Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бүлінген және жетпейқалған қорлар есебі.




Өндірістік цехта жетпейқалған материалдар, дайын өнім, аяқталмаған өндіріс жауапты тұлға кінәлі болса немесе мамандар олардың еңбекақысынан талап етіледі, ал егер кінәлі тұлға анықталмаса бухгалтерия өз бетімен есептен шығарады. Д- 8410, 7470 шот К 7210. Кепілдік мерзімде түзеті жасалғанда немесе қызмет көрсетілсе Д 7110 К 7210.

 

Өндіріс шығындарының жиынтық есебі.

Есептік кезең соңында өндірістік шығындарды дайын өнім, аяқталмаған өндіріс және өнімнің өзіндік құн араларына тарату үшін цехтарда, қайта өңдеулерде жасалған барлық шығындар жинастырылады. Көпшілі өндірістерде жартылай фабрикаттар да есепке алынады. Есептемелердің барі ведомосттерде жинақталады. Есептік кезең ішінде жасалған ақаулармен жетіспеушіліктер есептен шығарылады (азайтылады). Ведомосттердегі (10- журнал -ордер) сомалар 8000 бөлімдегі шоттардың сомаларымен салыстырылады. Ведомосттерге барлық бөлімшелердің калькуляция бабтырының, цехтардың шығындары, ақаулармен жетіспеушіліктері ескеріледі. Соңында шығарылған өнімнің өзіндік құны анықталады: аяқталмаған өндірістің бастапқы қалдығына барлық өндірістік шығындар қосылады, осы қосындыдан ақаулармен жетіспеушілік және аяқталмаған өндірістің соңғы қалдығына азайтылады. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі қаржылық есептің стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп шоттардың дайын өнім 8000Кде Д-т1320 134, ақаулар Д-т 8418, жетіспеушілік Д-т 1250 7210 қарастырылады.

 

5. Калькуляция ұғымы, оның мәні, калькуляция объектілері. Өндіріс шығындары есебінің негізгі әдістері. Шығындар есебінің нормативті әдісінің мәні.

 

Калькуляция дегеніміз шығарылған өнімнің, көрсетілген қызметтің бір бұйымға немесе біркелкі топтастырылған бұйымның өзіндік құны. Калькуляция көрсеткіштері кәсіпорында жасалған өндірістік шығындарды бақылау, рентабельді анықтауға, резерв қалыптастыруға және өзіндік құнды тиімді жасауға пайдаланылады. Калькуляция болжамды (жоспарлы, сметалы, жобалы, нормативті) және жалғасты болады. Жалғасты өнім шығарылып болғаннан кейін нақты жасалған шығындар бойынша есептеледі. Ал, жоспарлы әр бір бұйымға бекітілген нормалар бойынша алдын ала жасалады, бір тоқсанға немесе жылға. Сметалық калькуляция жекелген жұмыстарға тапсырыс бойынша жасалады. Келісім шарт негізінде келісім құн бойынша жасалатын болғандықтан тапсырысберушілермен келісіп –отырып жасалады. Жобалы калькуляция ғылыми-зерттеу институттармен болжамды есептемелермен бекітілген нормалар бойынша жасалады. Нормалар өзгерсе жобалы калькуляцияға да өзгерістер жасалу қажет. Жоспарлы, сметалық және нормативті калькуляциялар алдын-ала жасалады.

Калькуляция объектісі болып өндірістен шығарылатын өнім танылады (әр түрлі дайындық түрінде): - өндірістен шығарылған жалпы өнім;

- цехтар бойынша әр түрлі дайындық түріндегі бұйымдар;

- цехтар бойынша жартылай фабрикаттар;

- сыртқа өткізілетін (сатылатын) жартылай фабрикаттар;

- цехтардың шаруашылық нәтижесін анықтау үшін шығарылған өнімдер.

Калькуляцияны есептеу үшін әр түрлі өлшеуіштер қолданылады: -табиғи (натуралды) – дана (штук), тонна, кг., киловатт/час, метр, куб.метр, литр...;

-іріленген натуралды -100пар (аяқ киім), шойын тонна, гектолитр (сыра)..;

- жобалы-натуралды -100%-ды қышқылды спирт, 1000жоба банке...;

- құндылы -(тауар өнім шығыны теңгемен шығарылған немесе өткізілген бағаман);

- жұмыстай -еңбекті – 1норма –z, 1норма-смена.

Құрылыс өндірісте, жөндеу жұмыстар кәсіпорындарда, автокөлік қызметтер көрсету кәсіпорындарда жасалған жұмыстар тонно-км. тасымалдау, машино-смена және басқа түрлері қолданылады.

Калькуляциялауды жасау мерзіміне қарай алдын-ала және кейінгі түрлерде танылады.

Бухгалтерлік есепте шығындар есебінің бірнеше әдісі қолданылады: нормативті, тапсырыс беру, қайта бөлу, процесстік (жәй) әдістер және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, дамыған мемлекеттерде «Директ-костинг» әдісі қолданылады.

Нормативті әдіс

Өндіріс шығындарын есепке алудың нормативтік әдісі мен өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығарудың негізгі ерекшеліктері келесілерден тұрады:

а) өндіріс шығындарының есебі материалдар шығы­сы­ның техникалық жағынан негізделген нормаларға, жасалатын өнімдердің әрбір түрін өндірудің жеке технологиялық операциялары бойынша уақыттық және келісімді бағалар нормаларына негізделеді;

б) сол сәтте қолданылатын материалдар шығыстары нормалары, өнім шығару нормалары мен келісімді бағалар, өндіріс пен басқару қызметіне жұмсалатын шығыстар сметасы өндірістің қол жеткізген деңгейін көрсететін өнімдердің өзіндік құнын нормативтік есептеп шығаруды құрайды;

в) материалдар шығыстарының нормалары, өнім шығару нормалары және келісімді бағалар жүйелі түрде қайта қаралып отырады және есептеліп шығарылған қолданыстағы нормативтерге өзгерістер енгізіледі; сонымен бір мезгілде осылар арқылы аяқталмаған өндіріс қалдықтары қайта бағаланады. Сөйтіп, аяқталмаған өндіріс пен өндірістегі одан кейінгі шығындардың есебін жүргізуде нормалардың біртұтас деңгейіне қол жеткізіледі;

г) өндірістің тікелей шығындарының бастапқы құжаттары тиісті нормаларға сәйкес жасалады және есеп жүйесінде нормалар бойынша шығындарды көрсетеді;

д) белгіленген нормалардан артық материалдар шығыстары (мысалы, материалдарды үнемдеп пішпегенде немесе бөлшектердің ақауы болғанда), сондай-ақ технологиялық процесте қаралмаған жұмыстарға ақы төлеу айрықша құжаттарда бөліп көрсетіледі немесе «Нормалардан ауытқу» өзгеше белгісімен жеке құжаттар арқылы ресімделеді; нормалардан ауытқыған шығыстар құжатын есепке алу үшін кәсіпорынның жетекші қызметкерлерінің рұқсат бұрыштама қолы (визасы) талап етіледі, соның арқасында өндірістік емес шығыстарды туғызатын себептерді қабылдауды жеңілдетеді;

е) жабдықтарды ұстап тұру және пайдалану шығыстары, қосымша шығыстар өнімдердің түрлері бойынша кешенді түрде бөлінеді (нормалар бойынша және нормалардан ауытқулар бойынша шығыстар сомасын бөлу арқылы);

ж) өндіріс шығындарының талдау (аналитикалық) есебі нор­малар бойынша, нормалардың өзгеруі бойынша және нор­ма­лардан ауытқулар бойынша шығындарды бөліп көрсетумен әрбір объекті бойынша (тапсырыстар, қайта бөлулер, өнім түрлері немесе өнім топтары бойынша) жүргізіледі;

з) өнімдер бірлігінің нақты өзіндік құны нормалар бойынша, нормалардың өзгеруі бойынша және нормалардан ауытқулар бойынша шығындарды бөліп көрсету арқылы есеп­теледі; бірыңғай өнімдер өндіруге жұмсалатын шығын­дар­ды топтық есепке алу кезінде нақты өзіндік құнын есеп­теп шығару аталмыш есепке алу тобының әрбір өнімі бойынша жасалады.

Бұдан көзделетіндей, өндіріс шығындары есебінің нормативтік әдісі жедел бақылау және өндірістік процесстің өзінің барысында өндірістік емес шығындарды анықтау үшін қажетті жағдай туғызады; маңызды экономикалық көрсеткіштер есебінде өндіріс шығындарындағы жоспарлы нормалардың сақталуын көрсетуді қамтамасыз етеді; аталмыш топтағы өнімдердің әрбір түрінің өзіндік құнын есептеп шығару мүмкіндігін сақтай отырып, шығындарды топтық есепке алу объектілері бойынша өндіріс шығындарының есепке алу техникасын ықшамдайды;

Өндіріс шығындары есебінің нормативтік әдісін қолдану мен өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығару материалдар шығыстарының техникалық негізделген нормаларына, жекелеген технологиялық операциялар бойынша келісімді бағалар мен уақыт нормаларына, басқару және өндіріске қызмет көрсету бойынша шығыстар сметасына және осы база негізінде жасалған өнімдердің өзіндік құнын нормативтік есептеп шығаруларға негізделеді.

Аталмыш сәтте кәсіпорында қолданылатын материалдар, еңбек ақы, өндірісті басқару мен қызмет көрсетуге жұмсалатын өзге тікелей шығындар мен кешенді шығыстар нормалары бойынша жасалған, соған сүйеніп есептелген өнімдердің өзіндік құны нормативтік есептеп шығару деп аталады.

Шағын кәсіпорындарда өзіндік құнды нормативтік есептеп шығару жекелеген цехтардың шығындарға қатысты үлесін бөліп көрсетпестен, тұтастай түрде зауыт бойынша жасалады.

Ұйымдастыру-техникалық шаралар жоспары негізінде, прогрессивті технологияларды енгізуден, неғұрлым үнемді материалдарды қолданудан, жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланудан және өндіріс тиімділігін арттыруға ба­ғыт­тал­ған өзге де шараларды жүзеге асырудан қол жеткізген үнем негізінде нормативтерді жүйелі түрде қайта қарау қаралады.

Жоспарда көрсетілген үнемге қол жеткізу және осыған сәйкес қолданыстағы нормативтердің өзгеруіне байланысты жаңа нормативтік өзіндік құнды есептеп шығару (калькуляция) жүргізіледі. Нормаларды өзгерту әдетте айдың басына сәйкестендіріледі, яғни бұл шамалы техникалық қиындықтармен байланысты аяқталмаған өндірісті барынша дәл қайта бағалауды қамтамасыз етеді.

 

6. Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің тапсырыс беру әдісінің мәні.

 

Өндіріс шығындары есебін және өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығарудың тапсырыстық әдісі жеке және шағын-сериялы өндірістерде қолданылады. Тапсырыс берушілердің жекелен жұмыстары ерекше талаптарына сай орындалады. Өнім бірлігін анықтауда тапсырыс бірнеше кезең үздіксіз операциялардан өтеді. Бұл әдіс құрылыста, баспахана, жиһаз жасау өндірісте, жөндеу жұмыстар жасауұйымдарда қолданылады. Өнім өндіруге жұсайтын шығындарды тапсырысберуші үсынады. Бір мезгілде бірнеше тапсырыс әр түрлі технологиялармен орындалуы мүмкін.

Тапсырыс беру әдісте жасалған шығындар тапсырыс алған карточкаға жинақталады. Әр тапсырыс берушіге жеке журнал жүргізіледі, жасалған шығындармен өзгерістер осы журналға тіркеліп отырады.

Мысалы:

Өндірістік цех есептік айда 3 тапсырыс алды:

1 тапсырыс 2 тапсырыс 3 тапсырыс
Шығындар: - шикізат - еңбекақы; - салықтар; - үстеме шығындар Барлығы 200000тг. Шығындар: - шикізат - еңбекақы; - салықтар; - үстеме шығындар Барлығы 300000тг. Шығындар: - шикізат - еңбекақы; - салықтар; - үстеме шығындар Барлығы 500000тг.
Шығарылған өнім көлемі 250 бірлік Шығарылған өнім көлемі 300 бірлік Шығарылған өнім көлемі 400 бірлік
Шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны (200000тг. : 250бірлік = 800тг. Шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны (300000тг. : 300бірлік = 1000тг. Шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны (500000тг. : 400бірлік = 1250тг.
Өндірістік цех бойынша жасалған шығындар жиыны 1000000тг.

 

7. Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің қайта өңдеу әдісін қолдану объектілері және сипаттамасы.

Өндіріс шығындары есебін және өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығаруды қайта бөлу әдісі бірнеше өзіндік (соңғысынан басқа) сатылардан өтеді.

Өндірістің қайта бөлу (қорыту) технологиялық проце­сінде жұмсалатын шығындарды бабтар (статьялар) бойынша – есептеп шығару баптарына бөлек және өнімдердің түрлері немесе топтары бойынша қайта бөлуді ескеру қажет.

Өнім дайын болу кезеңіне дейін бірнеше қайта бөлу процесінен өтеді. Әр (өңдеу) бөлу процесі аяқталған өнім болып саналады. Бұл әдісте екі нұсқаның бірімен жасайды (жартылай фабрикатты және жартылай фабрикатсыз).

Жартылай фабрикатты әдісте қайта бөлу процессайн өзіндік құн жеке анықталып отырады, келесі цехқа бастапқы құжат негізінде беріліп отырады, өнімнің өзіндік құны соңғы қайта бөлу процеспен анықталады.

Ал, жартылай фабрикатсыз әдісте шығындар қайта бөлу процеске босатқанда берілмейді. Әр қайта бөлу процесте қалып отырады, өнімнің өзіндік құны анықтау сәтте қайта бөлу процесттерде жасалған шығындар қосылады.

Мысалы,

1 қайта бөлу 2 қайта бөлу 3 қайта бөлу
- - шикізат шығыны 150000тг. - өңдеу шығыны 30000тг. Барлығы 180000тг. өңдеу шығыны – 40000тг. өңдеу шығыны – 80000тг.   Шығарылған өнім көлемі 240бірлік
Өндірістік цех бойынша жасалған шығындар жиыны 300000тг. Саны - 240 бірлік. Шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны (300000тг. : 240бірлік = 1250тг.

 

1 қайта бөлу процесі

- шикізат

шығыны Барлығы 180000тг.

150000тг.

-өңдеу

шығыны

30000тг. дайын өнім

 

2 қайта бөлу процесі

өңдеу 180000тг.

шығыны қайта бөлу шығыны 80000тг.

– 80000тг. 80000тг. 40000тг.

 

3 қайта бөлу процесі

өңдеу шығыны бөлу шығыны

40000тг. 40000тг.

 

 

8. Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің процестік әдісі. Әлеуметтік сфера шығындарының түрі, мағынасы және есебі.

 

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процесстік әдісі біртүсті көпшілік өнім шығаратын кәсіпорындарда пайдаланылады (су элетр станциялары, кен, көмір, мұнай, газ). Бұл кәсіпорындарда аяқталмаған өндіріс болмайды. Бұл әдісте өнім шығаруға кеткен шығындардың бәрі есепке алынады, өнім шығару процессі бірнеше кезеңнен құралады, мысалы шыны жасау, бояу, үн және жарма (крупа). Бұл әдіс екі түрде танылады – тікелей және жанама.

Өнім дайын болу кезеңіне дейін бірнеше мәрте процестерден өтеді, әр процестердің шығындары өнімге апарылады. Өндірістік процес циклі аяқталғаннан кейін барлық шығындар жиыны өнімнің өзіндік құнын анықтауға есепке алынады. Әр процесте жасалған шығындары келесі процеске ауысу кезеңде аяқталғанда пайызы анықталып отырады. Процесте шикізат шығыны және қосымша шығындар жеке есептеліп отырады. Мысалы,

1 процесс 2 процесс 3 процесс
- - шикізат шығыны 120000тг. - еңбекақы шығыны 160000тг. - басқа үстеме шығындары 90000тг. Барлығы 370000тг. 1 процестен 370000тг. - - шикізат шығыны 30000тг. - еңбекақы шығыны 50000тг. - басқа үстеме шығындары 25000тг. Барлығы 475000тг. 2 процестен 475000тг. - - шикізат шығыны 35000тг. - еңбекақы шығыны 60000тг. - басқа үстеме шығындары 15000тг. Барлығы 585000тг.
Өндірістік цех бойынша жасалған шығындар жиыны 585000тг. Саны - 650 бірлік. Шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны (585000тг. : 650бірлік = 900тг.

 

1 қайта бөлу процесі 2 қайта бөлу процесі

- шикізат 2 процеске ауыстырылды Іпроцестен барлығы

шығыны 370000тг. 370000тг. 475000тг.

120000тг. шикізат шығыны ауыстырылады

еңбекақы 30000тг.,е/ақы

шығыны 50000тг.

160000тг. басқы үст.шығ.

Басқа шығ. 250000тг.

90000тг.

3 қайта бөлу процесі дайын өнім

ІІ процестен барлығы 585000

475000тг. 585000тг.

Шикізат 35000тг.

е/ақы. шығ.60000 585000

басқа үст. 15000

 

Дайын өнімге, аяқталған өндіріске есептеуде өндірістік шығындар орташа өлшемді және ФИФО әдістер қолданылады.

Процестік әдісте жалпы шығындар мен қоса әр компонент шығынына балама бірлігі анықтау есептемесі жасалады, балама бірлігіне орташа компонент шығын бағасы анықталады және аяқталмаған өндіріспен дайын өнім шығындары анықталады.

Мысалы, өндірістік кәсіпорын теріден белдіктер өндірумен шұғылданады.

Ай басына бастапқы қалдық:

Аяқталмаған өндіріс қалдығы 400бірлік аяқталуы 25%

Өндіріске қолданылды 7600бірлік

Ай ішінде өндірілді 6800бірлік

Ай соңына аяқталмаған өндіріс қалдығы 1200бірлік аяқталуы 50%.

Жасалған шығындар:

Шикізат шығымы Аяқталмаған өндіріс 400 бірлік (25%) Ай ішінде өндіріс шығыдары
Тері жолақтары(полоски) 100000тг. 206000тг.
Қосымша әшекей шығыны   44566666 45500тг
Қосымша өңдеу шығындары 30000тг. 207000тг.

Өндіріс төрт процестен қалыптасады.

Шығындар Тері жолақтары әшекей өңдеу шығындары барлығы
І процесс
Ай басына аяқталмаған өндіріс қалдығы 100000тг.   30000тг. 130000тг.
Өндіріс шығындары 20600тг. 45500тг. 207000тг. 458500тг.
Барлық шығындар 306000тг. 45500тг. 237000тг. 588500тг.
ІІ процесс
Дайын өнім баламалар бірлігі 6800бірлік 6800бірлік 6800бірлік  
Ай соңына аяқталмаған өндіріс баламалар бірлігі   1200бірлік   1200бірлік   600бірлік  
Барлық баламалар бірлігі 8000бірлік 8000бірлік 7400бірлік  
ІІІ процесс
Орташа бағасы 306000: 8000=38,25тг. 45500: 8000=5,69тг. 237000: 7400=32,03тг.   75,97
ІУ процесс
Аяқталмаған өндірістің соңғы қалдығы 1200х 38,25=45900тг. 1200х 5,69=6828тг. 600х32,03=19218тг. 71916тг.
Дайын өнім 6800х38,25=260100тг. 6800х5,69=38692тг. 6800х32,03=217804тг. 516596тг.

71916тг.+516596тг. = 588212тг.

Өнімнің өзіндік құнын анықтау тәсілдері

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау –ол өндірістік есептің соңғы кезеңі, ол үш кезеңнен құралады:

І – шығарылған өнімнің жалпы өзіндік құны анықталады;

ІІ - шығарылған өнімнің жеке түрлері бойынша өзіндік құны есептеледі;

ІІІ - шығарылған 1дана өнімнің өзіндік құны есептеледі;

Калькуляциялауда бірнеше тәсілдері қолданылады: нормативті, шығындарды сомалау, шығындарды пропорциалды бөлу (индексті), тікелей есептеме, аралас және коэффициентті тәсілдер.

Пропорционалды әдісте жалпы шығындар бір базистік көрсеткішке бөлу арқылы есептеледі (%).

„Директ-кост“ әдісі үлкен шаруашылықтарда қолданылады (машина жасау). Өндіріске жұмсалатын барлық шығындар өндірісте жұмсалмай түрып есептеледі.Шығындар стандартын есептеу үшін натуралды және құндық көрсеткіштер пайдаланылады. Нақты жұмсалған шығындармен стандартты арасындағы айырмашылық анықталады.

 

Шығарылған өнімнің өзіндік құнын анықтайтын шығындар схемасы

       
 
   
 

 

Әлеуметтік қызмет көрсететін өндіріс- кәсіпорын жұмысшыларының тұрмыс және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған өндірістер.

Ұйымның қызметкерлерінің тұрмыстық қажетілігіне тиісті өндірістер мен шаруашылықтар (асханалар, наубайханалар, моншалар, кір жүү, тұрғын үй- тұрмыстық шаруашылық, мектепке дейінгі балалар мекемелері, жөндеу және пішу шеберханалары және басқалар) қызмет көрсетеді. Осы өндірістердің өндірілген өнімің, атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтерінің шығындарының есебі 8418 шотында жүргізіледі, оның құрамына субшоттар жатқызылады: - тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы;

- қоғамдық тамақтандыру шаруашылығы;

- тұрмыстық қызмет көрсету, киім тігу және басқа да өндірістер;

- демалыс және еңбек лагерьлер;

- мектеп жасыа дейінгі балалар ұйымдары;

- мәдени-тұрмыстық мақсаттағы ұйымдар;

- басқа да шаруашылықтар.

Осы шаруашылқтар есебі жеке арнайы белгіленген ведомосттерде жүргізіледі.

Әлеуметтік сфераның шығындарын есепке алатын ведомоста көрсетілген мәліметтер әлеуметтік сфераның әрбір объектілері бойынша жұмсалға шығындарды бақылау үшін пайдаланылады. Онда көбінесе аяқталмаған өндіріс болмайды, немесе шамалы ғана болады. Мысалы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын алсақ, оның құрамына тұрғын үй қоры, жалға тапсырылған үй-жайлары (үй астындағы подвалдар, санитарлық- гигиеналық объектілер), қонақ үйлер... Бұл шаруашылықтың шығыстары номенклатура бойынша жүргізіледі: еңбекақы мен аңбекақыдан аударымдар, шаруашылық шығындары (тазарту, қоқыс шығару, тұрғын үй- жайды күтіп-ұстау), жөндеу, тұрғын үйлердің амортизациясы.

Ал, қоғамдық тамақтандыру шаруашылығының шығыстары номенклатура бойынша жүргізіледі: еңбекақы мен аңбекақыдан аударымдар, шикізаттар (азық-түлік), отын- су, амортизация...

 

 

7 Тақырып . Дайын өнім және оны сату есебі.

 

1. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау. Дайын өнімнің қозғалысы, оны тиеу және сатуды құжаттау.

2. Дайын өнімнің қоймадағы есебін ұйымдастыру.

Дайын өнімнің бухгалтериядағы есебі. Дайын өнімді сату есебі. Дайын өнімді сату шығындарының есебі.

3. Сатыпалушылармен есеп айырысу есебі. ҚҚС бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі.

4. Тауар алмасу (бартерлік) кезендегі дайын өнімді сату есебі.

Дайын өнімді мүліктік түгендеу және оның нәтижелерін есепте көрсету.

 

Негізгі ұғымдыр: дайын өнім, өнімнің өзіндік құны, дайын өнімді өткізу шығындары, бартерлік операциялар, дайын өнімнің .

 

1. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау. Дайын өнімнің қозғалысы, оны тиеу және сатуды құжаттау.

Дайын өнім барлық өндірістік процесттерден өткен пайдалануға дайын, стандарттарға және техникалаық талаптарға сай, тапсырыстармен қабылданған бастапқы құжаттармен рәсімделген өнім. Дайын өнім есебінің басты мақсаты - өнімді толық, дұрыс қабылдап алып, сақталынатын орынды қамтамасыз ету, келісім щарттар бойынша сатыпалушыларға жеткізіп беру. Өндірістен дайын өнім бастапқы құжат негізінде қоймаға тапсырылады.

Дайын өнім – негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі.

Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары – міндетті түрде актімен рәсімделеді.

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

Дайын өнімге сатылуға арналған өндірістік жұмыстар мен қызметтерді, сонымен қатар меншікті өндірістің жартылай фабрикаттардың құны апарылады.

Дайын өнім натуралды, шартпен (условно) – натуралды және құнды көрсеткіштермен бағаланады. Натуралды – шығарылған өнімнің саны, көлемі, салғамы көрсетіледі. Шартпен (условно) – натуралды біртүсті өнімдердің есебін қорытындылап көрсету (алу) үшін қолданылады. Өнімдердің санын коэффициент арқылы шартты салмаққа, сортқа, өлшемге қайта есептейді. Ал, құнды көрсеткіш өнімді сату (өткізу) кезде қолданылады. Дайын өнімнің өзіндік құннын барлық өндірістік процесс аяқталғаннан кейін шығарылған өнімнің көлемі анықталғаннан кейін анықталады.

Дайын өнімнің бухгалтерлік есебінің және оны сатудың негізгі міндеті болып табылады: өніммен болатын барлық операцияларды есепте көрсету және уақытында құжаттау, өнімді өндіру, сақтау, жылжу жоспарының орындалуын бақылау; босатылған тауарларды есептеу және босатылған тауарларды сатып алушылармен уақытында есептесуі; сату мақсатында дайын өнімдердің нормативтен жоғары қорын анықтау және басқалары.

Өнім есебі және оны сату өнімді өндіру және өткізуді басқару үшін қажет мәліметтерді уақытылы алуды қамтамасыз ететін мақсатты процесс.

Бұл есептің мақсаты сатып алушыларына қатысты кәсіпорын өзінің келісім-шарт міндеттемелерін және өнім өндірудің өндірістік бағдарламасын орындауды бақылау болып табылады. Сонымен қатар, есептің көмегімен кәсіпорынның қоймасындағы өнімдердің қолда бары, оның қабылданған қор нормасына сәйкестігі (құралдардың айналымын жеделдету үшін қажет), сату бөліміндегі тауарлардың көлемінің жеткіліктілігі, қомадағы және сатып алушыға жөнелтілген тауарлардың сақталуы бақыланады. Босатылу және сатылу операцияларының есебі сатып алушылар төлемдерінің уақытылы түсуін және сату барысында шығындар пайда болатын өткізу сферасындағы үнемдеу тәртібін қадағалау мақсатын көздейді.

Өндірісте өндірілген дайын өнім алдымен комиссиямен акт негізінде рассталады. Қоймадағы дайын өнім қозғалысының карточкасында, сандық-сомалық карточкада және жауапты тұлғаның есебінде жүргізіледі. Ол үшін алдымен кіріске алынған дайын өнімге номенклатуралық номер белгіленеді. Бастапқы құжаттар: шот фактура, накладной, төлем-талап тапсырма, тауар-көлік жүк құжаты, акт(қабылдау туралы), кіріс ордері, сенімхат, шығыс ордері, лимитік шектеулі картасы.

Өндірісте дайын өнім ассортиментінің көптігінен ұйымдарда олардың есебін рационалды ұйымдастыру мақсатымен біркелкі қасиеттері бойынша номенклатура құрастырылады. Әрбір дайын өнім атауына, сортына шартты сандық белгі беріледі – номенклатурлы нөмір, және ол кейіннен дайын өнімнің бар болуы мен қозғалысы жайлы құжаттардың барлығында қойылады.

Карточкадағы жазулар операция жасалған күні бірінші ретті кіріс-шығыс құжаттары арқылы жүргізіледі.

Жеткізушілерден түсетін немесе қайта өңдеуден келетін дай өнімнің есебі үшін кіріс ордері қолданылады. Қоймаға түскен күнінде материалды жауапты тұлға бір данада кіріс ордерін жасайды.

Жеткізушінің берілген құжаттары бойынша сандық және сапалық сәйкессіздікте, сонымен қатар, дайын өнімді қабылдау кезінде, құжатсыз қабылданғанда қабылдау туралы акт қолданылады. Жеке кәсіпкермен немесе ұйым басқарушысының бұйрығымен тағайындалған комиссия, екі данада акт жасайды, міндетті түрде материалды жауапты тұлғаның және жіберушінің (жеткізуші) немесе басқа қатысты емес ұйымның адамының қатысуы қажет.

Дайын өнімді ұйым ішінде қозғалысына және оларды сыртқа шығару қозғалыс есебі үшін ішкі орын ауыстыру накладнойы қолданылады.

Дайын өнімді сыртқа шығару есебі үшін қорларды сыртқа шығару накладнойы қолданылады.

Дайын өнімді шығынға жазу актісі өнімнің бүлінген, сынған, құртылған, сонымен қатар дайындау немесе сақтау және өндіру процесінде жүрген өнімнің жетіспеген және жоғалтқан жағдайында, қорлардың есебін жүргізу үшін қолданылады. Рәсімделген акт жауапты тұлғаның есебінен шығарылғанда да негізгі құжат болып танылады. Комиссия мүшелерімен екі данада жасалады. Бірінші данасы бухгалтерияға жіберілсе, екінші данасы бөлімшеде қалады.

Негізгі өндіріс шығындарының талдау (аналитикалық) есебі №10 журнал-ордерге ашылатын №10 журнал-ордер мен №1,2 ведомостарда жүргізіледі.

№10 журнал-ордерге ашылатын №1 ведомос (цехтарды бөліп көрсете отырып) өндіріс шығындарын есепке алуға арналған. Әрбір цех бойынша оның қызметіне қатысты бүкіл төте және үстеме шығындар көрсетіледі. Аталмыш шығыстар талдау (аналитикалық) есеп баптарында бөлек көрсетіледі. Әрбір айдың шығындары туралы жазулар әртүрлі бастапқы және жиынтық құжаттар, өзге журнал-ордерлер, шифрын ашушы – парақшалар негізінде корреспонденциялық шоттарда бөлек көрсетіледі. Кәсіпорын бойынша тұтастай, корреспонденциялық шоттарға бөле отырып өндіріс шығындарының жалпы сомасын есептеу №1 ведомостағы «Корреспонденциялық шоттар бойынша барлығы» кестесінде жүргізіледі. Негізгі өндіріс цехтарындағы өндіріс шығындары туралы жиынтық мәліметтер «Корреспонденциялық шоттар бойынша барлығы» кестесінен №10 журнал-ордердің бірінші бөліміне ауыстырылады. №10 журнал-ордерге тіркелетін №2 ведомосты пайда болған жері бойынша өндіріс шығыстарын топтастыруға, сондай-ақ дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) нақты өзіндік құнын анықтауға арналған. Дайын өнім қозғалысы бухгалтерлік есепте :

1)кірістері - № 6 журнал-ордерлерінде,

2)шығыстары - №11 журнал-ордерлерінде жүргізіледі.

 

 

2. Дайын өнімнің қоймадағы есебін ұйымдастыру.

Дайын өнімнің бухгалтериядағы есебі. Дайын өнімді сату есебі. Дайын өнімді сату шығындарының есебі.

 

Дайын өнімді қабылдау-тапсыру актісі, накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі. Дайын өнімнің қаржылық есебінің басты мақсаты өндірістен аяқталған өнімді толық қабылдап алу, сақтандыруды қамтамасыз ету, сатыпалушыларға уақытылы өткізу (сату), осы әрекеттер бойынша келісім шарттардың рәсімделуіне бақылау жасау және т.б.

Өндірістен қоймаға тапсырылу барысында батапқы құжаттарды тиянақты толтыру, онда құжат №, кім, қай мезгілде, кімге тапсырғаны және жауапты тұлғалардың қолдары толық, тиянақты көрсетілу керек. Қабылдау–тапсыру құжаты (накладнойы) цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының (накладнойының) арнайы (немесе арнаулы) бланкілері қолданылуы мүмкін.

Қабылдау-тапсыру құжаты аспаптық, радиотехникалық кәсіпорындарда, жаппай және сериялық өндірістерде, басқа да өнеркәсіп салаларында өндіріс есебінің тапсырыстарын есептеу үшін қолданылады. Қабылдау-тапсыру құжатын өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, өнімді өткізу үшін де пайдаланады. Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен номенклатурада дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.

Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысында жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «Өнім шығару жиынтығы» деген құжаттың нысаны қолданылады.

Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады. Бұл жағдайда оған тиісті накладнойлар қоса тіркеледі.

Қоймаларда дайын өнім есебін, материалдар есебі сияқты қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді. Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесімен (реестрімен) бірге бухгалтерияға түседі.

Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің деректерін келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ ведомосына есептік топтар бойынша шығарылады. Жинақ ведомосының деректерін дайын өнім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.

Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік құны және нақты өзіндік құны мен жоспарлы өзіндік құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады. Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалық деректері 1320 «Дайын өнім» шотының дебетінде жинақталып, 8110 «Негізгі өндіріс», 8310 «Қосалқы өндірістер» және 8210 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары» деген (егер шала өнімдердің немесе фабрикаттарының бір бөлігі сату үшін шығарылса) шоттарының кредитінде көрініс табады.

Дайын өнімнің бухгалтериядағы есебі міндеттелген бухгалтермен жүргізіледі.

Қоймаға кіріске алынған дайын өнім қоймашымен есепке алынады, бухгалтерияда кіріске алынған дайын өнімге жинақтау ведомость жүргізіледі, онда дайын өнімнің әр қозғалысы бастапқы құжат негізінде тіркеліп отырады. Ай соңында жауапты тұлғаның есебімен салыстырылады.

Дайын өнімнің талдамалы есебінің жинақтаушы ведомосте әрбір топ бойынша сомалық өлшеммен көрсетіледі:

а) өткен айдағы соңғы қалдық есептік айға бастапқы қалдық;
ә) құжаттардың тізілімі бойынша ай ішіндегі кірісі;

б) құжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі шығысы;

в) есептеу жолымен анықталған ай соңындағы қалдық.

Бастапқы қалдық + Кіріске алынған өнім = босатылған өнім (немесе есептен шығарылған) + ай соңындағы қалдық теңестіру бойынша соңғы қалдық анықталады, ол болады:

Соңғы қалдық = Бастапқы қалдық + Кіріске алынған - босатылған өнім.
Жинақтау ведомосі бухгалтерия мен қойма есебінің деректерін салыстыру үшін пайдаланылады. Қойма есебі өнімнің талдамалы есебі карточкаларында және қалдыктар кітабында жүргізіледі. Қалдықтар туралы деректер сәйкес келу керек, өйткені қоймадағы жазулар (қалдықтар кітабы мен жинақтау ведомосі) бір ғана қүжаттардың негізінде жүргізілген. Бухгалтерияда жинақтау ведомосінің (сальдолық әдіс кезінде) немесе материалдың жауапты тұлғалардың қалдығы мен қозғалысы туралы есептемесінің негізінде «Материалдардың ақшалай өлшемдегі қозғалысы» деген № 10 ведомосі жасалады. № 10 ведомосі талдамалы есептік деректерін материалдық қүндылықтардың талдамалы есебінің көрсеткіштерімен үйқастыруға арналған. Келіп түскен материалдық құндылықтардың құны жинақтамалы шоттардың (6 журнал –ордер) немесе есептік топтардың кесімінде есептік бағалар бойынша келтіріледі. Сонымен бірге ведомосте сатып алынған материалдық қүндылықтардың нақты қүнының олардың есептік бағасы бойынша қүнынан ауытқуының есебі жүргізіледі. №10 ведомость материалдар шығыстарын шығыстың бағыты бойынша бөлуге қызмет етеді. № 10 ведомость бірнеше бөлімнен түрады: 1-бөлім нақты өзіндік қүн бойынша жиынтық деректер мен ай ішінде келіп түскен өнімнің есептік құнын көрсетуге арналған. Бұл деректер әр түрлі журнал-ордерлерден (№ 6, № 10, № 3, № 7, № 1 және т.б.) көшіріледі. Мұнда өнімнің жеткізу жөніндегі шығындарды, тиеп-түсіру жүмыстарының шығынын, теміржол алымдарына төлемді және сатып алу құнынан тыс жұмсалған басқа шығындарды қоса алғанда, өнімді сатып алуға және әзірлеуге жұмсалған шығындар ескеріледі. Дәл осы бөлімге ведомостің басқа бөлімдерінен алынған, өнімнің нақты өзіндік құны және ай басындағы есептік бағасы бойынша қалдығын жазады. Оған ай ішінде келіп түскен материалдардың құны қосылады. Дайын өнім қозғалысы есептік бағамен жүргізіледі.

№10 ведомостің екінші және одан кейін бөлімдері материалдық құндылықтарды сақталу жері (қоймалар, учаскелер) бойынша кірісін, шығысын және қалдығын ақшалай өлшеммен көрсетуге арналған. Бұл деректер материалдық есеп берудің сальдолық жинақтаушы ведомостерінің негізінде толтырылады, ал оларда — материалдық қүндылықтардың қозғалысы мен қалдығы есептік бағамен келтірілген. Тап осы жерде олардың нақты өзіндік құны, сондай-ақ өнімнің есептен шығарылған тиісті баланстық шоттарға есептен шығарылуға тиіс ауытқу

сомаларының бөлінуі келтіріледі. Өнімнің толық нақты өзіндік құны есептік бағалар мен ауытқулар бойынша өнім құнының сомасы ретінде анықталады, жұмсалған бағыттар бойынша:

а) 7420,7470-шотқа — есептелген процентпен;

ә) 8110-шотқа — әдетте, қалған сома.

Ай аяқталғаннан кейін № 6-журнал-ордер жабылады, К-т 3310 бойынша жиыны корреспонденцияланатын шоттар бойынша есептеліп шығарылады және бас кітапқа көшіріледі. Босатылған дайын өнім есебі 11 журнал-ордерде көрсетіледі.

Дайын өнімнің айналымы сату процесінде аяқталады. Өнім сатудан түскен табысты кәсіпорын дайындау және өндіріс процестерін жаңарту, пайданы жинақтау, кәсіпорын жұмысшыларын ынталандыру және т.б. мақсаттарға пайдаланады.

Сату процесі дегеніміз - кәсіпорынның өндірілген өнімді сатып алушыға сату (өткізу) әрекеттері. Қаржылық есептің стандарттарына сәйкес сатылған деп сатып алушыға оны тиеу сәтінен бастап банкке төлем құжаттарын тапсырғанға дейінгі сәтті айтады.

Сату процесі кезінде кәсіпорын: өнімді орау мен қаптауға, сатып алушыларға оларды жеткізуге байланысты шығындар жасайды. Сату процесінің бухгалтерлік есепке алу алдындағы екі мақсаты болады олар:

• сатылған өнімнің өзіндік қүнын және табысты анықтау;

• сатудың қаржылық нәтижесін айқындау.
Бірінші мақсатты орындау үшін бухгалтерлік есеп сатылған өнім туралы нақты өзіндік құнмен ғана емес, сонымен қатар сату бағаларымен жалпы және жеке түрлері бойынша сатылған өнімдердін, көлемі туралы ақпараттар алуды қамтамасыз етіледі. Мұндай ақпараттар мына шоттарда болады:

1. «Өнімді сатудан және кызметтер көрсетуден түсетін кіріс», бұл шот пассивтік, жыл басына қалдығы болмайды, жыл ішінде тек кредиттік айналымдар ғана болады -сатып алушылар қажет ететін дайын өнімнің сату құны, бұл шот «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шотына жатқызу жолымен ғана жылдың соңында жабылады.

2. « Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны», бұл шот активтік, жыл басына қалдығы болмайды, жыл ішінде тек дебеттік айналымдар ғана болады - «Дайын өнім» шотына сатылған өнімнің нақты өзіндік құнын жазу, бұл шот «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шотына шығындарды жатқызу жолымен ғана жылдың соңында жабылады.

Дайын өнімді сатудан қаржылық нәтиже жыл бойы осы екі шоттардың көрсеткіштерін, яғни сатылған өнімнің өзіндік құны мен сату құнын салыстыру жолымен шоттар корреспонденцияларын құрмай-ақ жедел түрде анықталады.

Осыған орай, егер сату бағасы бойынша өнімнің құны (яғни, түсім) сатылған өнімнің нақты өзіндік құнынан асатын болса, кәсіпорын табыс табады. Және керісінше, сатылған өнімнің нақты өзіндік құны сатудан түскен түсімнен жоғары болса, кәсіпорын зиян шегеді.

Сату процесі кезінде субъектіде сатылған дайын өнімнің құнына бюджетке төлеуге тиіс қосылған құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу қатынастары туындайды.

Сатып алушылармен есеп айырысу шоты - активтік шот, қалдығын дебет бойынша, қосылған құн салығын шоттың дебеті бойынша бірге есепке алғандағы сату құнымен сатылған өнім үшін сатып алушылармен дебиторлық қарыздың көбеюі көрсетіледі, ал кредиті бойынша сатып алушылардан есеп айырысу шотына ақша қаражатының түсуі арқылы қарыздың өтелуі көрсетіледі.

Дайын өнімді сату шығындарына өнімді сату (өткізу) бойынша жасалған шығындар түрлері:

- өнімді сату (өткізу) бойынша шұғылданған жұмысшылардың еңбекақысы және одан жасалған салықтармен төлемдер;

- өнімді сату (өткізу) бойынша шұғылдынатын бөлімнің мүлектірін сақтандыру шығындары;

- өнімді сату (өткізу) бойынша шұғылдынатын бөлімнің іс сапар шығындары;

- өнімді сату (өткізу) бойынша қолданған негізгі құралдардың тозуы және амортизациясы;

- өнімді сату (өткізу) үшін жасалған автокөлік (жеткізу), артып- түсіру шығындары;

- өнімді сату (өткізу) үшін өңдеу, бөлшектеу, ыдыстарға салу шығындары;

- өнімді сату (өткізу) үшін жарнама және оны жасау үшін нарықтық ақпарат жинақтау, зерттеу шығындары;

- өнімді сату (өткізу) үшін үлгіге берілген өнімдердің құны.

Дайын өнімді сату (өткізу) бойынша шығындар есебі 7110 шоттың Д – не есепке алынады.

 

р\р № Операция мазмұны Д К
өнімді сату (өткізу) бойынша қолданған негізгі құралдарды жөндеуге қалыптастырылған резерв
өнімді сату (өткізу) бойынша қолданған негізгі құралдардың тозуы
өнімді сату (өткізу) бойынша қолданған МЕА тозуы
өнімді сату (өткізу) бойынша бөлімнің сақтандыру шығындары
өнімді сату (өткізу) бойынша шұғылданған жұмысшылардың - еңбекақысы - кезекті демалыс күндер үшін құрылған резерв    
өнімді сату (өткізу) бойынша шұғылданған жұмысшылардың еңбекақысына есептелген әлеуметтік салық        
өнімді сату (өткізу) бойынша шұғылданған жұмысшылардың еңбекақысына есептелген әлеуметтік сақтандыру төлем        
өнімді сату (өткізу) бойынша жал шығындары 1260,

 

 

3. Сатыпалушылармен есеп айырысу есебі. ҚҚС бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі.

Дайын өнімнің сатылуы ұйымдарда келісім шарттармен рәсімделеді. Екі жақ келісім шартта өз пайдаларын көздейді. Дайын өнім нарықтың келісім құнымен жасалады. Сатыпалушы алдын ала аванс аудару жолымен де есептесе алады немесе жеткізуші тез арада есептесу үшін дайын өнім жеткен араға сатыпалушыға жеңілдіктер ұсынуы мүмкін. Мысалы, келісім шарт бойынша сатыпалушыға ұсынылған шот- фактура құны 260000тг., осы өнімнің өзіндік құны 21000тг. Шарт бойынша егер сатыпалушы 10 күн ішінде есептессе оған 5% жеңілдік беріледі. Жүк 2.03. артылған және шот- фактура үсынылған, 8.03. сатыпалушының ұсынысы бойынша түзетілген шот- фактура ұсынылды (жеңілдікті пайдалануына), 10.03. төлем банктік шотқа түсті.

 

р\р № Операция мазмұны Сома, тг. Д К
2.03. сатылған (өткізілген) өнім құнына шот ұсынылды
сатыпалушыға сатылған өнім үшін ҚҚС есептелді
сатылған өнімнің өзіндік құны есептен шығарылды
8.03. жеңілдікті пайдалану үшін түзетілу шот- фактура ұсынылды
жеңілдікке ҚҚС түзетілді
Ағымдағы банктік шотқа дебиторлық берешек кірістелді
ҚҚС сома бюджетке аударылды
Есептік жыл соңында берілген жеңілдік ұйымның табысын азайтады

 

4. Тауар алмасу (бартерлік) кезендегі дайын өнімді сату есебі.

Дайын өнімді мүліктік түгендеу және оның нәтижелерін есепте көрсету.

 

Бартерлік / тауар алмастыру/ операциялар дегеніміз – екі жақтың клісімі бойынша сатылған материалдық құндылықтардың құнына ақшалай емес басқа құндылықтармен есептесу.

Алмастыру мәмілесі тиісті келісім-шартпен рәсімделеді. Мұндай мәміледе келісім жасасқан екі жақ, бір мезгілде сатушының да, алушының да қызметін атқарады. Алмастыру операциялар 27.12.1994 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 235 бабының 2 тармағында қарастырылған, және соған байланысты, иеленушінің мүлікке деген жекеменшік құқығы сату-сатып алу келісім-шарты, алмастыру, сыйға тарту немесе мүлікті бөл


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 834; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Задание 4. Определить годовые расходы населения на электроэнергию по данным таблицы 3. | Задания части А.
lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты