Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Елді мекендер топырақтарының эпидемиялық қауіпсіздік көрсеткіштері




    Көрсеткіш Аймақтардың топырағы
қауіп-қатері жоғары* су көздерінің санитарлық күзет санитарлық-қорғаныш
таза ластанған таза ластанған таза ластанған
Ішек таяқшасы, кл/г 1-9 10 және жоғ. 1-9 10 және жоғ. 1-99 100 және жоғ.
Энтеробактериялар, кл/г 1-9 10 және жоғ. 1-9 10 және жоғ. 1-99 100 және жоғ.
Патогенді энтеро- бактериялар, кл/г - + - + 1-9 10 және жоғ.
Энтеровирустар, кл/г - + - + - +
Гельминт жұмыртқалары**, дана/кг - + - + 5-ке дейін 5-тен жоғ.
Патогенді қарапайымдылардың ішек цисталары***, дана/100г. - + - + 5-ке дейін 5-тен жоғ.
20х20см ауданындағы шыбын личинкалары - 10-ға дейін - 10-ға дейін - 10-ға дейін
20х20см ауданындағы шыбын қуыршақтары - жоқ - жоқ - Жоқ

*- мектепке дейінгі балалар мекемелері және мектептің, саябақтардың, скверлердің, үй жануарларын қыдыртатын, бақшалардың аумақтары;

**- аскаридалар, қылбастар, токсокарлар, онкосфералар, тениидтер;

***- лямблиялар, амебалар, балантидиялар, криптоспоридиялар.

 

әсерді болдырмайтын, олардың ең жоғары концентрациясы. Жоғарыда көрсетілгендей, топырақтағы химиялық заттар суға, атмосфералық ауаға өсімдіктерге миграцияланып, топырақтың өздігінен тазару қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Осыған байланысты, топырақтағы заттарды гигиеналық нормалау кезінде оның ең аз әсер ететін (табалдырықтық) және ең жоғары әсер етпейтін (табалдырықтықтан төмен) концентрацияларын зияндылықтың транслокациялық (фитоаккумуляциялық), суға–миграциялануы, ауаға-миграциялануы, органолептикалық, жалпы санитарлық және токсикологиялық сияқты негізгі көрсеткіштері бойынша анықтайды (Е.И. Гончарук, т.б. 1999). Зияндылықтың транслокациялық көрсеткіші заттың топырақтан өсімдікке ауысып, оларда жинақталу қабілетін сипаттайды. Зиындылықтың суға–миграциялануы көрсеткіші - заттардың жер беті және жер асты суларына өту қабілетін көрсетеді; ауаға-миграциялануы – топырақтан атмосфералық ауаға булану, су буларымен және басқа заттармен бірге булану арқылы жүреді. Зияндылықтың жалпы санитарлық көрсеткіші химиялық заттардың топырақтың өздігінен тазару қабілеті мен оның биологиялық белсенділігіне тигізетін әсерін сипаттайды; органолептикалық – эксперименттің экстремальды жағдайларында, тағамдық азықтардың көректік құндылығы, атмосфералық ауаның иісі, тағамдық өнімдер мен судың иісі, дәмі және түсі өзгеруінің дәрежесін сипаттайды. Токсикологиялық көрсеткіш бойынша, адам ағзасына миграцияның белгілі бір жолы арқылы немесе тікелей контакт арқылы, сол сияқты топырақ шаңымен бірге немесе барлық жолдар арқылы түскен заттардың бірлескен әсерінің улылық деңгейі анықталады. Зияндылық көрсеткіштерінің ішіндегі заттың әсер етпейтін концентрациясы ең төмен болған көрсеткіш, зияндылықтың лимиттеуші көрсеткіші болып табылады (II тарау), ал осы көрсеткіш бойынша әсер етпейтін ең жоғары концентрациясы ШРЕК ретінде бекітіледі.

5.3.-кестеде көрсетілгендей, химиялық тұрғыдан қауіпсіз топырақтарға ЭХЗ мөлшері ШРЕК аспайтын топырақтар жатады, салыстырмалы қауіпсіз топырақтарға – ЭХЗ мөлшері ШРЕК деңгейінен 10 есеге дейін жоғары топырақтар жатады. ЭХЗ мөлшері ШРЕК деңгейінен 100 есе және одан да жоғары болатын топырақтар аса қауіпті болып табылады. Топырақтағы мөлшері міндетті түрде анықталуы тиіс химиялық заттар 5.5.-кестеде көрсетілген.

Кесте


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 296; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты