Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Азақстанның ұлттық-мемлекеттік мүдделері.




Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi:

1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;

2) елде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтау;

3) Қазақстанның бүкiл халқының игiлiгi үшiн экономикалық даму;

4) қазақстандық патриотизмдi тәрбиелеу және Қазақстан халқының

бiрлiгiн нығайту;

5) Қазақстан қоғамының материалдық және рухани құндылықтарын сақтау мен еселей түсу;

6) Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының, оның iшiнде мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң, бiрегей құрылысы мен президенттiк басқару нысанының, тұтастығының, мемлекеттiк шекарасына қол сұғылмаушылық пен ел аумағының бөлiнбестiгiнiң бұлжымас берiктiгi;

7) мемлекеттiк институттардың тұрақты жұмыс iстеуi, оларды

нығайту және қызметiнiң пәрмендiлiгiн арттыру;

8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының жарақталуы мен жауынгерлiк әзiрлiгiн қамтамасыз ету;

9) заңдарды бұлжытпай орындау және құқық тәртiбiн сақтау;

10) әрiптестiк негiзiнде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

11) отандық агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің азық-түлік қауіпсіздігін толығынан қамтамасыз ететіндей тиянақты жұмыс істеуі және дамуы болып табылады.

 

Лемнің жаңа конфигурациясындағы Қазақстанның сыртқы саясатын іске асыруындағы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік қызығушылары.

Біздің мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің бірі - елдің дамуына қолайлы жағдай туғызу.Оны тек қана екі жақты ынтымақ тастық жағдайында шешу мүмкін емес.Қазақстанға қатысы бар көп мәселелердің аймақтық (мысалы, халықаралық өзен суларын пайдалану) немесе тіпті дүние жүзілік (бейбітшілікті сақтау, қоршаған ортаны корғау, террор, заңсыз есірткі саудасы) сипаты бар.Оларға елдер тобының немесе бүкілдүниежүзілік қоғамдастықтың келісілген іс-шаралары қажет.Осы жағдай халықаралық ұйымдар дың құрылуына әкелді.

Халықаралық ұйымдар саны 3000-ға таяу. Олардың ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес, әлемдік және аймақтық, әмбебапты немесе маманданған ұйымдар бар.Ең маңызды әмбебапты әрі саны ірісі - Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе БҰҰ (штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан).Ол бейбітшілікті, қауіпсіздікті және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау әрі нығайту мақсатында құрылған. Оған әлемнің 193 егеменді мемлекеттерінің 192-ы кіреді.

Қазақстан елдің ұлттық мүдделеріне қатысы бар көптеген халықаралық ұйымдарға мүше.

Әлемдік деңгейде алсақ, республика 1992 жылы, 2 наурызында (бірауыздан қабылдаған БҰҰ, оның арнаулы маманданған мекемелері - ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы), МАГАТЕ (атом куаты жөніндегі халықаралық игенттік ) , ДДҰ (Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы)және баскалар. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ ) мен халықаралық қайта құру және даму банкіне (ХҚҚДБ)мүше болуының ел үшін маңызы зор болды.Ол әлемдік қауымдастықтың ірі қаржы мекемелерінің несиелеріне Қазақстанның жолын ашты.

Біздің еліміз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше болды.Одан кейінгі маңызды халықаралық ұйым - Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ).Оны бұрынғы кеңес - қытай шекарасындағы даулы мәселелерді шешу мақсатында Ресей, Қазақстан , Қырғызстан,Тәжікстан және Қытай мемлекеттері («Шанхай бестігі»)құрды. Шекара туралы келісімшарт бекітілгеннен кейін «бестікті» ШЫҰ күрамындағы елдердің ынтымақтастығын кеңейтіп, қауіпсіздігін нығайту ұйымына айналдыруға шешім қабылданды. «Бестікке» Өзбекстан, Монғолия, Индия, Пәкістан, Иран және Ауғанстанбақылаушы статусын алды.

Біздің еліміз Кеңес Одағының мұрагерлерінің бірі ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ)жұмысында қатысады.Ол «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы бойынша Солтүстік Атлантика келісімі Ұйымымен (НАТО) қарым-қатынас жасайды.Бұл бағдарлама қарулы күштердің өзара байланысы, оқу үйрену жаттығуларын бірлесіп өткізу,офицерлерді даярлау мәселелерін карастырады. Республиканың әлемдегі аса ірі ұйым - Еуропалық Одақпен (ЕО) өзара ынтымақтастық жайлы келісімі бар.ЕО құрамына 500 млн халқы бар 27 мемлекет енеді.Еуропалық Одақ - Қазақстанның маңызды сауда серіктесі.

 

 

15 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:

1. Тесттік сұрақтар.

 

1. «Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру туралы» жоба қашан қабылданды?

- 1994 жылы

- 2001

- 2005

-1905 жылы

2. Геосаясат терминін алғашқы рет енгізген:

- Р.Челлен

- Ш.Монтескье

- К.Маркс

- И.Кант

3. ШЫҰ-на қай мемлекет кірмейді?:

- Қазақстан

- Пакистан

- Ресей

- Қытай

4. Табиғи шекара деген:

- табиғаттың күші арқылы пайда болған шекара – теңіз, таулар

- табиғи жолда адам қолымен жасалынған шекара

- темір жол шекарасы

- ауа райының ерекшелігі

5. Геосаясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырған, неміс ойшыл:

- Фридрих Ратцель

- Давид Юм

- Ш.Монтескье

- К.Маркс

- И.Кант

6. НАТО деген ол:

- Солтұстік Атлантикалық блок

- Евразияның өңірі

- Европа елдері

- Африка елдері

- Американың Атлантикалық жағалауы

7. Адамзаттың құтқарылу жолдары:

- техногенді өркениеттен қашу

- глобалды мәселелерді шешу

- діни нормаларды жаңғырты

- космосты мекендеу

8. Биполярды саяси модельден «көпполярлыға» көшу:

- кіші және осал мемелекеттердің қауіпсіздігін сақтау

- Ядерліқ қаруды жасауға тиім салу

- Көптеген мемлекеттердің қауіпсіздігін сақтау

- ядерлы державалардың күшін шектеу

9. Макиавелли бойынша, мемлекеттің сыртқы істері дұрыс болса:

- ішкі істері де дұрыс болады

- сыртқы саудасы өрлейді

- экономикасы құлдырайды

- экономикасы өркендейді

- қауіпсіздігі арттайды.

 

Дәріс 16. Егеменді Қазақстанның әлемде және Орта Азия аумағында қауіпсіздік және бейбітшілік қамтамасыз етуіндегі сыртқы саясатының негізгі әрекеттері мен бағыттары.

Жоспары:

1. ҚР сыртқы саясаты.

2. Егеменді Қазақстанның әлемде және Орта Азия аумағында қауіпсіздік және бейбітшілікқамтамасыз етуіндегі сыртқы саясаты.

Әдебиеттер тізімі:

Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.10: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011.

Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.7: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011

Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.8: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011

Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.9: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011

Нарикбаев М.С. Біздің әділет жолымыз. Астана, 2010.

Зиманов, С.З. Парламент Республики Казахстан в трудные годы провозглашения независимости [Текст] / С.З Зиманов.- Алматы: Алаш, 2011.

Ұлтаралық және дінаралық келісімнің тәжірибесі: ЕҚЫҰ үшін ұсыныстар (25 ақпан 2009ж.): конференция материалдары/ Б.К. Султанов

ШЫҰ және Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері: конференция материалдары

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократияландыру үрдістері: конференция материалдары/ Б.К. Султанов, Алматы, 2009.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 228; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты