Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жағдайлық есеп




 

Артық салмақтың жүрек-қан тамыр ауруларынан өлімінің қауіп-қатері екендігінің себепті-салдарлы байланыс жайлы ақпараттарды табыңыз.

 

3.АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ СҰРАҚТАРЫ:

1. «Дәлелдермен негізделген медицина» деген түсінік нені білдіреді? ДМ жалпы тәжірибелік дәрігерлердің дәлелді медицинаны қолданудағы болашағы қандай?

2. ДМ даму тарихының кезеңдері қандай? ДМ дамуындағы дүниежүзілік тәжірибе қандай?

3. ДМ концепциясының мәні неде?

4. Медициналық ақпараттың деректер базасы.

5. ДМ Интернеттегі дәректер базасы.

6. ТМД және біздің еліміздегі дәлелді медицина орталықтары.

7. ДМ төрт қадамы.

8. Дәлелді медицинаның 5 кезеңі.

9. ДМ қазіргі заманғы фармакотерапиядағы ролі.

10. Күмән келтіретін жариялау дегеніміз не?

11. Клиникалық сұрақтың қалыптасуы?

12. Қолданбалы сұрақ, негізгі сұрақ, анықтамасы, айырмашылығы.

13. Дәлелдер иерархиясы.

14. Дәлелді бағалау шкаласы.

15. Ақпараттарды Интернеттен және деректердің электронды базасынан іздеу. ДМ ресурстары (Интернет, шығарылған версиясы, CD-ROM). Ақиқатқа жақындығы.

16. Кокран электронды кітапханасы.

17. Клиникалық эпидемиология, анықтамасы, даму тарихы.

18. Клиникалық эпидемиология қағидалары.

19. Клиникалық сынама: анықтамасы жіктелуі.Медициналық клиникалық сынама дизайны, анықтамасы.

20. Клиникалық сынама түрлері, әрқайсысына жеке сипаттама.

21. Қорытынды түрлері, әрқайсысына сипаттама.

22. Емнің тиімділік критериі.

23. КС өткізуге қойылатын талаптар қандай?

24. Топ репрезентативтілігі дегеніміз не? Қандай репрезентативтіліктің түрлері бар, осипаттамасы және қолданылуы?

25. «Соқырлық» әдісі дегеніміз не?

26. Плацебо дегеніміз не? Қандай мақсатта қолданылады?

27. Рандомизация деген не? Рандомизирленген бақылау сынамасы (РБС) түсінігі.

28. Рандомизирленген бақылау сынамасы, құрылысы.

29. РБЗ құрылымын көрсетіңіз.

30. «Жүйелік шолу», сапалы жүйелі шолу түсінігі.

31. Жүйелік және әдебиеттік шолулар арасындағы айырмашылық.

32. Мета-анализді жүргізу алгоритмі.

33. «Мета-анализ» сипаттамасы, мақсаты, қолданылуы.

34. Когортты зерттеу деген не?

35. Когортты зерттеу, анықтамасы, артықшылығы мен кемшілігі.

36. Жағдайды зерттеу немесе зерттеуді суреттеу дегеніміз не?

37. Жағдай бакылау зерттеуі дегеніміз не?

38. «Жағдай- бақылау» зерттеуі, түсінігі, негізгі қағидалары.

39. «Жағдайды сипаттау» зерттеуі, қағидалары, өткізу әдістері.

40. Көлденеңнен зерттеу әдісі, негізгі қағидалары және әдістемесі.

41. Клиникалық сынаманың дизайны түрлері (параллелді, қиылысатын, факторлық және кезекті).

42. Дәлелділік деңгейі менградациясын анықтау кезеңдері.

43. Дәлелділік деңгейі I а дегеніміз не?

44. Дәлелділік деңгейі I b дегеніміз не?

45. Дәлелділік деңгейі II а дегеніміз не?

 

P – құқықтық дағдылардың ағымды бақылауы:

Студенттердің рубежді бақылау кезінде тест тапсырмалары мен/немесе ситуациялық есептер шешу түрінде өткізіледі.

 

1. Қандай жағдайда науқастың денсаулық жағдайы туралы ақпарат «халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009 № 193-4 ҚР Кодексіне сәйкес құпияға алынуы мүмкін

А. +Егерде медициналық ақпарат тек пайда әкелмей, сонымен қатар науқасқа зиян келтіретін нақты негіздемелер болса

Б. Егерде денсаулық жағдайы туралы мәлімет қосымша зерттеулерді қажет етсе

В. Мәлімет дәрігердің қалауымен беріледі

Г. Денсаулық жағдайы туралы мәлімет науқастың денсаулық қаупіне тәуелді емес кез келген жағдайда беріледі

Д. Мәлімет бас дәрігердің қалауымен беріледі

 

2. «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009 № 193-4 ҚР Кодексіне сәйкес науқас мәлімет алуға қандай құқыққа ие

А. +Емнің ұсынылған және альтернативті әдістерінің басымдылығы мен қауіп мүмкіншілігің ескере отырып, науқастар өз денсаулығы жайлы нақты мәлімет алуға құқылы

Б. Науқастар өз денсаулығы туралы мәлімет алуға құқылы емес

В. Науқастар өз денсаулығы туралы тек жартылай мәлімет алуға құқылы

Г. Денсаулық туралы мәлімет емдеу дәрігерінің қалауымен беріледі

Д. Денсаулық туралы мәлімет бас дәрігердің қалауымен беріледі

 

3. Ғылыми зерттеулер жүргізгенде науқастың қандай құқықтары сақталуы тиіс (3 дұрыс жауап)

А. +Ғылыми зерттеуге науқастың қатысуының біле тұра хабарландырылған келісімі

Б. Барлық іс-қағаздар этикалық сараптамаға сәйкес өтуі қажет

В. Егерде зерттеу науқастың мүддесіне сәйкес жүргізілсе және науқас өз еркін білдіре алмаса, оның заңды тұлғасынан келісім алуы қажет

Г. Ғылыми зерттеуге науқастың қатысуының хабарландырылған келісімі қажет емес

Д. Іс қағаздар этикалық сараптамаға сәйкес өтпейді

 

4. «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009 № 193-4 ҚР Кодексіне сәйкес науқас мәлімет алуға қандай құқыққа ие

А. +Науқас медициналық көмек алуда тағайындалған дәрі дәрмек жайлы нақты мәлімет алуға құқылы

Б. Науқас медициналық көмек алуда тағайындалған дәрі дәрмек жайлы нақты мәлімет алуға құқылы емес

В. Науқастар тағайындалған дәрі дәрмек жайлы тек жартылай мәлімет алуға құқылы

Г. Дәрі дәрмек жайлы мәлімет емдеуші дәрігердің қалауымен беріледі

Д. Дәрі дәрмек жайлы мәлімет бас дәрігердің қалауымен беріледі

 

5. Медициналық көмек алуда «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009 № 193-4 ҚР Кодексіне сәйкес науқас мәлімет алуға қандай құқыққа ие

А. Науқас дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға құқылы

Б. Науқас дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға құқылы емес

В. Науқастардың тек жеке топтары ғана дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға құқылы

Г. Науқас тек дәрігерді таңдау мен ауыстыруға құқылы

Д. +Науқас тек медициналық ұйымды таңдау мен ауыстыруға құқылы

 

6. Денсаулық сақтау аймағында мемлекеттік саясат принциптері, 1еуінен басқасы

А. Денсаулық сақтау жүйесінде профилактикалық бағыттың маңыздылығы

Б. Медициналық көмектің қол жеткіліктілігі

В.+Дәстүрлі әдіс бойынша медициналық және фармацевтикалық әдіс, шектеулері:ғылым,білім,тәжірибе

Г. Медициналық көмек сапасының артуы

Д. Халықты санитарлы-эпидемиологиясы жағынан қамтамасыз ету

 

7. Қазақстан азаматтары міндеттеріне жатпайды

А. Өз денсаулығын сақтауға

Б. Денсаулық сақтау ұйымында жүзеге асатын режимді қадағалау

В.Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау құқығы бойынша профилактикалық медициналық тексеріс жүргізу

Г. Медициналық қызметкерлер,денсаулық сақтау органы және денсаулық сақтау органы және ұйымдардың тұлғалық және қоғамдық ұсыныстарының орындалуы

Д. +ЗОЖ бойынша лекцияларына қатысу

 

8. Клиникалық база, білім ұйымдары,денсаулық сақтау аймағы жағдайында медициналық көмек алушы науқастар:

А. +Оқу процесіне қатысудан,сонымен қатар емдік-диагностикалық процедура кезінде 3-тұлғаның қатысуынан бас тартуға құқылы

Б. Оқу процесіне қатысудан,сонымен қатар емдік-диагностикалық процедура кезінде 3-тұлғаның қатысуынан бас тартуға құқылы емес

В. Оқу процесіне қатысудан бас тартуға құқылы,ал емдік-диагностикалық процедура кезінде 3-тұлғаның қатысуынан бас тартуға құқылы емес

Г. Оқу процесіне қатысуға міндетті

Д. ЗОЖ-ға қатысу

 

9. Қазақстандағы науқас міндеті,1еуінен басқасы. Науқас міндетті

А. Денсаулығын сақтау және жақсарту шараларын жүргізуге

Б. Медициналық қызметкерлермен қатынасу барысында сыйластық пен ізеттік көрсетуге

В. Аурудың емдеуі мен диагноз қоюына керек мәліметтерді дәрігерге хабарлауға,медициналық араласуға рұқсат еткеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық ұсыныстарын орындауға

Г. Медициналық ұйымның мүлкіне сақтықпен қарауға және ішкі ережелерді орындауға, медициналық көмек алу кезінде медициналық қызметкерлермен топтасу

Д. + клиникалық базада оқу үрдісінде қатысуы

 

 

10. Азаматтардың рұқсатынсыз медициналық көмек көрсету келесі тұлғаларға қатысты

А. Өз еркін білдіре алмайтын шокты,комотозды жағдайдағыларда

Б. Қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурумен ауыратын науқастар

В. Ауыр психикалық бұзылыстармен ауыратын

Г. Психикалық бұзылыстары бар және қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағандарға

Д. +Өз еркін білдіре алмайтын шокты,комотозды жағдайдағыларда,қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурумен ауыратын науқастар,ауыр психикалық бұзылыстармен ауыратындарға

 

11. Дәрігерлік құпия болып табылатын мәліметтер берілуі келесі жағдайда мүмкін

А. +Науқастың немесе оның заңды өкілінің келісімі арқылы

Б. Бас дәрігердің рұқсатымен

В. Денсаулық сақтау министрі рұқсатымен

Г. Дәрігерлер консилиумы шешімімен

Д. Еш жағдайда мүмкін емес

 

12. «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы”кодексіне сәйкес медициналық көмек түрлері,1 еуінен басқасы

А. Біріншілік медико-санитарлық көмек

Б. Мамандандырылған медициналық көмек

В. Медико-әлеуметтік көмек

Г. Реабилитация

Д. +Профилактикалық медицина

 

Ситуациялық есептер:

 

1. Операция кезінде науқастан тін бөлігі алынды. Кейіннен ол тіннен жасушалар бөліп алып және дақыл өсірілді. Ол дақылға экспериментальдық жұмыстар жүргізілді.

 

Науқастың келісімінсіз генетикалық коды бар жасушаларды қолданғанда, науқастың қандай құқығы бұзылды?

 

2. Паркинсон ауруымен ауыратын әлеуметтік жағдайы нашар науқас мемлекетімізде тегін тізіммен берілмейтін дофамин рецепторларының агонистерін қабылдауға мұқтаж. Науқасқа соқыр плацебо – бақылау зерттеуге қатысу ұсынылады.Ол бұл зерттеуге қатысса жыл бойы плацебо (пустышка) қабылдауы әбден мүмкін, бірақ зерттеуден кейін алдағы уақытта бірнеше жыл бойы агонисті тегін алу мүмкіншілігі болады; Зерттеуге қатысу туралы шешімді науқас қабылдайды.

 

Клиникалық зерттеуде препарат қабылдамайтын науқастардың құқықтары бұзыла ма?

 

3. Травмпунктке қаралуға келген науқас туралы мәлімет тек жеке басын куәландыратын құжаттары бар және жеке келуші туысқандарына беріледі, егерде науқас туралы мәлімет құқыққорғайтын мекемелер үшін болса арнайы сұрау көмегімен жүзеге асады.

Мысалы: белгілі ата – анасы бар бала құрдастары жағынан ұру фактісімен травмпунктке қаралады. Орташа ауырлық жағдайда госпитализацияға жолданады. Сол күні телефон арқылы науқастың туыстары ретінде өздерін таныстырып, баланың қаралу фактісі бойынша мәліметтерді сұрастырады. Мәлімет беруден бас тартылды. Сол күні ақ баланың қаралу фактісі бойынша бірнеше жеке кезеңдік прессадан сұрастырулар болды.

 

Дәрігер телефон арқылы мәлімет беруге құқылы ма?

 

4. Ауыр емі жоқ ауруы бар науқас соқыр плацебо – бақылау зерттеуіне қатысуға ұсыныс алды. Ұстанымды жаңа дәрілік препарат оның жағдайын радикальді өзгертуі мүмкін, бірақ ол препараттың барлық қасиеттері мен әсер ету эффектісі белгісіз.

 

Зерттеуге қатысу шешімін кім және не анықтайды?

 

5. Көптеген клиникаларда мынадай ереже бар: дәрігер баланы операцияға алуға құқылы, егер дәрігер ата анасына операция және жансыздандыру ерекшеліктері мен операциядан кейінгі кезең жайлы мәліметтендірсе, сонымен қатар ата анасы оперативті араласу мен интраоперациялық жансыздандыру үшін келісімге қол қою керек.

Қалалық ауруханалардың бірінің реанимациясына оң аягының гангренасымен бала түседі: айқын интоксикация, полиорганды жетіспеушілік. Баланың ата аналары оперативті ем – ампутациядан мүлдем бас тартады. Ата аналарын көндіруге тырысу 2 күнге созылды. Үшінші тәулікте бала полиорганды жетіспеушіліктен қайтыс болады. Мәйітті ашып қараудан ата анасы бас тартады.

 

Ата анасының келісімінсіз дәрігерлер оперативті әдісті қолдануға боларма еді?

 

6. Косметологиялық клиникада науқасқа липосакция жасалды, жойылған май тіні алдағы уақытта бағаналы жасушаларды алу мақсатында қолданылды. Бірақ науқас бұл туралы мәліметтендірілмеді.

 

Клиника дәрігерлері қандай құқықтарды бұзды?

 

7. Фармацевтикалық фирмада жұмыс істейтін дәрігер акушер гинеколог препаратты сату кезінде препарат бағасының 20℅-ын алады. Өз аймағының жүкті әйелдеріне қымбат поливитаминді кешенді препарат тағайындайды. Бірақ оның мүмкін болатын әртүрлі ауырлық дәрежедегі жиі аллергиялық реакциялар мен баланың үлкен еңбегінің ерте жабылуы сияқты жанама әсерлерді және мүмкін болатын арзан, бірақ эффектісі басым аналогтар жайлы айтуға “ұмытып кетеді”.

 

Берілген жағдайды (ситуацияны) бағалаңыз?

 

ТӘЖІРИБЕЛІК БІЛІКТІКТІ ИГЕРУ ТІЗІМІ:

1. Интернет желісінде жұмыс жасай білу.

2. Арнайы сайттарда ақпараттарды іздей білу

3. Ғылыми дәлелденген мәліметтерді электрондық кітапханада сүзгілерді қолдана отырып ізей білу

4. Перезентацияларды даярлау және оны аудиторияға баяндап беру біліктілігі.

5. Жеке біліктілігін көрсете отырып топтық жұмыс істей білу.

6. Өзара додаға қатыса білу

7. Қлиникалық сұрақты құрастыра білу

8. Клиникалық зерттеу түрін және дәлелділік деңгейін анықтай білу

9. Ғылыми статьялардың көрсетілген жағдайда талдау кезінде ДМ статистикалық мәліметтерін қолдана білу.

10. Әртүрлі көздерден алынған мәліметтерге желісті ізденіс жүргізу және бағалай білу.

11. Клиникалық аудитке болжамды жоспар құруды білу

 

 

 

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 156; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты