КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
XIX ғасырдың әлеуметтануыXIX ғасырдағы әлеуметтану -әлеуметтанудың жаңа дәуірі, біріншіден, эмпирикалық (тәжірибелік) әлеуметтанудың дамуы мен қалыптасуымен байланысты болды. Екіншіден, жаңа тұжырымдамалар мен бағыттардың шығуымен, үшіншіден, теориялық және эмпирикалық әлеуметтануды белгілі бір дәрежеде біріктіруге бағыт алуымен сипатталады. Бұл дәуір XX ғасырдың 20-шы жылдаранан басталып, біздің қазіргі өмірімізге дейінгі уақытты қамтиды. Бұл дәуір негізінен үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 20-жылдардан 40-шы жылдарға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде эмпирикалық әлеуметтанудың басымдылығы байқалады; Екінші кезең – 40-шы екінші жартысынан 60-шы жылдың аяғына дейін созылды. Бұл уақытта, керісінше, теориялық-әдістемелік әлеуметтанудың құрылымы күшейіп, эмпирикалық әлеуметтанудан жоғары көтерілді. Үшінші кезең – 70-жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін жалғастары. Үшінші кезеңде теориялық әлеуметтанудың зерттеулерін микро және макро әлеуметтанумен біріктіруге әрекет жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтануды жеке ғылым ретінде жаңа деңгейге шығарып әлеуметтік процестерді зерттеу, оларды жаңа сапада түсіну, ұғыну мақсаттары қойылды. Жаңа қағидалы интегративті бағыттар пайда болды. Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі тенденциялары – эмпирикалық әлеуметтанудың дамуынан басталады. Эмпирикалық әлеуметтану деп, нақты зерттеулер жүргізуді, осылардың негізінде арнаулы әдістер қолдану (сұрау, бақылау, тәжірибе) арқылы жаңа фактілерді жинап, талдауды , қорытындылауды айтады. Мұндай нақты зерттеулер 20-30-жылдары АҚШ-та, сонан кейін басқа дамыған елдерде өте қызу жүргізіле бастады. Адольф-Кетле (франко-белгиялық статист), Чарльз Бут (Англия), Ульям Томас, Флорина Знанецкий (поляктар) осы салада еңбек етті. Дегенмен, эмпирикалық нақты зерттеулер теориялық әлеуметтанудың дамуына белгілі бір шамада кедергі жасады, теорияның маңызы мен рөлін төмендетті. Сондықтан теориялық әлеуметтануды қайтадан көтеріп, жаңғырту қажет болды, өйткені әлеуметтік теориялық сұрақтарға уақытында жауап берілмеді. Бұл мәселелерді дұрыс шешуде американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс, Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т.б. зор еңбек сіңірді. Талкотт Парсоностың (1902-1979ж.ж.) көп еңбектерінің ішінде біз оның екі негізгі еңбегін, яғни әлеуметтік іс-әрекет, қимыл («социальное действие») және құрылымды-функциональды талдау («структурно-функциональный анализ») қарастырғанымыз орынды болады. Бұлардың қысқаша мазмұны мен мәні мынадай. Қандай да бір әлеуметтік іс-әрекет, қимылдың болуында қажетті шарттар бар. Әрекет қимыл, біріншіден, оны жүргізетін адамды, екіншіден, нақты жағдайды, үшінші мақсатпен белгілі бір заң нормаларына (ережелеріне) сүйенген шартты жағдайларды қажет етеді. Т. Парсонстың пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың өзін-өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі, оның шартты белгілері (символдары) бар. Олар: мысалы, тіл, құндылықтар, іс-әрекеттің, белгілі бір нормативтік ережеге сәйкес, яғни іс-әрекеттің, қоғамда қабылдаған нормаларға, құндылыққа тәуелді болуы. «Әлеуметтік іс-әрекет» теориясының ең негізгі ұғымы – «әрекеттер жүйесі». Т. Парсонс әрекеттер жүйесіне әлеуметтік болмыстың, шындықтың (социальная реальность) алуан түрлі деңгейлерін, олардың бір-бірімен өзара белгілі бір байланысын жатқызады. Әрбір жүйе дұрыс іс-әрекет, қимыл, қызмет атқару үшін жүйенің құнды тұрпатын сақтау; интегация құрылымы, мақсатқа жету (целедостижение), бейімделу (адаптация) сияқты 4 шартты ескеру қажет. Басқаша айтқанда, бұл өзгермейтін (инвариантный) функционалды мәселелер жиынтығы. Ол әрбір жүйеде және оның бөліктерінде шешіліп отыруы керек. Т. Парсонстың қандай да бір теориялық құрылымын алмайық, оның әрқайсысында қайталанып отыратын ой өзегі, басты пікірі (леймотив) болады. Ол - әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын көрсететін құрылым және оның зерттеу механизмі. Осы міндетті ойдағадай шешуге Т. Парсонстың екінші теориясы, яғни «құрылымдық – функционалды талдау» бағытталған. Бұл теорияға сәйкес қоғам және оның жеке жүйелерінің белгілі бір функцияларды орындауы қарастырылады. Т. Парсонстың құрылымдық – функционалды талдау теориясын онан әрі жетілдіру жолдарын іздеді. Ол жаңа эволюциялық емес тұжырымдамасын түйіндеді. Онда ол қоғам құрылымының жіктелуіне басты назар аударады. Ал, қоғам құрылымының дифференциациялануы деп Т. Парсонс әрбір кезеңге сәйкес қоғам құрылымының күрделенуін түсінген. Ол құрылымның күрделенуі қоғамның және оның жүйелерінің тұрақтылығын азайтады деп қорытынды жасайды. Эмпирикалық және теориялық әлеуметтануды біріктіру идеясын бастаған ірір әлеуметтанушы Роберт Мертон (1910ж.) болды. 1949 жылы оның «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» атты еңбегі шықты. Оның пікірінше, эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың бірігуінің «алтын дәуірі» басталды. Бұл тұрғыдан алғанда, Р. Мертон өзінің ойлаған ойын шындыққа айналдырғысы келді, бірақ бұл дұрыс болмады, өйткені эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың қатар дамуына ұзақ уақыт керек болды. Р. Мертон осы мақсатқа жету үшін өзінің функционалды талдау және «ортаңғы деңгей» теорияларын жасады. Әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып Р. Мертон әлеуметтік құбылыстардың қоғамды әлеуметтік тәртіпті сақтау және оны қолдау функциясын емес, керісінше, олардың дисфункциясына, яғни әлеуметтік құбылыстардың қоғам құрылымындағы әлеуметтік золық-зомбылықты, шиеленісті, олардан туатын қарама-қарсы қайшлықты көрсетуге баса назад аударды. «Ортаңғы деңгей» теориясы бір жағынан әлеуметтік фактілердің үлкен топтарын қорытындаудың үлкен нәтижесі болды. Екінші жағынан, жалпы әлеуметтанудың кейбір жақтарын одан әрі нақтылап түсіндірудің құралы болды. Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889-1968жж.) 1922-ші жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцмяға кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та қызмет ете жүріп, эмпирикалық әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти алмағанын байқап, оны өткір сынға алды. Ол әлеуметтік стратификация, яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, бұларды әлеутеттік ірі мәселелермен, мысалы, қоғмның әлеуметтік құрылымымен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамның жалпы өзгерісін, қозғалысын осы алуан түрлі қоғамды құратын элементтердің атқаратын қызметімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осындай элементтердің бірі ретінде Сорокин әлеуметтік институттарды алды. Осыған орай ол әлеуметтік институттардың, оның негігі түрлері: мектептің, бюрократияның, әскердің, мамандырылған ұйымдардың, шіркеудің, т.б. әлеуметтік мобтльдікке қандай әсерлері бар екенін зерттеді. П.А. Сорокин әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі өзгерістердің болашағын түсіндірді. Оның бұл жөнінде екі тұжырымдамасы болды. Олардың біріншісі, әлеуметтік-мәдени динамика, екіншісі – қоғамның тұтастық (яғни, біріктіруші - И.А.) тұрпаты. Бірінші тұжырымдамасына қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндаға әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде көрінеді. П. Сорокиннің пікірінше, осындай негігі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл-парасаттылық (рациональный), идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде ақыл – парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы, үшіншісінде – интуицияның (яғни, жорам-алдап сезінудің) басым болуы арқылы іске асырылады. Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып отырады және олар қоғамның ілгері дамуының әрбір кезеңіне тән. П. Сорокиннің әлеуметтік мәдени тұжырымдамасы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің пайда болатын көзін және қозғаушы күштерін анықтайды. Одан әрі олардың диалектикасын анықтау әрекеті, талабы болады. П. Сорокин өзінің болашаққа көзқарасын тұжырымдады. 60-жылдары оның бұл тұжырымдамасы конвергенция тұжырымдамасының негізгі құрамында болды, өйткені П. Сорокиннің бұл тұжырымдамасы қоғамның алуан түрлі ұйымдары мен жүйелерінің арасындағы байланыс-қатынастарды және адамзат қоғамының талап-тілегіне оларды пайдалануды нақты түрде көрсетті. Олардың ішінде меншік түрлері мен саяси құрылымдағы плюрализм (алуан түрлілігі), еңбекті және экономикалық тәртіпті ынталандыру, басқа елдермен қарым-қатынастардың, әдіс-тәсілдерін жоспарлау, т.б. болады. П. Сорокин жалпы адамзат қоғамы қиын-қыстау жағдайды басынан өткізіп, өзгеріп отырса да, ол әруақытта бірігу бағытына қарай дамитындығын атап көрсетті.
|