КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кейбір тағамдық азықтардағы микроэлементтердің мөлшері, мкг/100г
Кесте Микроэлементтерді қабылдаудың қауіпсіз деңгейі (тәулігі)
Марганецті қабылдаудың қауіпсіз деңгейі, емшек еметін жастағы балаларға тәуілігіне 0,3-0,6 мг-нан, 11 және одан үлкен жастағы балаларға және үлкен адамдарға 2,0-5,0 мг дейін (8.8.-кесте). Тағамдық азықтардағы марганецтің мөлшері, ағзаға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін әдетте жеткілікті. Осыған байланысты, марганецтің алиментарлық жетіспеушілігімен байланысты аурулар адамда кездеспейді деп айтуға болады. Адамның тамақтануындағы марганецтің негізгі көзі- өсімдік азықтары – бидай, күріш, бұршақ тұқымдастар, петрушка, укроп (аскөк), қызылша, асқабақ, таңқурай, мұндағы марганецтің мөлшері 35 -тен 5000 мкг% дейін ауытқиды. Марганецке кофе мен шай өте бай (150-200 мг/кг). Марганецтің мөлшері 50-150 мкг% құрайтын бауырдан, бүйректен, кейбір балық түрлерінен басқа, жануартекті азықтарда аз – 3-40 мкг% (8.7.- кесте). Хром - биологиялық белсенді элемент. Ол нуклейн қышқылының алмасуына қатысатын ферменттік жүйенің құрамына кіреді. Глюкозаға төзімді фактор аталған, төмен молекулалы кешеннің құрамында хром, инсулин реттейтін барлық зат алмасу үрдістерінде инсулиннің әсерін күшейтеді. Ақуыз – энергия жетіспеушілігі бар балалардың рационына хром енгізу, глюкозаға қалыпты төзімділігін қалпына келтіреді, сондай-ақ сусамырмен ауыратын бірқатар ауруларға инсулиннің қажеттілігін азайтады. Хромның жетіспеушілігі, глюкозаға төзімділіктің төмендеуіне, гипергликемияға, глюкозурияға әкеп соғуы мүмкін. Хром, сонымен катар, липид алмасуында да белгілі бір роль атқарады, оның жетіспеушілігі, атеросклероз дамуына себепші болады. Йод жетіспеушілігі кезінде, хром тиреоидтық гормондарда йодты алмастыруға қабілетті. Мысалы, йод тапшы биогеохимиялық аймақтарда тұратын адамдарда хромның мөлшері қалыптымен салыстырғанда, едәуір көп жиналады. Хромның ағзаға артық түсуі, негізінен өндіріс жағдайында орын алады және жалпыулылық, нефро- және гепатоулылық, канцерогенді және аллергия шығаратын әсерімен байқалады. Хромның ағзаға қажеттілігі, жоғарыда келтірілген микроэлементтерге қарағанда, бірқатар төмен (8.8.-кесте). Хромды қабылдаудың қауіпсіз деңгейі: емшек еметін жаста 14-60 мкг, жасы үлкендеу балалар мен үлкен адамдар үшін – 50-200 мкг. Хромның ең көп мөлшері наубайлық ашытқыда, бауырда, ірі тартылған бидай ұнында, етте, құс етінде (8.7.- кесте). Молибден. Молибденнің зат алмасудағы ролі, оның бірнеше ферменттердің: несеп қышқылын түзумен жүретін ксантин мен гипоксантиннің тотығуын катализдеуші ксантиноксидазаның, сульфидті сульфатқа айналдыратын сульфитоксидазаның және альдегидоксидазаның құрамына кіретіндігімен байланысты. Тағамда молибденнің көп болуы кезінде, пуриндердің қарқынды ыдырауы нәтижесінде, көп мөлшерде несеп қышқылы түзіледі, олар бүйрек арқылы ағзадан шығып үлермей, буындарда еттің сіңірлерінде жиналады да, «молибден подаграсы» дамиды. Бұл ауру молибденнің көп мөлшерде болуымен және мыстың жеткіліксіздігімен сипатталатын биогеохимиялық аймақтарда эндемиялық сипатта болады. Молибденнің артық мөлшерін ұзақ уақыт артық қабылдау, фосфор-кальций алмасуының бұзылуына, сүйектердің пішінінің өзгеруіне, сульфитоксидазаның белсенділігі төмендеуіне және сульфиттердің үлкен мөлшерінің тіндерде жиналуына әкеп соғады. Молибденді қабылдаудың қауіпсіз деңгейі 0-5 жастағы балалар үшін 15-30 мкг-дан 11 және одан да үлкен жастағы балалар мен үлкен адамдар үшін – 75-250 мкг. Молибденнің жақсы табиғи көздері- қою-жасыл түсті жапырақты көкөністер, қызылша, таңқурай, қарақат, укроп, үрме бұршақ, сұлы жармасы (8.7.- кесте).
|