![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ысқаша мағлұматтар. Қабылдағыштардың фазаларында, не желілік сымдар арасында қысқа тұйықталу режимдер пайда болған кездеҚабылдағыштардың фазаларында, не желілік сымдар арасында қысқа тұйықталу режимдер пайда болған кезде, тізбектің токтары кенет өзгеріп, апаттық жағдай тудырады. Жүктеме үшбұрышша қосылған тізбекте фаза не желілік сым үзілсе, жұмыс істейтін режимі апаттық режимге жатады, ток пен кернеулердің шамаларын қалыптасқан мәндерінен асырмайды. 9.1.1. Мысалы, үш фазалы жүктеменің бір фазасы үзілді (1-сурет). Үзілген фазадағы ток нөлге тең болады, ал қалған екі фазаның токтары өзгермейді. Үзілген фазаға байланысты екі желілік токтар √3 есе төмендеп, фазалық токтарына тең болады, ал үшінші желілік ток өзгермейді (бастапқы қалпында қалады). (1-сурет)
9.1.2. «В»-фазаның желілік сымы үзілсе (2-сурет). Бұл жағдайда фазалық кедергілер Rab және Rbc бір ізді қосылып, үшінші фазаның кедергісі Rca параллель жалғанады. Үш фазалы тізбек бір фазалы тізбекке айналып, кернеуі Ůca –ға тең болады.
(2-сурет)
9.1.3. Жүктеменің бір фазасымен желілік сымның бір уақытта үзілуі. Үшбұрышша қосылған жүктеменің бір фазасы мен желілік сым бір уақытта үзілсе, тізбек бір фазалы тізбекке айналып кетеді. Мысалы, «В»-фазаның желілік сымы мен жүктеменің «ас» фазасы үзілсе (3-сурет). (3-сурет)
|