Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Портфолио по обществознанию.




Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті  
І Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.  
ІІ Жаңа тақырыпқа көшу үшін ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1. Қазақстанның әкімшілік-территориялық құрылысы бойынша қанша облыс бар? 2. Олар қандай экономикалық аудандарға бөлінген? 3. Әрбір экономикалық ауданға кіретін облыстарды атап шық. Кейін жаңа тақырып бойынша қысқаша әңгімелейді: Еліміздің аумағының үлкендігі, табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігі географиялық еңбек бөлінісінің (ГЕБ) негізі болып табылатынын айтады. Осы жерде ГЭБ-н түсіндіріп кетеді де, соңында анықтамасын айтады: жекклеген аудандардағы өнеркәсіп салаларының және ауыл шаруашылығының қалыптасу мүмкіншілігін анықтайды. Осы жерде тақырыпты нақты негіздеу үшін оқулықтың 224 бетіндегі жоспар-сызбаны оқушылармен біріге отырып талдап кетеді. Осымен байланысты әрбір ауданның өз салалық мамандануы болатынын айтып өтеді: кәсіпорындарға және жеке аймақтарға байланысты немесе бірнеше облыс аумағына тән болуы мүмкін. Әрбір ауданның немесе облыстың негізгі мамандану саласы мен қосымша мамандану саласы болуы мүмкін екенін айтып өтеді. Мамандануды анықтаудың төмендегідей көрсеткіші бар. Яғни мамандану коэффициентінің формуласын қолдануға болады: К=А/Х мұндағы А – мемлекетіміздің жалпы өндірісіндегі аудан өнімінің үлесі (белгілі бір сала бойынша). Егер К – 1-ге тең болса, саланы маманданған сала деп есептеуге болады. Аудан экономикасының дамуына еңбек ресурстарының бөлінуі де әсер етеді. Осының барлығының нәтижесінде аудан көлемінде ерекше дамыған кешенді шаруашылық пайда болады. Оқушылар мұғалімнің кіріспе сұрақтарына жауап береді: 1. Қазақстан әкімшілік-территориялық құрылысы бойынша 14 облысқа бөлінген: СҚО, Қостанай обл., Ақмола обл., Павлодар обл., БҚО, Атрыау обл., Ақтөбе обл., Маңғыстау обл., Қарағанды обл., ШҚО, Алматы обл., Жамбыл обл., ОҚО, Қызылорда обл. 2. Олар 5 экономикалық ауданға бөлінген: Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық ЭА. 3. Солтүстік ЭА: СҚО, Қостанай обл., Ақмола обл., Павлодар обл., Батыс ЭА: БҚО, Атрыау обл., Ақтөбе обл., Маңғыстау обл., Шығыс ЭА: ШҚО, Орталық ЭА: Қарағанды обл., Оңтүстік ЭА: Алматы обл., Жамбыл обл., ОҚО, Қызылорда облысы жатады. Кейін оқушылар жаңа тақырып бойынша мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, анқытамаларды жазып отырады: ГЕБ - жекклеген аудандардағы өнеркәсіп салаларының және ауыл шаруашылығының қалыптасу мүмкіншілігін анықтайды. Мұғалімнің нұсқауы бойынша жоспар-сызбаны талдап кетеді: мамандану факторларына байланысты аумақтың мамандануы және оның салалары болады, бұл салалардың ішінде негізгісі қызмет көрсету саласы және оған қосымша салалар бар. Осының негізінде Қазақстан аумағы экономикалық аудандарға бөлінеді: Орталық, Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс. Әрбір ауданның аумақтық құрамы, ЭГЖ мен табиғат жағдайы, табиғат ресурстары, халқы, экономикалық, әлеуметтік проблемалары, шаруашылығы, қалалары және олардың қалыптасуы, экономикасының даму тарихы, экологиялық проблемасы болады. Мамандану – өндірісті ұйымдастырудағы кәсіпорындардың біркелкі өнім шығаруға бағытталған түрі.  
ІІІ Тақырыпты бекіту үшін мәтін соңындағы 1, 2 тапсырмаларды және тест тапсырмаларын орындау керек. Оқушылардың тапсырмаларды орындауы: 1-тапсырма: 1) Қазақстанның экономикалық аудандарын бөлгенде жер бедері ерекшеліктері, табиғат ресурстары ескерілген. 2) 2-тапсырма: 1) Солтүстік және батыс экономикалық аудандар Ресеймен шектеседі. 2) Орталық экономикалық ауданның географиялық жағдаййы шет елдермен байланысуға қолайсыз. 3) Батыс экономикалық ауданда теңіз қатынасы жақсы дамыған. 4) Шығыс экономикалық аудан Қытаймен, Ресеймен шектеседі. Олардың арасында өзен қатынас жолы дамыған. 5) Оңтүстік экономикалық аудан Қытаймен, Қырғызстан, Өзбекстанмен шектеседі. Тест жауаптары: 1) б; 2) в; 3) а; 4) г; 5) ә; 6) г.  
ІV Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға сұрақ қойып, бірлесіп қорытындылайды: Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Не қызықты болды? Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта біз Қазақстанның экономикалық аудандарға бөліну факторлары мен жағдайларын білдік. ГЕБ не екенін білдік.  
V Оқушыларды сабаққа қатысулары мен жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қояды. Оқушылар өз бағаларын анықтап, күнделіктеріне қойдырады.  
Үй тапсырмасына 19 параграфты береді. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.  

 

Сыныптар:9 А

Тақырыбы:Орталық Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Оқушыларға Орталық Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орналасу жағдайына, табиғи жағдайы мен ресурстарына, халқы мен еңбек ресурстарына шаруашылықтық баға беру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың экономикалық ауданға дұрыс сипаттама беруді, табиғи жағдайы мен ресурстарына баға беруге, сонымен қатар аудан демографиялық жағдайына талдау беру қабілеттерін дамыту және географиялық ой-өрісін жоғарлату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, картадан көрсете білу және сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Көмір өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері мысалында оқушыларға экологиялық білім беру.

Оқу құралдары:Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия

Сабақ түрі:Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті, картографиялық әдістер


Сабақтың жоспары:І кезең – ұйымдастыру (2 мин)


ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (1 мин)


Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті  
І Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар сабаққа дайындалып отырады.  
ІІ Бұл сабақта экономикалық аймақтарды оқыту жоспары үйретеді. 1. Ауданның ЭГЖ 2. Әкімшілік-аумақтық құрамы 3. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарына шаруашылықтық баға беру 4. Еңбек ресурстары мен халықтың тығыздығы 5. Аймақтық салалардың мамандандыруын анықтау 6. Көмекші және қызмет ету салаларын анықтау 7. Аумақтық-өндірістік кешендері 8. Өнеркәсіп орындарындағы салаішілік байланыстар 9. Ірі қалалары 10. Аймақтың қазіргі экономикасына сипаттама беру, экономикалық және экологиялық проблемалары, оларды шешу жолдары 11. Аудан экономикасының даму болашағы Орталық Қазақстан экономикалық аудан ірі өнеркәсіптік аудан екенін айтып, бұл ауданға оқулық мәтінін және атластағы тақырыптық карталарда пайдалана отырып, өз беттерінше сипаттама беріңдер деген тапсырманы береді.     Ауданның ЭГЖ-на оқушылар өз беттерінше сипаттама жасайды. Олар ауданның негізгі байлығы болып саналатын – көмір кен орындары мен Қостанай облысындағы темір кеніне басты назар аударады. Ауданның кемшілігі – ішкі экономикалық байланыстардың аздығы, басқа республикалармен шекараның жоқтығы. Оның құрамына Қарағанды облысы кіреді. Халқының урбандалуы 86% жуық. Халқының орташа тығыздығы 5 адам. Қазақстан көлігі картасын пайдалана отырып, Орталық Қазақстан арқылы қандай көлік магистральдары өтетіндігіне тоқталу керек. Елдің қандай аймақтарында жол қатынасы дамыған; ішкі сауда қатынасының даму мүмкіндіктері қандай деген сұрақтарға берген оқушылардың жауабын мұғалім толықтырады. Ауданның табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары жөнінде айтқанда, физикалық картаны пайдалана отырып, оқушылар берілген аумақтың жер бедері ерекшеліктері мен климат жағдайы туралы білім алады. Бұл сұрақта қиындықтар туса, мұғалім көмектеседі. Шаруашылық дамуының қайнар көзі – табиғи ресурстары, оларға елдің бұл бөлігі өте бай. Сондай-ақ аудандағы пайдалы қазбалардың негізгі кен орындары аталады. Ертіс-Қарағанды каналы 1962 жылы салынған. Ұзындығы – 500 км, ені – 40 км дейін және тереңдігі - 5-7 м. Оған СЭС-тер мен әр түрлі деңгейдегі гидротехникалық құрылыстар салынған. Канал Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарындағы өнеркәсіп орталықтарын қамтамасыз етеді.  
ІІІ Тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды: 1. Әр экономикалық ауданның қандай басты салаға маманданғанын қалай анықтауға болады? 2. АӨК-не анықтама беріңдер. АӨК-ң маңызы қандай? 3. Орталық Қазақстан ЭГЖ ерекшелігі қандай? 4. Орталық Қазақстан қандай ресурстарға бай және қандай ресурстар жеткіліксіз болды? 5. Табиғат жағдайының шаруашылыққа қолайлы және қолайсыз жақтарын атаңдар. 6. Орталық Қазақстан аумағындағы халықтың қоныстануы. Өткен ғасырдың ортасында халық санының көбеюіне қандай себептерге байланысты болды? Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: 1. Мамандану коэффициенті формуласын пайдаланады. К=А/Х 2. АЭК- мемлекетіміздің халық шаруашылығында метариалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. 3. Ауданның кемшілігі – ішкі экономикалық байланыстардың аздығы, басқа республикалармен шекараның жоқтығы. 4. Ауданның негізгі байлығы болып саналатын – көмір кен орындары мен Қостанай облысындағы темір кені. Ал су ресурстарға тапшы. 5. Минералдық шикізат өндіру, ұстастыратын материалдар өндірісі, үйлер мен құрылыстар салуға керекті қабырғалық материалдар өндірісі. 6. ҰОС кейін және тың жерін игеру кезеңде славян ұлт өкілдерінің келуі себеп болды.  
ІV Үй жұмысы: 1. §19-20 оқып, мазмұнын айту. 2. 230 бет және 235 бет – Тесттер орындау. 3. 235 бет – 1, 2 тапсырмаларын орындау. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.  
V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері және белсенділігі бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады, күнделіктеріне баға қойғызады.  
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.  

 

Сыныптар: 9 А


Тақырыбы:Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Орталық Қазақстан экономикалық ауданның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп географиясына тоқталу, өнеркәсіпті мамандандыру және халыққа қызмет ету салаларына тоқталып, экономикалық ауданның қалаларына сипаттама беру. Ішкі және сыртқы экономикалық байланыстар, экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдарына тоқталу.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары:Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия

Сабақ түрі:Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары:І кезең – ұйымдастыру (1 мин)


ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (7 мин)

V кезең – үйге тапсырма беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (1 мин)


Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті  
І Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады.  
ІІ Ең алдымен мұғалім балаларға параграф соңындағы сұрақтарды қояды. Балалардың дәптерлерін тексереді, олардың орындаған тест тапсырмалары мен жаттығуларды тексереді. Оқушылар, ең алдымен, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Сосын дәптерлерін тексеруге береді, өздерінің орындаған тест тапсырмалары мен жаттығуларды көрсетеді.  
ІІІ Ең алдымен мұғалім аймақтағы мамандандырылған өнеркәсіп салалары қандай деген сұрақ қояды. Орталық Қазақстанның өндіріс ерекшеліктерін, қара және түсті металлургия салаларының орналасуы қандай алғышарттар сәйкестендірілгенін анықтайды. Мұнда елдің 20% шоғырланған. Тетік және қосымша бөлшек шығаратын өнеркәсіптің үлесі 27%, ал ауыл шаруашылығының үлесі – 15% құрайды. Аудан республика көлемі бойынша 17% жуық халықтың тұтыну тауарларын шығарады. Әр аумақтағы мамандырылған салаларға сипаттама беріледі. Мұғалім ауданның өнеркәсіптік байланыстарын бөліп көрсетеді. Олар: Қарағанды-Теміртау (көмір өндіру, машина жасау, құрылыс өнеркәсібі), Балқаш-Жезқазған (түсті металлургия). Оқушыларға АЭК-ң өндірістік байланыстарының біріне сызбанұсқа жасау ұсынылады. Орталық Қазақстанның шаруашылық салаларының дамуына үлесін қосқан ауданның негізгі кәсіпорны – көмір өнеркәсібіне көңіл бөліну керек. 30-жылдары Қарағандыда КСРО кезінде құрылған көмір базалары Оралды, Орта Азияны, Повалжьені және Қазақстанды отынмен қамтамасыз еткен. Қазір мұнда 37% тас көмір және 100% коксті көмір өндіріледі. Республикамыздағы ірі металлургия кәсіпорындары – Қарағанды металлургия комбинаты, Теміртау шойын және қара металлургия комбинаттары жатады. Орталық Қазақстан аумағында Жәйрем қорғасын-мырыш кен байыту комбинаты – қорғасын өндірсе, Ақжол полиметалл кен байыту комбинаты – вольфрам-молибден кендерін пайдаланып, жұмыс істейді. Орталық Қазақстан шаруашылығында химия өнеркәсібі басты орында, ол металлургия өнеркәсібінің қалдықтарын өңдейтін қосымша сала ретінде дамуда. Ауданда машина жасау және металл өңдеу өркендеуде. Аймақтағы мамандандырылған өнеркәсіп салаларын анықтау үшін көмір, қара және түсті металлургия кәсіпорындары картасын пайдаланады. Мұғалімнің көмегімен оқушылар аймақтың кешендері мен салаларын мамандандыру туралы оқып үйренеді. Орталық Қазақстанның өндіріс ерекшеліктерін, қара және түсті металлургия салаларының орналасуы қандай алғышарттар сәйкестендірілгенін анықтайды. Оқушылар АЭК-ң өндірістік байланыстарының біріне сызбанұсқа жасайды.     Аумақтағы шаруашылықты мамандандыру туралы ұғымды бекітіп, оқушылар Орталық Қазақстанның салаларын мамандандыру туралы қорытынды жасағанда, әсер ететін факторларды негізге алып, қорытындыны төмендегідей кесте түрінде жасайды. Одан кейін балалар ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарға, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарына тоқталады.  
ІV Тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды: 1. Орталық Қазақстанның ауыр өнеркәсібі туралы айтып беріңдер. Ауданның өнеркәсіптегі салаішілік және салааралық байланыстарына мысалдар келтіріңдер. 2. Ауданның АЭК құрамында тамақ және жеңіл өнеркәсібі қандай рөл атқарады? 3. Ауданның өнеркәсіптік байланыстары туралы айтыңдар. 4. Келесі кестені толтырыңдар. Сосын келесі тапсырма береді: 1. Оқулық мәтіні мен 85 және 133 суреттерді пайдаланып, Жезқазған және Балқаш өнеркәсіп тораптарында қандай металл түрлері балықылатынын анықтаңдар. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: 1. Орталық Қазақстанның ауыр өнеркәсібі туралы айтып береді. Ауданның өнеркәсіптегі салаішілік және салааралық байланыстарына мысалдар келтіреді. 2. Ауданның АЭК құрамында тамақ және жеңіл өнеркәсібі қандай рөл атқаратынын айтады. 3. Ауданның өнеркәсіптік байланыстары туралы айтып береді. 4. Келесі кестені толтырыңдар. Сосын тапсырманы орындайды. 1. Оқулық мәтіні мен 85 және 133 суреттерді пайдаланып, Жезқазған және Балқаш өнеркәсіп тораптарында қандай металл түрлері балықылатынын анықтайды, қорытындыны мына кесте түрінде көрсетеді.  
V Үй жұмысы: 1. 245 беттегі Тесттер тапсырманы орындау. 2. Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалалары туралы баяндамаларды дайындау. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.  
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады, күнделіктеріне апарады.  
VІІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.  

 

 

Сыныптар:9 А

Тақырыбы:№8 сарамаңдық жұмыс

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары:Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі:Практикалық сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті  
І Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар сабаққа даяр отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптері мен атласы, кескін картасы болады.  
ІІ 1 тапсырма. Орталық Қазақстанның табиғат ресурстарының ерекшеліктерін анықтау. 2 тапсырма. Кескін картаға пайдалы қазбалар мен кен орындарын түсіру Оқушылар оқулық мәтіні мен статистикалық материалдарды пайдаланып, Орталық Қазақстанның табиғат ресурстарының ерекшеліктерін анықтайды. Екінші тапсырма үшін кескін карталарын алыа шығып, Орталық Қазақстан экономикалық ауданның пайдалы қазбалар мен кен орындарын түсіреді.  
ІІІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.  

 

Сыныптар: 9 а


Тақырыбы:Шығыс Қазақстан.ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы. Шығыс Қазақстанның шаруашылық географиясы

Білімділік мақсаты – Шығыс Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайына тоқталу, әкімшілік-аумақтық ұйымдастыруы туралы білім беру мен ауданның табиғат жағдайына, ресурстарына, халқына және еңбек ресурстарына шаруашылықтық баға беру. Халықтың урбандалу деңгейін анықтау. Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларын, халыққа қызмет ететін және өнеркәсіптің көмекші салаларын анықтау, ауданның қалаларына сипаттама беру. Ішкі және сыртқы экономикалық байланыстар, экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдарына тоқталу.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары:Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі:Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары:І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин



Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті  
І Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.  
ІІ Ең алдымен мұғалім балалардың Тесттер тапсырмасын тексереді. Сосын оқушылардың Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалалары туралы дайындаған баяндамаларды тыңдайды. Оқушылар өздерінің тесттер тапсырмасын көрсетіп, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалалары туралы дайындаған баяндамаларды оқып талдайды.  
ІІІ Шығыс Қазақстан жер көлемі 277 мың шаршы шықырым. Бұл өте әдемі таулы аудан. Елімізде туризмді дамытуға үлкен рөл атқарады. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына – Шығыс Қазақстан облысы кіреді. Табиғат жағдайының қолайлығын бағалай отырып, оны Орталық Қазақстанмен салыстырады. Шығыс Қазақстанның экономикасын Кенді Алтайдың полиметалы, қалайы-вольфрам, ванадий, алтын, көмір, сирек кездесетін металдары құрайды. Республика шаруашылығында Шығыс Қазақстанның алатын орнын анықтай отырып, бүгінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған бірден-бір аудан екендігіне мысалдар келтіреді. Мұндағы кейбір кен орындары 18ғ өзінде дами бастаған. Түсті металлургияның жеңіл және тамақ өнеркәсібіне қажетті тетік жасауда алатын орны зор. Түсті металлургия мұнда толық циклмен жұмыс істейді. Бұл экономикалық ауданда минералды ресурстардың мол қоры шоғырланған. Шығыс Қазақстанда отын ресурстары аз болғанымен, су қоры Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі СЭС-і (қуаттылығы 1350 мың кВт) және Ертіс тармақтарында орналасқан СЭС-ң тораптары жұмыс істейді. Ең ірісі – Бұқтырма су қоймасы, көлемі 550 шаршы шақырым, тереңдігі 11 м. Алтайда жер асты сулары көп. Түсті металлургия (қорғасын, мырыш, титан, магний, сирек металдар) өнеркәсіптің негізгі ортасы. Олар негізінен Өскемен, Лениногор және Зырян сияқты ірі қалаларда шоғырланған. Мұнда машина жасау өнеркәсібі дамыған, олар тау қопарғыш құралдар, кондесаторлар және электр станцияларына арналған құралдар жасайды. Электр энергиясын таудан басталатын ағысы қатты өзендерден алады. Химия өнеркәсібінен күкірт қышқылын өндірсе, ауданда ағаш өңдеу (Зырян, Шемониха) ісі де қолға алынған. Бұрынғы Семей облысы алтын өндірудің ең көне және ірі ауданы болғанына көңіл аударады. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы республика аумағының 10,4% алып жатыр, өнеркәсіп өнімінің 10%, ауыл шаруашылығының 13% өндіреді. Халық тұтынатын тауарлармен аудан көлемін қамтамасыз етеді. Кенді Алтай өнеркәсіп орталығынан басқа, Семей өнеркәсіп торабы – жеңіл және тамақ өнерксібі, тон және тері өнімдері, аяқ киім фабрикалары қалыптасты. Одан кейін мұғалім балаларға ауыл шаруашылығы деген тақырыпшаны оқып шығып, талқылаңдар деген тапсырманы береді. Қалалардың ең ірілері – Семей, Өскемен, Риддер. Ең алдымен балалар экономикалық ауданның құрамы деген мәліметтерді көшіріп алады. Сосын Шығыс Қазақстан ЭГЖ мен табиғат жағдайының қолайлығын бағалай отырып, оны Орталық Қазақстанмен салыстырады. Экономикалық ауданның халқын өткен кезде халқына жоспар бойынша сипаттама береді. 1. Халық саны мен үлесі 2. Тығыздығы мен тығыз қоныстанған аймақтар 3. Урбандалу деңгейі 4. ЭБХ мен олардың құрамы Шығыс Қазақстанның экономикасын өткенде, олар 144-суретке қара, Шығыс Қазақстан өнеркәсіп салаларының байланыс сызбасын сызады. Одан кейін өндірістегі маңызды өнім түрлерін шығарудағы Шығыс Қазақстанның үлесі деген сызбаны сызып, білімдерін бекітеді. Сонда мамандану коэффициентін анықтау формуласы арқылы Шығыс Қазақстан мырыш, қорғасын, алтын, күкірт қышқылын, цемент өндіру жөнінен маманданған және республикада бірінші орынды алып жатыр деген қорытындыға келеді. Екіңші орында – мыс жіне орман материалдар өндіріс, ал үшінші орында ет өндіру алады. Балалар ауыл шаруашылығы деген тақырыпшаны оқып, ауыл шаруашылығында негізгі сала мал шаруашылығы (68%), оның ішінде етті-сүтті мал шаруашылығы, етті-жүнді қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, марал өсіру және омарта шаруашылығы алған қойылған. Өсімдік шаруашылығынан май шығаратын күнбағыс дақылдары, бидай, қарақұмық және көкөніс дақылдары өсіріледі. Оқушылар Семей, Өскемен, Риддер қалалары туралы оқып, қысқаша баяндаманы дайындап, мазмұнын айтады.  
ІV Сабақ соңында өтілген материалды бекіту мақсатында келесі сұрақтарды қояды: 1. Шығыс Қазақстанның ЭГЖ. Экономикасын дамытудағы басты қолайлы жағы неге негізделген? 2. Табиғат жағдайы мен ресурсына шаруашылық тұрғысынан баға беріңдер. 3. Аудандағы халықтың біркелкі орналаспау себебі неде? 4. Орталық пен Шығыс Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарына салыстырмалы сипаттама беріңдер. Олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық неде? Сосын келесі тапсырмаларды береді: 1. Кестені толтырыңдар.
Маманданған салалар Қосымша салалар Қызмет көрсету салалары  
       

 

Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді. 1. Шығыс Қазақстанның ЭГЖ. Экономикасын дамытудағы басты қолайлы жағын анықтайды. 2. Табиғат жағдайы мен ресурсына шаруашылық тұрғысынан баға береді. 3. Аудандағы халықтың біркелкі орналаспау себебін анықтауды. 4. Орталық пен Шығыс Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарына салыстырмалы сипаттама береді. Олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтайды. Сосын келесі тапсырмаларды береді: 1. Кестені толтырады.
Маманданған салалар Қосымша салалар Қызмет көрсету салалары  
Түсті металлургия Электр қуаты Химия өнеркәсібі Орман ағаш өңдеу Құрылыс Машина жасау Жеңіл өнеркәсібі Тамақ өнеркәсібі    

 

 
V Үй жұмысы: 1. §22,23 оқып, мазмұнын айту. 2. Кескін картаға Шығыс Қазақстанның шекарасын, ірі қалалар мен өнеркәсіп тораптарын түсіру. 3. «Риддер қаласының өткені мен бүгіні» немесе «Шығыс Қазақстанның экологиялық проблемасы» атты баяндаманы дайындау. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.  
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.  
VІІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.   Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.  

Сыныптар:9 А

Тақырыбы:Батыс Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Оқушыларға Батыс Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орналасу жағдайына, табиғи жағдайы мен ресурстарына, халқы мен еңбек ресурстарына шаруашылықтық баға беру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың экономикалық ауданға дұрыс сипаттама беруді, табиғи жағдайы мен ресурстарына баға беруге, сонымен қатар ауданның демографиялық жағдайына талдау беру қабілеттерін дамыту және ой-өрісі, белсенділіктерін арттыру, білімдерді есте сақтауға үйрету, картадан көрсете білу және сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Көмір өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері мысалында оқушыларға экологиялық білім беру.

Оқу құралдары:Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия

Сабақ түрі:Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Түсіндірмелі, картографиялық әдістер


Сабақтың жоспары:І кезең – ұйымдастыру (2 мин)


ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (1 мин)


Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті  
І Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар сабаққа дайындалып отырады.  
ІІ Бұл сабақта экономикалық аймақтарды оқыту жоспары үйретеді. 1. Ауданның ЭГЖ 2. Әкімшілік-аумақтық құрамы 3. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарына шаруашылықтық баға беру 4. Еңбек ресурстары мен халықтың тығыздығы 5. Аймақтық салалардың мамандандыруын анықтау 6. Көмекші және қызмет ету салаларын анықтау 7. Аумақтық-өндірістік кешендері 8. Өнеркәсіп орындарындағы салаішілік байланыстар 9. Ірі қалалары 10. Аймақтың қазіргі экономикасына сипаттама беру, экономикалық және экологиялық проблемалары, оларды шешу жолдары 11. Аудан экономикасының даму болашағы Батыс Қазақстанды өтерде қалған аудандардың әрқайсысы 4 облыстан тұратынын айта кетеді. Батыс – еліміздегі ең үлкен (барлық аумағының 27%-ы) және Касий бойында орналасқан жалғыз аудан. Географиялық орнына байланысты, ол Еуропаға, Америкаға, Үнді мұхиты алабының елдерінің барлығымен жақын орналасқан. бұл ауданға оқулық мәтінін және атластағы тақырыптық карталарда пайдалана отырып, өз беттерінше сипаттама беріңдер деген тапсырманы береді. Ауданның ЭГЖ-на оқушылар өздігінен сипаттама береді. Мұнда ЭГЖ-ның басты артықшылығы – Қазақстанның (Солтүстік, Орталық, Оңтүстік) және шектесетін елдердің (Орал, Паволжье, Солтүстік Кавказ) экономикалық жағынан дамыған аудандармен көрші орналасуы, Жайық-Балтық су жолын пайдалану мүмкіндігі; ал кемшілігі – темір жолдарының тиімсіз конфигурациясы және Қарағанды-Теміртау АӨК-мен тікелей темір жол байланысының болмауы екенін анықтайды. Оның құрамына Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары кіреді. Табиғи қорлардан мұнайдың, табиғи газдың, хромның аса мол қоры мен Каспийдің байлығын атап өтеді. Шалғынды жерлер мен жайылымдықтардың молдығы, қыстың қысқалығы және қадың жұқа түсуі жайылымдық мал шаруашылығының дамуына әсерін тигізеді. Басты мәселе – жергілікті халықты сумен қамтамасыз ету. Мұнда бұл мәселені шешу жодарын қарастыру керек. Батыс – Қазақстандағы халқы ең аз қоныстанған (орташа тығыздық – 2,3 адам/км2) аудан. Қала халқының үлесі 58%, мұнай және газ кен орындарының игерілуіне байланысты Атырау, Ақтау, Орал қалаларының халқы көбейді. Қалалардың көбі Ақтөбе қаласында шоғырланған (8 қала). Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында қалалар аз. Бірақ урбандалу деңгейі жоғары: Атырауда 57%, Маңғыстауда 69%, ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында – 44%. Аудандағы экономикалық белсенді халықтың үлесі 71%, өнеркәсіптегі адам саны ауыл шаруашылығы салаларына қарағанда көп.  
ІІІ Тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқушыларға келесі тапсырмаларды береді: оқулықтың 267-бетіндегі 3, 4, 5 тапсырмаларын береді.   Оқушылар мұғалімнің берген тапсырмаларын орындайды. 267 бет. 3) Кескін картаға БҚ-ның пайдалы қазбаларын түсіреді; 4) Орал-Ембі: Қарашығанақ мұнай-газ кен орны, Таңатар, Мақат, Доссор, Құлсары, Маңғыстау: Өзен, Жетібай, Теңге, Қаламқас, Қаражамбас. Маңғыстау алабына қарағанда Орал-Ембі алабының шикізаты кең қолданылады.  
ІV Үй жұмысы: 1. §24 оқып, мазмұнын айту. 2. 268 бет – Тесттер орындау. 3. 266 бет – 1, 2 тапсырмаларын тапсырманы орындау. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.    
V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері және белсенділігі бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады, күнделіктеріне баға қойғызады.  
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.  

 

 

Сыныптар:9 А

Тақырыбы:Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы. Қалалары, елдеі мекендері

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Оқушыларға Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығының құрамы мен құрылымын, ерекшеліктерін, аумақтық ұйымдастырылуын, шаруышылық салаларының даму бағыттарын, кәсіпорындарының рналасуы факторларын білу.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың экономикалық ауданға дұрыс сипаттама беруді, табиғи жағдайы мен ресурстарына баға беруге, сонымен қатар аудан демографиялық жағдайына талдау беру қабілеттерін дамыту және географиялық ой-өрісін жоғарлату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, картадан көрсете білу және сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық білімін қалыптастыру.

Оқу құралдары:Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия

Сабақ түрі:Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті, картографиялық әдістер


Сабақтың жоспары:І кезең – ұйымдастыру (2 мин)


ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (1 мин)


Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті  
І Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар сабаққа дайындалып отырады.  
ІІ Бұл сабақта экономикалық аймақтарды оқыту жоспарын үйретуді жалғастырады. Яғни, жоспардың өткен сабақта қарастырылмаған пункттерін қарастырады. Жоспардың қарастырылмаған сұрақтары: 5. Аймақтық салалардың мамандандыруын анықтау 6. Көмекші және қызмет ету салаларын анықтау 7. Аумақтық-өндірістік кешендері 8. Өнеркәсіп орындарындағы салаішілік байланыстар 9. Ірі қалалары 10. Аймақтың қазіргі экономикасына сипаттама беру, экономикалық және экологиялық проблемалары, оларды шешу жолдары 11. Аудан экономикасының даму болашағы батыс – еліміздің басты мұнай базасы екендігін айтып өтеді. Мұнай жергілікті жерде (Атырауда) өңделіп, темір жол арқылы Павлодарға, ал мұнай құбырлары мен танкерлер арқылы – Ресейге, Еуропаға және дүние жүзінің басқа аймақтарына шығарылады. Сондықтан Батыс бір уақытта аудан аралық та, халықаралық та еңбек бөлінісіне қатыса алады. Бұл ауданға оқулық мәтінін және атластағы тақырыптық карталарда пайдалана отырып, өз беттерінше сипаттама беріңдер деген тапсырманы береді.   Қазақстан көлігі картасын пайдалана отырып, Батыс Қазақстан арқылы қандай көлік магистральдары өтетіндігіне тоқталу керек. Көліктің барлық түрін пайдаланады. Мемлекетаралық маңызға ие құбыр жолдары: Ақтау – Атырау – Самара (Ресей), Орта Азия – Орталық, Бұқара – Орал (Ресей), Атырау – Ор (Ресей), Қарашығанақ – Орынбор (Ресей) және Жаңаөзен – Атырау – Самара (Ресей). Елдің қандай аймақтарында жол қатынасы дамыған; ішкі сауда қатынасының даму мүмкіндіктері қандай деген сұрақтарға берген оқушылардың жауабын мұғалім толықтырады. Шаруашылығының басты өзегі – мқнай өндіру. Одан басқа мамандану салалары – мқнай өңдеу, газ, химия және тамақ өнеркәсіптері, қара металлургия мен машина жасау. Аймақ шаруашылығының қарқынды даумы нәтижесінде 4 ірі өнеркәсіп орталықтары қалыптасты: Атырау-Ембі, Маңғыстау, Ақтөбе және Орал өнеркәсіп тораптары, олардың әрқайсысына тоқталып кетеді. Мұнайды көп өндіретіні Атырау, облысы, ал газды Атырау және Батыс Қазақстан облыстары. Химия өнеркәсібі негізінде Ақтөбе облысында, машина жасау өнеркәсібі көбінесе қосымша сала ретінде дамыған. Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларындағы зауыттарда жетекші өнеркәсіп салаларына арналған машина және құралы-жабдықтар шығарады. Ауыл щаруашылығының жетекші саласы – мал шаруашылығы. Тамақ өнеркәсібінде балық аулау және өңдеу салалары ерекше орын алады. Аймақтың ірі қалалары – Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал. Олардың әрбіреуіне қысқаша сипаттама береді. Экологиялық проблемаларына қатысты Каспий теңізі алабындағы мұнай және газ кен орындарын кең көлемде игеру теңіздің және жағалаудың экожүйесіне қолайсыз әсер ететінін баса атап өтеді.  
ІІІ Тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқушыларға келесі тапсырмаларды береді: оқулықтың 278-бетіндегі 2, 3, 4 тапсырмаларын береді.   Оқушылар мұғалімнің берген тапсырмаларын орындайды. 278бет. 2) а) мұнай және мұнай өнімдері, металл, астық; ә) мұнай және мұнай өнімжері; б) металл, астықтың; 3) а-мұнай өңдеу кәсіпорындары, ә-мұнай құрал-жабдықтарын шығаратын кәсіпорындары, б-нан өнімдерін шығару. 4) Орал: а)1584 жылы құрылған (қазіргі орнында 1613 жылдан бері), ә)224 мың, б) машина жасау, тамақ өнеркәсібі; Атырау: а) 1640, ә) 196 мың, б) мұнай өңдеу, машина жасау; Ақтөбе: а) 1869 ж, ә) 277 мың, б) қара металлургия, химия, машина жасау, тамақ өнеркәсібі; Ақтау: а) 1963 ж, ә) 174 мың, б) химия, машина жасау  
ІV Үй жұмысы: 1. §25 оқып, мазмұнын айту. 2. 280 бет – Тест сұрақтарын орындау. 3. 278 бет – 1 тапсырманы орындау. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.    
V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері және белсенділігі бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады, күнделіктеріне баға қойғызады.  
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.  

 

 

Сыныптар: 9 А


Тақырыбы:Солтүстік Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы.

Шаруашылық географиясы.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп географиясына тоқталу, өнеркәсіпті мамандандыру және халыққа қызмет ету салаларына тоқталып, экономикалық ауданның қалаларына сипаттама беру. Ішкі және сыртқы экономикалық байланыстар, экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдарына тоқталу.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары:Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия

Сабақ түрі:Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары:І кезең – ұйымдастыру (1 мин)


ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (3 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІ кезең – қорытынды (1 мин)


Сабақ барысы:

Кезең Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті  
І Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар мұғаліммен орындарынан тқрып амандасады. Сабаққа дайындалады.  
ІІ Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексереді. Ең алдымен дәптерлерінен тапсырмалардың орындалғанын тексереді. Кейін оқушылардың қалаулары бойынша немесе мұғалім өзі бір оқушыны тұрғызып үй тапсырмасын сұрайды. Тыңдап қателер жігін сараптайды. Оқушылар үй тапсырмаларының дәптерлерінде орындалғанын тексертеді. Оқушылар өткен тақырып бойынша тест сұрақтарының жауаптарын айтады. Мәтін соңындағы тапсырмалардың жауаптарын тексереді. Кейін мұғалім тексергеннен кейін қателерді түзетеді.  
ІІІ Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданын да өткен сабақтарда Орталық, Батыс, Шығыс Қазақстан экономикалық аудандарын меңгерген жоспарды пайдалана отырып меңгереді. 1. Ауданның ЭГЖ 2. Әкімшілік-аумақтық құрамы 3. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарына шаруашылықтық баға беру 4. Еңбек ресурстары мен халықтың тығыздығы 5. Аймақтық салалардың мамандандыруын анықтау 6. Көмекші және қызмет ету салаларын анықтау 7. Аумақтық-өндірістік кешендері 8. Өнеркәсіп орындарындағы салаішілік байланыстар 9. Ірі қалалары 10. Аймақтың қазіргі экономикасына сипаттама беру, экономикалық және экологиялық проблемалары, оларды шешу жолдары 11. Аудан экономикасының даму болашағы Жоспарды еске түсіргеннен кейін мұғалім Солтүстік Қазақстан ЭА-на қысқаша шолу
Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 345; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты