Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ




1. Тері рецептоларының түрлері:

A. жанасу, фоторецепторлар

B. терморецепторлар, хеморецепторлар

C. ауырсыну, дыбыс қабылдау

D. +++жанасу, терморецепторлар, ауырсыну

E. хеморецепторлар,фоторецепторлар, терморецепторлар

2. Тірек-қимыл жүйесінің белсаенді бөліміне жатады:

A. Сүйектер

B. Буындар

C. Байламдар

D. +++Бұлшық еттер

E. Синовиальды сұйықтық

3. Тірек-қимыл жүйесінің белсенді емес бөлігіне жатады:

A. Эпителиалды тін

B. Эпидермис

C. +++Байламдар

D. Бұлшық еттер

E. Кілегейлі тін

4. Ерікті қимылды реттейді:

A. Гипоталамус

B. Мишық

C. Жұлын

D. +++Ми қыртысы

E. Сопақша ми

5. Қыртыстың моторлық орталығы (соматосенсорлық аймақ):

A. Артқы орталық қатпар

B. +++Алдыңғы орталық қатпар

C. Шүйде бөлімі

D. Самай бөлімі

E. Маңдай бөлімі

6. Бұлшық еттің күшін зерттейтін аспап:

A. Спирограф

B. Спирометр

C. +++Динамометр

D. Сфигмоманометр

E. Флеботанометр

7. Бұлшық еттің биопотенциалын тіркеу әдісі:

A. Электроэнцефалография

B. +++Электромиография

C. Миография

D. Эргометрия

E. Хронаксиметрия

8. Бұлшық еттің моторлық – қимыл бірлігі:

A. Мотонейрон, афференттік талшық, ет талшықтары

B. Эфференттік талшық, афференттік нейрон, ет талшықтары

C. Ет талшықтары, преганглинарлық талшықтар

D. +++Мотонейрон, қозғалтқыш жүйе жүйесі, ет талшықтары

E. Афференттік талшығы, мотонейрон

9. Қызыл ядродан төмен кескенде (мысықта) пайда болатын өзгеріс:

A. Реверберация

B. Гиперкенез

C. Асинергия

D. +++Децеребрациялық сіреспе

E. Гипотонус

10. Ультракүлгін сәуленің әсерінен адам терісінде пайда болатын витамин:

A. Витамин А

B. Витамин В1

C. Витамин С

D. +++Витамин Д

E. Витамин Е

11. Мишық реттейді:

A. +++Бұлшық ет тонусы, жылдам қимыл, вегетативтік қызмет

B. Сомалық қызметі, баяу стереотиптік қимыл

C. Вегетативтік қызметі, бағдарлама рефлексі

D. Баяу стереотиптік қимыл, тамақ қабылдау

E. Баллистикалық және қосымша қимыл

12. Қыртыс жұлын жолы реттейді:

A. Вегетативтік қызметтерді

B. Тамырлардың тегіс еттерінің тонусы

C. +++Қаңқа етінің ерікті қимылдарды

D. Еріксіз қимылдарды

E. Ішек-қарынның тегіс етінің жиырылуын

13. Нәзік қимыл кезінде бұлшық етінің тонусын реттейтін ми бағанасының құрылымы:

A. Сопақгша ми

B. Варолий көпірі

C. Қызыл ядро

D. +++Қара зат

E. Төрт төмпешік

14. Ми бағанасын қызыл ядродан төмен жерден кескенде (децеребрациялық сіреспе) байқалады:

A. +++Жазылу бұлшық еттерінің тонусы жоғарылайды

B. Бүгілу бұлшық еттерінің тонусы жоғарылайды

C. Бүгілу бұлшық еттерінің тонусы төмендейді

D. Жазылу бұлшық еттерінің тонусы төмендейді

E. Бұлшық еттердің тонусы төмендейді

15. Жанасу сезімін өткізетін жол:

A. Флексига, Говерса

B. +++Голль және Бурдах будалары

C. Қызыл ядро – жұлын жолы

D. Қыртыс-жұлын жолы

E. Оливо-жұлын жолы

16. Ауырсыну және температура сезімін өткізетін жолдар:

A. +++Жұлын-таламус латералды

B. Ретикуло-жұлын

C. Қыртыс-жұлын

D. Қызыл ядро-жұлын

E. Жұлын-мишық

17. Жоғары өрлейтін жұлын-мишық жолдары:

A. Голль-Бурдах

B. +++Флексиг-Говерс

C. Монаков

D. Гельвег

E. Дейтерс

18. Тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлімін көрсетіңіз:

A. Сүйектер

B. +++Бұлшық еттер

C. Синовиальды сұйықтық

D. Буындар

E. Байламдар

19. Синовиальды сұйықтықтың ролі:

A. Қан түзу

B. +++Қоректендіру

C. Тыныс алу

D. Дренаждық

E. Сыртқа шығару

20. Буындағы сұйықтық:

A. ликвор

B. лимфа

C. синовиальды сұйықтық

D. серозды сұйықтық

E. фильтрациялық сұйықтық

21. Тірек-қимыл аппараты:

A. +++Сүйек, ет, байламдар

B. Сүйек, эпителий, бұлшық ет

C. Ет, паренхима, байламдар

D. Байлам, сүйек, эпителий

E. Синовиальды сұйықтық, ликвор, бұлшық ет

22. Терінің меланин пигментінің қызметі:

A. Механикалық қорғаныс

B. +++Ультракүлгін сәулелерден қорғаныс

C. Химиялық тітіркендіргіштерден қорғаныс

D. Микробтардан қорғаныс

E. Вирустардан қорғаныс

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК БОЙЫНША СҰРАҚТАР:

1.ҚР Білім туралы заңы қай жылы қабылданды:

A) +++2007 жылы 27 шілдеде

B) 2000 жылы 7 маусымда

C) 1993 жылы 8 мамырда

D) 1996 жылы 23 сәуір

E) 1992 жылы 9 желтоқсанда

2. Жоғары оқудан кейінгі клиникалық білім алу түрі:

A) резидентура

B) магистратура

C) бакалавриат

D) адъюнктура

E) докторантура

3. Академиялық демалыс білім алушыға беріледі:

A) ата-ананың өтініші бойынша

B) +медициналық көрстекіш бойынша

C) білім алушының тілегі бойынша

D) оқушының талабы бойынша

4. Жемқорлықпен күрес заңы мынадай мақсатта қабылданды:

A) мемлекеттік қызметкерлерге сенімсіздіктің туындауынан

B) жемқорлықтың кең таралуынан

C) жемқорлықпен күресудің негізгі қағидаларын анықтау

D) +++жемқорлықпен байланысты қауіпті болдырмау үшін

E) әлеуметтік тұрақтылық

5. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс қабылданды:

A) 2009 жылы қазанда

B) 2009 жылы қыркүйекте

C) 2009 жылы наурызда

D) 2010 жылы ақпанда

E) 2008 жылы қыркүйекте

6. ҚР Денсаулық сақтау заңнамасы негізделеді:

A) ҚР Конституциясына

B) халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесінің кодексіне

C) халықаралық келісім ережелеріне

D) денсаулық сақтау жүйесіндегі ҚР ДСМ нормативтік-құқықтық актілеріне

E) халық денсаулығын қорғаудағы ҚР Үкіметінің қаулысына және ҚР Президентінің бұйрықтарына

7. Магистр бұл:

A) жоғары оқу орнына сәйкес оқу бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже

B) +++ЖОО-дан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже

C) дарынды тұлғаларға арналған арнайы білім беру мекемелерінде жүргізілетін арнайы оқу бағдарламасы

D) мамандарына сәйкес доктарантураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергендерге берілетін жоғары академиялық дәреже

E) ғылыми және ЖЖО-да жоғары квалификациялы ғылыми және педагогоикалық кадрларды дайындау формасы

8. Бакалавр бұл:

A) ғылыми және ЖОО-да жоғары квалификациялы ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындау фоормасы

B) +++ЖОО-на сәйкес оқу бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже

C) клиникалық мамандығына сәйкес ЖОО-нан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу түрі

D) дарынды тұлғаларға арналған арнайы білім беру мекемелерінде жүргізілетін арнайы оқу бағдарламасы

9. Университет бұл:

A) технологиялық инновация және қолданбалы ғылыми зерттеулер, жоғары білімді мамандарды дайындау үшін қаржылық, интеллектуалдық және т.б. қорларды біріктіретін жоғарғы оқу орындарында, ғылыми мекемелерде және өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалар бірігіп жұмыс істеу негізінде ерікті түрде бірігуі

B) жоғары профессионалды оқу бағдарламасын игеруге, үш және одан да көп жоғары оқ орнына кейінгі мамандықты алуға, ғылыми педагогикалық қызметтерді жүзеге асыратын квалификацияны жоғарылатуды, кадрлар дайындауды жүзеге асыратын өз қызметі аумағында жетекші ғылыми әдістік аумағында жетекші ғылыми әдістік орталығы болып есептелетін білім мекемесі

C) ЖОО-ның клиникасы және ДСҰ, жергілікті денсаулық сақтау ұйымының бағасындағы жоғарғы деңгейде материалды-технолгоияның бағасы бар емдеудің медициналық көмектің барлық түрін қамтитын дәрігерлерді, ғылыми кадрларды қамтитын мекеме

D) Кадрларды қайта дайындауға және квалификацияның жоғарылатуға ғылыми-педагогикалық қызметтерді іске асыруда бір немесе екі мамандықтың топтарында жоғарғы кәсіптік оқу бағдарламасын іске асыратын білім мекемесі

E) толық инновиациялық цикл қызметтерін қамтитын, іздеу зерттейтін жүргізетін қолданбалы зерттеу және ғылыми зерттеулерін жұмыстарға негізделген ғылыми білім кешені

10. Оқу үрдісіне қандай мақсатта және қандай деңгейде қатысатыны жөнініде студенттердің жұмыс жиналысы:

A) эссе

B) +++портфолю

C) реферат

D) баяндама

E) сценарий

Практикалық дағдылар тізімі:

(емтиханның 2-ші этапы)

1-3. Адамның жұлын-ми рефлекстері – тізе, шынтақ,ахилл

4. Спирометрия

5. Цоликлондар арқылы қанның топтарын анықтау

6. Цоликлон Д-супер көмегімен резус-факторды анықтау

7. Коротков әдісімен қан қысымын анықтау

8. Электрокардиография

 

 

Қалыпты физиология модулінің меңгерушісі , доцент Рослякова Е.М


 

Құрастырушылар: доценттер Байжанова Н.С., Хасенова К.Х. Игибаева А.С.

№2 хаттама 09.09.2014.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-19; просмотров: 228; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты