Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Мір сүру ортасындағы адам организміне кері әсер ететін факторлар




Читайте также:
  1. Абиотикалық факторлар. Топырақ факторларының қасиеттері
  2. Атты әсер ететін улы заттар
  3. Атты әсер ететін улы заттардың (ҚӘУЗ) организмді зақымдауы
  4. Бағдарлаушы өзара әсерлесу.
  5. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы және оған себепші факторлар.
  6. Бірлестіктің тұрақтылығына тікелей әсер ететін агрожүйе системасының (топырақтың ластану т.б.) ықпалын сипаттаңыз
  7. Дәріс. Тақырыбы: Капитал (қорлар). Өндіріс шығындары. Өндіріс факторларынан түсетін табыстар
  8. ДНҚ-ның 1-, 2-, 3-, 4-лік құрылысы. ДНҚ-ның биологиялық функциясындағы комплементарлық әсерлердің ролі.
  9. Зиянды фактор ретіндегі, өндірістік шаңның қолайсыз әсерінің алдын алу.
  10. Иондаушы емес электромагниттік сәулеленулер мен өрістер, олардың адам ағзасына әсері.

Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы.Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.

Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:

§ өнеркәсіп улы - өндірісте қолданылатын заттар;

§ улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;

§ дәрі-дәрмектер;

§ тұрмыс химикаты;

§ өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;

§ әскери улаушы заттектер.

 

Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:

§ жалпылама улылар – организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;

§ қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;

§ аллергия тудыратын заттар;

§ мутагендер – генетикалық кодты бұзатын заттар;

§ канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар;

§ бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.

 

Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары.Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз)кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.



Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен асқорту жолдары арқылы организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында – ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып түсуі мүмкін.

Улы заттар адам организіміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, организмге енуі жеңілдейді.

Бірінші кезеңде улы заттардың бөлінуі қан айналымының қарқындылығына байлынысты болады. Улы заттардың жиналатын үш басты орны бар: клетканың сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы (ткань). Улы заттың тарауы үш негізгі физикалық – химиялық қасиетке байланысты болады: суда ерігіштігі, майда ерігіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванвдий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары кальцимен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және сүйекте жиналады.



Улы заттардың әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам организмі тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі. Жалпы уланудың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды.Удың жергілікті әсері онымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі.

Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы.

Уланудың өткір түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде организмге енеді, өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі - өзіне тән емес көрінуі (бас ауыруы, әлсіреу, жүрегі айну және т.с.с.)

Уланудың созылмалы түрі – уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың органызмде жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензонмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпен созылмалы түрде уланса,онда қан жасау жүйесі зақымданады.

 


Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 29; Нарушение авторских прав







lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2021 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты