Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бірлестіктің тұрақтылығына тікелей әсер ететін агрожүйе системасының (топырақтың ластану т.б.) ықпалын сипаттаңыз




Топырақтың ластануы (Загрязнение почвы) — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады. Мысалы, ластанбаған топырақтадизентерия, сүзек және қылау қоздырғыштары 2—3 тәулік бойына сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақтың өзін-өзі тазалай алмайтын кезінде дизентерия қоздырғыштары бірнеше ай, сүзек пен қылау қоздырғыштары бір жарым жылға дейін сақталады. Топырақтың ластануы кейде әр дәуір аумаққа жайылады. Топырақтың химиялық ластануы — топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялықзаттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8—10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады.

Радиациялық сәуленің медицинадағы орнын көрсетіңіз

Радиациялық сәулелену — иондаушы сәулелердің түрлі объектілерге әсері. Радиациялық сәулеленудің көздері: ядролық жарылыс, жарылыс кезінде немесе басқа жағдайларда пайда болатын және жергілікті жер (акватория) мен атмосфераны зақымдайтын радиоактивті заттар болыл келеді.Әскери істе.Радиациялық сәулелену адам организміне және қару-жарақ пен әскери техниканың түрлеріне әсер етуіне көзқарас бойынша қаралады. Адам организмінің радиациялық сәулеленуі сырткы, ішкі және түйіспелі болуы мүмкін. Сыртқы сәулелену радиоактивтік заттар мен зақымданған жергілікті жерде болған кезде бүкіл организмге ядролық жарылыстың өтпелі радиациясылың немесе гамма сәулелердің әсер етуінен тұрады. Жеке құрамның радиациялық сәулелену дәрежесі жұтылған доза шамасымен анықталады. Ішкі сәулелену радиоактивтік заттардың организм ішіне тыныс органдары, асқазан-ішекжолы, жаралар арқылы түсуі салдарынан пайда болады. Бұл жағдайда ең көп иондандыру мүмкіндігі бар альфа-актив заттар аса қауіпті болып келеді.Түйіспелі сәулелену.

Киіммен қорғалмаған дене бөліктерінің бета-актив заттармен ластануынан болуы мүмкін. Жарылыстың барынша зақымданған заттарының ұзақ әрекет етуінен тері қатты зақымданады. Организмнің ішкі және түйіспелі сәулелену дәрежесі ішке немесе теріге түскен радиоактивті заттардың мөлшері бойынша анықталады. Радиациялық сәулеленудің зақымдау әрекеті гамма, бета, альфа сәулелердің және нейтрондардың тірі ткандердің молекулаларын иондау мүмкіндіктерімен байланысты, оның салдарынан қалыпты зат алмасу мен клеткалардың тіршілігі бұзылады.Радиациялық сәулеленудің қару-жарақ пен әскери техникаға әсерінен радиоэлектрондық аспаптар элементтері сипатының өзгеруі және оптиканың күңгірттенуі мүмкін.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 210; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты