КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Желі құрылымының сенiмдiлiгiн есептеуСтр 1 из 3Следующая ⇒
Синхронды сандық иерархия технологиясын қолданып желiнi жобалағанда ең маңызды мәселесi оның сенiмдiлiгiмен болашақта дамуын, өмiршеңдiгiн қамтамасыз ету. Синхронды сандық иерархия құрылғысы жеткiлiктi түрде сенiмдi. Құрылғыда басқару және бақылау қондырғылары, бұзылыстарды тез арада табуын жеңiлдетедi және тездетедi, сондай-ақ тез арада резервтi арнаға қосылуына мүмкiндiк бередi. Сақиналақ желiсiнде өткiзу қабiлетi жоғары талшықты оптикалық байланыс жолы қолданылады. Екi оптикалық талшық арқылы желiде әр бағытта бiр уақытта 1000 артық Е1 (2048 Мбит/с немесе 30 мың телефондық арна) ағынын беру қабiлетi бар. Желiдегi қандайда бiр бөлiктiң бұзылуы байланысты тоқтатады, бiрнеше мың пайдаланушылар үшiн және телекоммуникация компаниясы үшiн үлкен экономикалық шығынға ұшыратады. Мұндай жағдайлар болмау үшiн арнайы шаралар қарастырылады. Желiнiң сенiмдiлiгiн тұрақтылығын арттыру үшiн желiге резервтi сыйымдылықтар, арналар орнатады. Сақиналық желiлердi құруда екi сұлбасы бар: а) бiр бағытталған сақина; б) екi бағытталған сақина. Бiр бағытталған сақинада кiретiн ақпараттық ағын сақинаның екi жартысы бойынша бағытталады. Бұл жағдайда қабылдағыштағы мультиплексор екi ағынды да қабылдап ең жақсысын таңдап алады. Сигналды беру үшiн екi талшықта қолданылады, оның бiреуi негiзгi екiншiсi резервтi. Негiзгi талшық бойынша ағын бағыты сағат тiлiне бағыттас, ал резервтi арнамен қарама-қарсы бағытта жүредi. Сондықтанда бұл сақина бiр бағытталған деп аталады. Екi бағытталған сақина сұлбасы бойынша екi талшықпен сигналдың екi жақтануы болмайды. Маршрутты қорғауды былай ұйымдастырады сигнал екi қарама-қарсы бағытта берiледi, оның бiр бағыты негiзгi, ал екiншi бағыты қорғауға арналған. Желiде үзiлiс болған кезде негiзгi сақинадан резервтiге ауысып қосылады және екi бағытталған қосарланған сақина әдiсiн ұйымдастыру болып табылады. Бұрындары желілік құрылымдар сенімділігін құру кезінде сенімсіз элементтер ретінде желінің түйіндері немесе аймақтары қарастырылатын. Дегенмен синхронды сандық иерархия желілерінде құрылғыларының күрделенуіне және желілік тракттың оптикалық құрылғысының сенімділігінің артуына байланысты жағдай өзгерді. Мысалы, жұмыс істемей қалулар көбінесе желіде емес, синхронды сандық иерархия желілерінде болады. Сондықтан мұнда құрылғылар мен желілердің жұмыс істемей қалуының барлық түрлері егжей-тегжейлі қарастырылатын жаңа әдіс қолданылады. Бір түрдегі барлық элементтер бірдей сенімділігі бар деп аламыз. Сонымен қатар, оптикалық талшықтың және сымның барлық бүлінулерін бөлек қарастырамыз, дегенмен оптикалық-талшықтың бүлінуі ықтималдығы едәуір төмен. Есептемес бұрын әр қабырғаның сенімділік ықтималдығын 0,9 – ға тең деп қабылдаймыз. Сонда есептеу келесі өрнекте болады.
Сақиналы желінің толық жұмыс істеу мүмкіндігі кезінде:
Р(АТС 36, АТС 23)= 1– (1– Ра).(1-Pb.Pc.Pd.Pe)= 1– (1– 0,9).(1– 0,65)= 0,93; Р(АТС 36, АТС 29)=1- (1- Рa.Pb).( 1- Pc.Pd.Pe)=1- (1- 0,81).(1- 0,73)=0,95; Р(АТС36, АТС 30/31)=1- (1- Рa.Рb.Pc).(1 – Pd.Pe)=1- (1- 0,73).(1- 0,81)= 0,95; Р(АТС 36, АТС 46)=1- (1- Рa. Рb.Рc.Pd).(1- Pe)=1- (1- 0,65).(1- 0,9) = 0,96.
а қабырғасы бұзылған кезде:
Р(АТС36, АТС 23)= Pb.Pc.Pd.Pe = 0,94 = 0,65; Р(АТС 36, АТС 29)= Pc.Pd.Pe = 0,93 = 0,73; Р(АТС 36, АТС 46)= Pd.Pe = 0,92 = 0,81; Р(АТС 36, АТС 30/31)= Pe = 0,9.
b қабырғасы бұзылған кезде:
Р(АТС36, АТС 23)= Pа = 0,9; Р(АТС 36, АТС 29)= Pc.Pd.Pe = 0,93 = 0,73; Р(АТС 36, АТС 46)=Pe = 0,92 = 0,81; Р(АТС36, АТС 30/31)= Pd.Pe = 0,9. с қабырғасы бұзылған кезде:
Р(АТС 36, АТС 23)= Pа = 0,9; Р(АТС 36, АТС 29)= Pа.Pb = 0,92 = 0,81; Р(АТС 36, АТС 46)=Pe = 0,9; Р(АТС 36, АТС 30/31)= Pd.Pe = 0,81.
d қабырғасы бұзылған кезде:
Р(АТС 36, АТС 23)= Pа =0,9; Р(АТС 36, АТС 29)= Pа.Pb = 0,92 = 0,81; Р(АТС 36, АТС 46)= Pe = 0,9; Р(АТС 36, АТС 30/31)= Pa.Pb.Pc = 0,93 = 0,73;.
e қабырғасы бұзылған кезде:
Р(АТС 36, АТС 23)= Pа = 0,9; Р(АТС 36, АТС 29)= Pа.Pb = 0,92 = 0,81; Р(АТС 36, АТС 46)= Pa.Pb.Pc.Pd =0,94 = 0,65; Р(АТС 36, АТС 30/31)= Pa.Pb.Pc = 0,93 = 0,73
Есептеулердің барлығын қорытындылай келе Кесте 3.7-ге енгіземіз. Mathcad бағдарламасындағы есептеу нәтижелері Қосымша В келтірілген.
Кесте3.7 – «Сақина» топологиясының сенімділігі
Кесте 3.7-де «Сақина» топологиясының сенімділігі есептеліп: қосылыс сенімділігі, бұзалған қабырғалар, бұзылусыз сенімділік көрсетілген. Синхронды сандық иерархия құрылғысы жеткiлiктi түрде сенiмдi. Құрылғыда басқару және бақылау қондырғылары, бұзылыстарды тез арада табуын жеңiлдетедi және тездетедi, сондай-ақ тез арада резервтi арнаға тиімді әрі сенімді, ыңғайлы және тез қосылуына мүмкiндiк бередi. 4 өміртіршілік қауіпсіздігі
Бұл бітіру жұмысында Атырау қаласындағы NGN желісін құру қарастырылды. Осыған байланысты телекоммуникациялық қызметтерді дыбыс, мәліметтер және бейне сияқты тәуелсіз тасымалдау жүйелерін бір жүйеге интеграциялау жолымен жаңа деңгейде қамтамасыз етеді және клиенттерге қосымша сервистер ұсынады. Жұмыста NGN желісі үшін Huawei Technologies компаниясының жабдығын орнату таңдалды. Өміртіршілік қауіпсіздігі тарауында электрқауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында коммутаторлар, серверлер және базалық станциялар сияқты жабдықтарды жерлеу жұмысы орындалды.
4.1 Электр қауіпсіздігі
Электр қауіпсіздігі—адамдарды электр тоғының, электр доғасының, электрлі магнит өрісінің және статикалық электрдің зиянды және қауіпті әсерінен қорғанысын қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шаралардың және құралдардың жүйесі. Жергілікті электр жарақаттары электр тогының дене ұлпалары мен мүшелерін зақымауы: күюлер, электр таңбалары, терінің электр металдануы және электроофтальмия (көздің қарығуы) болып табылады. Электр күюі адам денесінен елеулі ток мөлшері өткенде болады. Ток өткен ұлпаларда кез келген кедергілердегі сияқты жылудың бір шамасы ток пен кернеуге пропорционал бөлінеді.үлкен ток мөлшерінде бұл жылу дененің температурасын 60-700С дейін қыздырады, бұл жағдайда белок бүріледі де күйік пайда болады. Мұндай күйіктер денеге терең енеді де өте ауыршаң болады және ұзақ емдеуді қажет етеді, ал кейде жартылай немесе толықтай мүгедектікке соқтырады. Кернеуі 35 кВ және одан жоғары электр қондырғыларында ток жүретін бөліктеріне жанаспай-ақ жақын қayinтi қашықтықта өткенде де күйдірулер тудыруы мумкін. Бұл қашықтық аз немесе разрядтыққа тең болғанда, алдымен ұшкын разряд пайда болады, ол электр доғасын жасайды. Ал доғаның температурасы 4000°С жетеді. Ток өткен адам денесі қатты қызады да күйеді. Токтың әсерінен бұлшық еттер күрт қыскарады, ол доғанын. жарылысына соқтырады. Ток адам денесінен тез өткендіктен, демалуы мен қан айналымы токтауының болмауы мүмкін, бірак алынған күйік аса ауыр болады және өлімге соктыруы ықтимал. 1000 В-ка дейінгі электр кондыргыларында да электр доғалык күйдірулер болуы мүмкін. Бұл жағдайда электр доғасы ток жүретін бөліктер арасында тууы мүмкін, ал адам осы доғаға соқтығуы мүмкін. Сондай-ак, күюлер ток соқпай-ақ адам қатты кызган электр жабдығына, ұшкындаған металл бөлшектерге және т.б. жанасқанда болуы мумкін. Электр доғалык күйдіру әр түрлі кернеулердегі электр қондырғыларында кездеседі Бул ретте 6-10 кВ дейінгі кондырғылардағы күйіктер кездейсок кыска тұйыкталулардан болады. Мысалы, 1000В-дейінгі электр қалқандарында, жинағыштарда жұмыс істегенде, 1000 В-тан жоғары қондырғыларды алмалы аспаптармен өлшегенде (токөлшеуіш қысқаштар) және т б. күюлер кездесуі мүмкін. Электр танбалары (ток белгілері ток жүретін бөліктермен жакын жанасканда пайда болады. Олар ортасы сәл тереңдеген көлемі 1.5 мм дөңгелек немесе сопакша болып келген сұр немесе сарғылт түcтi сүйел түрінде катайган ісікше сиякты болады. Электр белгісінің шеттepi ак немесе сұр көмкермемен анык шеттелген. Электр белгілерінің салдары улкен мөлшерде жайсыз болуы мумкін. Tіpi ұлпаның улкен көлемде терең закымдалуы ауырмаса да баска мушелерге зиян келтіреді. Tepiнің электр металдануы - ток әсерінен металл бөлшектерінін шашырауының, мысалы, доғаның жануында, тері астына өтуi. Мұндай құбылыс жүктемедегі қыска тұйыкталуда, ажыраткыштар мен айырғыштарды ағытуда кездеседі. Бұл ретте балкыған металдың ұсак шашырандылары пайда болған динамикалык күш пен жылу ағыны әсерінен жан-жакка үлкен жылдамдыкпен ұшады. Осы ұсак бөлшектердің әркайсы өте үлкен температураға ие болса да жылу запасы аз болады. Сондықтан киім жанбайды, дененің ашык жерлері кол мен бет закымдалады. Механикалык закымданулар адам 380В кондыргыларда кернеу астында узак уакыт жумыс істегенде кездеседі және, әдетте, емдеуді кажет ететін елеулі жаракаттар болып табылады. Электроофтальмия (көздің қарығуы). Электр доғасының ультракөк сәулесінің немесе күюлердің әсерінен көздің зақымдануын электр жаракаттарына жаткызган жөн. Мұны болдырмау үшін жай шыны салынган корганыс көзілдіріктерін кисе болды, бұлар ультракөк сәулені өткізбейді және электр доғасы пайда болганда, көзді коргайды. Электрлік соғу аз ток - бірнеше жүздеген миллиампер және| соган сәйкесті кернеулерде (1000 В дейін) байкалады. Мұндай aз куатта жылу бөліну мардымсыз және күйік болмайды. Бірақ ток жүйкеге. булшык еттерге әсер етеді, закымдалган мүшелер cipeciп калады, ажалга әкеледі. Айта кету керек, үлкен ток сокканда (бірнеше ампер), журек токтауын немесе фибрилляцияны болдырмайды. әдетте ток әсерінен журек курт қыскарады және ток ажыратылганша осы куйде калады, содан кейін жумыс істей бастайды. Tiптi, егер журек сал немесе фибрилляция болганда адамның журегі аркылы жобамен 4-6 А ток өткізсе, онда токты ажыратканнан кейін журек жумыс істей береді. Miнe осы негізде токтаган немесе фибрилляцияланган журекті кайта қалпына келтіру үшін дефибриллятор аспабы қолданылады. Жүрек фибрилляциясы - жүрек булшык етінің талшыктарынын бейберекет әр турлі уакыт мөлшерінде кыскаруы, бұл жагдайда журек тамырга кан айдай алмайды. Жүрек фибрилляциясы бірнеше секунд ішінде 50 Гц жиілікпен 100 мА айнымалы токтын адам денесінен өткенінде пайда болады. Осы жиліктегі 5 мл-дан көп және 100 мА-дан аз ток журек фибрилляциясын тудырмайды. Токтың кыска уакыт әсерінде болган журек фибрилляциясында тыныс алу 2-3 минутке созылады. Токтан тез босаган адам есінен тайганга дейін бірнеше сөз айтып үлгереді және анык өмір нышандары болады, бірак журегі фибрилляцияга ұрынып, қан айдамайды. Кан айналымы болмаган сон, ағза оттегімен камтамасыз етілмейді осы адамнын халі күрт томендейді, тыныс алуы токталады. Нәтижесінде клиникалык өлім орын алады. әдетте журек фибрилляциясы кыска уакытка созылады да журек токтауымен аяқталады. Электр тогынан болган өлімжагдайында, өлім cебебі ең бipiншi журек токтауынан бұрын тыныс алудың токтауына байланысты болады. Ток өкпеге тіке сокканда, дем алуга катысатын кеуде eттepi жұмысы бұзылады. Токтың келесі шектік мәндерін бөліп атауға болады: - Токты сезу шегі –ең аз сезілетін ток (0,5 -1,5мА); - Босатпайтын ток шегі –адам өз бетімен бұлшық еттері электродтармен қамтылған әрекеттен босана алмайтын ең аз ток мөлшері (6-10мА). Бұдан аз токтар босататын болып есептеледі; - Қаза ететін(100 мА және одан астам) ток.
4.1.1 Адам денесінің кедергісі Адам денесі ток өткізгіш болып табылады. Tipi aғзаның әдеттегі өткізгіштерден өткізгіштік озгешелігі тек физикалык касиеттерінде гана емес, аса күрделі биохимиялык касиеттерінде болады. Адам денесі кедергісінің нәтижесінде көптеген факторларга, соның ішінде тepiciнің жагдайына, электр тізбегенін параметрлеріне және коршаган орта жагдайына сызыктык емес тәуелділігі бар ауыспалы шама болып табылады Дененің әр түрлі ұлпаларыныц кедергісі біркелкі емес: терінің, суйектердін, май ұлпасыньщ, сіңірлердің салыстырмалы улкен кедерісі бар, ал булшык ет улпасы, кан, лимфа және әcipece омыртка жұлыны мен бас мыйының - кедергісі аз. Тұтастай адамнын кедергісін анықтайтын басты фактор меншікті үлкен кедергісі бар тepi болып табылады. Адам денесі аркылы ток тізбегіндегі негізгі кедергі калыңдыгы 0.005-0,2 мм құрайтын тepiнің мүйізді сырткы кабаты болып табылады. Tepi кабаты алынган ішкі улпаньң кедергісі 800-1000 Ом-нан аспайды. Құрғақ закымдалмаған терінің кедергісі 10000 және тіптi 100000 Ом-га дейін жетеді. Адам денесінің кедергісі кен аукымда терінің жагдайына (кургак, ылгалды, таза, закымдалган және т.б.), жанасу тыгыздыгына, жанасу ауданына. кернеу мен токтын, көлеміне, сондай-ак токтын адамға әсер ету уакытына байланысты болады. Кесте 4.1-де ток пен берілген кернеуге адам денесінің кедергі келтірілген. Кесте 4.1- Берілген кернеуге адам денесінің кедергісінің тәуелділігі
Әдетте адам денесі кедергісінің зандастырылган шамасы 1000 Ом деп кабылданган. ¥сынылган Кесте 4.1-де берілгендер 1000 Ом-га жуык адам денесін, кедергісі босатпайтын токтарда кездесетінін көрсетеді, өлтіретін токта дене кедергісі 700 Ом-га дейін төмендейді. Ал босататын токта адам денесінің кедергісі әдетте 2000-2500 Ом- нан төмен болмайды. Қорғаныс кұрылғыларынын қажетті параметрлерін және үнемді қорғаныс шараларын белгілеу үшін (жерлендіру кедергісі, қорғаныс ажыраткышын орнату және т.б.) қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ток пен кернеудің адам денесінен өткендегі шектік мәндерін аныктау қажет. Адам денесінен өтетін токты арттыру терінің жергілікті кызуын күшейтеді және ұлпаны тітіркендіреді. Бул өз кезегінде орталык жуйке жуйесі арқылы агзаның жауап реакциясын тудырады: тамырлар кенейеді, кан айналымы артады және адам катты терлейді, ал ылгалданган тері токты жаксы өткізеді, бұл терінің осы жердегі кедергісін төмендетеді. Адам денесіне берілген кернеу Uh артуы адам денесінің, кедергісін Zв, ондаган есе темендетеді, сөйтіп адамның ұлпаларынын, кедергі ең төмен шекке (жобамен 300 Ом) жетеді. Көптеген тәжірибелер осы тәуелділіктің сипатын анықтайды, 6ipaқ әр зерттеушінің, өлшемдері әр түрлі болып келеді. Бул жургізілген тәжірибенің турліше жагдайларына байланысты болады. Берілген кернеуге байланысты адам денесінің кедергісінің томендеуі тepi кедергісінің азаюымен және ток өсумімен түсіндіріледі. Адам тepici аркылы өтетін токтың өcyi ен алдымен адам, денесіне берілген кернеудің артуына байланысты. Егер теріде пайда болған электр өpiciнің кернеуінің тесу кабілеттіліг Епр тәжірибелер керсеткендей 500-2000 В\мм тец болса, онда тері кабаты тесіледі. Байланыс кәсіпорындарында өндіріс процестердің жүзеге асыру үшін электрлік энергия кең қолданылады. Сондықтан электроэнергияны қолданғанда электротравматизмнен сақталу үшін келесі шарттар орындалу керек: - электрқондырғының токөткізгіш бөліктеріне жақындау немесе жанасу мүмкіндігін шектеу(жоғарыкернеулі қондырғыларда); - әр түрлі себептермен кернеу астында болуы мүмкін электр кұрылғының токөтізбейтін бөліктерінің қорғанысын жүзеге асыру. Адамды электртоғына зақымдануынан сақтау үшін негізгі 3 түрі бар: - қорнаныс жерлендіру; - қорғаныс нөлдеу; - қорнаныс ажырау. Изоляцияның бүлінуінің әсерінен кернеу астында қалған металды құрылымдарды немесе электр құрылғылардың корпусын ұстау нәтижесінде алынатын электрлік жарақаттарды болдырмау және аппаратураларды қорғау үшін қорғанысты жерлендіру орналастырылады. Ол электр қондырғылардың метал бөліктерін жермен әдейі жалғау арқылы жасалынады. Жерлендіру құрылғыларын (ЖҚ) жобалау кезінде адамның электр тоғымен жарақат алу ықтималдылығы ескеріледі. Алайда, бірде-бір салада және жалпы өмірде адамдардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін еместігі белгілі. Сондықтан, ЖҚ-ның аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін адам электр тоғымен жарақат алу қаупі жағдайының болу ықтималдылығын азайту деп түсіну керек. Эффективті жерлендірген желілерде электр қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп жерлендіргіштегі φж потенциалы 10 кВ-тан аспайтын, ал жерлендіргіштің нәтижелі кедергісі жылдың кез-келген мерзімінде 0,5 Ом-нан аспайтын болып саналады.
4.2 Еңбек шарттарын талдау
Атырау қаласындағы NGN технологиясының негізінде қондырылған телефондық байланыс қызметтерін ұсыну үшін ұлықсат түйінін тұрғызуының электрқауіпсіздігі қарастырылады. Ғимарат үш қабатты әкімшілік ғимарат түрінде салынған, онда сандық автоматты телефон станциясы АТСЦ-7 орналасқан. Оның ұзындығы А=60м, ал ені В=15м, Сурет 4.1- де көрсетілген.
Сурет 4.1 – 2-ші қабат жоспары Сурет 4.1-де көрсетілген:1 –жобаланған бөлме; 2 – есік; 3 – терезе; 4 – қабырға.
Жобаланған бөлмеге қондырылатын жабдықтар: - Коммутатор SoftX3000 - универсалды медиашлюз UMG8900 Бөлменің сипаттамасы: ұзындығы L = 5,5 м, ені В = 2,7 м, биіктігі Н = 3 м, Сурет 4.2-де көрсетілген. Сурет 4.2 - Өндірістік бөлменің жоспары
Сурет 4.2 -де өндірістік бөлменің сипаттамасы көрсетілген, мұндағы:
1 – Есік жақтауы; 2 – Терезе жақтаулары; 3 – Операторлардың жұмыс орындары; 4 – Жабдықтар.
Қондырғыларда 3 адам қызмет істейді: 2 кезектік оператор-технолог және 1 тазалықшы. Күндізгі кезекте 1 инженер жұмыс істейді, тәулігіне бір уақыт тазалықшы келіп тұрады. ГОСТ 12.1.005-88 ССБТ «Жұмыс ортаның ауасы, ортақ санитарлы-гигиеналық талаптар» негізінде біздің бөлмедегі адамдардың жұмысы I категорияға жатады.
4.2.1 Электр қауіпсіздігін бағалау
SOFTSWITCH және MEDIA құрылғылары келесі шарттарда оптималды түрде жұмыс істейді: - 0-ден 40 0С-қа дейінгі температура; - 5-тен 95 пайызға дейінгі ылғалдылық, конденсацияланбаған; - қоректенуі: айнымалы ток кернеуі 100-ден 220 В-қа дейін, жиілік 50/60 Гц, ток 2 – 5 А; тұрақты ток кернеуі 48-ден 60 В-қа дейін, жүктеме тогы 2 – 4 А; - Softwitch жүйенің қуаты, компоненттердің қуаты Кесте 4.3-те көрсетілген.
Кесте 4.3- SoftX3000, UMG8900 компоненттердің қуаты
Кесте 4.3-те көрсетілген барлық жабдық сертификатты болғандықтан, кәсіптік қауіп класын минималды деп анықтаймыз.Қауіпсіздік шараларының қатынасында электр құрылғылары жұмыстық кернеуі 1 кВ-қа дейінгі құрылғылар қатарына жатады. Электр тогымен жаралану қаупінің дәрежесі бойынша бөлме аса қауіпті емес класқа жатады, себебі ол мына талаптарға сәйкес: - құрғақ; - қалыпты температуралы; - оқшауланған еденді; - шаңсыз. 4.2.2 Қорғаныс жерлеуді есептеу
Жерлеу түрі – контурлы , мұнда жерлеу құрылғылары контур бойынша ғимаратты қоршай орналасады. Ғимарат келесі өлшемдерге ие: A=50 м, B=20 м. Контур тікелей электодтардан- контур периметрімен бірдей көлденең жолақпен қосылған, диаметрі d = 50 мм, ұзындығы lв = 3 м болат құбырлар:
(5.1) формулаға мәндерді қойып: L2 = Pк = (50+20) 2 = 140 м. Көлденең электрод ретінде 40´4 мм қимасы бар болат жолақты аламыз. Электродтардың жерде орналасу тереңдігі t0 = 0,5 м. Грунттың меншікті кедергісі P = 80 Ом·м. Табиғи жерлеу құрылғысы ретінде кедергісі RC =20 Ом темірбетон арматурасы алынады. Жерлеу тогі IЗ = 70 А. Коэффициентті қолдану әдісі бойынша есепттеу жүргіземіз. Жерлегіштегі қажетті кедергі тарауы ПУЭ:
Табиғи емес жерлегіштің қажетті кедергісі:
Тікелей электродтардың саны:
мұнда а – тікелей жерлегіштер аралығы, мына шартпен қолданылады = 1;2;3, біздің жағдайымызда, а=3 м. (4.4) формулаға мәндерді қойып:
Көлденең және тікелей электродтары үшін грунттың есептік меншіктік кедергісін анықтаймыз:
мұнда kC – мезгілдік коэффициенті, Казахстан үшін – kC=1,4; kC' = 2,5, грунттың кебуі мен қатып қалуын ескереді де, климат аймағына тәуелді болады. (4.5) формулаға мәндерді қойып:
Pесеп.в = 1,4´80 = 112 Ом·м, Pесеп.г = 2,5´80 = 200 Ом·м.
Электродтардың таралуының есептік таралуы – тікелей Rв:
Көлденең электрод Rг:
.
Көлденең және тікелей электродтар үшін қолдану коэффициентін анықтаймыз:
ŋв=0,4; ŋг =0,21
Таңдаған жерлегіш үшін таралу кедергісін табамыз:
Жерлегіштің талап ететін және есептік кедергісінің ауытқуы:
ΔR = Rтр- Rгр = 1,95-0,8 = 1,15 Ом.
Жерлегіштердің арларын а = 6 м деп алып, олардың санын азайтамыз, онда
Сурет 4.3-те жерлегіштердің орналасу сұлбасы көрсетілген. Жерлегіштердің аралығы а = 6 м, жерлегіштердің саны nв = 25 дана. Сурет 4.3 – Жерлегіштер контурының орналасу сұлбасы Суретте 4.3-те 1- жерлегіш; 2 – жерлеу магистрлі көрсетілген. Жерлеу өткізгіштері ретінде қимасы 48 мм2 жолақтық болатты аламыз. SOFTSWITCH және MEDIA құрылғылардың оптималды түрде жұмыс істеу шарттарын қарастырып, электр қауіпсіздігін бағалау жүргізілді. Қорғаныс кұрылғыларының кажетті параметрлерін және унемді корганыс шараларын белгілеу ушін жерлеу кедергісін есептедім. Жерлеу түрі – контурлы , мұнда жерлеу құрылғылары ғимаратты қоршай орналастырылды.
4.3 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
4.3.1 Зиянды заттардың атмосфераға сейілуін анықтау
Өндiрiстiң қарқындап дамуына жəне отын түрлерiн кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектiң қоры азайып, ал көмiрқышқыл газының мөлшерi жоғарылауда. Нəтижесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды деуге болады. Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердiң қалыпты жұмыс iстеуiне, т.с.с. көптеген организмдерге зияндыəсерiн тигiзедi. Ауа бассейнiнiң мөлдiрлiгiнiң өзгеруiне атмосферадағы көмiрқышқыл газының үлкен əсерi бар. Жыл сайын атмосферадағы оның мөлшерi 0,4 % артып отыр, қазiргi кездегi атмосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi 0,032 %. Кейбiр есептеулер бойынша атмосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi əр 23 жыл сайын 2 еселенiп отырады. Көмiрқышқылгазы инфрақызыл сəуленi — жылу сəулесiн сiңiредi, оның мөлшерi белгiлi бiр концентрацияға жеткенде қоршаған орта-дағы жалпы температураның жоғарылауына əкелiп соғуы мүмкiн. Атмосферадағы озонның мөлшерi (көлем бойынша) 2х 10 %, бiрақ ол Жер бетiн күн радиациясынан қорғап тұрадыжəне бактерицидтiк қасиетi бар. Атмосфераның күкiрттi қосылыстармен ластануы қазiргiтаңдағы аса маңызды проблемалардың бiрi болып отыр. Күкiртатмосфераға 5000 жылдан астам уақыт бойы бөлiнiп отыр.Күкiрт оксидтерi өсiмдiктерге, жануарлар мен адам организмiне зиянды əсер етедi. Атмосферада күкiрт (1V) оксидi кү- кiрт (V1) оксидiне дейiн тотығады да, су буларымен қосылып,күкiрт қышқылына айналады. Күкiрт қышқылы атмосфералықжауын шашынмен бiрге қышқыл жаңбыр түрiнде жерге жауа-ды. Қышқыл жаңбырлар су экожүйелерiне зиянды əсерiн тигiзедi, ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуiн тежейдi, сөйтiп үлкен экономикалық шығын келтiредi. Атмосфераға бөлiнген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылады. Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жинақталуы тiршiлiкке үлкен зиян келтiредi. Мышьяк пен хром рак ауруларының тууына себеп болады. Ал селенменуланған организм өлiмге ұшырайды. Атмосфераның антропогендi ластану жолдары жылу энергетикасы, мұнай, газ өңдеу өнеркəсiптерi, транспорт, термоядролық қаруларды сынау, т.б. арқылы жүредi. Бұлардың əрқайсысы құрамы ондаған мың компоненттерден тұратын түрлi қоспаларды атмосфераға бөлiп шығарады. Ауа кеңiстiгiн ластайтын қосылыстар көмiртек оксидтерi, күкiрт пен азот қосылыстары, көмiрсутектер мен өндiрiстiк шаң тозаң. 1 жыл iшiнде атмосфераға 200 млн тонна көмiртек оксидi (СО), 20млрд тонна көмiрқышқыл газы , 150 млн тонна күкiрт оксидi, 53 млн тонна азот оксидтерi , 50 млн тонна түрлi көмiрсутектер бөлiнедi.
4.3.2Атмосфераның шумен ластануы
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңiнде атмосфераның шумен ластануы да бiрқатар зардаптарын тигiзуде. Деңгейi шамамен 90-120 децибел болатын шулар адамның жүйке жүйесiне əсер етiп, есту органдарының қызметiн нашар-латып, тiптi кейбiр жағдайларда жүйке — психикалық ауру-лардың пайда болуына себеп болады. Үздiксiз қатты шу əсерiнен перифериялық қан тамырлары тарылып, бұлшықеттер мен миға қанның келiп жетуi қиындайды. Деңгейi 130 де-цибелден асатын шу акустикалық травмалар туғызады. Ал кенеттен болған қатты шу əсерiнен жүректiң тоқтап қалуы да байқалады. Осыған байланысты шудың əсерiн төмендету үшiн бiразшаралар жүзеге асырылады. Мысалы, үлкен қалаларда жасылөсiмдiктер шудың деңгейiн бiршама төмендетедi. Олар түскен шу энергиясының 20% жұтады. Бүнымен бiрге шуды сiңiрушi конструкцияларды, экрандар орнату сияқты шаралар да атмосфераның шумен ластануынан қорғайды.
4.3.3Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау жолдары
Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын жəне зиянды қалдықтардың мөлшерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн iс-шараларды төмендегiдей 3 топқа бөлуге болады: – Зиянды қосылыстар түзiлетiн технологиялық процестердi жақсарту жəне мүмкiндiгiнше зиянды заттар аз бөлiнетiн жаңа технологияларды өндiрiске енгiзу. – Отынның құрамын, аппараттар мен карбюрацияны жақсарту жəне ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардың түсуiн азайту немесе мүлде болдырмау. – Зиянды қосылыстарды бөлетiн объектiлердi тиiмдi орналастыру жəне жасыл өсiмдiктердi көптеп отырғызу, егу. Атмосфералық ауаның ластануымен күресу мəселесi күрделi, жан-жақты жəне үлкен материалдық шығындар мен күштiқажет етедi. Дегенмен ғылыми-техникалық прогресстiң қазiргi заманғы даму деңгейi адам организмi мен қоршаған ортаға зиянды əсер ететiн заттардың түзiлуiн жəне бөлiнуiн азайтып, ластанудың алдын-алудың iс-шараларын жасауға мүмкiндік бередi.
5 БИЗНЕС-ЖОСПАР
5.1 Жұмыстың мақсаты Жұмыстың негізі байланыс қызметін көрсету үшін интеграциялық желі құру болып табылады. Жұмысты жүзеге асыру нәтижесінде тек дәстүрлі ғана емес, қосымша байланыс қызметін көрсетуге қол жеткіземіз. - желі арқылы дауыс, бейне жазба және басқа да мәліметтер жіберу қызметі; - Интернетке қосылу мүмкіндігі; - компанияның бөлімшелері арасында және басқа мекемелермен ақпарат алмасу; - бұл желі күннен күнге артып келе жатқан жаңа сападағы коммуникациялық қызметке деген сұранысты қанағаттандырады. Мәліметтерді өте жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігіне байланысты желі арқылы бір мезетте жай телефон сөйлесулерімен қатар, факс жіберуге, радиохабарлама жасауға, телевидение қызметін көрсетуге болады,сондай-ақ қазіргі заманғы бейнеконференция корпоративтік желі сияқты іскер қатынас құру мүмкіндігі туады. Жобаның басты мақсаты тұрғындардың және халық шаруашылығының жоғары сапамен ақпарат таратуға деген сұранысын толық қанағаттандыру. Комерциялық мақсатына келсек: - жоғарыда аталып кеткен байланыс қызметін көрсету арқылы барынша пайда табу; - компанияны байланыс қызметі нарығында оператор ретінде орнықтыру. Бизнес-жоспардың мақсаты автоматтандырылған телефон станциялары жұмысының экономикалық тұрғыдан тиімділігінің параметрлерін есептеп шығару. Экономикалық тиімділік параметрлері мыналар: - негізгі қызметтен алынатын табыс; - таза табыс; - кәсіпорынның рентабельділігі.
5.1.1 Нарық
SDH қондырғылары нарығындағы әлемдік өсім 2009-2014 жылдары 30 пайызды, ал Орталық және Шығыс Европадағы өсім 35 пайызды құрады. Операторлардың ескірген SDH, PDH және ТЧ қондырғыларын NGN-ке ауыстыру тенденциясы байқалады. NGN желісі телефон желісі, ISDN, Gethernet, ұялы телефон желісі, мәліметтерді тарату желісі сияқты кең көлемді қызмет ұсынылатын екінші дәрежелі желілерге платформа бола отырып, икемді, берік және басқару тұрғысынан жеңіл транспорттық инфрақұрылым құрады. Атырау қаласының аумағындағы телефон желісі пәтер иелеріне, қаланың іскерлік салаларына, күнделікті өмірде телефон және факс байланысын, компьютерді тұрақты пайдаланатын абоненттерге телекоммуникациялық қызмет көрсетуге бағытталған. Қазір Қазақстанда ұялы, пейдждік, бейне байланыс қызметін ұсынып жатқан операторлар көп. Сондықтан байланыс қызметін көрсету нарығындағы бәсекелестік жоғары. Ал бәселестермен күресудің бір тәсілі абоненттік төлемдердің мөлшерін азайту, терминалдарға қосылуға жеңілдіктер беру болып табылады.
5.1.2 Қызметтер
NGN желісі дүниежүзі бойынша көп жерлерде кең ауқымды қызмет ұсынатын «әлемдік дәрежедегі» коммутациялық жүйе. NGN жүйесі қызмет диапазонын кеңейту үшін таптырмайтын коммутациялық негіз ұсынады және де дүниежүзіндегі желілерді жабдықтаушылардың міндеттерін орындауына жағдай туғызады: - жетілген қызмет түрлерін ұсыну мүмкіндігі; - құлаш жайғанда икемділікті қамтамасыз ету мүмкіндігі; - шығыс қысқарғанда желілерді біріктіру; - эксплуатациялық шығындарды азайту. NGN цифрлік желісі өз абоненттеріне жоғарысапалы телефон және факс байланысын ұсынады, басымды халықаралық және қалааралық байланыс арналарына шығу, IP, GE технологиясын пайдалану арқылы мәлімет тарату, интернетке қосылу, интеллектуалдық желі қызметін қолдану мүмкіндігін береді. Сондай-ақ көптеген телекоммуникациялық шешімдерді, келешек есептеулерді шығаруға жағдай жасайды. Қызмет көрсету аясын кеңейтуге ақпараттардың халықаралық көздеріне кірігуге, байланыс бекеттері арасындағы қатынасты күшейтуге әрі арттыруға болады. Нім NGN - бұл гетерогенді мультисервистік желі, медиатрафиктің бүкіл түрін тасымалдайтын және телекоммуникациялық қызметтердің шектелген спектрін таратып беру, оларды қосу, редактірлеу,трафиктің таратылуы, мүмкіншілігімен. OSI моделінің жоғарғы деңгейлерінде NGN- желісі қойылған сервистердің құрылуы открывает массу возможностей построения наложенных сервисов поверх универсальной транспортной среды - от пакетной телефонии (VoIP) до интерактивного телевидения и Web-служб. Жаңа ғасыр желісі пайдаланушыға қызмет көрсету мен оның орналасу жерімен ерекшелінеді.(Ethernet, xDSL, Wi-Fi и т. д.).Мұндай жағдайда, желінің әр жерінде шығарылған , әр түрлі қызмет пайдаланушыға рұқсат етілген. NGN желісінің сәулеті мультиқызмет көрсету желісің құруға көзделген, ол аймақтық және магистралды деңгейлерден тұрады. Аймақтық деңгейде мультиқызмет көрсету желісі абоненттің қосылуын қамтамасыз етеді және оларға қызмет көрсетуді көліктік және қолданбалы қызмет ретінде көрсету.(Value Added Services). Бұған қоса, ол басқа аймақтық желілер инфрокоммуникационды қызметтермен тіресуі мүмкін. Магистральді деңгейде құрылып жатқан NGN конвергентті трафиктің мөлдір транзитіне жауап беру керек. NGN-ның ең басты архитектуралық ерекшелігі - дестені тасымалдау және бағдарлау, көліктік инфрақұрылымның базалық элементтері физикалық және логикалық жағынан шақыруларды басқару және қызметтерге қатынас құру механизмдері бір құрылғыға бөлектелінген. NGN желісін құрудағы қолданылатын жабдықтар: - коммутатор, шақыруды логикалық өңдеу, қосымшалар серверлеріне қатынас құру, ИСС – ға қатынас құру, статистикалық ақпаратты жинау, тарификациялау, ТфОП желісіне өзара сигналды қатынас және дестелік желінің ішінде, орнатылған байланысты басқару және т.б.. Иілгіш коммутатор коммутацияның басқару деңгейінің функциясын және ақпаратты тасымалдау негізгі құрылғысы болып келеді; Медиа-ретқақпа, бар желіге қатынас құру құрылғысы. Ретқақпа жабдықтары желінің сигналды ақпаратты функциясын түрлендіреді, сонымен қатар көліктік арналардың ақпараттарын IP/ұяшықтарына және АТМ, дестелерді IP/ 9яшы0тар5а АТМ- ға бағдарлауын түрлендіру. Ретқақпалар желінің көліктік деңгейінде функцияналдайды.
5.1.4 Маркетинг
Бағаның құралуын талдаған кезде келесі жағдайларды ескеру қажет: - қызметтің өзіндік құны; - ұсынылып отырған қызметке бәсекелестердің бағасы; - бұл қызметтің ерекшелігі; - бұл қызметке сұранысқа байланысты бағасы. Мәртебесі жоғары компания құрған кезде бағаларды салыстырмалы түрде жоғары ұстаған жөн, бірақ жылжымалы Интернет сияқты рынокта бар қызметтердің бағасы бәсекелестердің бағасынан жоғары болмауы керек. Қызметтердің жаңа түріне баға мүмкіндігінше жоғары болу керек. Фирманың бағалық политикасы жоғары сапа – жоғары баға принципіне негізделуі тиіс. Фирманың максимал мүмкіндігін қолдану үшін төмен бағалар, льготалық уақыт және басқа акциялар енгізу мүмкіндіктерін қараған жөн.
|