Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Коммуникацияның басқару құралы ретінде мәні мен мазмұнын ашыңыз 12 страница




Рыноктың қазіргі жағдайы ақпараттың құндылығы мен маңыздылығының артуымен сипатталады. Қоғамды ақпараттандырудың өсу қарқыны жоғарылауда және тұтынушылар ақпараттың үлкен бөлігіне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болып отыр. Алайда, кәсіпорындар коммуникация көлемінің өсімін тұтынушыларға жететін ақпарат көлемінің өсіміне пропорционалды түрде арттыра алмайды.

Мұндай жағдайда маркетингтің коммуникациялық қызметі маңызы арта түсті, ал коммуникациялық құралдарының әлеуетін тиімді қолдану мәселесі аса өзектіге айналды.

Бәсекелестің ықпалының күшеюі жағдайында, әсіресе, бәсекенің бағалық емес факторлар мәнінің артуы жағдайында кәсіпорын өзінің коммуникациялық саясатының сапасына ерекше назар аударуы керек. Бұл коммуникациялық саясаттың әдістемелік негізін құру үшін қолданатын құралдар жиынтығы ретінде көрініс алатын және қол жеткізуге болатын коммуникациялық құралдардың әлеуетін толық пайдаланудың үлгісін жасау қажеттілігін дәлелдейді .

Қазіргі заманғы маркетинг клиенттердің талаптарын мұқият зерттеу мәселесін шешіп қоймай, сондай-ақ өндірушілердің жалпы пайдалылығы мен тиімділігін

және өткізу көлемін арттыру мақсатында жаңа тауарларға сұранысты қалыптастыру мен ынталандыру мәселесін шешеді. Ол үшін фирма өз

клиенттерімен тығыз өзара байланыс орнатуы керек.

Маркетингтің арнайы қызметі, яғни сұранысты қалыптастыру мен өнімді өткізуді ынталандыру үшін кәсіпорын мен оның өнімдерін тұтынатындар арасында коммуникациялық байланыстарды орнату мен дамытуға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін қажет. Коммуникациялық саясат инновациялық маркетинг кешенінің элементтер құрамына енеді, сондай-ақ сұранысты арттыру үрдісін жандандыруға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.

Тауарлар рыногында кәсіпорындар инновациялық саясатты жүргізу кезінде клиенттерді өздері мен ұсынылатын жаңа тауарлар туралы хабардар ету керек, өйткені бұл көбірек тұтынушыларды тартуға және рынокта оны жайғастыруға және өздері туралы жағымды қоғамдық пікірді қалыптастыруға мен өткізуді ынталандыруға мүмкіндік береді. Бұл шаралардың тиімділігі келесідей қағидаларды ұстанған кезде жоғарлайды:

- өз тауарлары туралы жан-жақты білу;

- бұрыңғы және әлеуетті тұтынушылар туралы;

- бәсекелестер туралы (олардың өнімдері, өткізу әдістері және басқа да

жайттары) толық мәліметтердің болуы .

Осының барлығын ескере отырып, бәсекелестерде жоқ тауарларды ұсыну және өткізу шарттарымен қамтамасыз ету керек. Бұл шаралардың басты мақсаты кәсіпорындарға деген жақсы қарым-қатынасты қалыптастыру, ал бұл өз кезегінде, не оның өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады, не беделі жоғары болуы есебінен өз қызметі үшін тиімді шарттар жасайды. Осыған байланысты, кәсіпорынның коммуникациялық саясаты, инновациялық қызметті жүзеге асырушы, рынокқа жаңа өнімді жылжыту саясаты ретінде және сұранысты қалыптастыруға және жаңа өнімді өткізу көлемін жоғарылатуға бағытталған әлеуетті тұтынушылармен және жалпы қоғаммен өзара байланысқан шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Қазіргі жағдайда қызметті сәтті жүргізу үшін коммуникациялық саясаттың немесе жылжыту кешенінің негізгі құрамдастарын жетілдіру маңызды.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 175; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты