КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жүрек-тамыр жүйесі» модулі
Жүрек соққысы жүректің қай бөлімі ұлғайғанда пайда болады:// сол жақ жүрекше// +оң жақ қарынша // сол жақ қарынша// оң жақ жүрекше// қолқа доғасы *** Бактериалды эндокардит кезіндегі терінің түсі:// +сүт қосылған кофе түсі тәріздес// бозғылт// сарғыш// көгерген// қызарған *** Жүрек ұшы түрткісінің пайда болуына себепті:// сол жақ жүрекше// оң жақ қарынша// +сол жақ қарынша // оң жақ жүрекше// қолқа доғасы *** Дені сау адамның артериалдық қан қысымының қалыпты көрсеткіші:// 170 және 90 мм.сн.бағ.// 100 және 60 мм.сн.бағ.// 180 және 20 мм.сн.бағ.// 160 және 90 мм.сн.бағ.// +139 және 89 мм.сн.бағ. *** Веналық пульсты кескін арқылы жазу әдісі:// ЭКГ// сфигмограммма// эхокардиограммма// фонокардиоргамма// +флебограмма *** Жоғары пулстық қысым кездеседі:// қолқа саңылауының тарылуында// +қолқа қақпақпақшасының жетіспеушілігінде// үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде// митралды стенозында// өкпе артериясы сағасының тарылуында *** Дені сау адамда жүрек тұсын қарағанда кездесетін пульс түрлері:// жүрек соққысы// каротид биі// капиллярлық Квинке пулсі// +жүрек ұшы түрткісі// төстің солжақ шеті III – IV қабырға аралығындағы пулсация *** Пульстің қасиетіне жатпайды:// қаттылығы // толықтылығы// ырғақтылығы// +резистенттілігі// жиілігі *** Перикард арасына сұйықтық жиналғанда науқастың мәжбүр жағдайы:// +алға еңкейіп отырады// оң жақ қырымен жатады// тізесін-шынтағын ішіне бүгіп жатады // сол жақ қырымен жатады // шалқасынан жатады *** «Ортопное» - бұл:// оң жақ қырымен жатуы// +аяғын төмен салбыратып отыруы// аяғын жоғары көтеріп жатуы // сол жақ қырымен жатуы// шалқасынан жатуы *** Теріс мәнді жүрек ұшы түрткісі:// экссудатты перикардитте// сол жақ қарынша гипертрофиясында// оң жақ қарынша гипертрофиясында// кеуде қуысының артқы бөлігіндегі ісікте // +жабысқан перикардитте *** Дені сау адамның пульс жиілігі:// 1 минутта 50-60 рет// +1 минутта 60-80 рет// 1 минутта 80-90 рет// 1 минутта 30- 50 рет// 1 минутта 90- 100 рет *** Кіші қан айналым шеңберінің басталып, аяқталуы:// қолқа мен жоғарғы және төменгі қуыс венасы// қолқа және өкпе веналары// қолқа және өкпе сабауы// +өкпе сабауы және өкпе веналары// өкпе сабауы және оңжақ тәжді артерия *** Жүректің шала тұйық дыбысын анықтау үшін қандай перкуссия қолданылады:// өте ақырын // ақырын// +орташа // қатты// соққы күшінің мәні жоқ *** Жүректің оң жақ шекарасына сәйкес:// +оң жақ жүрекше// сол жақ жүрекше// оң жақ қарынша // сол жақ жүрекше және сол жақ қарынша // сол жақ қарынша *** Жүректің жоғарғы шала тұйық дыбыс шетінің қалыпты жағдайда орналасатын жері:// екінші қабырға // +үшінші қабырға // төртінші қабырға // бесінші қабырға // алтыншы қабырға *** Жүректің шала тұйық дыбыс шекарасының оң жаққа ығысуы:// сол жақ жүрекше гипертрофиясы мен дилатациясынан// +оң жақ жүрекше гипертрофиясы мен дилатациясынан // сол жақ қарынша гипертрофиясы мен дилатациясынан// сол жақ жүрекше және сол жақ қарынша гипертрофиясы мен дилатациясынан // сол жақ жүрекше және оң жақ қарынша гипертрофиясы мен дилатациясынан *** Тамыр будасының құрамына кіреді:// +қолқа // өкпе веналары // оңжақ тәжді артериясы // солжақ тәжді артериясы// төменгі қуыс венасы *** Жүректің шала тұйық дыбыс шекарасының жоғарғы жаққа ығысуы болады:// +сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы мен дилатациясында// оң жақ жүрекшенің гипертрофиясы мен дилатациясында // сол жақ қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясында // сол жақ қарынша және сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы мен дилатациясында // сол жақ жүрекше және оң жақ қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясында *** Жүректің оң жақ шала тұйық дыбыс шетінің қалыпты жағдайда орналасатын жері:// төстің оң жақ шеті IV қабырғааралық// төстің сол жақ шеті IV қабырғааралық// +төстің оң жақ шетінен 1 см. сыртқа IV қабырғааралықта// төстің оң жақ шетінен 1 см. ішке V қабырғааралықта// төстің оң жақ шетінен 2 см. сыртқа IV қабырғааралықта *** Қолқа кеңейгенде тамыр будасы ығысады:// +оңға // жоғары// төмен// солға // жоғары және солға *** Жүректің сол жақ шала тұйық дыбыс шекарасын құрайды:// оң жақ жүрекше // сол жақ жүрекше// оң жақ қарынша // сол жақ жүрекше және сол жақ қарынша // +сол жақ қарынша *** Жүректің жоғарғы шала тұйық дыбыс шекарасы анықталады:// төс маңы сызығы бойымен// алдыңғы ортаңғы сызық бойымен// бұғана орта сызығы бойымен// төстің оңжақ шеті бойымен// +төстің солжақ шетінен 1 см сыртқа жүргізілген сызық бойымен *** Тамыр будасының ені қалыпты жағдайда:// 1-3 см// 6-8 см// 3-5 см// +5-6 см// 7-9 см *** Жүректің сол жақ шала тұйық дыбыс шетінің қалыпты жағдайда бұғана орта сызығынан:// +1-2 см. ішке// 2-3 см ішке // 1-2 см сыртқа // бұғана орта сызығында // 2-3 см сыртқа *** Тамыр будасының ені анықталады:// I қабырғаралықта// +II қабырғаралықта// III қабырғаралықта// IV қабырғаралықта// V қабырғаралықта *** Жүректің екі жармалы қақпақшасын тындайтын нүкте:// +V қабырға аралығы сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан 1-1,5 см. ішке // II қабырға аралығы төстің оң жақ шеті // II қабырға аралығы төстің сол жақ шеті // төс сүйегінің семсер тәрізді өсіндісінің негізі// III қабырға аралығы төстің сол жақ шеті *** Екінші тон пайда болады:// систола кезінде қарыншалардың жиырылуынан // +қолқа және өкпе артериясының айшық қақпақшаларының тербелісінен // диастоланың аяғында қарыншалардың тез толу тербелісінен // жүрекшелердің жиырылуынан// систола кезінде қолқаның және өкпе артериясының бастапқы бөлігінің тербелісінен *** Диастолалық паузаның ұзақтығы:// 1 сек. // 0,43сек. // 0,25 сек. // 0,2сек. // +0,68сек. *** I тонға сәйкес келмейді:// жүрек ұшында айқын тыңдалады // ұзақ, төмен // ұзақ паузадан кейін болады// жүрек ұшы соққысымен және ұйқы артериясы соққысымен сәйкес келеді// +қысқа паузадан кейін жүрек түбінде айқын тындалады *** Қолқа қақпақшасын жақсы тыңдайтын жағдай:// шалқасымен жатқызып // оң жақ қырымен жатқызып// сол жақ қырымен жатқызып // +алға қарай еңкейіп// тұрып *** Төртінші тонның пайда болу себебі:// систола кезінде қарыншалардың жиырылуы// систола кезінде қолқаның және өкпе артериясының жоғарғы жақ бөлімінің тербелісі// диастоланың басында қарыншалардың қанмен тез толуы// қолқа және өкпе артериясының қақпақшаларының тербілісі// +жүрекшелердің жиырылуы *** I I тонның ұзақтығы:// 0,09-0,12 с// +0,05-0,07 с// 0,07-0,09 с // 0,03-0,05 с// 0,12-0,15 с *** Боткин-Эрб нүктесі орналасады:// төстің солжақ шеті 2 қабырға аралығы// +төстің солжақ шеті III қабырға аралығы // төстің оңжақ шеті 2 қабырға аралығы // IV қабырға аралық төсмаңы сызығымен// төс сүйегінің семсер тәрізді өсіндісінің негізі *** Қолқа қақпақшасын тыңдайтын нүкте:// +төстің оң жағындағы 2 қабырға аралығы// төстің сол жағындағы 2 қабырға аралығы// төс сүйегінің семсер тәрізді өсіндісінің негізі// сол жақтағы V қабырға аралығында ортаңғы бұғана сызығынан 1-1,5 см. ішке// төстің оң жағындағы III қабырға аралығы *** Жүректі тыңдау нүктелерінің реттілігі :// колқа қақапақшасы, үш жармалы, өкпе артериясы, митралды, Боткин-Эрб нүктесі// өкпе артериясы, үш жармалы , митралды, колқа қақапақшасы, Боткин-Эрб нүктесі// үш жармалы, митралды, колқа қақапақшасы, өкпе артериясы, Боткин-Эрб нүктесі// +митралды, колқа қақапақшасы, өкпе артериясы, үш жармалы, Боткин-Эрб нүктесі // Боткин-Эрб нүктесі, үш жармалы, өкпе артериясы, митралды қақпақша *** Бірінші тонның қалыптасуына қатыспайтын компонент:// систола кезінде қарыншалардың жиырылуынан // жүректің барлық қақпақшаларының жабық мерзіміндегі жармалы қақпақшалардың тербелісі // систола кезінде қолқаның және өкпе артериясының жоғарғы жақ бөлімінің тербелісі// жүрекшелердің жиырылуы// +жарты айшық қақпақшалардың тербелісі *** Үшінші тон пайда болады:// систола кезінде қарыншалардың жиырылуынан// +диастоланың басында қарыншалардың қанмен тез толуынан// қолқа және өкпе артериясының қақпақшаларының тербілісінен// жүрекшелердің жиырылуынан// қолқа және өкпе артериясының жарты айшық қақпақшаларының тербелісі *** I тонның қалыпты жағдайдағы ұзақтығы:// +0,09-0,12 с // 0,05-0,07 с// 0,07-0,09 с // 0,03-0,05 с// 0,12-0,15 с *** Семсер тәрізді өсіндісі тұсында тыңдалады:// митралды қақпақша// қолқа қақпақшасы// +үш жармалы қақпақша// пулмоналды қақпақша// қолқа қақпақшасының қосымша тыңдау нүктесі *** Боткин – Эрб нүктесінде тындалатын қақпақша:// өкпе артериясының қақпақшасы // +қолқа қақпақшасы// екі жармалы қақпақша// үш жармалы қақпақша// жоғарғы қуыс венасы *** Жүрек тондарының пайда болу механизмін ұсынған:// Лаэнек// Боткин// Ауэнбругер// Василенко// +Луисада *** Жүрек декомпенсациясы кезіндегі науқастың бет әлпеті:// Гиппократ беті // нефритикалық бет // Корвизар беті// арыстан беті // +митралды беті *** Анасарка түсінігіне жатпайды:// гидроторокс // асцит // гидроперикард// Стокс жағасы// +жайылмалы үлкен ісінулер *** «Мюссе» симптомы тән :// митралды жетіспеушілікке // +қолқа қақпақшасының жетіспеушілігіне// үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігіне// митралды стенозға// артериалды гипертензияға *** Қан қақыру болады:// митралды жетіспеушілікте // қолқа жетіспеушілігінде // үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде// +митралды стенозда // қолқа стенозында *** Жүрек-тамыр жүйесі патологиясы бар науқасты қарағанда анықталмайтын симптом:// акроцианоз // ксантелазмалар// терінің бозаруы // Мюссе симптомы// +Грефе симптомы *** Перифериялық цианоздың пайда болу себебі:// кіші қан айналу шеңберінде қан артериализациясының бұзылуы// +үлкен қан айналу шеңберінде қан артериализациясының бұзылуы // қан айналымында креатининнің жиналуы // қан айналымында несепті қышқылдың жиналуы // артерио-веноздық жолдардың қосылуы *** Жүрек ауруларында ісінулердің дамуының бастапқы себебі :// +гидростатикалық қысымның жоғарылауы// гидростатикалық қысымның төмендеуі// онкотикалық және гидростатикалық қан қысымының төмендеуі// ұлғайған лимфа түйіндермен венаның қысылуы// онкотикалық қысымның жоғарылауы *** «Каротид биі» белгісі болып табылады:// митралды қақпақшасының жетіспеушілігінің// +қолқа қақпақшасының жетіспеушілігінің // үш жармалы қақпақшасының жетіспеушілігінің // митралды стеноздың // қолқа стенозының *** Жүрек ұшында систолалық шу естіледі:// оң жақ атриоветрикулярлы саңылаудың тарылуында// үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде// қолқа жетіспеушілігінде// +артериалды гипертензияда// митралды стенозда *** Біртіндеп әлсірейтін шу кездеседі:// екі жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде// қолқа сағасының тарылуында// үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде// өкпе артериясының сағасының тарылуында// митралды стенозда ***
Регургитация шуы пайда болады:// сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуында// қолқа сағасының тарылуында// +екі жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде// оң жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуында// өкпе артериясының сағасының тарылуында *** Оңжақта екінші қабырға аралықта II тонның әлсіреуі:// митралды стеноз// +қолқаның саңылауының тарылуы// өкпе артериясының сағасының тарылуы// митралды жетіспеушілік// үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі *** Жүрек ұшында I тонның екіге бөлінуі:// митралды стеноз// митралды жетіспеушілік// +қарынша ішілік өткізгіштіктің бұзылуы// экстрасистолия// артериалды гипертензия *** Жүрек ұшында I тонның әлсіреуінің себебі:// митралды стеноз// өкпе артериясының сағасының тарылуы// митралды жетіспеушілік// +үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі// кіші қан айналым шеңберіндегі гипертензия *** Жүрек ұшында диастолалық шу - бұл:// +митралды стеноз// митралды жетіспеушілік// қолқа қақпақшасының тарылуы// үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі// қолқа қақпақшаның жетіспеушілігі *** Семсер тәрізді өсіндінің негізінде систолалық шу естіледі:// қолқа сағасының тарылуында// қолқа қақпақшасының жетіспеушілігінде// митралды стенозда// +үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде// екі жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде *** Аорта қақпақшасының жетіспеушілігінде диастолалық шу жақсы естіледі:// жүрек ұшында// аксилярлы аймақта// төстің сол жағында ІІ қабырғалықта// +төстің сол жақ шетінде ІІІ қабырғалықта// семсер тәрізді өсіндінің негізінде *** Протодиастолалық шу дегеніміз:// диастола соңындағы шу// диастола ортасындағы шу// +диастола басындағы шу// систола басындағы шу// систола соңындағы шу *** Органикалық систолалық шу естіледі:// сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуында// қолқаның жарты айшық қақпақшасының жетіспеушілігінде// оң жақ атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуында// +екі жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде// өкпе артериясының жарты айшық қақпақшасының жетіспеушілігінде *** « Бөдене бытпылы» ырғағының пайда болу себебі:// артериалды гипертензия// үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі// қолқаның жарты айшық қақпақшасының жетіспеушілігі// +митралды стеноз// өкпе артериясы қақпақшасының жетіспеушілігі *** Жүрек ұшында I тонның күшеюі болады:// +митралды стенозда// қолқа сағасының тарылуында// қолқа қақпақшасының жетіспеушілігінде// митралды қақпақшаның жетіспеушілігінде// миокардитте *** Оң жақта екінші қабырға аралықта II тонның күшеюі - бұл:// қолқа сағасының тарылуы// өкпе артериясының сағасының тарылуы// қолқа қақпашасының жетіспеушілігі// +үлкен қан айналым шеңберіндегі гипертензия// кіші қан айналым шеңберіндегі гипертензия *** Жүректің қалыпты жиырылуы кезіндегі систолалық үзілістің ұзақтығы:// 0,1ʹ// 0,43ʹ// 0,36ʹ// +0,2ʹ// 1 сек *** Митралды қақпақшаның тарылуы қалыптасады:// бактериалды эндокардите // +ревматизмде // атеросклерозда // миокардитте // мерезде *** Ревматизм дамуындағы негізгі ролді атқаратын микроорганизм:// вирус // микоплазма// +А тобына жататын В-гемолитикалық стрептококк// пневмококк // легионелла *** Жүректің қолқа конфигурациясы бұл:// жүрек мықынының тегістелуі // +жүрек мықынының айқындала түсуі// жүрек мықыны өзгермеген // шар тәрізді// трапеция тәрізді *** «Р-mitrale» термині білдіреді:// +AVL, V5, V6, I тіркемелердегі Р-тісшесінің ұлғаюын, екі төмпешікті болуын// AVF, V1, V2, III тіркемелердегі Р-тісшесінің амплитудасы жоғарылауын, үшкір болуын// ауыспалы зонаның оңға ығысуын// Р-тісшесі биік V5, V6, жүректің электрлік өсі көлденен орналасуын// Р-тісшесі биік V1, V2, жүректің электрлік өсі вертикалды орналасуын *** Диастолалық «мысық пырылы» симптомы анықталады:// +митралды стенозда // қолқа жетіспеушілігінде// митралды жетіспеушілікте // қолқа саңылауының тарылуында// үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде *** Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі кезінде жүректің шала тұйық шекарасы өзгереді:// +оңға // солға // жоғары және солға// оңға және солға // жоғары *** Өкпе артериясының сағасы тарылуындағы ЭКГ белгілері:// солжақ жүрекшемен оңжақ қарыншаның гипертрофиясы// солжақ қарыншаның гипертрофиясы// солжақ жүрекшемен солжақ қарыншаның гипертрофиясы// солжақ қарыншамен оңжақ қарыншаның гипертрофиясы +-оңжақ қарыншаның гипертрофиясы *** Митралды стеноз кезіндегі ЭхоКГ белгілері:// митралды қақпақшалардың әр бағытта қозғалуы// +митралды қақпақшалардың бір бағытта қозғалуы// систола кезінде атриовентрикулярлы жарманың жабылмауы// систола кезінде аорта жармаларының әлсіз ашылуы// диастола кезінде митралды қақпақшалардың алдыңғы жармасының дірілі *** Қақпақшалардың морфологиялық өзгерісін анықтайтын әдіс:// ЭКГ // ФКГ// кинетокардиография // аутопсия// +баллистокардиография *** Митралды стеноз кезінде 1 тонның күшеюі:// үш жармалы қақпақшаның тығыздалуы// +сол жақ қарыншалардың изоволюметриялық жиырылу жылдамдығының артуы// қолқа және өкпе артериясындағы қақпақшалардың жабылу жылдамдығының төмендеуі// қолқа қақпақша жармаларының дыбысты жабылуы// өкпе артериясы қақпақша жармаларының дыбысты жабылуы *** Митралды стенозы бар науқастарды қарағанда анықталады:// +бет ұшының көгере қызаруы// тері жамылғысының бозаруы// сарғаю// бетінің ісініп, көз тамырларының қызаруы // терінің қызаруы, көз жанарының ажарлануы, қозу жағдайы *** Жыбыр аритмиясымен асқынады:// митралды қақпақшаның жетіспеушілігі// +митралды стеноз// аорталды стеноз// қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі// үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі *** Дені сау адамда митралды саңылаудың көлденең өлшемі:// 2-4см // 6-8см // +4-6см // 1-2см // 3-4см *** Митралды стенозда естілетін шу:// систоладиастолалық// +диастолалық// систолалық// Остин шуы// Флинт шуы *** Патологиялық Q тісшесі-ол Q тісшенің ұзындығы:// 0,01 сек жоғары емес// 0,02 сек жоғары емес// 0,03 сек жоғары емес// +0,03 сек жоғары// 0,01 *** Стенокардияны алғаш сипаттаған:// У. Ослер// Гиппократ// Гарвей// Г. Захарин// +У. Гебберден *** Сол қарынша алдыңғы қабырғасының миокард инфарктісінде ЭКГ тіркемелерінде болатын өзгеріс:// +I, II, AVL// II, AVL, AVF// I, AVF, AVR// V3, V4// V5, V6 *** Миокард инфарктісінен сирек зақымданады:// сол қарыншаның артқы қабырғасы// қарынша аралық перде// сол қарыншаның бүйір қабырғасы// +оң қарынша// сол қарыншаның алдыңғы қабырғасы *** ЖИА пайда болуын тудырмайтын қауіп факторы:// гиперхолестеринемия// аз қимылдау// қант диабеті// темекі тарту// +көкөніс емдәмі *** Миокард инфарктінің дамуына әкелетін тікелей себеп:// +тәж артериасының кенеттен түйілуі// физикалық күш түсу// даму ақауы// нервтік күйзеліс// тәж артериясының тромбозы *** Стенокардиядағы ауру сезімі мен миокард инфарктіндегі ауру сезімінің айырмашылығы:// сипаттауымен // орналасуымен // таралуымен ауру сезімін тудыратын факторлармен // +ұзақтылығымен *** Қалыпты жағдайда S-T сегменті изосызықтан төмен ығысады:// 0,3 мм дейін// 0,5 мм-1 мм дейін// 1,5 мм дейін// +2 мм дейін// 3 мм дейін *** Тәж артериасының тарылуын дәлелдейтін әдіс:// ЭКГ// велоэргометрия// +коронарография// холтерлік монитерлеу// сфимография *** Стенокардия ұстамасындағы ЭКГ-ғы өзгерістер:// QS тісшесінің түзілуі// патологиялық Q тісшесінің пайда болуы // Р тісшесінің кеңеюі// R тісшесінің деформациясы// +S-T сегментінің 2мм жоғары ығысуы және Т тісшенің тегістелуі *** Стенокардияға тән аурудың ұзақтығы:// тәулік бойы// ауырсыну ұзақтығының мәні жоқ// бірнеше секундтан 40-45 минутқа дейін // +1-2 минуттан 25-30 минутқа дейін// 30 минуттан жоғары *** Миокард инфарктындағы ауырсыну синдромына тән:// ауырсынудың нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылуы// +нитроглицерин қабылдағаннан кейін эффекттің болмауы// тыныштықта ауырсынудың басылуы// седативті препараттардан кейін ауырсынудың басылуы// ауырсынудың корвалолмен басылуы *** ЭКГ-ны талдауда анықталмайды:// жүрек ырғағының дұрыс болуы// жүрекшелер мен қарыншалардың гипертрофиясы// +сол қарыншаның лақтыру фракциясы// өткізгіштіктің бұзылуы// жүрек бұлшықетіндегі некроз және ишемия ошақтары *** Қалыпты жағдайда S-T сегменті изосызықтан қанша мм дейін жоғары ығысады:// 0,3мм// 0,5мм// 1мм// +2мм// 3мм *** Велоэргометрия негізделген:// нитроглицеринді қолдану арқылы сынама жүргізу// фармакологиялық басқа дәрі-дәрмектерді қолдану арқылы сынама жүргізу// +өлшенді физикалық күшті қолдану арқылы сынама жүргізу // психоэмоциялдық сынама жүргізу // суықты қолдану арқылы сынама жүргізу *** Артқы қабырғасының миокард инфарктісінде ЭКГ тіркемелерде болатын өзгеріс:// I,II,AVL// II, AVL, AVF// III, AVF// V3, V4// V5, V6 *** ЖИА жатпайды:// стенокардия// миокард инфарктісі// жүрек ырғағының бұзылуы// аяқ астынан болатын өлім// +артериалды гипретензия *** Систолалық қысымның қалыпты көрсеткіші (мм.сын.бағ):// 149-169 // +110-139// 80-100 // 90-110 // 169-189 *** Артериалды гипертензияда нысана мүшеге жатпайды:// бүйрек// жүрек// тамырлар// бас миы// +буындар *** Артериалды гипертензияда қан қысымы көтерілу себебіне жатпайды:// минуттық көлемнің жоғарылауы// қолқаның серпінділігінің төмендеуі// қанда рениннің жоғарылауы// шеткері кедергіңің жоғарылауы +катехоламиндердің бөлінуінің төмендеуі *** Артериалды гипертензия синдромы кезінде жүректің шала тұйық дыбыс шекарасы ығысады:// оңға қарай// жоғары қарай// +-солға қарай// барлық жаққа қарай// өзгермейді *** Систолалық қысымның жоғарлауы байқалады:// +қолқа саңылауының тарылуында// үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігінде// өкпе артериясы сағасының тарылуында// оңжақ атриовентрикулярлы саңылауының тарылуында// қолқа қақпақшасының жетіспеушілігінде *** Артериалды гипертензияда ЭКГ- өзгерістері:// оң жақ жүрекшенің гипертрофиясы// оң жақ қарыншаның гипертрофиясы// оң жақ жүрекшенің және қарыншаның гипертрофиясы// сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы// +сол жақ қарыншаның гипертрофиясы *** Ұзақ мерзімді бүйректік генезді артериалды гипертензияның нәтижесінде дамиды:// +бірінші реттік бүйректің бүрісуі// екінші реттік бүйректің бүрісуі// интакты бүйрек// бүйрек инфаркті// бүйрек амилойдозы *** Артериалды гипертензияны негіздегені үшін «Алтын стетоскоп» атты халықаралық жүлде номинантының иегері:// С. Захарьин// С. Боткин// Е. Чазов +А. Мясников// В. Василенко *** Диастолалық қысымның қалыпты көрсеткіші(мм.сын.бағ):// 40-50 // 110-139 // 80-100 // 90-110 // +60-89 *** Артериалды гипертензия кезінде жүректі пальпация жасағанда байқалады:// жүрек ұшы соққысының оңға ығысуы// диастолалық «мысық пырылы»// эпигастралды пульсация// +жүрек ұшы түрткісінің солға ығысуы// Мюссе симптомы *** Артериалды гипертензия синдромында :// +жүрек үшында 1-ші тон күшейеді// қолқа үстінде 2-ші тон әлсірейді// төстің семсер тәрізді өсіндісі негізінде 2-ші тон күшейеді// төстің семсер тәрізді өсіндісі негізінде 2-ші тон әлсірейді// қолқа үстінде 2-ші тон күшейеді *** Коротков әдісімен артериалды қысымды өлшегендегі ауытқулары (мм.сын.бағ):// 1-2 // 2-4 // +5-10 // 10-15 // 15-20 *** Артериальды гипертензияны алғаш сипаттаған:// Лаэнек// Ауенбругер +Ланг және Мясников// Корвизар// Мудров *** Артериалды гипертензия дамиды:// асқазан ойық жарасында// холециститте// пневмонияда// +гломерулонефритте// микседемада *** Біріншілік миокард зақымдалуымен сипатталатын жүрек жетіспеушілігі дамымайды:// миокардитте// миокард инфарктісінде// кардиомиопатия кезінде// диффузды кардиосклерозда// +-қолқа саңылауының тарылуында *** 6- минуттық сынамаға сәйкес жүрек жетіспеушілігінің бірінші функционалды класына жатады (м):// +426-550// 301-425// 151-300// <150// тыныштық күйде ентігу *** Жүрекке көлеммен күш түсу дамиды:// +миокард инфарктісі кезінде// митралды қақпақшаның жетіспеушілігінде// аорта саңылауының тарылуында // сол жақ артиовентрикулярлы тесіктің тарылуында// миокардитте *** Үлкен қан айналым шеңберінде қан іркілуінің белгілері:// ортопноэ// қан қақыру // +бауырдың үлкеюі// жүрек астмасының ұстамасы // өкпенің төменгі бөлігінде төмен дыбысты ылғалды сырылдыр *** Өкпенің шемені кезіндегі қақырықтың түрі:// сұйық, сары түсті// тотық тәрізді// +қан араласқан, көпіршікті// шыны тәрізді, тұтқыр// жасыл, тәттілеу *** Жүрек ісінулері:// таңға қарай күшейеді// сипағанда жылы// бетте байқалады // тез қайтады// +баяу қайтады *** Жүрекке қысыммен күш түседі:// қолқаның айшық қақпақшаларының жетіспеушілігінде// +миокард инфарктісінде // митралды стенозда // миокардиттерде // үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде *** Жүрек жетіспеушілігін дәлелдейтін аускультативті белгі:// митралды қақпақшаның ашылу сыртылы// +«шоқырақ» ырғағы // бөдене бытпылы ырғағы// систолалық шу// жүрек тондарының күшеюі *** Өкпе гипертензиясында өкпе артериясындағы қысым көрсеткіштері (мм.сын.бағ.):// 10 // 5 // 15 // 20 // +35 *** Қанайналымның айқын жетіспеушілігінде байқалады:// жүректің қанды лақтыру қабілетінің жоғарлауы // минуттық көлемнің жоғарлауы // +соңғы диастолалық көлемнің көбеюі // лақтыру фракциясының 70% жетуі// перифериялық қарсылас күшінің азаюы ***
|