Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЖАЛПЫ БӨЛІМ




ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ

ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША

СТОМАТОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ

АРНАЛҒАН ЕМТИХАНДЫҚ ТЕСТТЕРІ

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1. Паренхиматозды диспротеиноз бұл:

A) дәнекер тінде белок алмасуының бұзылуы

B) дәнекер тінде май алмасуының бұзылуы

C) жасуша цитоплазмасынды белок алмасуының бұзылуы

D) жасуша цитоплазмасында май алмасуының бұзылуы

E) ағзалардың паренхимасында және стромасында зат алмасуының бұзылуы

 

2. Гиалинді тамшылы дистрофияға тән:

A) жасуша өлімі

B) қабыну

C) жасуша қызметінің күшеюі

D) су тұз алмасуының өзгерісі

Е) жасуша қызметінің төмендеуі

 

3. Майлы дистрофия кезіндегі жүректің аты:

A) бұқа жүрек

B) жолбарыстың терісіне ұқсас жүрек

C) майлы жүрек

D) түкті жүрек

E) сауытқа ұқсас жүрек

 

4. Майды анықтауға арналған бояу:

A) Гемотоксилин эозин

B) Пикрофуксин Ван Гизон бойынша

C) Фукселин

D) Конго Рот

E) Судан Ш

 

5. Гиалинді тамшылы дистрофияға тән:

A) Жасуша цитоплазмасында судың болуы

B) Жасуша ультрақұрылымы сақталуы

C) Жасуша цитоплазмасындағы белоктың денатурациясы

D) Жасуша қызметінің күшейюі

E) Колликвациялы (сулы) некроз

 

6. Түлеу дистрофиясы дегеніміз:

A) Жасуша өлімі

B) жасуша ішіне әктердің жиналуы

C) түлеу процесінің күшеюі

D) ісіктің дамуы

E) жасуша көлемінің ұлғаюы

 

7. Майлы дистрофия кезінде бауырдың макроскопиялық өзгерісі:

A) бауыр үлкейген, болбырап қамыр тәрізді жұмсақ сары қоңыр түсті

B) бауыр кішірейген, тығыз, қара қоныр түсті

C) бауыр кішірейген, тығыз, сары жасыл түсті

D) бауыр кішірейген, болбыр, қара қызыл түсті

 

8. Майлы дистрофия кезіндегі бауыр қалай аталады:

A) Бұқа бауыр

B) тас көпірі тәрізді

C) Қаз бауыры тәрізді

D) Үлкен ақ бауыр

E) Тас тәрізді бауыр

 

9. Паренхиматозды дистрофия дегеніміз:

A) стромасынды жасуша аралық заттардың зақымдалуы

B) жалпы организмнің жауап реакциясы

C) шектеусіз өсуі

D) жасушаның некрозы

E) жасуша ішінде зат алмасуының бұзылуы

 

10. Жүректің майлы дистрофиясының микрокөрінісі

A) жасушаның ірі майтамшылы өзгерісі

B) миокардиоциттердің гипертрофиясы

C) митохондрий ыдырауы

D) кардиосклероз

E) кардиомиоциттер некрозы

 

11. Гидропиялық дистрофия нәтижесі:

A) түлеу дистрофия

B) гиалинді тамшылы дистрофия

C) фокальды коагуляциялық некроз

D) фокальды колликвациялық некроз

E) кері даму

 

12. Тұқым қуалайтын ферменттер жетіспеушілігі нәтижесінде пайда болған ауру тобы:

A) Ісіктер

B) қор жинау ауруы

C) Ревматизмдік аурулар

D) Церебро васкулярлы аурулар

E) Травмалық аурулар

 

13. Паренхиматозды дистрофияның даму механизмі:

A) фагоцитоз

B) паранекроз

C) пиноцитоз

D) аутолиз

E) декомпозиция

 

14. Гидропиялық дистрофия нәтижесі:

A) Мукоидты ісіну

B) Колликвациялы некроздың дамуы

C) Гиалиноз

D) Кері даму

E) Түлеу дистрофиясына өту

 

15. Паренхиматозды белокты дистрофия:

A) амилоидоз

B) липоидоз

C) кальциноз

D) түлеу

E) склероз

 

16. Майлы дистрофия жиі кездеседі:

A) бауырда

B) бас миында (мида)

C) өкпеде

D) сүйекте

E) көк бауырда

 

17. Баллон тәрізді дистрофия нәтижесі:

A) гиалинді тамшылы дистрофия

B) фокальды колликвациялық некроз

C) фокальды коагуляциялық некроз

D) жасушаның тотальды некрозы

E) түлеу дистрофиясы

 

18. Белокты дистрофияның морфогенетикалық механизмі:

A) атрофия

B) некроз

C) гипертрофия

D) склероз

E) инфильтрация

 

19. Бауырдың гидропиялық дистрофиясы:

A) Гепатоцитер көлемі кішірейген

B) Жасуша цитоплазмасында вакуольдер бар

C) Жасуша цитоплазмасында май бар

D) Жасуша цитоплазмасында гиалин бар

E) Фокальды коагуляциялық некроз

 

20. Гиалинді тамшылы дистрофия кезіндегі ағзаның макроскопиялық өзгерістері:

A) көлемінің кішіреюі

B) консистенциясы тығыз

C) капсуласы жарылған

D) деформация

E) кескен кезде түрі көмескі

 

21. Паренхиматозды белокты дистрофия көбіне кездеседі:

A) Мида

B) Лимфа түйінінде

C) өкпеде

D) көк бауырда

E) бауырда

 

22. Майлы дистрофия кезіндегі бауыр түсі:

A) Қызыл

B) Көкшіл

C) Сарғыш

D) Жасыл

E) Ақ сұр

 

23. Бауырдың майлы дистрофиясы қай кезде дамиды

A) малярияда

B) пиелонефритте

C) пневмонияда

D) гриппте

E) алкоголизмде

 

24. Гидропиялық дистрофияға тән

A) цитоплазмада белок тамшысының болуы

B) цитоплазмада май тамшысының болуы

C) цитоплазмада гликогеннің болуы

D) жасуша қызмеінің жоғарылауы

E) цитоплазмада вакуольдің болуы

 

25. Гиалиноз бұл:

A) Паренхиматозды дистрофия

B) Аралас дистрофия

C) Минералды дистрофия

D) Кантамырлық стромалы дистрофия

E) Қабыну

 

26. Қан тамырлық стромалы дистрофия түрі:

A) амилоидоз

B) баллонды

C) мүйізді

D) гиалин тамшылы

E) пигментті

 

27. Амилоидоз бұл:

A) Паренхиматозды дистрофия

B) Аралас дистрофия

C) Минералды дистрофия

D) Қан тамырлы стромалы дистрофия

E) Қабыну

 

28. Фибриноидты ісіну кездеседі:

A) Семіруде

B) Қатерлі ісікте

C) Кахексияда

D) Инфекциялық ауруда

E) Ревматизмде

 

29. Артериолаларда жайылған гиалиноз дамитын ауру:

A) атеросклероз

B) артериялы гипертония

C) грипп

D) іш сүзегі

E) лейкоз

 

30. Бүйрек тамырларының гиалинозында:

A) толақандылық болады

B) бүйрек бүріседі

C) бүйрек үлкейеді

D) бүйрек кеңейеді

E) қан аздылық болады

 

31. Холестерин алмасуы бұзылады:

A) туберкулезде

B) ревматизмде

C) анемияда

D) атеросклерозда

E) гриппта

 

32. Кахексия дамитын ауру:

A) Атеросклероз

B) Гипертониялық ауру

C) Миокардит

D) Ревматизм

E) Қатерлі ісік

 

33. Амилоидоз кезіндегі көк бауырдың аты:

A) Бүріскен

B) Жұпар жанғақ тәрізді

C) Саго тәрізді

D) Ала

E) Түкті

 

34. Амилоидоздың даму механизмі:

A) Резорбция

B) Инфильтрация

C) Декомпозиция

D) Трансформация

E) Бейтабиғи синтез

 

35. Қантамырлық стромалық дистрофия:

A) Баллонды

B) Мүйізді

C) Гиалин тамшылы

D) Аралас

E) Мукоидты ісіну

 

36. Холестериннің гистохимиялық бояуы:

A) Гематоксилин эозин

B) ШИК реакциясы

C) Пикрофуксин

D) Судан Ш

E) Конго Рот

 

37. Амилоидтың гистохимиялық бояуы:

A) Гематоксилин эозин

B) ШИК реакциясы

C) Пикрофуксин

D) Судан Ш

E) Конго Рот

 

 

38. Амилоидоз кезіндегі бүйректің сыртқы көрінісі:

A) бүріскен

B) майда түйіршікті

C) өзгермейді

D) үлкейген, майлы

E) үлкен бөлікті

 

39. Мукоидты ісіну кезіндегі тіннің және ағзаның сыртқы көрінісі:

A) қан толған

B) ұлғайған

C) атрофияға ұшыраған

D) бозарған

E) өзгермеген

 

40. Гиалин ол:

A) белок

B) липид

C) көмірсу

D) липопротеид

E) гликопротеид

 

41. Мукоидты ісіну жатады:

A) паренхиматозды дистрофияға

B) аралас дистрофияға

C) қан тамырлы стромалы дистрофияға

D) минералді дистрофияға

E) қабынуға

 

42. Мукоидты ісінудің даму механизмі:

A) бейтабиғи синтез

B) трансформация

C) декомпозиция

D) инфильтрация

E) резорбция

 

43. Дәнекер тіннің беткей дезорганизациясы тән:

A) Мукоидты ісінуге

B) Фибриноидты ісінуге

C) Гиалинозға

D) Баллонды дистрофияға

E) гиалин тамшылы дистрофияға

 

44. Дәнекер тіннің терең қайтымсыз дезорганизациясы тән:

A) Баллонды дистрофияға

B) Гиалин тамшылы дистрофияға

C) Мукоидты ісінуге

D) Фибриноидты ісінуге

E) Қабынуға

 

45. Майлы көк бауыр дамиды:

A) Паренхиматоздық дистрофияда

B) Минералдық дистрофияда

C) Қантамырлы стромалық дистрофияда

D) Аралас дистрофияда

E) Қабыну кезінде

 

46. Саго тәрізді көк бауыр дамиды:

A) Вирустық гепатитте

B) Скарлатинада

C) Дифтерияда

D) Амилоидозда

E) Ревматизмде

 

47. Екіншілік амилоидозға алып келетін ауру:

A) Туберкулез

B) грипп

C) Скарлатина

D) Дифтерия

E) Рахит

 

48. Мукоидты ісіну жатады

A) Белокты дистрофияға

B) Майлы дистрофияға

C) Көмірсулы дистрофияға

D) Минералды дистрофияға

E) Аралас дистрофияға

 

49. Фибриноидты ісінуге жатады:

A) Белокты дистрофияға

B) Майлы дистрофияға

C) Көмірсулы дистрофияға

D) минералды дистрофияға

E) Аралас дистрофияға

 

50. Аралас дистрофия:

A) ағза стромасындағы зат алмасу бұзылысы

B) ағза паренхимасындағы зат алмасу бұзылысы

C) белок және көмірсулы алмасу бұзылысы

D) ағза паренхимасы мен стромасындағы күрделі белоктар мен минералдар алмасуының бұзылысы

E) белок және май алмасуы бұзылысы

 

51. Қалыпты жағдайда түзілетін гемоглобиногенді пигмент:

A) порфирин

B) гематин

C) ферритин

D) гемотоидин

E) липофусцин

 

52. Жалпы гемосидероз себебі:

A) экстраваскулярлы гемолиз

B) интраваскулярлы гемолиз

C) гемотоидин алмасуының бұзылуы

D) өт ағуының бұзылуы

E) холалемия

 

53. Бауыр асты сарғаю себебі:

A) гемолитикалық анемия

B) малярия

C) өт-тас ауруы

D) сепсис

E) вирусты гепатит

 

54. Жергілікті гемосидероз себебі:

A) интраваскулярлы гемолиз

B) экстраваскулярлы гемолиз

C) порфирин алмасуының бұзылуы

D) холалемия

E) меланин алмасуының бұзылуы

 

55. Тіндегі гемосидеринді анықтауға қолданылатын реакциялар:

A) Гмелин реакциясы

B) Гримелиус реакциясы

C) Перлс реакциясы

D) ШИК-реакциясы

E) Фельген реакциясы

 

56. Жалпы жүре пайда болатын меланозды атаңыз:

A) қантты диабетте

B) Аддисон ауруында

C) Базедов ауруында

D) альбинизмде

E) тума порфирияда

 

57. Протоиногенді пигмент:

A) липофусцин

B) адренахром

C) липохром

D) гематин

E) билирубин

 

58. Нуклеопротеид алмасу бұзылысы байқалады:

A) Аддисон ауруында

B) малярияда

C) подаграда

D) гемохроматозда

E) альбинизмде

 

59. Асқазанның шырышты қабаты жарасының түбінде түзілетін пигмент:

A) гемосидерин

B) билирубин

C) тұз қышқылды гематин

D) ферритин

E) цироид

 

60. Қалыпты жағдайда түзілетін гемоглобиногенді пигмент:

A) гематоидин

B) порфирин

C) ферритин

D) гематин

E) цероид

 

61. Өкпе гемосидерозының макроскопиялық сипаты:

A) үлкен қоңыр өкпе

B) өкпенің қоңыр тығыздалуы

C) бал ара ұясы тәрізді өкпе

D) кисталы өкпе

E) циррозды өкпе

 

62. Өкпенің қоңыр тығыздалу себебі:

A) гемосидерин түзілуімен жүретін эритроциттер диапедезі

B) меланиннің тез синтезі

C) тирозиннің тума жетіспеушілігі

D) альвеолада липофусциннің жиналуы

E) гемотоидиннің артық мөлшерде жиналуы

 

63. Лейкодерманың сипаттамасы:

A) меланин пигментінің азаюы

B) липохром пигментінің жиналуы

C) липофусцин пигменті көбеюі

D) меланиннің көбеюі

E) гемосидерин пигментінің көбеюі

 

64. Біріншілік гемохромотозға тән:

A) терінің қола түсті қоңырлануы, қола түсті бауыр және диабет

B) гипермеланоз

C) некроздан кейінгі цирроз

D) қантты диабет

E) өкпе және бауырдың қоңыр тығыздалуы

 

65. Порфирияға тән:

A) күн сәулесінен қорқу және тері эритемасы

B) сарғаю

C) пигментті цирроз

D) майлы гепатоз

E) тері гиперпигментациясы

 

66. Безгек пигменті:

A) порфирин

B) гемомеланин

C) гемотоидин

D) гемосидерин

E) билирубин

 

67. Кәрілік және тозу пигменті:

A) порфирин

B) билирубин

C) липофусцин

D) гемотоидин

E) меланин

 

68. Біріншілік гемохроматоз байланысты:

A) темірдің ащы ішекте сіңуінің күшеюімен

B) ағзада темірдің көбеюімен

C) мыс сіңуінің күшеюімен

D) билирубиннің қанда артық жиналуымен

E) өт жолдарының бітелуімен

 

69. Жүре пайда болатын порфирия байқалады:

A) алкоголизмде

B) қорғасынмен уланғанда

C) қантты диабетте

D) қан құйғанда

E) инфекциялық ауруларда

 

70. Биливердин пигментінің түсі:

A) тот түсті қоңыр

B) жасыл-көк

C) жасыл-сары

D) күлгін-сары

E) ашық қызыл

 

71. Өттің негізгі пигменті:

A) билирубин

B) гематин

C) гемотоидин

D) порфирин

E) гемосидерин

 

72. Бауырға байланысты сарғаю себебі:

A) сепсис

B) вирусты гепатит

C) өт-тас ауруы

D) тума порфирия

E) малярия

 

73. Бауыр үсті сарғаю себебі:

A) аутоиммунды конфликт

B) өт-тас ауруы

C) бауыр циррозы

D) бауыр рагы

E) холецистит

 

74. Липидогенді пигмент:

A) меланин

B) гемосидерин

C) липофусцин

D) цероид

E) билирубин

 

75. Тура некроздың түрі:

A) қантамырлы

B) токсикалық

C) аллергиялық

D) трофоневротикалық

E) коагуляциялық

 

76. Некроздың клиникалық-морфологиялық түрі:

A) аллергиялық некроз

B) токсикалық некроз

C) инфаркт

D) трофоневротикалық некроз

E) жарақатты некроз

 

77. Қысым салдарынан дененің беткей бөліктерінің жансыздануы:

A) секвестр

B) жауыр жара

C) ылғалды гангрена

D) құрғақ гангрена

Е) инфаркт

 

78. Гангренаның дамуы мүмкін:

A) мида

B) жатырда

C) өкпеде

D) бауырда

E) қуықта

 

79. Қантамырлы некроздың себебі:

А) жарақаттық

В) интоксикация

С) инфекция

D) тромбоз

Е) аллергиялық шок

 

80. Қантамырлы некроз жиі кездеседі:

A) туберкулезде

B) жүректің ишемиялық ауруында

C) гриппте

D) алапесте

E) мерезде

 

81. Колликвациялық некроз кездеседі:

A) сүйекте

B) дәнекер тінде

C) мида

D) көк бауырда

E) миокардта

 

82. Некроздың қолайсыз нәтижесі:

A) іріңді ыдырау

B) оссификация

C) қалыптасу

D) инкапсуляция

E) петрификация

 

83. Фибриноидты некроз жиі кездеседі:

A) туберкулезде

B) жүйелі қызыл волчанкада

C) скарлатинада

D) іш сүзегінде

E) сепсисте

 

84. Казеозды некроз дамиды:

A) атеросклерозда

B) туберкулезда

C) мерезде

D) гипертониялық ауру

E) дифтерия

 

85. Ішекте дамитын некроздың түрі:

A) инфаркт

B) гангрена

C) жауыр жара

D) беттің номасы

E) секвестр

 

86. Сүйекте жиі кездесетін некроз түрлері

А) жауыр жара

В) гангрена

С) инфаркт

D) жылан көз

Е) нома

 

87. Сезімталдығы жоғары организмде дамитын некроздың түрі:

A) трофоневротикалық

B) қан тамырлы

C) токсикалық

D) аллергиялық

E) жарақатты

 

88. Тіннің нервтенуі бұзылғанда дамитын некроз:

A) трофоневротикалық

B) қан тамырлы

C) токсикалық

D) аллергиялық

E) жарақатты

 

89. Фокальды колликвациялық некроздың синонимі:

A) майлы дистрофия

B) апоптоз

C) гиалин-тамшылы дистрофия

D) паранекроз

E) баллонды дистрофия

 

90. Мидағы ылғалды некроздың нәтижесі:

A) инкапсуляция

B) киста

C) петрификация

D) мумификация

E) оссификация

 

91. Аутолиз процестерін қамтамасыз ететін жасушаның ультрақұрылымдары:

A) Гольджи аппараты

B) митохондрийлар

C) лизосомалар

D) эндоплазматикалық торша

E) микросомалар

 

92. Артюс феноменінде дамитын некроз:

A) қан тамырлы

B) токсикалық

C) жарақатты

D) аллергиялық

E) трофоневротикалық

 

93. Тәжді артериялық тромбозында миокардта дамитын патологиялық процесс:

A) киста

B) инфаркт

C) гангрена

D) секвестр

E) гиалиноз

 

94. Шірікті микроорганизмдердің әсерінен дамитын:

A) инфаркт

B) құрғақ гангрена

C) ылғалды гангрена

D) секвестр

E) жауыр жара

 

95. Кальций алмасуын реттейтін ағза:

A) бүйрек

B) қалқанша маңы безі

C) жүрек

D) бауыр

E) бүйрек үсті безі

 

96. Тас түзілуі мүмкін:

A) қуықта

B) жүректе

C) бауырда

D) асқазанда

E) жатырда

 

97. Кальциноздың синонимі:

A) оссификация

B) петрификация

C) қалыптасу

D) инкапсуляция

E) склероз

 

98. Вильсон-Коновалов ауруында қандай элементтің алмасуының бұзылуы болады:

A) темірдің

B) калийдің

C) кальцийдің

D) мыстың

E) натрийдің

 

99. Бүйректе дамитын тас:

A) флеболит

B) капролит

C) уран

D) холестерин тасы

E) билирубин тасы

 

100. Созылмалы жалпы веноздың толақандылықта көк бауырда қандай өзгерістер болады:

A) мускатты цирроз

B) некроз

C) қоңыр тығыздалу

D) көкшіл тығыздану

E) вакаттық тығыздалу

 

101. Перикард қуысында қанның жиналуы дегеніміз:

A) гемоперикард

B) гематома

C) гемоперитонеум

D) перитонит

E) метроррагия

 

102. Қанның тіндерде оның бүтіндігін бұза отырып жиналуы:

A) гематурия

B) гемангиома

C) толақандылық

D) тампонада

E) гематома

 

103. Қанның тіндерде оның бүтіндігін бұзбай жиналуы:

A) гемангиома

B) геморрагиялық сіңбе

C) қанталау

D) тампонада

E) гематома

 

104. Қантамыр қабырғасының желінуі нәтижесінде қан кету немен байланысты:

A) Іріңді қабынумен

B) ағзаның капсуласының жарылуымен

C) тіндік гипоксиямен

D) аортаның ортаңғы қабатының некрозымен

E) гемосидерозбен

 

105. Қан тамыр қабырғасының жарылуына әсер етеді:

A) артериялық толақандылық

B) стаз

C) некроз

D) веноздық толақандылық

E) тромбтың түзілуі

 

106. Жалпы жедел веноздық толақандылық қай кезде дамиды:

A) миокард инфарктында

B) жүрек ақауында

C) кардиомиопатияда

D) созылмалы миокардитте

E) эндокард фиброэластозында

 

107. Өкпенің қоңыр тығыздалуы негізінде жатады:

A) ісіну

B) гемосидероз

C) липоидоз

D) липофусциноз

E) меланоз

 

108. Плазмалық сіңбе нәтижесінде дамиды:

A) атрофия

B) диспротеиноз

C) гиалиноз

D) амилоидоз

E) гемосидероз

 

109. Плевра қуысында ісіну сұйықтығының жиналуы дегеніміз:

A) гидроторакс

B) плеврит

C) пневмоторакс

D) гидроперикард

E) гемоторакс

 

110. Жергілікті веноздық толақандылық байқалады:

A) қабыну гиперемиясында

B) жүрекке қанның ағып келуінің бұзылуында

C) жүректен қанның ағып кетуінің қиындауында

D) ірі венаның ісікпен жаншылуында

E) артериялық қанның ағзаға ағып келуінің көбеюінде

 

111. Плазмалық сіңбеге анықтама беріңіз:

A) қан ағымынан плазманың шығуы

B) плазманың қан тамыр қабырғасына және айналасындағы тінге сіңуі

C) қан тамырының интима қабатының астына плазманың сіңуі

D) қан тамыр қабырғасына және айналысындағы тіндерге сіңуі

E) плазманың айналасында тіндерден қан тамыр қабырғасына өтуі

 

112. Созылмалы веноздық іркіліс кезіндегі бауыр қалай аталады?

A) саго дәні тәрізді

B) майлы

C) “порфирий” тәрізді

D) цианозды

E) жұпар жаңғақ тәрізді

 

113. Ісіну сұйықтығының тері асты клечаткасында жиналуы:

A) анасарка

B) асцит

C) толақандылық

D) гидроторакс

E) гидроперикард

 

114. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы кезіндегі өлімнің негізгі механизмі:

A) өкпе ісінуі

B) өкпе инфаркты

C) пульмокоронарлы рефлекс

D) асфиксия

E) ми ісінуі

 

115. Балтырдың терең веналарының тромбозының асқынуы:

A) миокард инфаркты

B) ми инфаркты

C) аяқ гангренасы

D) өкпе артериясы жүйесінің тромбоэмболиясы

E) ішек гангренасы

 

116. Тромбтың құрылысына байланысты түрі:

A) шар тәрізді

B) ақ

C) тығындаушы

D) қабырғалық

E) дилатациялық

 

117. Ауа эмболиясының даму шарттары:

A) сүйек жарақаты

B) пневмоторакс

C) тіндердің жаншылуы

D) мойын венасының жарақаты

E) перикардтың зақымдануы

 

118. Өкпе артериясының тромбоэмболиясының пайда болу көзі:

A) өкпе веналарындағы тромбтар

B) аяқ веналарының тромбтары

C) екі жармалы қақпақшаның жармасындағы тромбтар

D) қақпа венасындағы тромбтар

E) аорта қабырғасындағы тромбтар

 

119. Май эмболиясының себептері:

A) тері асты май қабатының жарақаттық жаншылуы

B) мидың жарақаты

C) семіру

D) атеросклероз

E) майлы некроз

 

120. Май эмболдары өкпенің қандай тамырларында орналасады?

A) веналарда

B) артерияларда

C) капиллярларда

D) өкпе артериясында

E) артерия-веналық анастоматоздарында

 

121. Тромбоздың қолайлы нәтижесі:

A) тромбтың асептикалық ыдырауы

B) тромбоэмболия

C) тромбтың септикалық ыдырауы

D) тамырдың саңылауының толық жабылуы мен дәнекер тінденуі

E) тромбтың инфекциялануы

 

122. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы кезіндегі пульмокоронарлы рефлекстің бір компонентін атаңыз:

A) өкпе артериясының бұтақтарының спазмы

B) аорта бұтақтарының спазмы

C) өкпе артериясының бұтақтарының салдануы

D) коронарлы артерияның салдануы

E) ұсақ бронхтар мен бронхиолалардың салдануы

 

123. Тромбта эндотелимен қапталған саңылаулар мен өзектер пайда болатын тромбоздың нәтижесі:

A) эпителилену

B) эндотелилену

C) шунттану

D) тамырлану

E) өзектену

 

124. Тромбоздың қолайсыз нәтижесі:

A) тромбтың асептикалық ыдырауы

B) тромбтың тамыр қабырғасынан үзілуі

C) организациясы

D) тамырлануы

E) өзектенуі

 

125. Кессонды аурудың негізінде жатады:

A) ауалы эмболия

B) майлы эмболия

C) газды эмболия

D) тінді эмболия

E) микробты эмболия

 

126. Эмболияның жиі кездесетін түрі:

A) газды эмболия

B) тіндік эмболия

C) майлы эмболия

D) тромбоэмболия

E) микробты эмболия

 

127. Метастаз берудің негізінде жатады:

A) тромбоэмболия

B) микробты

C) тінді

D) газды

E) бөгде заттар эмболиясы

 

128. Қызыл жиекті ақ инфракт дамиды:

A) мида

B) өкпеде

C) миокардта

D) ішекте

E) көк бауырда

 

129. Қоректендіруші артерияның тромбоэмболиясы кезіндегі ағзадағы өзгерістер:

A) қабыну

B) склероз

C) ісіну

D) инфаркт

E) атрофия

 

130. Үлкен қан айналым шеңберінің тромбоэмболиясының көзі болып табылатын тромбтың орналасатын орны:

A) өкпе артериясының қақпақшасының жармалары

B) жүректің сол жақ қарыншасының қабырғасындағы аневризма қуысы

C) кіші жамбас қуысының веналары

D) қақпа венасының бұтақтары

E) үш жармалы қақпақшаның жармаларында

 

131. Клиникада жиі кездесетін эмболияның түрі:

A) бактериялық

B) ауалы

C) газды

D) майлы

E) тромбоэмболия

 

132. Обтурациялаушы тромбтар жиі кездеседі:

A) ұсақ веналар мен артерияларда

B) аневризмаларда

C) өкпе артериясында

D) жүрек қуыстарында

E) аорта қабырғасында

 

133. Тамырларда тромбтардың пайда болуының жергілікті себептері:

A) интиманың бүтіндігінің бұзылуы

B) адвентицияның бүтіндігінің бұзылуы

C) периваскулярлы склероз

D) қанның ұю қасиетінің төмендеуі

E) қанның ұю қасиетінің жоғарлауы

 

134. Магистральды артерия бағанасымен қанның ағуының қиындауы неге әкеледі?

A) ангионевротикалық гиперемияға

B) коллатеральді гиперемияға

C) анемиядан кейінгі гиперемияға

D) вакатты гиперемияға

E) қабыну гиперемиясына

 

135. Барометрлі қысымның төмендеуі әкеледі:

A) анемиядан кейінгі гиперемияға

B) коллатеральді гиперемияға

C) ангионевротикалық гиперемияға

D) вакантты гиперемияға

E) қабыну гиперемиясына

 

136. Жаншумен факторды алып тастағанда не дамиды?

A) анемиядан кейінгі гиперемияға

B) коллатеральді гиперемияға

C) ангионевротикалық гиперемияға

D) вакантты гиперемияға

E) қабыну гиперемиясына

 

137. Пневмония кезінде дамиды:

A) анемиядан кейінгі гиперемия

B) коллатеральді гиперемия

C) ангионевротикалық гиперемия

D) вакантты гиперемия

E) қабыну гиперемиясы

 

138. Артерия-веноздық жылан көз кезіндегі гиперемия дамиды:

A) негізгі магистральды тамырмен қанның ағымының тоқталуы кезінде

B) артерияны жаншумен факторды алып тастағанда

C) оқ тигеннен болған жарақатта

D) қан тамырының иннервациясы бұзылғанда

E) барометрлік қысым төмендегенде

 

139. Синусоидтардың тамырлануы дамиды:

A) жалпы жедел венозды толақандылықта

B) жалпы созылмалы толақандылықта

C) қан аздықта

D) артерия-веноздық жылан көз кезіндегі гиперемияда

E) ангионевротикалық гиперемияда

 

140. Бадда-Киари синдромының негізінде жатады:

A) өкпе тамырларының эмболиясы

B) жедел венозды толақандылық

C) өкпенің қоңыр тығыздануы

D) бүйректің көкшіл тығыздануы

E) бауыр веналарының облитерациялаушы тромбофлебиті

 

141. Қанның қайта таралуының нәтижесінде ишемия дамиды:

A) анемиядан кейінгі гиперемияда

B) ангиоспазмдық қан аздықта

C) обтурациялық қан аздықта

D) компрессиялық қаназдықта

E) коллатеральді гиперемияда

 

142. Веналар ісікпен жаншылғанда дамиды:

A) обтурациялық қаназдық

B) компрессиялық қаназдық

C) веноздық толақандылық

D) вакаттық гиперемия

E) коллатеральді гиперемия

 

143. Бауыр созылмалы веноздық іркіліс кезінде қалай аталады?

A) жұпар жаңғақ тәрізді

B) қаздың бауырындай

C) жасыл бауыр

D) ақ бауыр

E) майлы бауыр

 

144. Созылмалы венозды толақандылықта бүйректе дамиды:

A) диффузды гемосидероз

B) іркілістік склероз

C) көкшіл тығыздану

D) жұпар жаңғақтық цирроз

E) қоңыр тығыздану

 

145. Тіндік эмболия қашан кездеседі?

A) жаралы эндокардитте

B) тері асты май қабаты жаншылғанда

C) атеросклерозда

D) мойын жарақатында

E) қуысты сүйектер сынғанда

 

146. Тромбтың макроскопиялық бөліктері:

A) басы

B) арқасы

C) алдыңғы

D) артқы

E) орталық

 

147. Тромб түзілуінің кезеңін атаңыз:

A) тромбоциттер аглютинациясы

B) стаз

C) сладж феномені

D) тамырлану

E) организация

 

148. Тромбтың дәнекер тінденуі басталады:

A) құйрығынан

B) тамырға бекіген жерінен

C) денесінен

D) денесінен және құйрығынан

E) барлық бөлігінен бір мезгілде

 

149. Микробты эмболия кездеседі:

A) сүйек сынғанда

B) сепсисте

C) флеботромбозда

D) атеросклерозда

E) қатерлі ісіктерде

 

150. Продуктивті қабыну сипатталады:

A) Тіннің айқын зақымдануымен

B) Ірінді экссудаттың пайда болуымен

C) Фибринозды экссудаттың пайда болуымен

D) Гистиогенді және гематогенді жасушалардың көбеюімен

E) Эпителий элементтердің көбеюімен

 

151. Аралық қабыну жиі қай ағзаларда дамиды:

A) Көк бауырда

B) Мида

C) Теріде

D) Бауырда

E) Асқазанда

 

152. Бөгде денелердің айналасында дамитын гранулеманың ерекшеліктері:

A) Экссудативті тіндік реакция

B) Көп ядролы алып жасушалары бар продуктивті тіндік реакция

C) Эозинофильдер басым болады

D) Полиморфты ядролы лейкоциттер басым болады

E) Пирогов-Лангханс алып жасушалары басым болады

 

153. Вирхов жасушалары қандай ауру кезіндегі гранулемада анықталады

A) Туберкулезде

B) Мерезде

C) Алапесте

D) Склеромада

E) Маңқада

 

154. Туберкулез гранулемасындағы некроздың сипаты:

A) Аллергиялық

B) Казеозды

C) Фибриноидты

D) Колликвациялық

E) Балауыз тәрізді

 

155. Арнайы гранулема дамиды:

A) Іш сүзегінде

B) Силикозда

C) Ревматизмдік ауруда

D) Бөртпе сүзекте

E) Мерезде

 

156. Мерездік мезаортитке тән:

A) Ішкі қабаты зақымдалады

B) Тіндік реакция басым болады

C) Аортаның доғасы зақымдалады

D) Аортаның құрсақ бөлігінің зақымдалуы басым болады

E) Вегетативті ганглийлердің зақымдануы

 

157. Мерез кезіндегі бауырдағы продуктивті қабынудың түрі

A) Диффузды, интерстициалды

B) Арнайы гранулематозды

C) Гранулематозды арнайы емес

D) Полипозды

E) Кондилломатоз

 

158. Фагоцитозға қатысушы жасушалар:

A) Гепатоциттер

B) Лимфоциттер

C) Макрофагтар

D) Базофильдер

E) Эозинофильдер

 

159. Продуктивті қабыну кезіндегі тіндік реакция

A) Экссудация

B) Склероз

C) Пролиферация

D) Альтерация

E) Деструкция

 

160. Аралық қабынуда басым болады:

A) Альтеративті тіндік реакция

B) Экссудативті тіндік реакция

C) Альтеративті экссудативті тіндік реакция

D) Продуктивті тіндік реакция

E) Иммунологиялық реакция

 

161. Продуктивті қабынуға жатқызады:

A) Флегмоналы

B) Эмпиемалы

C) өткір үшті кондиломалы

D) крупозды қабынуды

E) серозды қабынуды

 

162. Туберкулез кезінде бауырда продуктивті қабынудың қай түрі дамиды

A) Интерстициалды

B) Арнайы емес гранулематозды

C) Аралық

D) Полипозды

E) Арнайы гранулематозды

 

163. Жануар паразиттері айналасындағы қабынудын нәтижесі:

A) Альтерация

B) Экссудация

C) Инкапсуляция

D) Гиалиноз

E) Оссификация

 

164. Мерез кезіндегі миокардтағы продуктивті қабынудың түрі:

A) Интерстициалды

B) Арнайы гранулематозды

C) Арнайы емес гранулематозды

D) Полипозды

E) Кондилломатоз

 

165. Ревматизм кезіндегі миокардтағы продуктивті қабынудың түрі:

A) Интерстициалды

B) Арнайы емес гранулематозды

C) Паренхиматозды

D) Полипозды

E) Кондилома

 

166. Қабыну кезінде пролиферация фазасы сипатталады:

A) Тіннің зақымдалуымен

B) Қан айналымының бұзылуымен

C) Фагоцитозбен

D) Қабыну аймағындағы жасушалардың көбеюімен

E) Экссудаттың түзілуімен

 

167. Бөгде зат айналасындағы продуктивті қабынудын түрі:

A) Интерстициалды

B) Арнайы гранулематозды

C) Арнайы емес гранулематозды

D) Полипозды

E) Кондилломатоз

 

168. Продуктивті қабынуға тән нәтиже:

A) Сепсис

B) Тіннің ыдырауы

C) Склероз

D) Жаралануы

E) Жылан көздің пайда болуы

 

169. Шырышты қабатардығы фибринозды қабынудың түрін неге байланысты ажыратады:

A) тамырлардың санына

B) некроздың терендігіне

C) ағзаның стромасының ерекшелігіне

D) бездердің санына

E) аурудың кезеңіне

 

170. Экссудативі қабыну кезіндегі тамырдың базальды мембранасы арқылы полиморфты ядролы лейкоциттердің эмиграциясының механизмі:

A) трансэндотелиалды

B) пиноцитоз

C) фагоцитоз

D) тиксотропия

E) интерэндотелиалды

 

171. Фазасының басымдылығына байланысты қабынудың түрі:

A) альтеративті

B) фибринозды

C) пролиферативті

D) рецидив беруші

E) созылмалы

 

172. Плевра қуысындағы экссудативті қабынудың түрі:

A) абсцесс

B) флегмона

C) эмпиема

D) карбункул

E) фурункул

 

173. Серозды қабықтардағы фибринозды қабынудың түрі:

A) катаральды

B) дифтериялық

C) флегмона

D) серозды

E) крупозды

 

174. Эмболиялық іріңді нефрит кездеседі:

A) ангинада

B) септикопиемияда

C) дифтерияда

D) жүрек ақауында

E) септицемияда

 

175. Септикопиемия кезіндегі бүйректегі экссудативті қабынудың түрі:

A) продуктивті

B) серозды

C) геморрагиялық

D) іріңді

E) фибринозды

 

176. Экссудативті қабыну кезінде экссудаттың сұйық бөлігінің түзілуіне әсер етеді:

A) тиксотропия

B) фагоцитоз

C) микротамырлардың қабырғасының өткізгіштігінің төмендеуі

D) микротамырлардың қабырғасының өткізгіштігінің жоғарлауы

E) склероз

 

177. Катаральды қабыну кезіндегі экссудат

A) аз мөлшерде

B) орта мөлшерде

C) көп мөлшерде

D) мүлдем болмайды

E) қызыл түсті

 

178. Альтерацияның морфологиялық маркері:

A) склероз

B) атрофия

C) некроз

D) гемосидероз

E) фиброз

 

179. Экссудатта фибриннің көп мөлшерде болуы тән:

A) крупозды қабынуға

B) казеозды пневмонияға

C) абсцеске

D) флегмонаға

E) шіріктік қабынуға

 

180. Қабынудың жасушалық медиаторы

A) хагеман факторы

B) интерлейкин П

C) комплемент

D) кининдер

E) коллаген

 

181. Қабынудың гуморальды медиаторы:

A) комплимент жүйесі

B) гистамин

C) серотонин

D) интерлейкин

E) простагландин

 

182. Уремия кезіндегі жүректі қалай атайды

A) жолбарыс терісі тәрізді

B) бұқа жүрегі

C) алып жүрек

D) тамшы тәрізді

E) түкті жүрек

 

183. Крупозды пневмония кезіндегі альвеола аралық перделердің тамырларының жағдайы

A) қуысы бос

B) қабырғасы жабысқан

C) қан толған

D) склерозға ұшыраған

E) қуысында эмбол болады

 

184. Клиникалық ағымына байланысты қабынудың түрі:

A) жәй

B) редицив беруші

C) қатерлі

D) жеделдеу

E) кенеттен болған

 

185. Іріңді экссудативті қабыну ошағындағы негізгі жасушалар

A) полиморфты ядролы лейкоциттер

B) лимфоциттер

C) моноцитер

D) лаброциттер

E) гистиоциттер

 

186. Қабынудың экссудативті фазасы дегеніміз

A) асқынған өзгерістер кезеңі

B) қанның реологиялық қасиетінің бұзылуымен микроциркуляцияның реакциясы

C) организация

D) паренхиматозды элементтердің атрофиясы

E) қан аздық

 

187. Крупозды пневмония кезіндегі плевра

A) макроскопиялық көрінісі өзгеріссіз

B) склерозға ұшыраған

C) шырышпен қапталған

D) фибрин жіпшілерімен қапталған

E) некрозға ұшыраған

 

188. Фибринозды қабыну кезінде экссудаттың құрамына кіреді:

A) гистиоциттер

B) полиморфты ядролы лейкоциттер

C) лаброциттер

D) вирустар

E) фибробласттар

 

189. Уремия кезіндегі ішек пен асқазандағы қабынудын түрі:

A) шіріктік

B) ірінді

C) серозды геморрагиялық

D) фибринозды

E) продуктивті

 

190. Фибринозды қабыну кезінде серозды қабықтарда пайда болады:

A) демаркациялық сызық

B) абсцесс

C) эмпиема

D) фибринозды қабық

E) секвестр

 

191. Ірінді қабыну ошағындағы тіннің өзгерістері

A) склерз

B) дистрофия

C) аутолиз

D) гипертрофия

E) атрофия

 

192. Жедел флегмонозды аппендицит кезіндегі серозды қабықтардағы экссудативті қабынудың түрі:

A) серозды-катаральді

B) серозды-геморрагиялық

C) іріңді

D) шіріктік

E) фибринозды

 

193. Іріңді қабыну кезінде тінде қуыстың пайда болуы ненің нәтижесінде болады:

A) ісінудің

B) толақандылықтың

C) гистолиздің

D) ишемияның

E) жарақаттың

 

194. Тері асты қабатының флегмонасы қалай аталады:

A) эмпиема

B) жылан көз

C) целлюлит

D) карбункул

E) абсцесс

 

195. Қабыну тудырушы факторды атаңыз:

A) альдостерон

B) глюкокортикоид

C) АКТГ

D) адреналин

E) кальций

 

196. Крупозды қабыну туындайды:

A) көп қабатты жалпақ эпителиде

B) терең некрозда

C) призмалық эпителиде

D) плазмалық сіңбеде

E) фибриноидты ісінуде

 

197. Өткір ұшты кандиломалар дамиды:

A) шіріктік қабыну

B) продуктивті қабыну

C) фибринозды қабыну

D) дифтериялық қабыну

E) аралық қабыну

 

198. Түкті жүрек дамиды:

A) крупозды қабынуда

B) дифтериялық қабынуда

C) серозды қабынуда

D) шіріктік қабынуда

E) аралық қабынуда

 

199. Эпителиодты және алып жасушалардың пайда болу көзі:

A) эпителий

B) лимфоциттер

C) макрофагтар

D) базофилдер

E) фибробласттар

 

200. Жараның жазылуының түрі:

A) жараның біріншілік жазылуы

B) аутогенді жаңа түзіліс

C) метаплазия

D) регенерациялық гипертрофия

E) біріншілік сүйектік шор

 

201. Регенерацияның түрі:

A) жасушалық

B) викарлы

C) атрофиялық

D) қабыршақ астында жазылуы

E) гипертрофия

 

202. Жалған гипертрофия дегеніміз:

A) паренхиманың өсуіне байланысты ағзаның үлкеюі

B) дәнекер тіннің өсуіне байланысты ағзаның үлкеюі

C) қабыну сіңбесіне байланысты ағзаның үлкеюі

D) туа пайда болған ақау

E) нейрогуморальды гипертрофия

 

203. Атеросклероздық табақшамен сан артериясының саңылауының біртіндеп бітелуі кезінде аяқ бұлшық етінде дамитын атрофияның түрі:

A) ишемиядан болған

B) дисфункциональді

C) қызметін атқармағандықтан

D) күш түсудің азаюынан

E) нейротикалық

 

204. Эндометрийдің безді гиперплазиясының микроскопиялық белгілері:

A) эндометрий стромасының фиброзы

B) эндометрийдің атрофиясы

C) бездердің пішіні ирелеңдеген

D) митоздар болмайды

E) бездердің эпителиінің жалпаюы

 

205. Жергілікті атрофияның түрі:

A) дисфункциональді

B) гипофизарлы кахексия

C) туберкулезді кахексия

D) рактық кахексия

E) церебральді кахексия

 

206. Репаративті регенерацияның түрі:

A) физиологиялық

B) патологиялық

C) метаплазия

D) компенсаторлы

E) регенрациялық гипертрофия

 

207. Бейімделудің анықтамасы:

A) тіннің бір түрінің екінші түріне алмасуы

B) склероз

C) түрдің сақталуына бағытталған тіршілік процестері

D) ағзаның салмағының азаюы

E) жалған гипертрофия

 

208. Тыртықтың тінді анықтауға арналған бояу:

A) судан ІІІ

B) осмий қышқылы

C) конго рот

D) Ван-Гизон бойынша пикрофуксинмен

E) гематоксилин

 

209. Викарлы гипертрофия дегеніміз:

A) жұп ағзаның біреуін алып тастағанда екінші ағзаның ұлғаюы

B) ағзаның жұмысының күшеюіне байланысты оның гипертрофиясы

C) Ағзаның бір бөлігі тыртықпен алмасқанда оның ұлғаюы

D) нейро-гуморальді гипертрофия

E) гипертрофиялық өсу

 

210. Тыртықтың айналасындағы кардиомиоциттердің жағдайы:

A) регенерациялық гипертрофия

B) регенерациялық гиперплазия

C) қоңыр атрофия

D) майлы дистрофия

E) некроз

 

211. Регенрациялық гипертрофияға жатады:

A) склероз

B) жасушалардың гиперплазиясы

C) атрофия

D) дистрофия

E) метаплазия

 

212. Ликвордың ағымына кедергі болғанда болатын мидың атрофиясы:

A) менингит

B) энцефалит

C) гидроцефалия

D) ұсақ- қан құйылуы

E) киста

 

213. Викарлы гипертрофияның дамуы мүмкін:

A) бауырда

B) гипофизда

C) көк бауырда

D) бүйректе

E) жүректе

 

214. Орын-толтыру бейімделу процестерінің даму фазасы:

A) склероз

B) иммунизация

C) беку

D) компенсация

E) бейімделу

 

215. Гиперплазияның анықтамасы:

A) тіндердің жасушаларының көлемінің кішіреюі

B) паренхиманың орнына строманың өсіп кетуі

C) жоғалған тіндердің қайта қалпына келуі

D) жасушалар мен тіннің құрылымдық элементтерінің санының көбеюі

E) жасушалар мен тіннің құрылымдық элементтерінің санының азаюы

 

216. Жалпы атрофия қай кезде дамиды:

A) семіру

B) арықтау

C) гемохроматоз

D) миокардтың майлы дистрофиясы

E) липодистрофия

 

217. Қуық асты безінің аденомасында компенсаторлы гипертрофияға ұшырайды:

A) бүйрек

B) несеп ағар

C) аталық без

D) қуық

E) уретра

 

218. Реституция дегеніміз:

A) толық регенерация

B) тіннің дефектінің жойылуы

C) тіннің дефектінің тыртықпен алмасуы

D) регенерациялық гипертрофия

E) строманың өсіп кетуі

 

219. Атрофияның анықтамасы:

A) ағзаның көлемінің ұлғаюы

B) жойылған тіннің қалпына келуі

C) склероз

D) тіршіліктегі ағзаның тіннің, жасушаның көлемінің кішіреюі

E) тіннің бір түрінің екінші түрге алмасуы

 

220. Жасуша ішілік регенерация дамиды:

A) гепатоциттерде

B) нефроциттерде

C) сүйек жасушаларында

D) эпидермисте

E) жұлынның және мидың ганглионарлы жасушаларында

 

221. Метаплазиядан кейін жиі дамитын жалпы патологиялық процесс:

A) қабыну

B) некроз

C) қатерлі ісік

D) амилоидоз

E) дистрофия

 

222. Компенсация дегеніміз:

A) жойылған тіннің қалпына келуі

B) қызметінің қалыптасуы

C) ағза салмағының көбеюі

D) бейімделудің жеке көрінісі

E) метаплазия

 

223. Гипертрофия дегеніміз:

A) тіннің некрозы

B) жойылған тіннің қалпына келуі

C) ағзаның көлемінің кішіреюі

D) дәнекер тінмен алмасуы

E) ағзаның, тіннің, жасушаның көлемінің үлкеюі

 

224. Жүрек қызметінің декомпенсациясының морфологиялық субстраты:

A) миокардтың қоңыр атрофиясы

B) миокардтың майлы дистрофиясы

C) жүректің семіруі

D) липофусциннің жиналуы

E) метастаздық әктену

 

225. Дәнекер тіндену процесін атаңыз:

A) амилоидоз

B) дистрофия

C) кистаның түзілуі

D) тыртықтың пайда болуы

E) метаплазия

 

226. Ағзаның шынайы гипертрофиясы кезінде не болады:

A) май тінінің өсіп кетуі

B) строманың өсіп кетуі

C) паренхима массасының ұлғаюы

D) капсуланың склерозы

E) ағзаның көлемінің ұлғаюы

 

227. Регенерация дегеніміз:

A) тіннің бір түрінің екінші түріне алмасуы

B) ағзаның тінінің, жасушаларының көлемінің ұлғаюы

C) некроз ошағының дәнекер тінмен алмасуы

D) жойылған тіндердің құрылымдық элементтерінің қалыпына келуі

E) жасуша көлемінің кішіреюі

 

228. Бронх эпителиінің метаплазиясы байқалады:

A) созылмалы бронхитта

B) қан құйылуда

C) жарақаттануда

D) некрозда

E) кистада

 

229. Жалпы атрофияның синонимі:

A) семіру

B) кахексия

C) дисфункционалды атрофия

D) некроз

E) ергежейлік

 

230. Эпителидің пролиферациясы және дифференцировкасының бұзылуы қандай процесс болып табылады:

A) агенезия

B) организация

C) дисплазия

D) қабыну

E) некроз

 

231. Қатерлі ісіктерге тән:

A) метастаздың болуы

B) экспансивті өсу

C) жасушалық атипизм

D) баяу өсу

E) рецидивтің болмауы

 

232. Қатерсіз эпителиальді ісіктер:

A) саркома

B) жалпақ жасушалы рак

C) аденокарцинома

D) папиллома

E) гемангиома

 

233. Жабынды эпителидің қатерсіз ісігі:

A) аденома

B) папиллома

C) гемангиома

D) липома

E) синовиома

 

234. Безді қатерсіз ісіктер:

A) хондрома

B) липома

C) миксома

D) фиброма

E) аденома

 

235. Морфологиялық атипизм:

A) антигенді және биохимиялық

B) функциональды және тіндік

C) антигенді және жасушалық

D) жасушалық және тіндік

E) тінді және функционалды

 

236. Атипизм белгілері:

A) строма мен паренхима ара қатынасының бұзылуы

B) тіндік құрылым өлшемінің өзгерісі

C) тіндік құрылым түрінің өзгерісі

D) жасуша мономорфизмі

E) ядро-цитоплазма ара қатынасының ұлғаюы

 

237. Көрші тіндерге ісіктің өсуі:

A) инфильтративті өсу

B) экспансивті өсу

C) дисплазия

D) метаплазия

E) организация

 

238. Екіншілік ісіктік түйіндер:

A) метастаз

B) апоптоз

C) некроз

D) цирроз

E) фиброз

 

239. Қатерсіз ісіктер сипаттамасы:

A) метастаз береді

B) жасушалық атипизм тән

C) рецидив береді

D) тез өседі

E) тіндік атипизм тән

 

240. Эпителиальді қатерлі ісік:

A) аденома

B) папиллома

C) хондрома

D) рак

E) саркома

 

241. Мезенхималы қатерлі ісік:

A) саркома

B) кандилома

C) полип

D) фиброма

E) рак

 

242. Қатерлі ісік жасушалары лимфоцитке ұқсас болады:

A) трабекулярлы ракта

B) жалпақ жасушалы ракта

C) фиброзды ракта

D) майда жасушалы ракта

E) медулярлы ракта

 

243. Жалпақ жасушалы мүйізденген қатерлі ісікке тән:

A) строманың басым болуы

B) паренхиманың басым болуы

C) шырыштың түзілуі

D) трабекулярлы құрылымдар

E) рак інжулері

 

244. Ісік эпителиальді пласт деңгейінде өседі:

A) медулярлы ракта

B) скирр рагында

C) орнықты ракта

D) майда жасушалы ракта

E) аденокарциномада

 

245. Папилломаның макроскопиялық көрінісі:

A) бүртікті

B) шар тәрізді

C) жоғары шығып тұрмайды

D) сырты тегіс

E) консистенциясы тығыз

 

246. Трабекулярлы құрылысы бар:

A) жалпақ түлейтін рак

B) аденокарцинома

C) солидті рак

D) фиброзды рак

E) медулярлы рак

 

247. Ағза қуысына өсуі:

A) экзофитті

B) эндофитті

C) уницентрлі

D) мультицентрлі

E) экспансивті

 

248. Стромасы жақсы дамыған рак:

A) аденокарцинома

B) скирр

C) медулярлы


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 128; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты