![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Піспекті қозғалтқыштарПіспекті қозғалтқыш деп жанармайдың жануындағы энергияны цилиндр ішіндегі қозғалыстағы піспекке газдармен қысым жасау жолымен механикалық энергияға айналдыратын жылулық қозғалтқышты атайды. Піспекті қозғалтқыштың (4. сур.)негізгі бөлшектері мыналар: цилиндр 2; цилиндр қақпағы 5; блок-картер 1; піспек 6 және шатун 7; иінді білік 8; кіру 3 және шығу 4 клапандары. Жанармай және оның жануына қажетті ауа қапақ түбімен, цилиндр қабырғаларымен және піспек түбімен шектелген қозғалтқыштың цилиндр көлеміне беріледі. Жанармай ауа қоспасының жануынан бөлінген жоғары температуралы және қысымды жылу піспекті 6 сығымдайды және оны цилиндрде 2 қозғайды. Піспектің кері‑тура қозғалысы шатун 7 арқылы картерде орналасқан иінді біліктің 8 айналым қозғалысына айналады. Піспектің кері‑тура қозғалысына байланысты піспекті қозғалтқыштарда жанармайдың жануы периодтық тізбектелген үлестермен ғана жүреді және де әр үлестің жануы алдын ала дайындық үрдістерден өтуі қажет.
4.Сурет. Піспекті іштей жану қозғалтқышының сұлбасы.
|