Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Оқытудың дәстүрлік әдісі.




Оқытудың дәстүрлік әдістері ертеде пайда болған және олар үнемі кемелденіп келеді. Педагогика мен сыбайлса ғылымдардың ХІХ ғасырдағы деңгейіне сәйкес келетін бұл әдістердің көп жақтар ескеріп, қатаң сынға алына бастаған.

Алайда дәстүрлік әдістердің үлкен кемшіліктерімен қатар оларда көптеген ескірмейтін тиімді негіздер бар, сондықтан да бұл әдістер күні бүгінгі дейін әдістемелік тәжірибеде қолданыс табуда. Дәстүрлік әдістерге ең алдымен сөзбен баяндаудың және дайын білімді түсіндірудің догматикалық әдістері жатады.(мұғалімнің әңгімесі мен дәрісі). Бұл әдістерде белсенді роль айтушы мұғалімде болады да, оқушыларға ұйып тыңдаушы міндеті қалады. Математиканы оқытуға және математиканы оқыту әдістеріне қойылатын қазіргі талаптар оқытушы мен оқушының әңгіме, дәріс үстінде қарым-қатынастарына маңызды өзгерістер, жаңалықтар енгізу міндетін қойып отыр. Мұндағы басты мақсат, оқушыларды әрекетсіз тыңдаушы, айтқанды қабылдаушы, жай орындаушы ғана емес белсенді ой әрекетін атқарушы дәрежесіне көтеру болып табылады, сондықтан да мұғалімнің оқу әңгімесі мен дәрісі шәкірттерді бейтарап қалдырмай, оларды айтылып отырған мағлұматтарға, фактілерге, жаңалықтарға қызықтыра тартып отыруы қажет.

Әңгіме мен дәріс кезінде оқытушы ағынан жарыла сөйлей отырып, шәкірттерге өзінің «ойлау лабораториясынының» есігін айқара ашуы тиіс. Еікінші сөзбен айтқанда, ол оқылатын математикалық материалды дайын күйде жалаң айта салмай, оларды формуланың қорытылу, теореманың дәлелдену жолдарын табу үрдісінің мәнісіне, сырына терең бойлауға бастаушы қызметін атқарады. Оқулықтың құрғақ мәтінінінен мұғалімнің жанды сөзінің үстем болуының өзі артық. Осы талапқа сай оқу материалдарын баяндау барысында мұғалім өзіне «неге?», «қандай негіз бар?», «Бұл фактіні тағайындау үшін нені білу қажет?», «неден бастау керек?», «Бұл қалай істеледі?», «Мұны басқаша жасауға бола ма?» деген тәріздес көп сауалдар қойып, оларға қолма-қол жауап келтіреді. Оқытушы өзіне-өзі ақылдасқандай, диалог жүргізгендей халде болады.

Мұғалімнің әңгімесі дәріске қарағанда анағұрлім шағындау болып келеді, ол оқыту формасы ретінде бірінші сыныптан бастап барлық сыныптарда қолданылады деуге болады. Мәселе, келтірілетін тарихи мағлұматтардың барлығы жақсы дайындалған, қызықты да қысқаша әңгіме түрінде беріледі. Әңгіменің ұзақтығы әр түрлі болып келуі мүмкін, алайда ол сабақтың белгілі бір бөлігін ғана алып, оқытудың басқа формаларында да орын қалатындай етіп жүргізілуі тиіс.

Математиканы оқытуда дәріс әдісі негізінен жоғары сыныптарда қолданылады. Ол бұкіл сабақты немесе оның бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Оқу дәрістерінің әңгімеден айырмашылығы, онда келтірілетін, айтылатын материалдардың мазмұнына байланысты болып келеді. Логарифмдік функциялар және оның қасиеттері, математикалық индукция әдісі, тригонометриялық функциялардың қосу теоремасы т.б. күрделі мәселелерді қарастыруда оқытудың тиімді формасы дәріс болады, өйткені мұндағы материалды баяндау көлемді де күрделі математикалық түрлендіру жұмыстарын қажет етеді. Оның үстіне оқытушының айтқандарын шәкірттер қысқа да нұсқа етіп жазып алуға үлгерулері тиіс.

Бұл тұрғыдан тағы бір ескеретін жай, жоғары сыныптарда математиканы оқытуда дәрістік әдісті қолдану белгілі дәрежеде оқушыларды жоғары оқу орындарында дайындау болып табылады. Дәріс оқу оқытудың ең негізгі әдістерінің бірі екені белгілі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 210; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты