігі

б) еңбек ресурстары мен капитал

+в) еңбек құралдары мен еңбек заттарының жиынтығы

г) барлық материалдық ресурстар

д) техника

45. Үнемдеу деген ұғым қандай түсінік береді?

а) жинақтар жасау

+б) қолда бар ресурстардан барынша жоғары пайдалылық алу

в) экономикадағы процестерді зерттеу

г) мейлінше аз шығын жұмсау

д) табыстар мен шығыстарды салыстыру

46. Бөлу дегеніміз не?

а) пайдалы игіліктерді дайындау процесі

+б) игіліктерді өндіру мен адам қажеттіліктері сәйкестендірілетін қоғамдық байлық айналымының бір сатысы

в) тек өндіріспен байланысты адамдар арасындағы ерекше экономикалық байланыстың бір түрі

г) адамдардың жеке мұқтаждықтарын қанағаттандыруа бағытталған өнімдердің қозғалысы

д) іскерлік қатынас жасау әдістері мен түрлері

47. Экономикалық қажеттіліктер- бұл:

а) адамдардың қанағаттанбаушылығын сипаттайтын психологиялық ерекше жағдай, ішкі және сыртқы өмір сүру жағдайларының сәйкессіздігі

б) сәйкессіздікті жоюға бағытталған белсенділік

+в) адам мұқтаждықтарының бір бөлігі, оларды қанағаттандыру үшін өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну қажет

г) тұтынушының тауар сатып алуға ниеті мен қабілеті

д) адамдардың қанағаттанбаушылығын сипаттайтын психологиялық ерекше жағдай

48. Өндірістік (экономикалық) қатынастар жүйесі қандай сатылардан тұрады?

а) өндіріс

б) бөлу

в) айырбас

г) тұтыну

+д) өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну

49. Өндірістің тұлғалық факторына не жатады?

+а) жұмыс күші

б) еңбек

в) өндіріс құралдары

г) еңбек заты

д) жер

50. Адам өмірінің негізін не қалыптастырады?

а) білім

б) тәжірибе

+в) материалдық өндіріс

г) мәдениет

д) өндірістік емес сфера

51. Меншік категориясы қандай қатынастарды сипаттайды?

+а) өндіріс құралдары мен нәтижелерін иемдену бойынша адамдар арасындағы қатынастар

б) таптық белгісі бойынша адамдар арасындағы қатынастар

в) құқықтар жүйесі

г) меншік құқықтарын айырбастау бойынша қатынастар

д) жерді иелену мен пайдалану

52. Қандай түсінік мүліктің тағдырын анықтайды?

а) иелену

б) пайдалану

+в) билік ету

г) табыс алу

д) басқару

53. ҚР Конституциясы бойынша меншіктің қандай нысандары бар?

+а) жеке және мемлекеттік

б) мемлекеттік және ұжымдық

в) дербес және аралас

г) кооперативтік және біріккен

д) жеке және аралас

54. «Құқық жиынтығында» меншіктің қанша элементі бар?

а) 3

б) 16

+в) 11

г) 7

д) 10

55. Меншік құқығы теориясы авторларының бірі:

а) Дж. Кейнс

б) М. Фридмен

в) К. Маркс

+г) Р. Коуз

д) Дж. Хикс

56. Меншік нысанына қатыссыз фирманың түрі қандай?

а) Жеке

б) Әріптестік

в) Акционерлік қоғам

+г) Франчаизинг

д) Мемлекеттік

57. Нарық жағдайындағы коммерциялық іс-әрекет:

а) Жеке секторда мүмкін емес

б) Мемлекеттік кәсіпорындарда мүмкін емес

в) Акционерлік қоғамдарда мүмкін емес

г) Тек біріккен шарушылықтарда мүмкін

+д) Кәсіпорындардың барлық түрінде мүмкін

58. Акционерлік қоғамның жоғарғы басқару органына не жатады?

а) Директорлар кеңесі

б) өкілетті өкілдердің жиналысы

+в) Акционерлердің жалпы жиналысы

г) |Артықшылығы бар акция иелерінің жиналысы

д) Кәсіподақ

59. Облигация иесі дегеніміз кім?

а) Компанияның біріккен иегері

б) Дивиденд алатын салымшы

+в) белгіленген пайыз алатын инвестор

г) Коммерциялық несие беруші

д) белгіленген табыс алмайтын салымшы

60. Кәсіпкерлік – бұл:

а) Кез келген кәсіпкерлік

б) Меншіктен бөлек бола алмайды

в) Алдын- ала болжауға келмейтін іс- әрекет

+г) Мақсатты табыс алуға бағытталған еңбек, жер және капиталды тиімді байланыстыратын іс- әрекет түрі

д) Тәуекелмен байланысты іс- әрекет түрі

61. Акционерлік компанияның меншік капиталы неден құралады?

а) Ағымдағы активтер, ұзақ мерзімді активтер.

б) Пассивтердің жиынтығы, ұзақ мерзімді қарыздар.

в) акционерлік капитал, ұзақ мерзімді қарыздар.

+г) акционерлік капитал және бөлінбеген пайда.

д) Ұзақ мерзімді қарыз және ағымдағы активтер.

62. Акционерлік қоғамның жалпы мақсаты қандай?

а) Мемлекеттік дотацияларды алу

+б) Дивидендтер мен пайданы көбейту

в) Әлеуметтік қорғау

г) Салықтық жеңілдіктер алу

д) Қоғамдық тауарларды өндіру

63. Натуралды шаруашылықтың белгісі қандай?

а) Еңбек бөлінісі, мамандану.

+б) Жекелеген шарушылық деңгейінде тұйық өндіріс пен тұтыну

в) айырбас мақсатында өнім өндіру

г) жанама алдын- ала байланыстар

д) шаруашылықтың ашықтығы

64. Натуралды шаруашылық – бұл:

а) Машина мен басқа құрылғылар қолданылмайтын, тек қол еңбегі қолданылатын өндірістік ұйымдастыру
б) Адам үшін натуралды өнім өндірісін ұйымдастыру

в) Азаматтар мен фирмаларға сатуға арналған азық - түлік өндіретін шаруашылық
+г) Өз өміріне қажеттінің барлығы өндірілетін, тауарлар айырбасы жоқ шаруашылық

д) Ауыл шаруашылық өндірісі

65. Тауарлық шаруашылығын не сипаттайды?

а) өнімнің натуралды түрі

б) өндіру мен тұтынудың тікелей байланысы

в) еңбектің әмбебаптылық сипаты

+г) еңбектің бөлінісі мен шаруашылықтың ашықтығы

д) тұйық шаруашылық

66. Төменде аталғандардың қайсысы тауар болып табылады?

а) жеке тұтынуға арналған өнім

б) табиғат сыйлары

в) экономикалық емес игілік

г) меншік иесіне салық ретінде төленген бидай

+д) айырбасқа арналған еңбек өнімі

67. Тауар құны – бұл:

а) адамдар қажеттілігін қанағаттандыратын тауардың қабілеті

б) тауардың сыртқы түрі

в) тауардың басқаға айырбасталу қабілеттілігі
+г) тауарға сіңген қоғамдық еңбек

д) адамның мақсатты іс- әрекеті

68. Тауардың тұтыну құны- бұл:

а) тауардың өндірілуіне қажетті материалдардың мөлшері

+б) адамдардың қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру қабілеті

в) басқа пайдалы өнімдерге айырбасталу қабілеті

г) өнім өндіруге кеткен еңбек мөлшері

д) нақты сандық көлемде басқа игіліктерге айырбасталу қабілеті

69. Баға-бұл:

+а) құнның ақшалай көрінісі

б) заттың пайдалылығы

в) тауар өндірісіне жұмсалған шығындар сомасы

г) тауарға сіңген еңбек

д) тауарларды бір бірімен салыстыратын сандық пропорция

70. Ақша экономикалық категория ретінде:

а) тауар айырбасы үшін қызмет ететін құрал

б) өз құнын басқа тауардың құны арқылы анықтайды

в) алтынмен есептелетін тауар құны болып табылады

г) алтын мен күміс

+д) жалпыға бірдей эквивалент рөлін атқаратын тауар

71. «Баға» түсінігі ақшаның қандай қызметін анықтайды?
а) әлемдік ақша

в) айналыс құралы

+б) құн өлшемі

г) жинақ құралы

д) төлем құралы

72. Несиелік ақша қандай қызмет атқарады?

а) әлемдік ақша

б) құн өлшемі

в) айналыс құралы

г) жинақ құралы
+д) төлем құралы

73. Тауар жасайтын нақты еңбекті қалай сипаттауға болады?
а) адамдардың мақсатты әрекеті

+б) ерекше нысаналы түрдегі еңбек

в) өндіруші еңбек

г) тауарлар өндірісімен байланысты қызмет

д) тауардың құнын қалыптастырушы еңбек

74 Тауар жасайтын абстрактылы еңбекті қалай сипаттауға болады?
+а) нақты формасыз жалпы еңбек

б) жеке еңбек

в) ерекше нысаналы еңбек

г) индивидуалды еңбек

д) қоғамдық еңбек

75. Натуралдық шаруашылыққа тән емес:

а) өнімдер өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріледі

б) байлықтың табиғи түрі - натуралды өнім

в) әмбебап еңбек қолданылады

г) тікелей экономикалық байланыстар жүзеге асады

+д) еңбек өнімдері айырбасталады

76. Тауар өндірісінің белгілері қандай?

а) жеке тұтыну үшін өнім өндіру

б) жанұя ішіндегі еңбек бөлінісі

в) тікелей экономикалық байланыстар

г) алғашқы қауымдық қоғамдағы орталықтан реттеу

+д) жанама, нарық арқылы экономикалық байланыстардың болуы және қоғамдық еңбек бөлінісі

77. Ақша-бұл:
+а) жалпыға бірдей эквивалент

б) есептеудің қарапайым құралы

в) тек күміс қана

г) тек есептеу бірлігі

д) тек алтын

78. К. Маркс бойынша құн дегеніміз не?

а) заттар арасындағы қатынас

б) адамның заттарға қатынасы

+в) тауар өндірісіне кеткен шығындар

г) заттың пайдалылығы

д) заттың ұзақ мерзімділігі

79. «Шектi пайдалылық» теориясын ұсынушылардың көзқарасы бойынша бағалылық мөлшері қалай аньқталады?

+а) игіліктің шекті пайдалылығымен

б) қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен

в) еңбек шығындарымен

г) индивидуалды жұмыс уақытымен

д) өндірістік шығындармен

80. Қандай пайдалы заттар тауар болып саналады?
а) жеке тұтыну үшін өндірілгендер

+б) сатуға арналған еңбек өнімдері

в) табиғат өнімдері

г) сыйға арналған өнімдер

д) қандай да бip өнім

81. Тауардың тұтыну құны немен жасалады?
а) жалпы еңбекпен

+б) нақты еңбекпен

в) абстрактылы еңбекпен

г) бip уақытта нақты және абстрактылы еңбекпен

д) жеке еңбекпен

82. Тауардың айырбас құны немен жасалады?

а) жалпы еңбекпен

б) нақты еңбекпен

+в) абстрактылы еңбекпен

г) бip уақытта нақты және абстрактылы еңбекпен

д) жеке еңбекпен

83. Ақшаның шығу ceбeбi:

а) табиғи құбылыс ретінде пайда болған

б) мемлекеттік билік пен табиғаттың нәтижесі болып табылады

+в) айырбастың дамуымен байланысты

г) ХВҚ (халықаралық валюта қоры) арқылы туындаған

д) адамдардың айырбасқа бейімділігімен байланысты

84. Ақшаның өзін немен өлшейді?

а) ақша бірлігімен

б) эмиссионды жүйемен

в) ақша түрімен

ақша жүйесінің институттарымен
+д) баға масштабымен

85. «Өтімділік» дегеніміз не?

+а) айырбас немесе төлем құралы ретінде қолданылатын активтің өз құнын тұрақты сақтау қабілеті

б) қор биржаларында оңай танылуы

в) тауар нысанынан ақша нысанына айналу қабілеттілігі

г) ақша массасы

д) мемлекетік қарыздар мен бағалы қағаздар, Ml, M2, МЗ

86. Шекті пайдалылықтың кему заңын түсіндіретін жалпы пайдалылықтың мәні қандай?

а) 200,450, 750,1100

6)200,400,1600,9600

+в)200,150,100,50

г)200, 250,270, 280

д) 200, 300,400, 500

87. Тауарды қолма-қол ақшаға сатып алғанда ақша қандай қызмет атқарады?

а) төлем құралы

+б) айналыс құралы

в) жинақ құралы

г) әлемдік ақша

д) құн мөлшері

88. Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісін не сипаттайды?

+а) мал шаруашылығынан егіншіліктің бөлінуі

б) сауда мен саудагердің ерекшеленуі

в) қолөнердің ерекше қызмет ретінде бөлінуі

г) тауар өндірушілердің ерекшеленуі

д) өндірістің жалпылануы

89. Олигополия – бұл:

а) еркін бәсеке нарығы

б) монопольды жоғары табыс алу мақсатында біріккен ірі капиталистердің бірлестігі

+в) бірнеше ірі фирмалар билік ететін және біртекті немесе дифференциялданған тауар өндіретін нарық

г) еркін бәсеке нарығы, монопольды жоғары табыс алу мақсатында біріккен ірі капиталистер бірлестігі

д) нарықта бір фирманың билік етуі

90. Жетілген және монополистік бәсеке нарықтарының ортақ белгісі қандай?

+а) нарықта сатушылар мен тұтынушылардың көп болуы

б) біртекті тауарлар сатылады

в) дифференциялданған тауарлар сатылады

г) жоғары деңгейлі технологиялардың болуы

д) өз өніміне сұраныстың болуы


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-05; просмотров: 211; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты