КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
АЛМАТЫ, 2014Стр 1 из 3Следующая ⇒ МАЗМҰНЫ 1. Мамандық бойынша магистратураға түсуге арналған емтиханның мақсаты мен міндеттері: білім деңгейін, өз ойларын нақты жеткізу дағдысын және икемдерін анықтау, сонымен қатар «6М030100 - Заңтану» мамандығы бойынша магистратурада оқу үшін және «құқық магистрі» академиялық дәрежесін алу үшін талапкерлердің талдау қабілетін анықтау. Магистратураға түсу емтиханының нысаны – жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушылыр емтихан билеттерінің сұрақтарына жауаптарын арнайы жауап парағына жазады. Бұл жауаптар шифр қойылғаннан кейін емтихан комиссиясымен тексеріледі.
2. Магистратураға түсушілерге қойылатын талаптар:талапкер мемлекет және құқық теориясы, конституциялық құқық, азаматтық және қылмыстық құқық (жалпы және ерекше бөлім) пәндері бойынша жақсы және терең білімдерін көрсету керек. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес «Заңтану» мамандығы бойынша магистратура оқу бағдарламасын игерушілер келесідей мамандықтар бойынша «бакалавр» дәрежесіне ие болу керек: 021640 – Юриспруденция 050115 – Құқық және экономика негіздері 521630 – Құқықтану 050301 – Құқықтану 050302 – Халықаралық құқық 050303 – Құқық қорғау қызметі 050304 – Кеден ісі 090440 – Қаржы және қаржы құқығы 121600 – Құқықтану 521630 – Қаржы және қаржы құқығы 290140-Ұлттық қауіпсіздік органдардың жеде-іздестіру қызметін басқару жұмысын жасау 5В030100-Құқықтану 5В030200- Халықаралық құқық
3. Емтихан тақырыптарының тізімі: Бағдарлама мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру үшін дайындалуға арналған. Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың құрылымы төменде берілген тақырыптардан ерекшеленеді. 1 Пән «Мемлекет және құқық теориясы» 1. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі Мемлекет және құқықтың теориясының әдіснамалық негіздері. Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының нысаны – мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының және жұмыс жасауының негізгі заңдылықтары. Мемлекет және құқықты зерттеудің объективтілігі мен ғылымилығы. Мемлекет және құқықты оқып үйренудің материалистік және диалектикалық жолдары. Мемлекет және құқық теориясының әдіснамасын идеологиясыздандыру. Мемлекет және құқықты оқып үйренудегі жалпы гуманистік, әлеуметтік және философиялық көзқарастар. Мемлекет және құқықты оқып үйренудің таптық көзқарасына осы заманғы түсінік. Мемлекет және құқықты зерттеудегі таптық және жалпы гуманитарлық көзқарастардың арақатынасы. Мемлекет және құқықты танып білу үдерісінің логикасы. Ғылыми ойлау амалдары. Анализ, синтез, индукция, дедукция, гипотеза. Мемлекет және құқықты оқып үйренудің нақты әдістері. Формальдық логикалық әдіс. Салыстыру әдісі. Мемлекет және құқықты зерттеудің социологиялық (әлеуметтанулық) әдістері: анкеттеу әдісі, сұхбат, әлеуметтік тәжірибесі. Мемлекет және құқықты зерттеудің жүйелік әдісі. Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдарының жүйесіндегі орны, рөлі мен атқаратын қызметі. Мемлекет және құқық теориясының жалпылаушы және әдіснамалық қызметтері. Мемлекет және құқық теориясының болжамдық қызметі. Мемлекет және құқық теориясының тарихи-теориялық, салалық және арнайы қолданбалы заң пәндерінің жүйесіндегі орны. Олардың ортақтығы, айырмашылығы, өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалдастығы. Мемлекет және құқық теориясы мен саясаттанудың арақатынасы. Мемлекет және құқық теориясы курсының жүйесі. Мемлекет және құқық теориясының осы заманғы заңгердің заңдық дүниетанымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі. Мемлекет және құқықтың отандық теориясы, оның дамуы. Оны дағдарыс жағдайынан шығару жолдары. 2. Мемлекеттің пайда болуы Алғашқы қоғам. Алғашқы қоғамның иемденуші экономикасына сипаттама. Рулық құрылыс. Рулық құрылыстағы басқару органдары мен тәртіп нормалары. Рулық құрылыстағы қоғамдық билік. Рулық құрылыстың экономикалық негізі. Иемденуші экономикадан өндіруші экономикаға көшу. Жеке меншіктің пайда болуы. Қоғамның жіктелуі, әлеуметтік теңсіздік пен шиеленістердің пайда болуы. Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет алғашқы таптық қоғамның саяси, құрылымдық, аймақтық ұйымы ретінде. Мемлекеттің әлеуметтік мәніндегі дуализм: мемлекет қоғамды басқару тетігі және таптық шиеленістерді шешудің құралы ретінде. Мемлекет өндіруші зкономиканы қамтамасыз ететін әлеуметтік институт ретінде. Мемлекеттің пайда болуы туралы негізгі теориялар: материалистік теория, табиғи-құқықтық теория, органикалық теория, зорлық теориясы, психологиялық теория, теологиялық, технократтық, патриахалдық, шарттық және басқа да теориялар. 3. Мемлекет туралы түсінік және оның белгілері Мемлекет анықтамасының әртүрлілігі. Мемлекеттің мәні. Мемлекеттің мәніндегі жалпы әлеуметтік және тапттық сипаттар. Мемлекет жария-құқықтық қауымдастық ретінде. Мемлекеттік егемендік. Ұлт және мемлекет. Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы. Мемлекеттіліктің эволюциясы. Мемлекеттің даму кезеңдері. Әртүрлі халықтардағы мемлекеттілік дамуының әртектілігі. Мемлекет белгілерінің қалыптасуы: жариялық билік, мемлекет бағыныстыларының аумақтық бөлінуі, салықтар, қарыздар, мемлекеттік борыштар. Мемлекеттілік және егемендік. Құқық шығармашылық мемлекеттің белгісі ретінде. Мемлекет белгілерінің қалыптасуының дәйектілігі. Әртүрлі халықтарда мемлекеттіліктің қалыптасу ерекшеліктері. 4. Мемлекеттің мәні және қызметтері (функциялары) Мемлекет функцияларының түсінігі мен мазмұны. Мемлекеттің әлеуметтік тағайыны, мемлекеттің міндеттері мен функциялары. Мемлекет функцияларының түсінігі және оларды жіктеу. Мемлекет функцияларын жіктеудің әртүрлі амалдары мен негіздері. Мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы функциялары. Мемлекеттің тұрақты және уақытша функциялары. Мемлекеттің гуманистік, экономикалық және саяси функциялары. Қазіргі кезеңдегі мемлекет функцияларының эволюциясы. Мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік функциялары. Азаматтарды әлелуметтік қорғаудың, адам құқытарын қорғаудың, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудың функциялары. Экологиялық функция. Мемлекеттің мәдени-тәрбиелік функциясы. Мемлекеттің сыртқы функциялары. Отан қорғау функциясы, бейбітшілікті сақтау жөніндегі функция. Мемлекеттің әлемдік экономикаға кіруін қамтамасыз ететін өзге мемлекеттермен экономикалық, мәдени және техникалық ынтымақтастығының функциялары. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары мен әдістері. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың құқық шығармашылық, құқық атқарушылық және құқық қорғаушылық нысандары. Мемлекет функцияларын ұйымдастыру нысандары. Мемлекеттің функциясы және мемлекеттік органның функциясы. Демократиялық жаңару, нарықтық экономикаға көшу, әлемдік өркениетке қосылу кезіндегі мемлекет функцияларының эволюциясы. 5. Мемлекет механизмі (тетігі) Мемлекет механизмінің түсінігі. Мемлекет механизмі және мемлекеттік аппарат. Мемлекеттік аппараттың құрылымы мен жұмыс жасауының негізгі қағидалары: билікті бөлу, интернационализм, демократизм, кәсібилік, мемлекеттің егемендік билікті ңхалыққа қатыстылығы, адам құқығын қорғау, заңдылық және т.б. мемлекеттік аппараттың билікті басып алуына жол бермеуі. Мемлекеттік аппарат қызметіндегі бюрократизммен, сыбайлас жемқорлықпен күрес. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасының бұзылуы, оны жоюдың жолдары мен әдістері. Мемлекеттік қызмет туралы заң. Мемлекеттік қызмет кадрлары, оларды жіктеу. Мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу қағидалары және оларға қойылатын талаптар. Мемлекеттік орган және оның белгілері. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары және құзыреті. Мемлекеттік органның өктемдік өкілеттіктері. Мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, сот органдары. Мемлекеттің жоғарғы және жергілікті органдары. Жалпы және арнайы құзыретті органдар. Қазастан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесі. ҚР Президенті. ҚР заңнамалық билігі. ҚР Парламенті. Сенат. Мәжіліс. ҚР атқарушы билігі. Үкімет. Премьер-министр. Министрліктер. Мемлекеттік комитеттер. Конституциялық Кеңес. Қазақстан Республикасының сот билігі. ҚР Жоғарғы Соты және ҚР жергілікті соттары. Қазақстан Республикасындағы сот әділдігі. Сот әділдігінің бұзылуы және оның алдын алу жолдары. Сот реформасы. Азаматтарды сот арқылы қорғау және соттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Құқықтық мемлекетке көшу жағдайында адвокатураның орны мен рөлі. Қазақстан Республикасында соттарды іріктеу қағидалары. Қазақстан Республикасында Жоғарғы сот кеңесі. Әділеттің біліктілік алқасы. 6. Мемлекеттің нысаны (формасы) Мемлекет мәнінің, әлеуметтік мұратының және нысанының арақатынасы. Мемлекет нысанының түсінігі. Басқару нысаны, ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылым нысаны, мемлекеттің саяси режимі. Мемлекет нысанын айқындайтын мән-жайлар. Географиялық, экономикалық, саяси, тарихи, ұлттық, климаттық. Мемлекет нысанының сабақтастығы. Атақты тұлғаның, белгілі бір мемлекеттердің саяси тәжірибесінің, табыс пен діннің мемлекет нысанына ықпалы. Мемлекет нысаны мен типтерінің өзара қатынасы. Басқару нысаны. Монархия. Абсолюттік монархия. Шектеулі монархия. Шығыстық озбырылық (деспотия). Ерте феодалдық, сословиелік-сайланбалы. Дуалистік, парламенттік монархиялар. Республика. Аристократиялық. Демократиялық. Парламенттік. Президенттік. Кеңестік. Халықтық-демократиялық. Аралас. Мемлекеттің құрылым нысаны. Унитарлық мемлекет. Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінуі. Федерация. Ұлттық-мемлекеттік құрылым. Ұлттық және аумақтық негіздегі федерациялар. Аралас федерациялар. Конфедерациялар. Конфедкрацияның түрлері. Конфедерацияның федерациядан айырмашылығы. Өзге де мемлекеттік және мемлекетаралық құрылымдар: қауымдастықтар, достастықтар, империялар, ассоциациялар. Мемлекеттік-саяси режим. Демократиялық және антидемократиялық саяси режимдер. Антидемократиялық режимдер: озбырлық, фашистік, тоталитарлық, авторитарлық, теократиялық, нәсілдік, әскери диктатура,. Демократиялық мемлекеттік-саяси режимдер: патерналистік, либералды-демократиялық, формальді-демократиялық, діни-демократиялық. Кеңестік мемлекеттегі тоталитарлық режимнің ерекшелігі. Осы заманғы мемлекет нысандары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестігі. Егемендік параметрлері. Жаңа үлгінің инварианттары.жетістіктер жолында. «Қазақстан-2030» және кәсіби мемлекет. 7. Мемлекет және құқы типологиясы Мемлекеттің типологиясына негізгі көзқарастар.мемлекеттің марксистік типологиясы. Құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік мемлекет. Мемлекеттің тарихи үлгілерінің алмасуы және бір үлгіден екіншісіне ауысуы. Өтпелі (транзиттік) даму кезеңіндегі мемлекет. Мемлекетті кезеңдеуге хронологиялық көзқарас. Ежелгі ғасырлардағы, орта ғасырлардағы, жаңа және жаңаша уақыттағы мемлекет. Кеңес мемлекетінің дағдарысы: пайда болу заңдылығы, даму кезеңдері, мәні. ҚР қазіргі мемлекеттенуінің өтпелі жағдайы. Мемлекет типологиясындағы өркениетті көзқарас. Өркениеттің типологиясы және мемлекеттендірудің негіздері. Құқық типтерінің түсінігі. Құқық типтерінің әлеуметтік экономикалық құрылымымен арақатынасы. Құқықтың тарихи типтері: құлиеленушілік, феодалдық, буржуаздық және құқықтың кеңестік типі. Құқық типтерінің хронологиялық жолы: ежелгі ғасыр құқығы, орта ғасыр құқығы, жаңа ғасыр құқығы, жаңаша ғасыр құқығы. 8. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде Азаматтық қоғам және саяси жүйе. Билік және оны басқару. Билік әлеуметтік құбылыс ретінде және оның әлеуметтік, саяси және ұйымдастырушылық аспектідегі мәні. Биліктің түрлері және типтері. Билікті шектеу, оны жеңудің жолдары мен әдістері. Саяси билік және тұлға. Биліктің қағидалары, оның құрылу жүйесі, негізгі белгілері. Биліктің легитимділігі. Саяси жүйе, оның мәні, пайда болуының объективтік маңызы және қоғамның саяси өмірдегі рөлі. Жүйенің құрылымы, олардың элементтерін топтастыру, оны бағалаудың белгілері. Қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйелерінің арақатынасы. Саяси жүйенің белгілері: мемлекеттік басқарудың бастапқы қағидалары: «персоноцентризм», «системоцентизм» және олардың қоғамның саяси өмірінде алатын рөлі. Саяси жүйеде мемлекеттің алатын орны. Мемлекттік билік. Мемлекеттік биліктің негізгі институттары, оны жүзеге асыру механизмі. Мемлекеттік биліктің негізгі қызметі, оның басқа саяси жүйенің элементтерімен арақатынасы. Мемлекеттік аппарат және саяси жүйе. Мемлекет және саяси жүйенің басқа да элементтері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Мемлекет және партиялар. Партиялардың мемлекетті басқаруда қатысу нысандары. Басқарушы партия. Парламеттік партия. Оппозициялық партия. Көппартиялылық - саяси жүйе құрылымының қағидалары. Қоғамдық қозғалыстар, тәуелсіз баспа, қоғамдық көзқарасты зерттеу институты, мемлекеттік қоғамның элементтері, олардың қоғамның саяси өмірінде алатын рөлі. Мемлекет және еңбек ұжымдары. Мемлекет және шіркеу. Зайырлы және теократиялық мемлекеттер. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасында саяси жүйенің даму ерекшеліктері. Саяси сана. Саяси сананың құрылымы. Саяси идеология. Қоғамдық пікір. 9. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам Құқықтық мемлекет және оның негізгі сипаты. Құқықтық мемлекеттің мақсаттары, міндеттері және атқаратын қызметі. Құқықтық мемлекетттің әлеуметтік мәні. Құқықтық мемлекеттің саяси негіздері. Құқықтық мемлекеттің экономикасы. Құқықтық мемлекеттің этатистік мемлекеттен айырмашылығы. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері. Адам құқықтарын қорғау - саяси режимге тән сипат. Тұлғаның сенімді және еркін өмір сүруін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтардың шынайлылығын кепілдендіру. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі. Құқық пен заңның сәйкес келуі - құқықтық мемлекеттің динамикалық құқықтық жүйесінің қасиеті. Заңдылық және әділеттілік қағидасының тұрақтылығы, заң үстемдігі, құқықтық жүйенің тиімділігі. Биліктің бөлінуі, олардың теңдігі, тепе-теңдiк және тежемелiк механизімін қамтамасыз ету. Демократиялық, тәуелсіз, әділ сот. Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары, саяси жүйенің жұмыс істеуінде қоғамдық пікірді зерттеу және қолдану. Қазақстан Республикасында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың теориясы және тәжірибесі. Қызметтің бастапқы қағидалары: қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, барлық халық үшін экономикалық даму, патриотизм, мемлекеттік өмір мәселелерінің демократиялық шешімдері. Конституцияның және заңдардың басқа нормативтік актілерден басымдылығы, азамат пен мемлекеттің ортақ құқықтары мен міндеттерінің байланысы. 10. Құқықтың түсінігі, мәні және функциялары Құқықтың пайда болуы. Рулық қауымның мононормалары және олардың құқыққа айналуы. Құқықтың қалыптасуының себептері мен негізгі амалдары. Құқықтың тағайыны. Құқықтың белгі-нышандары. Құқықтың мемлекетпен байланысы. Құқықтың мәні. Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары: табиғи-құқықтық, теологиялық, нормативистік, марксистік, психологиялық және социологиялық. Қазіргі кездегі құқықтық танымның жалпы сипаттамасы. Объективтік құқық және субъективтік құқық. Құқықтың анықтамасы. Құқықтың нормативтілігі, жалпыға бірдей міндеттілігі, формальді анықтылығы, жүйелілігі мен еріктілігі сипаты оның негізгі белгілері мен мәндік ерекшеліктері ретінде. Құқықтағы объективтілік пен субъективтілік. Құқық және әлеуметтік-экономикалық құрылыс. Құқық және саясат. Құқық және мораль. Құқық және дін. Құқық функциясының түсінігі. Құқық функциясының жүйесі. Құқықтың реттеушілік және қорғаушылық, тәрбиелік және ақпараттық функциялары. 11. Қоғамның әлеуметтік нормалары жүйесіндегі құқық Қоғамдық қатынастардың нормативтік реттелуі. Нормативтік реттеулердің түрлері. Қоғамның әлеуметтік нормалары. Техникалық нормалар. Әлеуметтік және техникалық нормалардың түрлері. Қоғамның әлеуметтік нормаларын топтастыру негіздемесі. Әдет-ғұрыптар. Дәстүрлер. Іскерлік дағдылар. Салттар. Өнегелік нормалар. Қоғамдық ұйымдардың нормалары. Қоғамның әлеуметтік нормаларындағы жалпылық пен арнайылық. Қоғамның әлеуметтік нормаларының өзара әрекеттесуі, өзара әсер етуі және өзара байланысы. Қоғамның әлеуметтік нормалары жүйесіндегі құқық нормалары және олардың ерекшеліктері. 12. Құқықтың қайнар-көздері Құқықтың қайнар-көздерінің түсінігі. Құқықтың қайнар-көздері мен құқықтың нысаны. Санкцияланған әдет-ғұрыптар, сот прецеденті, нормативтік-құқықтық акт. Құқықтың қайнар-көзі ретінде - доктрина. Құқықтың нысаны ретінде – нормативтік шарт. Құқықтың мәні мен нысанының өзара байланысы, құқықтағы мирасқорлық. Құқық рецепциясы. Нормативтік-құқықтық актілердің түсінігі және жалпы сипаттамасы. Нормативтік-құқықтық актілердің қолдану актілері мен құқықты талқылау актілерінен айрмашылығы. Нормативтік-құқықтық актілердің түрлері, оларды топтастыру критериилері. Нормативтік-құқықтық актілердің заң күші бойынша, әрекет ету аясы бойынша, оны қабылдайтын субъектілері бойынша, әрекет ету уақыты бойынша түрлері. Заңның түсінігі. Құқық және заң. Заңдардың үстемділігі. Заңдардың түрлері. Конституция және оның белгілері. Конституцияның жоғары заңдық күші. Конституцияның тікелей әрекет етуі. ҚР-дағы нормативтік-құқықтық актілер туралы заң және оның заң ғылымы мен құқықтық тәжірибені дамыту үшін маңызы. ҚР Президентінің жарлықтары. Президенттің заң күші бар жарлықтары. Үкіметтің қаулылары. Премьер-министрдің өкімдері. ҚР Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Соттың қаулылары. Сенат пен Мәжілістің қаулылары. ҚР халықаралық шарттары. Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілері. Мәслихаттардың шешімдері, әкімдердің шешімдері мен өкімдері. Заңнаманың түсінігі. Құқық жүйесі және заңдар жүйесі. Құқықтық жүйе, құқық жүйесі және заңдар жүйесінің арақатынасы. Нормативтік-құқықтық актілердің уақыты бойынша, кеңістікте және субъектілер бойынша әрекет етуі. Заңның кері күші. Нормативтік-құқықтық актілердің арасындағы қарама-қайшылықтар және олардың шешілуі. 13. Құқық нормалары Құқық нормаларының түсінігі. Құқық нормасы – мінез-құлықтың үлгісі, ережесі, өлшемі, көлемі. Құқық нормаларының белгілері: формальді анықтылығы, жалпыға бірдей міндеттілігі, жүйелілігі, әрекет етуінің қат-қабаттылығы, адресаттың кейіптеушіліксізі, мемлекетпен қамтамасыз етілуі, ұсыныстық-міндеттеуші сипаты. Құқықтық нормалардың мемлекетпен байланысы. Құқықтық нормаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуде мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіншілігі. Құқықтық норманың логикалық құрылымы. Гипотеза, диспозиция және санкция – құқықтық норманың логикалық элементтері. Құқықтық норманың гипотезасы – құқықтық норманы қолдану жағдайын нормативті анықтау. Гипотезаның түрлері. Құқықтық норманың диспозициясы – мүмкін не тиісті мінез-құлықтың түрі мен көлемін көрсету. Құқықтық норманың диспозициясы - құқық, міндет, тыйым. Құқықтық норманың санкциясы. Құқықтық норманың санкциясы: жауаптылықтың шарасы, құқық субъектісінің мінез-құлқының нәтижесінде туындайтын жағымсыз салдардан ескерту, қорғау. Санкцияның түрлері. Абсолютті-анық, баламалы-анық және салыстырмалы санкция. Құқық нормасы мен нормативтік-құқықтық актінің бабының арақатынасы. Құқық нормасы мен нормативтік ұйғарым. Құқық нормасының қүрылымдық сипаттамаларының қатыстылығы. Құқық нормасын Құқық нормасының түрлері. Құқықтық нормалардың топтастырылуының критериилері: белгілеу тәсілі, заңдық күш, әрекет ету аясы, реттеу пәні, әрекет ету мерзімі, биліктік дәрежесі немесе құқықтық реттеу әдісі, құқықтық реттеу механизміндегі функциялар, ұйғарымдардың көрініс табу нысандары. 14. Құқық жүйесі Құқық жүйесінің түсінігі. Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері. Құқық жүйесін құру қағидалары. Құқық жүйесі мен заңдар жүйесі түсініктерінің арақатынасы. Әр түрлі құқықтық жүйелердегі құқық жүйесі. ҚР құқық жүйесінің салалық құрылуы. Құқықтың салаларға бөлінуінің критериилері: қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу пәні мен әдісі. Құқық нормасы. Құқық институты. Құқық салашығы мен саласы. Кешенді құқық саласы. Жария құқық және жеке құқық. Материалдық құқық және процессуалдық құқық. Халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы. Халықаралық кұқықтың ұлттық құқықтан басымдылығы. ҚР құқық салаларының сипаттамасы. 15. Құқық шығармашылық Құқық шығармашылықтың жалпы сипаттамасы. Құқықтың және құқық шығармашылықтың қалыптасуы. Әр түрлі құқықтық жүйелердегі құқық шығармашылық. Құқық шығармашылық үрдіс. Мемлекеттің құқық шығармашылық қызметінің қағидалары: демократизм, ғылыми сипат, заңдылық және кәсіпқойлық және т.б. Халықтың тікелей құқық шығармашылығы. Референдум. Заң шығару үрдісінің түсінігі және сатылары. Заң шығару бастамашылығы. Заң жобасын жасау. Заң жобасына келісу. Заң жобасын талқылау. Заңды қабылдау. Заңды жариялау. Нормативтік актілердің жариялану тәртібі мен күшіне енуі. ҚР заң шығару қызметі үрдісіндегі ҚР Конституциялық Кеңестің рөлі. Заң техникасы және оның құқық шығармашылық қызмет үшін маңызы. Заңның тілі. Заң шығарушының құқықтық мәдениеті және оның заң шығару қызметіндегі рөлі. 16. Заңдарды жүйелеу Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі. Жүйелеудің түрлері. Заңдардың кодификациясы және оның ерекшеліктері. Кодификацияның түрлері: заңдар, кодекстер, заңның негізі, заңдардың жиынтығы. Қазіргі кезеңде кодификацияның дамуы. Кодификацияланған актілерді жетілдіру мәселелері. Инкорпорация және оның түрлері. Хронологиялық, жүйелілік және пәндік. Консолидация. Заңдарды жүйелеудің қазіргі тәсілдері. Заңдарды есепке алу және осы мақсат үшін электронды-есептеуіш техникасын пайдалану. 17. Құқықтық қатынастар Құқықтық қатынастар – құқық нормасымен реттелген қоғамдық қатынастар. Құқықтық қаныстардың түсінігі, олардың белгілері. Құқықтық қатынастар – қоғамдық қатынастардың нысаны. Құқықтық қатынастар – құқықты жұзеге асыру нысаны. Құқықтық қатынастардан тыс құқықты жүзеге асыру. Құқық нормасы және құқықтық қатынастар. Құқықтық қатынастардың түрлері. Құқықтық қатынастардың топтастырылуының критериилері. Реттеушілік және қорғаушылық құқықтық қатынастар. Абсолюттік және қатыстылық құқықтық қатынастар. Жалпы реттеушілік құқықтық қатынастар. Құқықтық қатынастардың құқық салалары бойынша топтастырылуы. Құқықтық қатынастардың құрылымы. Құқықтық қатынастардың субъектілері, құқықтық қатынастардың объектілері, құқықтық қатынастардың мазмұны. Субъективтік құқықтың түсінігі және мазмұны. Құқықтық мүмкіндіктердің түрлері, құқықтық талап ету. Заңды міндеттің түсінігі, мазмұны және түрлері. Құқықтық қатынастардың субъектілері. Құқық қабілеттілік. Құқық субъектілерінің әрекет қабілеттілігі, деликтік қабілеттілігі. Құқық субъектілік. Құқықтық мәртебе. Өкілеттілік. Құқық субъектілерінің сипаты. Азамат. Лауазымды тұлға. Мемлекеттік орган. Қоғамдық ұйым. Мемлекет. Жеке және заңды тұлғалар. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар. Құқықтық қатынастардың объектілері. Құқықтық қатынастардың объектісінің монистикалық теориясы. Адамның мінез-құлқы-құқықтық қатынастардың объектісі. Құқықтық қатынастардың объектісінің плюралистік теориясы. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеру және тоқтатылу негіздері ретінде. Заңды фактілердің топтастырылуы. Құқықты пайда болдыратын, құқықты өзгертетін және құқықты тоқтататын заңды фактілер. Оқиға және әрекет. Құқыққа сай және құқыққа қарсы әрекеттер. Қылмыстар және терісқылықтар. Іс жүзіндегі заңдық құрам. Заңдық жағдай. 18. Құқықты жүзеге асыру Құқықты жүзеге асырудың түсінігі, оның нысандары мен әдістері. Құқықты жүзеге асырудың тікелей (жай) нысандары. Құқықты сақтау, орындау және пайдалану. Құқықты қолдану – құқықты жүзеге асырудың күрделі нысаны. Құқықты қолданудың қажеттілігі туындайтын жағдайлар. Құқықты қолдану, оның белгілері және ерекшеліктері. Құқықты қолданудың сатылары. Құқықты қолдану үрдісіне қойылатын талаптар. Істің іс жүзіндегі мән-жайларын анықтау. Істің заңдық негізін анықтау. Құқықтық нормаларды таңдау және талдау. Құқықтық норманың растығын анықтау. Заңи біліктілік. Шешім шығару және оны рәсімдеу. Шешімді мүдделі тұлғаларға жеткізу. Құқықты қолданудың тиімділігі. Құқықты қолдану субъктілері. Мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, мемлекеттің құқық қорғаушы органдары, қоғамдық ұйымдар. Құқықты қолдану актілері. Құқықты қолдану актісінің түсінігі және түрлері. Құқықты қолдану актілерін атқару. Құқықты қолдану актілерінің субъектілер бойынша топтастырылуы. 19. Нормативтік актілерді талқылау Нормативтік-құқықтық актілерді талқылаудың түсінігі. Құқықтық нормалардың мазмұнын түсіну және түсіндіру. Талқылаудың түрлері. Ресми және бейресми талқылау. Нормативтік және казуалды түсіндіру. Аутентикалық, доктриналды, әдеттегі түсіндіру. Құқықты талқылаудың субъектілері. ҚР Конституциялық Кеңесі. ҚР Жоғары Сотының Пленумы. Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдайтын мемлекеттік органдар. Заңгерлер. Ғылыми қызметкерлер. Азаматтар. Құқықты түсіндірудің тәсілдері: филологиялық, тарихи, логикалық, жүйелілік, саяси-тарихи. Көлемі бойынша құқықты түсіндіру: дәлме-дәл, шектелген және кеңейтілген құқықты түсіндіру. Құқықтағы олқылықтың түсінігі. Құқықтағы олқылықтың орнын толтыру тәсілдері. Құқық шығармашылық қызметі арқылы құқықтағы олқылықтың орнын толтыру. Құқықтағы ұқсастық институты. Заң ұқсастығы және құқық ұқсастығы. Ұқсастықты қолданудың шарты мен негізі. 20. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық нигилизм Құқықтық сана – қоғамдық сананың нысаны. Құқықтық сананың қоғамдық сананың өзге де саяси, құқықтық, өнегелік және діни нысандарымен арақатынасы. Құқық пен құқықтық сананың өзара әрекет ету нысандары. Құқықтық сананың құрылымы: құқықтық идеология және құқықтық психология. Субъектілер бойынша құқықтық сананың түрлері: қоғамдық, топтық және жеке құқықтық сана. Мазмұны бойынша құқықтық сананың түрлері: әдеттегі, кәсіби және теориялық құқықтық сана. Тұлғаның әлеуметтік-құқықтық анықталуы. Құқықтық сана және зани маңызы бар мінез-құлық. Құқыққа сай мінез-құлықтың психологиясы. Қоғамның құқықтық мәдениеті және құқықтық сана. Құқықтық мәдениет: элементтері, мазмұны, әрекет ету аясы және нысандары. Құқықтық және саяси мәдениеттің арақатынасы. Құқықтық мәдениеттің жалпы сипаттамасы. Қоғамның құқықтық мәдениеті. Заңгердің құқықтық мәдениеті. Қоғмның құқықтық мәдениетін арттырудағы заңгерлердің кәсіби қауымдастығының рөлі. Құқықтық мәдениеттің функциялары: танымдық, бағалау және реттеушілік. Құқықтық мемлекетті, заң шығармашылық және құқық қолдану қызметтерін жетілдіруді қалыптастырудағы құқықтық мәдениеттің маңызы. Құқыққа құрмет және қазіргі кезде оның қалыптасу үрдістері. Азаматтардың құқықтық санасының деформациясы. Тұлғаның құқықтық санасындағы құқықтық инфантилизм, нигилизм. Құқықтық нигилизм қоғамның жәй-күйі ретінде, құқықтық нигилизмнің себептері. Құқықтық нигилизмнің нысандары және олармен күресу жолдары. Азаматтардың құқықтық тәрбиесінің түсінігі, мазмұны және мақсаттары. Демократиялық қоғамда азаматтарды құқықтық тәрбиелеу механизмі, нысандары және құралдары. 21. Құқық және мінез-құлық. Құқыққа сай мінез-құлық Құқықтық мінез-құлық. Құқыққа сай мінез-құлық. Тұлғаның мінез-құлқының мотивациясы және құқықтық фактор. Еркіндік, сана және олардың тұлғаның құқықтық өмірінде көріну нысандары. Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі мен белгілері. Құқыққа сай мінез-құлықтың құрамы: объективтік және субъективтік тұстары. Құқыққа сай мінез-құлықтың ниеті. Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері. Құқыққа сай мінез-құлықтың психологиясы. Құқыққа сай мінез-құлықтың ниетін қалыптастыру факторы ретінде құқықтық құрылғы мен құқықтық мәдениет. 22. Құқық бұзушылық және заңды жауаптылық Құқық бұзушылықтың түсінігі. Құқық бұзушылықтың заңды құрамы. Құқық бұзушылықтың субъектілері. Құқық бұзушылықтың объективтік және субъективтік жақтары. Кінәнің нысандары. Құқық бұзушылықтағы зиян мен себепті байланыс. Құқық бұзушылықтың негізгі белгілері. Құқық бұзушылықтың түрлері. Қылмыстылықтың, сонымен қатар өзге де құқық бұзушылықтардың әлеуметтік табиғаты мен себептері. Заңды жауаптылық: түсінігі мен негізгі белгілері. Құқық бұзушылық – заңды жауаптылық үшін негіз. Заңды жауаптылықтың моральдік және саяси жауаптылықтан айырмашылығы. Заңды жауаптылық және құқықтық санкциялар. Заңды жауаптылықтың түрлері. Заңды жауаптылықтан босату негіздері. Кінәсіздік презумпциясы, оның мазмұны. Қажетті қорғану және аса қажеттілік заңды жауаптылықтан босату негізі ретінде. 23. Заңдылық, құқықтық тәртіп, тәртіп Заңдылықтың түсінігі. Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конституцияның орны мен рөлі. Конституциялық заңдылық – заңдылық пен құқықтық тәртіптің негізі. Қазіргі мемлекеттерде заңдылықтың бұзылуы: себептері, нысандары, күресу жолдары. Заңдылық және бағынбаушылық. Тоталитарлық мемлекеттерде заңдылықтың бұзылу нысандары. Құқықтық тәртіптің түсінігі. Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіп. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің кепілдіктері мен әдістері. Тәртіптің түсінігі. Заңдылық пен тәртіп. Тәртіптің түрлері. Атқарушылық тәртіп, оның мемлекеттік аппарат қызметіндегі маңызы. Технологиялық тәртіп. Кәсіпкерлік қызметтегі тәртіп. 24. Құқықтық реттеу механизмі Құқықтық реттеу мен құқықтық ықпал ету. Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі. Құқықтық реттеу механизмінің сатылары мен негізгі элементтері. Құқықтық реттеу үрдісіндегі құқық нормасының, заңды фактілердің, құқықтық қатынастардың, құқық қолданушылық қызметтің актілерінің рөлі. Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі және құқықтық реттеу механизмінің тиімділігіне әсер ететін факторлар. 25. Тұлға, құқық және мемлекет Әр түрлі қоғамдағы тұлғалардың жағдайы. Азаматтық. Азамат және мемлекет. Тұлға және мемлекет. Тұлғаның құқықтық мәртебесі. Азаматтың құқықтары мен бостандықтары. ҚР Конституциясы бойынша адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының топтастырылуы. Тұлғаның жауаптылығы. Тұлғаның қоғам мен мемлекет алдындағы заңды міндеттері мен жауаптылығы. Азамат пен мемлекеттің өзара жауаптылығы. Тұлғаның әлеуметтік және заңды қорғалуы. Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы. Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық институттары. Адам құқықтары Жалпы декларациясы – адам құқықтары саласындағы негізгі құжат. 26. Осы заманның негізгі құқықтық жүйелері Қоғамның құқықтық жүйесі. Қоғамның құқықтық жүйесінің элементтері және олардың сипаттамалары: заң ғылымы, құқықтық түсініктер, заң техникасы. Заң тәжірибесі. Осы заманның құқықтық жүйелерін топтастыру. Романо-германдық құқықтық жүйе, англо-саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлі діни құқықтық жүйелер. 27. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі ҚР құқықтық жүесінің дамуы. ҚР құқықтық жүйесінің ерекшеліктері. ҚР құқықтық жүйесіне әсер ететін факторлар. Қазақстан Республикасының Консттуциясы және оның жоғары күші. 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасы және құқықтық жүйенің даму мәселелері. Қазақстан Республикасы құқығының қайнар көздері. Қолданымдағы құқықтың түсінігі. Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық актілер туралы заң және оның мемлекет және құқық теориясы үшін маңызы. Қазақстандық қоғамның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасы. Құқықты жүзеге асыру мәселелері. 28. Қазақстан Респуликасы мемлекетінің нысаны Қазақстан Республикасы егемендігінің қалыптасуының құқықтық негіздері. Қазақстанның егемендігінің негізін қалыптастырудағы қазақстандық ғалымдардың рөлі. 1993 жылғы ҚР Конституциясы және оның тарихи маңызы. Қазақстан Республикасы мемлекетінің нысаны. Қазақстан - әлеуметтік, құқықтық, демократиялық, біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысаны және оны жетілдіру. ҚР конституциялық құрылысы. 29. Экономика, құқық, саясат, мемлекет Экномика, саясат, құқық, мемлекет, нарық категорияларының арақатынасы. Нарық пен нарықтық қатынастар жағдайындағы мемлекет пен құқықтың рөлі. Экономиканың даму заңдарының мемлекет пен құқыққа әсері. Экономикалық саладағы мемлекеттің бақылауы және оның түрлері. Нарықтық қатынастарды реттеудегі құқықтың дамуының негізгі бағыттары. 30. Құқық, мемлекет және адамзаттың жаһандық мәселелері Жаһанданудың түсінігі және оның әлемнің құқықтық көрінісінің дамуына тигізер әсері. Адамзаттың жаһандық мәселелерінің түсінігі және түрлері. Адамның жаһандық мәселелерін шешудегі мемлекеттің рөлі. Мемлекет, құқық және халықтың саны. 2 Пән «Азаматтық құқық» 1. Кіріспе. Азаматтық құқық оқу пәні ретінде Азаматтық құқық құқық саласы жүйесiнде. Азаматтық-құқықтық реттеу пәнi. Мүліктік қатынастар, мүліктік емес өзіндік қатынастар. Азаматтық-құқықтық реттеу әдiсi. Азаматтық құқықтың негiзгi қағидалары. Азаматтық құқық және азаматтық заңдар. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етеiн негiзгi азаматтық заңнамалар, олардың арақатынасы. Азаматтық заңдардың әрекет етуi. Халықаралық мәмілелер және азаматтық заңдар. Әдет-ғұрыптар және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар-азаматтық құқығының қайнар көзі. Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап мерзімдері. 2. Жеке тұлғалар азаматтық құқытың субъектісі ретінде Жеке тұлға туралы ұғым. Құқыққабілетттілік туралы түсінік және оның мазмұны. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқық қабілеттілігі. Құқыққабілеттілікке шек қоюға жол бермеу. Әрекет қабілеттілігін шектеу ерекшеліктері. Қорғаншы және қамқоршы. Тұрғылықты жер және оның заңи маңызы. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және оның салдары. Азаматты өлді деп жариялау және оның салдары. 3. Заңды тұлға, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық құқықтың субъектісі ретінде Заңды тұлға туралы түсінік және оның белгілері, пайда болуы. Заңды тұлғаны тоқтату және қайта құру. Заңды тұлғаның түрлері. Коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар. Коммерциялық ұйымдардың түрлері мен ерекшеліктері. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқықтық ерекшеліктері. Мемлекет және аумақтық-әкiмшiлiк бөлiнiстер азаматтық құқық субъектiсi ретiнде. 4. Азаматтық құқығының обьектілері Азаматтық құқығының объектілері туралы түсінік және оның түрлері. Мүлік - азаматтық құқығының объектісі. Мүліктің классификациясы. Қызмет және басқа әрекеттер-азаматтық құқығының оъектілері. Интеллектуалдық қызметтің нәтижелері-азаматтық құқытың обьектілері ретінде. Ақша және басқа да шетел валютасы. Бағалы қағаздар. Түсінігі және түрлері. Өзіндік мүліктік емес игіліктер-азаматтық құқығының обьектісі ретінде. 5. Мәміле институты Азаматтық құқықтағы мәмілелер ұғымы және олардың түрлері. Мәміленің нысаны. Мәмілелердің жарамдылық мәмілелері. Мәміленің жай жазбаша нысанын сақтамаудың салдары. Жарамсыз мәмілелер түсінігі, түрлері. 6. Өкілдік және сенімхат Өкілдік түсінігі мен түрлері. Өкілдіктің пайда болу негіздері. Коммерциялық өкілдік және оның ерекшеліктері. Сенімхат түсінігі мен түрлері. Сенімхаттың жарамдылық жағдайлары. Сенім ауысу. 7. Меншік институты Меншік құқығы туралы түсінік және оның мазмұны. Меншік нысаны. Жеке меншік және мемлекеттік меншік. Мемлекеттік меншік және жекешелендіру. Жеке меншік және оның түрлері. Меншік құқығының пайда болу негіздері мен тәсілдері. Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі. Меншік құқығының ерікті түрде тоқтатылуы. Ортақ меншік ұғымы және түрлiк сипаттамасы. Меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері. Меншік иесінің Ұзгеден заңсыз иеленген мүлкін талап етуі. /Виндикациялық талап/. Заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу кезінде есеп айырысу. Меншік иесі құқықтарын иеленуден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғау. /Негаторлық талап/. Меншік құқығын қорғаудың басқа да тәсілдері. 8. Міндеттеме түсінігі және тараптары Міндеттемелік құқық ұғымы мен жүйесі. Міндеттеме туралы түсінік және оның басқа мүліктік қатынастардан ерекшелігі. Міндеттеменің пайда болу негіздері. Мәмілеты жне мәмілесыз міндеттемелер. Міндеттемедегі көпжақтылық. Ортақ, үлестік және субсидиарлық міндеттемелер. шінші жақтың қатысуымен болатын міндеттемелер. Регресстік міндеттемелер. Үшінші жақтың пайдасына орындалатын міндеттеме. Міндеттемеде тараптардың ауысуы. Міндеттемені орындау ұғымы. Міндеттемені орындаудың бастаулары. Міндеттемені орындау мерзімі. Міндеттемені мерзімінен бұрын орындау. Міндеттеме орындалатын жер. Міндеттемені бөлшектеп орындау. Міндеттемені үшінші жа
|