Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Интерлейкиндер. Эритропоэтин




Иммунды, нерв, эндокринді және қан түзуші жүйелердің клеткааралық қарым-қатынастарында қабыну алды, өсу және басқа да реттеуші қызмет атқаратын цитокиндер тобын «интерлейкиндер» (ИЛ1, ИЛ2,….ИЛ25) деп атайды. Осы биологиялық активті қосылыстарды лейкоциттер, моноциттер, макрофагтар және т.б. бөліп отырады.

Интерлейкиндер синтезі организмге микроорганизм енгенде немесе тіндер зақымданғанда түзіледі және организмнің қорғаныс реакциялар кешенің іске қосады. Лейкоциттер қызметі белсенеді, Т және В лимфоциттердің клондық пролиферациясы мен дифференциациясы активтенеді, цитотоксикалық Т-лимфоциттердің (СД8-клеткалар) және табиғи киллерлердің (NK-клеткалар) нәтижелі потенциалы күшейеді және мононуклеарлы фагоциттер мен антиген презентациялайтын клеткалардың функциональды активтігі белсенеді, плазматикалық клеткалар көптеген изотипті арнайы иммуноглобулиндерді синтездеу қабілеттігі күшейюімен қоса мононуклеарлар мен нейтрофилдердің апоптозы төмендейді.

Адамның интерлейкиндер өндірісі рекомбинантты ДНҚ технологиясына негізделген. Адам интерлейкиндерінің гені плазмидалық векторға ендіреді де E.coli бактериялық клеткасына немесе Saccharomyces cerevisiae ашытқы клеткаларына трансформациялайды. Мысалы, ашытқы клеткасына трансформацияланған плазмидалық конструкцияда химерлік нәруызы синтезін кодтайтын маркерлік пептид ДНҚ фрагменті мен адамның ИЛ2 гені бар. Соңғысы тұрақтандырады, адамның нәруызын клеткаішілік ыдыраудан қорғайды және келешекте аффинді хроматография жолымен ИЛ2 тазаруы және бөліп алуы жеңілдетіледі. Рекомбинантты интерлейкиндердің (ИЛ2) келесі коммерциялық препараттары белгілі: Ронколейкин (Sacch. сerevisiae), Proleukin, Teceleucin (E. coli) және т.б.

 

Эритропоэтин

Адам организмінде күнделікті 200 миллиардтан астам қан клеткалары түзіледі. Бұл процес сүйек кемігі клеткаларының өсу факторлар жүйесі көмегімен түрлі механизмдермен реттелінеді. Сүйек кемігінің миелоидты клеткаларының өсу факторлары организмде түрлі клеткалар типтерімен түзіледі: фибробластармен, эндотелиалық клеткалармен, макрофагтармен, Т-лимфоциттермен.

Қазіргі уақытта микроорганизмдердің рекомбинантты штамдар қолдануымен адамның өсу факторларының төрт нәруызы өндіріледі:

- грамостим, филграстим және ленограстим – бұл лейкоцитарлы бұршіктің өсу факторлары;

- эритропоэтин (ЭПО) немесе эпотин – бұл эритроидты бұршіктің өсу факторлары.

 

Рекомбинантты ДНҚ технологиялармен дайындалған коммерциялық препараттардың арасында өнеркәсіп өндірісі мен тұтынуы бойынша инсулин мен эритропоэтин алғашқы болып озып келеді. Эритропоэтин – гликопротеин, бүйрек тінінде түзіледі және сүйек кемігінде эритроциттердің бастауыш клеткаларын көбейтуі мен дифференциациясын белсендіреді (сур.35). Эритропоэтиннің рекомбинантты өндіруші штамдар ретінде адамның эритропоэтиннің қадағалайтын генің тасымалдайтын трансформацияланған плазмидті векторлары бар E. coli, B. subtilis және басқа микроорганизмдер қолданылады. Рекомбинантты эритропоэтиннің шетелдік препараттары белгілі: Рекормон, Эритростим, Эпокрин, Эпрекс және т.б. Эритропоэтинді бүйректің созылмалы жетіспеушілігінде дамыған анемияда, шала туған баланың анемиясында, операция кейінгі анемияда, сәулелік ауруда, онкологиялық ауруда, сүйек кемігі ауыстырып салғанда және т.б. дамыған анемияда науқас адамдар еміне тағайындайды.

 

Дін клеткасы бурст-тузуші эритроидты бірлік колония-тузуші эритроидты бірлік

 

 

 

Сурет 35. Эритропоэзге ЭПО әсер ету сызбанұсқасы

 

Қан ұйытатын VIII рекомбинантты факторы

Вирустық вектордағы адамның қан ұйытатын VIII факторы генің (FVIII) атжалман баласы бүйрек клеткасына (ВНК) трансфекцияланған. Осы клеткаларды дақылдандыруына қолданатын қоректік орта құрамына адам плазмасы нәруыздарының ерітінділері және рекомбинантты инсулинді (өсу стимуляторы) қосқан, ал жануар текті нәруыздары жоқ. ВНК клетка дақылдарын тазарту процесі детергент көмегімен вирустық инактивация сатысын қосады, арнайы байланыстыратын нәруыз – рекомбинантты қан ұйытатын VIII факторы – арнайы байланысатын нәруызы, иммобилизацияланған моноклонды антиденелерді қолдануымен ион алмастыру немесе ионоаффинді хроматография жүргізеді. Қан ұйытатын VIII рекомбинантты факторы негізінде гемостатты препарат «Когенэйт ФС» дайындалған, бұл бірнеше пептидтерден құралған жақсы тазартылған гликопротеин. Осы препараттың биологиялық активтілігі адам қан плазмасындағы VIII факторға тен. Гемофилия А қан кетуді емдеуі мен алдын алу мақсатта қолданылады.

 

Фермент – рекомбинантты проурокиназа

Рекомбинантты проурокиназа алу технологиясы адам проурокиназа синтезін кодтайтын генді енгізілген плазмидалық векторды E.coli трансфекциялауына негізделген. Мақсатты өнімді өндіретін гендік модификацияланған штамы бөліп алынады. Бөліп алынған трансформанттарды рекомбинантты полипептидті оптимальды жинақтау жағдайында дақылдандырады. Экспрессияланған өнім – нәруызды тазартып реактивациясын жасайды. Полипептидтің экспрессиясына плазмиданы алу үшін E.coli клеткаларында оперонды біріктіреді: Шайн-Дальгаро рибосомасы бар реттелінетін промотор қатарымен, инициирлеуші кодонды, мақсатты полипептидті кодтайтын ДНҚ фрагментін, осы фрагменттен кейін орналасқан бір немесе екі терминатормен. Біріктіру үшін nic /bom аймағы және/немесе тетрациклинге төзімді гені бар аймағы алып тасталған pBR322 плазмидасы қолданылады. Соңғысына EcoRI және Hind III сайттар арасына транскрипция терминаторын, рекомбинантты нәруызды кодтайтын ДНҚ фрагменті және жасанды Trp – промоторын ендіретін көп рет клондайтын сайтты енгізеді. Проурокиназалық активтілігі бар полипептид алынады, оның молекулалық массасы 54 000 Да, дисульфидті көпірімен байланыстыратын екі тізбектерден құралған. Фермент фибринді ұйыған қанды лизистеу қабілетті плазмин - протеазаға плазминогенді айналдыруын арнайы катализдейді. Рекомбинантты проурокиназаны тромболитикалық дәрі ретінде жіті миокард инфаркті дамуының бірінші сағаттарында емдеуге тағайындалады.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 235; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты