Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сыртқы көздер




Қайырымдылық және өзге де жарналар (қайтарылмайтын негізде) Шетел инвестициясы:- ақшалай ресурстар;- материалдық ресурстар;- материалдық емес активтер .Халықаралық қаржы институттардың

Және ұйымдардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың ақшалай салымдары Әр түрлі заемдық қаражаттар: - банктердің , өзге де ұйымддардың несиелері; - облигациялық займдар, вексельдер

16 сурак Инвест қызметті қысқа мерзімді қаржыландыру

Узак мерз карж: Ипотекалық несие. Мұндай несие негізгі қорларды немесе компанияның меншік кешенін тұтастай кепілдікке алу негізінде ұзақмерзімді займдар беруге маманданатын банктерден алынуы мүмкін (ипотекалық банктер). Өз мүліктерін кепілдікке беретін компаниялар оны банк пайдасы үшін толық көлемде сақтандыруы қажет. Ролловердік несие.Бұл проценттік ставка кезеңдік қайта қарастыратын ұзақмерзімді несиенің бір түрін білдіреді (яғни қаржы нарығы конъюнктурасының өзгеруіне байланысты "қайтанесиелеу" перманенті). Еуропалық практикада берілетін ролловердік несиенің проценттік ставкасын әр квартал немесе жарты жылда бір рет қарастыру жүзеге асырылады (жоғары инфляция жағдайында және несиеге проценттік ставканы кезеңдік қарастыруда Орталық банктің есеп ставкасының жиі ауысуы болуы мүмкін).Консорциумдық несие.Банктің несие саясаты несиелеудің белгіленген нормативтер жүйесі немесе тәуекелдіктің жоғары деңгейі кейде оған компания – клиенттің несиеге деген жоғары қажеттілігін толық қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайда компанияға қызмет ететін банк өзінің клиентін несиелеуде басқа банктерді (мұндай несиелік операцияларды жүзеге асыратын банктер одағын "консорциум" д.а.) тартады. Консорциумдық несиені ұйымдастырғаны үшін жетекші банк (клиентке қызмет етуші) белгілі бір комиссиондық сыйақы алады. Банктік несиені тартудың түрлері мен шарттарының көптігі компаниялардың осы процесті тиімді басқаруын қажет етеді. Әсіресе бұл қажеттілік банктік несиені көп тұтынатын компанияларға тән. Бұл жағдайда банктік несиелеудің ерекшелігіне қарыз капиталын тарту саясаты мен мақсаттары нақтылана түседі де, қажет болған кезде компанияның қаржы саясатының өзіндік түрі бола алады. Банк несиеленетін жобалардың орындалуына бақылау жүргізіп отырады. Қарызгердің өз міндеттемелерін орныдамауы кезінде несиелік келісім-шартта қарастырылған экономикалық санкцияларды қолдануға құқылы.

17.Инв-қ қызметті макро және микродеңгейде қаржыландыру Макроэкономикалық деңгейде инвестициялық ресурстар келесідей көздерден құралады:1) халықтың жинақтары;
2) жеке және заңды тұлғалардан салықтық төлемдер;
3) кәсіпорындар мен ұйымдардың, соның ішінде қаржылық институттардың жинақтары;4) Ұлттық банктің несиелері және бюджеттік қаржыландыру;5) шетелдік инвестициялар;
6) халықаралық қаржылық ұйымдардың қарыздары мен несиелері;
7) гранттар, бейрезиденттерден қайырымдылық жарналары.
Микродеңгейде кәсіпорындардың қаражаттары маңызды орынды алады. Олар кәсіпорынның меншік қаражатынан, сонымен қатар тартылған және қарыздық қаражаттардан қалыптасады.
Инвестициялық ресурстар келесідей белгілер бойынша жіктелінеді:
Инвестициялық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі келесідей ерекшеліктерді ескеруіне байланысты:Инвестициялық қызмет инвестициялық ресурстарды қалыптастырусыз жүргізілмейді.
Кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын қалыптастыру тұрақты сипатқа ие, себебі инвестициялау барлық қызмет кезеңдерінде жүргізіледі. Кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын қалыптастыру кезінде реинвестициялау пайданы аудару, амортизациялық аударымдар, негізгі активтерді сату есебінен жүргізіледі.

18лизинг Инвест қызметті қысқа мерз қаржыландыру
Лизинг – инвестициялаудың құрамдас бөлігі.
Біздің елімізде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың перспективалық бір бағытына лизингті жатқызуға болады. Лизинг машиналарды, көлік құралдарын, қондырғыларды, сондай-ақ өндірістік сипаттағы құрылыстарды ұзақмерзіміді жалға алуды, яғни инвестициялау формасын білдіреді. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: оперативті лизинг – толық өтелмейтін, қаржылық лизинг – толық өтелетін. Оперативтік лизингке арендаға берілетін лизингберушінің алған мүлкіне байланысты шығындары аренданың бастапқы мерзімі ішінде бөлшектеп өтелетін барлық келісім-шартты жатқызамыз. Оперативтік лизингтің келесідей ерекшеліктері бар:
§ Бір ғана жалға алушыдан түсімдер есебінен лизинг беруші өзінің барлық шығындарын жабуды көздемейді;
§ аренда мерзімі мүліктің толық физикалық тозуын қамтымайды;
§ мүліктің бұзылуы немесе жоғалып кету тәуекелі лизинг берушінің мойнында болады;
§ мүліктің белгіленген мерзімі аяқталған соң лизинг берушіге қайтарылады, одан кейін ол не сатады, не келесі клиентке қайта жалға береді.
Оперативті лизинг құрамына кіретіндер: рейтинг – бір күннен бір жылға дейінгі мүліктің қысқамерзімді арендасы; хайринг – бір жылдан үш жылға дейінгі орта мерзімді аренда. Көрсетілген операциялар стандартты қондырғыны бір жалға алушыдан келесісіне бірнеше рет қайталанып беруді білдіреді.
Қаржылық лизинг машиналар мен қондырғылардың толық амортизациясы үшін жеткілікті, лизинг берушіге тұрақты табысты қамтамасыз ете алатын аренда мерзімі ішінде нық белгіленген арендалық төлем сомасын төлеуді қарастырады. Қаржылық лизинг келесідей түрлерге бөлінеді: қызмет көрсетілетін лизинг, леверидж лизинг, "пакеттегі" лизинг.1 Қызмет көрсетілетін лизинг қаржылық лизингтің мердігерлік келісім-шартпен үйлесуін білдіреді және жалға берілген қондырғыны техникалық қызмет көрсетуге байланысты бірқатар қызмет көрсетуді сипаттайды.
Леверидж лизинг – қаржылық лизингтің ерекше түрі. Бұл келісімде жалға берілетін қондырғының үлкен үлесі (құны бойынша) үшінші жақ – инвестордан алынады. Аренда мерзімінің бірінші жартысында арендаға алынған қондырғы бойынша амортизациялық аударымдар және оны иеленуге алынған қарыз бойынша проценттерді төлеу жүзеге асырылады. Бұл инвестордың табысына салынатын салықты төмендетеді және салықты кешіктіру эффектісін туғызады.
"Пакеттегі" лизинг – компанияның қаржыландыру жүйесі, бұл кезде ғимараттар мен құрылыстар несиеге беріледі, ал қондырғы аренда келісім-шарты бойынша лизинг алушыға ұсынылады.

19 сурақ Ипотекалық несиелеу қысқа мерзімді қаржыландыру

Ипотека(грек. hypotheke – кепіл‚ кепілзат) –ұзақ мерзімге несие алу үшін жылжымайтын мүлікті кепілге салу.ипотекалық қарыз ақша (ипотекалық несие) қозғалмайтын мүліктің кепілдігіне банк беретін қарыз ақшасенім қозғалмайтын мүліктің кепілдігі туралы банк қарыз алушыға беретін куәлік.[1][2]Ипотекалық несие жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін несие нысанында қаржы ресурстарын тарту тәсілі, яғни ипотекалық‚ коммерциялық банкілер‚ сақтандыру және басқа несие-қаржы мекемелері жылжымайтын мүлік (жер‚ құрылыс‚ тағы басқа) кепілімен беретін несие. Несие толық өтелгеннен кейін несиегерге берілген меншік құқығы жойылады. Өтеу нысандары: тұрақты, тіркелген пайыздық мөлшерлемелі ипотека кәдуілгі ипотека немесе төлем біркелкі төленіп отыратын ипотека; пайыздық мөлшерлемесі өзгермелі ипотека. Нарықтағы несие беру құралдары айналысының мүмкіндігіне қарай жабық ипотека; ашық ипотека;лимиттелмеген ипотека; шектеулі-ашық ипотека; шоғырландырылған ипотека түрлеріне бөлінедіНесиелерді қамтамасыз етудің, материалдық формаларына: жер, құнды қағаздар, тауар-материалдық құндылықтар, сақтандыру полистері және т.б. жатады. Қысқа мерзімді несиелер күделікті айналым операцияларына қажетті айналым капиталының құнын өтеу үшін белгіленеді. Оларға жататындар: несиелік желі (линия) соның ішінде маусымдық және жаңармалы қарыздар, күтпеген оқиғаларға жұмсалатын несиелер мен қарыз алушының айналым капиталын толықтыру үшін берілетін қарыздар.Орта мерзімді және қысқа мерзімді қарыздар күрделі құрылыс шараларын жүргізу үшін, үй және қондырғылар сатып алу үшін, сонымен қатар, негізгі капиталды қаржыландыру үшін беріледі. Оларға жататындар: мерзімдік қарыздар, мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар, құрылыстық қарыздар қаржылық лизингтер.Несиелік желілер анықталған тәртіптерді сақтай отырып, белгіленген уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, несиелердің максималды сомасын алу туралы банкпен қарыз алушы арасындағы келісімшарт. Жақсы табыс тауып, жиі несие қолданып жүрген фирма қажетті жағдайда көлемі алдын-ала белгіленген қарызды банктен алуға келісімшарт жасасады.

20.Факторинг –банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.Факторинг үшін ақы төлеу сатып алушыға қатысты құжаттар картотекаға енгізілсе төлемдер кезінде жасалмайтын кездері несие қаражатының сомасымен және оларды пайдалану мерзімдерімен және тұрақсыздық айыппұлмен анықталады. Факторинг ерекшелігі сол: ол тек қана мәміленің негізінде іске асады; қаржыландыру талап құқығымен; мәміленің ақылы болуы; ақшалай және кәсіпкерлік сипаты ғана бар және болашақта талап құқығы мүмкіншілігі болады. Факторинг қызметінің мақсаты – төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады. Факторинг операцияларына үш тарап қатысады:Факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.Клиент (тауарларды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниялармен келісім-шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.Кәспорын (қарыз алушы) – тауарларды сатып алушы фирма.Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізінде факторинг туралы келісім-шарт жатады. Онда факторинг операцияларының мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар. Форфейтинг механизмі келісімнің екі түрінде қолданылады:Қаржы келісімдерінде – ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерін жылдам жүзеге асыру мақсатында;Экспорттық келісімдерде – шетелдік сатып алушыға несие берген экспорттаушының қолма-қол ақша алуына көмектесу.

21Қаржылық Инвестициялық институттар – бос қаржы ресурстарының қорланымы мен өндіріске салынған инвестиция арасында қор рыногінің тетігін іске қосатын байланыстырушы мамандандырылған арнаулы институттар.

Инвестициялық институттартар міндеттері:

· бос ақшалай қаражатты тартып, шоғырландыру; осы қаражатты инвестицияға айналдыру;

· инвестиция қоржынын тиімді басқару және оны оңтайландыру;

· ақшалай ресурстарды қайта бөлу.Инвестициялық институттар ұсақ инвесторлар мен капиталдың ірі корпорациялық қарызгерлері арасындағы делдалдардың рөлін атқарады, яғни бос ақшалай қаражатты капиталға айналдырады.

22. Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынны іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.[1]

жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

23.Инвестициялық жобалардың сыныпталуы

Соңғы анықтама жобалық несиелеуге сəйкес келетін анықтама. Жобалық несиелеу бойынша инвестициялау объектісіне мыналар жатады:

- салынатын, қайта құрылатын немесе кеңейтілетін кəсіпорын, ғимарат,құрылғылар;

- жұмыс жасап тұрған кəсіпорында жаңа бұйым түрлерін өндіру;

- өндірістің қауіпсіздігін арттыру немесе қоршаған ортаны қорғау;

- басқа да инвестициялар.

Инвестициялау объектілерді мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:

а) жобаның көлеміне қарай:шағын жобалар (10-15 млн долларға дейінгі мөлшерде капитал жұмсауды қажет ететін, еңбек шығыны – 40-50 адам-сағаттық жобалар);

- ірі жобалар (капитал жұмсалымы – 1 млрд долллар жəне одан жоғары,еңбек сиымдылығы – 2 млн адам сағат);

- орта жобалар, яғни шағын жəне ірі жобалардың арасында болатынжобалар.

ə) іске асыру мерзіміне қарай:

- қысқа мерзімді жоба (1 жылғы дейін);

- орта мерзімді жоба (1жылдан 5-7 жылға дейін);

- ұзақ мерзімді жоба (5 жылдан жоғары).

б) тəуелсіздік дəрежесіне қарай:

- əр түрлі жоба (бірдей іске асатын жəне соның ішінде біреуін таңдауды қажет ететін);

- өзара байланысты жоба (бірі бірінсіз іске асырылмайтын жобалар);

- өзара тəуелсіз жоба (бірінің жүзеге асуы екіншісіне қарама-қайшылық тудыратын жəне өзара байланыссыз жобалар).

Шағын жоба - өндірісті кеңейту жəне шығарылатын өнім түрлерін арттыру жоспарын білдіреді.

Ірі жоба – ішкі жəне сыртқы нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету үшін қажетті өнеркəсіп өнімдерін шығару жоспары.

Орта жоба - өндірісті қайта құру немесе техникалық жағынан қайта

қаруландыру жоспары. Жобалық несиелеуде жобалық айналым деген сөз қолданылады.

 

24.инвестициялық Жобалың өмірлік циклi

Кәсіпорынныңнақтыбіржобағақатысты инвестициялық іскерлігініңжалпыреттелуіжобалықциклтүріндеқалыптасадыжәнеолциклдыңкелесікезеңдергеие.

ЖобаныңтұжырымдалуыБұлкезеңдекәсіпорынжетекшілерініңжоғарықұрамыкәсіпорынныңағымдағыжағдайынаталдаужасап, кәсіпорынныңарықарайдамуыныңпайдалыбағыттарынанықтайды.Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.

Жобаны дайындауЖобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.

Жобаны сараптауЖобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.

Жобаны іске асыруБұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.

Нәтижелерді бағалауБұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрірнің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны қарастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.

25.Инв-қ жобаны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері.
мамандарының сараптауы бойынша жобалық цикл мына кезеңдерден тұрады:

1. Жобаларды таңдау;

2. Жобаларды дайындау;

3. Жобаларды бағалау;

4. Келіссөздер жүргізу және жобаны бекіту;

5. Жобаны жүзеге асыру және оны бақылау;

6. Жобаның нәтижелерін бағалау.

26 сурак Жобалық талдаудың рөлі, маңызы

Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктеріне жан-жақты баға беруге негізделеді. Жобалық талдаудың бірнеше төмендегідей түрлері болады:

экономикалық талдау; коммерциялық талдау; техникалық талдау; ұымдастырушылық талдау:әлеуметтік талдау; экологиялық талдау;қаржылық талдау;

27 Техникалық талдау негізінде мынадай міндеттерді шешуге болады:

- техника-технологиялық бағдарламалар;

- орналасу варианттары;

- жобаның ауқымы;

- жобаның іске асырылу мерзімі және оның кезеңдері;

- шикізат көздерінің, жұмыс күші және басқа ресуртардың жеткіліктігі;

- жоба өнімдері үшін нарықтың сиымдылығы;

- көзге көрінбейтін шығындарды ескере отырып, жобюаға кететін шығындарды анықтау;

- жобаның кестесін (графигін) даярлау.

Жобаны техникалық талдаудың міндеті: жоба мақсатына сай келетін технологияны анықтау; жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізат, энергия, жұмыс күшінің бар болуы мен құнын талдау; жобаны жоспарлау мен жүзеге асырудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.

Техникалық талдау барысында жобаның сметасы мен бюджеті ынықталады. Мұнда, сондай-ақ көзге көрінбейтін шығыстарға итермелейтін заттай және баға сияқты факторлар нақыталанады.

28Коммерциялық талдаудыңнегізін маркетингтік талдау құрайды, ол нарықты талдау, бәсекелік ортаны талдау, өнімнің маркетингтік жоспарын жасап шығаруға негізделген.

Коммерциялық талдау - экономикалық талдаудың ерекше бөлігі ретінде жобаның ұсынатын өнімдеріне ақырғы тұтынушылар тұрғысынан баға беруді көздейді.

Коммерциялық талдау міндеті мынадай:

- маркетинг қызметтін бағалау;

- ресурстар көздерін іздестіру және оларды игеру шарттары;

- өнімді өндіру және сату шарттары.

Маркетинг қызметі 4 элементті қамтиды: өнім, баға, сатуды ынталандыру, сату.

 

29Институционалдық талдау ұйымдық, құқықтық, саяси және әкімшілік жағдайды, яғни инвестициялық жобаны қоршаған ішкі және сыртқы факторларды есепке алғанда инвистициялық жобаның сәтті орындалу мүмкіндігін бағалайды. Тәуекелді талдау жоба бойынша барлық болжамдардың өзгерісін есепке алады.Инвестициялық жобаларды қаржылық бағалау, жобаларды таңдауда және олардың негізін құруда басты рөл атқарады. Себебі, басқа жобаның талдауларында оң сипаттағы басқа талдаулардың бәрі оны іске асыруда мыналарды қамтамасыз етпесе қабылданбауы мүмкін:- тауарларды немесе қызметтерді сатудан түскен табыс есебінен жобаға жұмсалған қаражат орнын толтырмаса;- инвестицияның рентабелділігін қамтамасыз ететін пайда алу- инвестицияның белгілі-бір мезгілде өзін-өзі өтеуі.Инвестициялық операциялардың мұндай нәтижелерінің нақтылығын анықтау, кез-келген жоба бойынша нақты активтерге қаражат жұмсаудың қаржылық және экономикалық параметрлерін бағалаудың басты міндеті болып табылады. Мұндай бағалауды іске асыру, біршама қиын, себебі, оған келесідей факторлар әсер етеді:- біріншіден, инвестициялық шығындар бір-ақ рет немесе жобаның ұзақ уақыт жұмысы барысында бірнеше рет қайталануы мүмкін;- екіншіден, инвестициялық жоба іске асырудан алынатын нәтиженің процессінің ұзақтығы (яғни, бір жылдан асыу);- үшіншіден, ұзақ уақыты операциялардың жүзеге асырылуы инвестицияның барлық аспектілерін бағалау барысында белгісіз жағдайларға, яғни тәуекел қателіктеріне әкелері сөзсіз.

30)Инвестициялық жобаларды әлеуметтік талдау. Әлеуметтік талдау -мақсатты жоба жоспарының варианттарын оны пайдаланушылар үшін жарамдарын анықтау болып табылады. әлеуметтік талдау жүргізу нәтижесінде жоба мен оны пайдаланушылар арасндағы өзара әрекет ету мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылды. Әлеуметтік талдау бұл жоба жоспарының нұсқауларын оны пайдаланушылар үшін жарамдылығын анықтау. Әлеуметтік талдау жүргізу нәтижесінде жоба мен оны пайдаланушылар арасындағы өзара әрекет етуінің стратегиялық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Әлеуметтік талдау жүргізу нәтижесінде халық қолдайтын стратегия таңдалады. Әлеуметтік талдаудың негізгі шешетін мәселелрі: Жобаға қатысты елдің халықаралық, әлеуметтік, мәдени және демографиялық сипаты; Жобаны жасауда сол елдің әдет-ғұрпысының және дәстүрінің ескерілуі; Жобаның іске асырылуы барысында жергілікті халықтың мү дделерінің ескерілуі. Әлеуметтік талдаудың оң нәтижелері: Жұмыс орнының ашылуы; Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру; Пайданы қайта инвестициялау нәтижесінде инвестициялық жобаны жүзеге асырудан түскен салықтық түсімдер; Экологиялық жағдайды жақсарту; Халық денсаулығын жақсарту; Көшіп-қону ағынын оптимизациялау; Қоғамды әлеуметтік шиеленісті шешу т.б.

31Жобаларды экологиялық талдау

эконологиялық талдау – бұл қоршаған орнатының шеккен зияндарын бағалайды. Егер экологиялық зиян орын алатын болса, оны тоқтату үшін қандай шаралар қолдану қажеттігін қарастырады.

Инвестициялық жобалау барысында экологиялық талдау жасау аса қажетті элемент болып табылады. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.

Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма – жобалардың қай түріне назар аудару керек:

1. капиталдық шығындарды көбейте отырып, қондырғының аса жетілген және қымбат түрін қолдану немесе;

2. ағымдағы шығындарды көбейте отыры, аса қымбат емес қондырғыны қолдану.

32.жобаның қаржылық талдау жалпы сұлбасы кәсіпорынның алдыңғы кезеңдегі және инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі қаржылық жағдайын талдау; өнімнің негізгі түрлері өндірісінің шығынсыздығын талдау; инвестициялық жобаны жүзеге асыру үрдісінде пайда мен ақша ағындарын болжау және оның тиімділігін бағалау болып табылады. Экономикалық талдаунегізінде, ірі инвестициялық жобалар үшін олардың экономикалық тартымдылығын бағалау мақсатымен жүргізіледі. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:

1. Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау.

2. Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.

3. Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.

4. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.

5. Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.

Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы негізгі қаржылық еықсебін беру және негізгі
көрсеткіштерді салыстыру аса қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса,онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс
мемлекеттің форматтарына келтіру керек.Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен
өткізудің өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар(өндіріс көлемі мен сату көлемінің өзгеруіне орай өзгереді) мен
тұрақтыға (өндіріс көлемі өзгеруіне байланысты өзгермейтін)бөлінуін қамтиды. Шығынсыздықты талдаудың негізгі мақсаты -шығынсыздық нүктесін анықтау, яғни пайданың нольдік мәніне
сәйкес келетін тауар көлемін сату. Шығынсыздықты талдаудың маңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы инвестиция-лық жоба процесінде шығынсыздық нүктесі мен кәсіпорынның
пайданы алып келетін іскерлігі сенімінің кейінгі бағасымен

 

33.Жобаларды экономикалық талдау Жобаны экономикалық талдау мен қаржылық талдаудың арасында өзара ұқсастық бар, бірақ та бұл екеуі де қоршаған ортаға, қоғам қауіпсіздігіне ықпал етуге байланысты және т.с.с сұрақтарды ескермейді.

Экономикалық талдаудың мақсаты – жобаның іске асырылуына байланысты туындайтын шығындар мен жобаның нәтижелерін тікелей өлшеп салыстыруға мүмкіндік беретін сызбаларды жасау жолымен инвестициялық жобаның тиімділігі туралы шешім қабылдау.

Экономикалық талдау жобаны пайдаланатын кәсіпорын үшін мүмкіндігінше аз шығын жұмсай отырып, тиімділікке жетудің балама жолын іздестіруге мүмкіндік жасайды.

Егер әр түрлі технологиялар сандық және сапалық қатынастарды бірдей нәтиже берсе, онда экономикалық талдау көмегімен ең аз шығынды талап ететін және жоғары табыс алуға мүмкіндік жасайтын технологияны таңдауға болады.

Сонымен қатар, экономикалық талдау жүргізу арқылы кәсіпорында бар ресурсты жобаға пайдалануда қаншалықты үнемдеуге болатындығы анықталады.

Экономикалық талдаудың маңызды бөлігі – жоспарлау. Жоспарлау жобаның мақсатын белгілеп, ағымдағы жағдайды бағалауға мүмкіндік жасайды.

Жобалық талдаудың батыс тәжірибесінде келесі екі критериді қолдану қабылданған; 1) саланың жетіліуі мен 2) кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі (оның нарықтағы орыны).

34.Инвестициялық жобаны іске аасырушы кәсіпорындарды қаржылық талдау

35.Инвестициялық жобаның бизнес жоспары

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Мүмкін болатын варианттардың ішінде жаңа өнім өндірі-сінің бизнес-жоспарының келесі құрылымын қарастыруға болады:
1. Өндірілетін өнімнің сипаты.
2. Өнімді өткізу нарығы.
3. Бәсекелестері.
4. Маркетингтің жоспары.
5. Өндіріс жоспары.
6. Өндірісті ұйымдастыру.
7. Заңдық жоспары.
8. Қаржылық жоспары.
9. Қаржыландыру жоспары.
10. Резюме.
11. Қосымша.
Бизнес-жоспарға қосымша ретінде заңдық сипаттағы
құжаттар келтіріледі (жарғылық құжаттар, ресурстарды иелену
мен қолдану құқығы және т.с.с.).

.(жобалық талдау,көрсеткіштер,циклдері туралы айту)

36.КӘСІПОРЫНДА БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ

Бизнес-жоспарды жүзеге асыру барысында негізгі кезеңдік жұмыстарды орындаудың жоспар-графигі әзірленеді және шығындардың нақтыланған сметасы құрастырылады. Жобада қарастырылған жұмыстарды орындауға кететін жұмыс уақытының шығындарын жоспарлау

персонал еңбегін нормалаудың белгілі әдістерінің көмегімен жүзеге асырылады. Әдетте кестелерді

құрастыру кезінде әрбір жұмысты немесе міндетті орындаудың қабылданған кезектілігі мен

ұзақтылығын сипаттайтын сызықтық графиктер қолданылады.

Дұрыс іскерлік жоспарлау да бизнес – жоспарлардың табысты жүзеге асырылуына, бизнес-

жоспардың орындалу барысын бақылау жүйесін құруға және оған тиісті өзгертулерді енгізуге

ықпалын тигізеді. Бизнес-жоспарды жүзеге асыру сатысы жобаны инвестициялау туралы шешімді

қабылдаудан бастап фирманың коммерциялық қызметінің басталуына дейінгі уақыт аралығын

қамтиды. Іскерлік жоспарды жүзеге асыру жобалық ұсыныстарды орындау мен оң экономикалық

нәтижелерге қол жеткізуді білдіреді. Бұл белгілі ұзақтылық пен құнға ие орындалатын

жұмыстардың түрлері мен кезеңдерін бір ортақ жүйеге біріктіретін сызықтық және жүйелік

үлгілерді қолдануды талап етеді.

Бизнес –жоспарлар жаңа фирмалар мен олардың бөлімшелерін жобалаумен немесе құрумен,

нарыққа талап етілетін тауарлар мен қызметтерді шығаруды әзірлеу және жеткізумен,

кәсіпорындарды қалпына келтіру және өнім шығаруды кеңейтумен, өндірістік технология мен

ұйымдастыруды жетілдірумен, тауарлардың сапасы мен еңбек өндіргіштігін арттырумен

байланысты түрлі инновациялық объектілерге немесе процестерге арналып жасалады.

Бизнес- жоспар И.В. Липсицтің анықтамасы бойынша келешек коммерциялық

кәсіпорынның аспектілерін сипаттайтын, оның алдында пайда болуы мүмкін күрделі мәселелер

мен қиындықтарды талдайтын, сондай-ақ оларды шешудің әдістерін белгілейтін құжат болып

табылады. Бизнес-жоспарды құрастыру әрбір жаңа бастаған, кәсіпкердің инновациялық,

шаруашылық, коммериялық немесе инвестициялық қызмет саласына жасаған алғашқы қадамы.

Осындай жоспарды әзірлеу келешек бизнес-жоспарды кәсіпқой менеджерлердің жан-жақты

экономикалық бағалауын ғана емес, кәсіпкерлердің өздерінің және кәсіпорын немесе фирманың

жоғары басшыларының тікелей қатысуын талап етеді. Біріншіден, бизнес-жоспарлау ішкі өндірістік немесе корпоративтік жоспарлаумен

салыстырғанда кәсіпорынның немесе корпорацияның жалпы мақсаттарының бүкіл кешенін емес,

тек қызметтің жаңа түрін немесе бизнес-жобаны жоспарлаудың нақты мазмұнын анықтайтын аса

маңызды міндеттердің біреуін ғана қамтиды. Бизнес-жоспар ең алдымен кәсіпорынның жаңа

стратегиясын немесе даму тактикасын әзірлеуге бағытталады, ал әлеуметтік-экономикалық

жоспарлау біріккен ағымдағы және перспективалық қызметтің түрлерін қамтуы мүмкін.

Екіншіден, бизнес-жоспарлар инновациялық жобалар үшін әзірленеді, оларды орындаудың

нақты уақыттық мерзімдері болады, бұл уақыт аяқталғаннан кейін бизнес-жобамен жұмыс жасау

аяқталады.

Фирма ішіндегі жоспарлау шаруашылықты басқарудың барлық деңгейлерінде үздіксіз

жүргізіледі және жүзеге асырылады. Фирмалар бір жылдық жоспарын орындау шамасына қарай

тиісті түзетулерді енгізгеннен кейін кезекті жоспарды жүзеге асыруға ауысады. Бизнес – жоспар

тек нақты уақыттық қана емес, сондай-ақ неғұрлым тар кеңістіктік шектерге ие болады, ал кез

келген ішкі фирмалық жоспар осындай нақты шектеулерге ие болмайды.

Үшіншіден, бизнес-жоспардың негізгі мәнісі – кәсіпорындардың жаңа істі ашуында және

жобаны орындауға қажетті өндірістік ресурстарды және ең бірінші кезекте ақша қаражаттарын

алуында. Сенімді инвесторларды іздеу тек ішкі өндірістік-шаруашылық қызметтегі ғана емес,

сондай-ақ сыртқы несиелік-қаржылық және банктік құрылымдардағы орын алатын қауіп-қатер,

тәуекел дәрежесін ескере отырып, көптеген қаржы көрсеткіштерін неғұрлым мұқият негіздеуді

талап етеді. Ішкі фирмалық жоспарлар көбінесе жеке қолдану үшін қажет, ал бизнес-жоспарлар

сыртқы инвесторлар мен несиегерлер үшін қажет.

Төртіншіден, бизнес-жоспарлар кәсіпкер-фирма құрылтайшысының тікелей басшылығымен

және жеке қатысуымен әзірленеді. Ішкі фирмалық жоспарлаумен әдетте кәсіпқой менеджерлер-

экономистер және кәсіпорынның сызықтық және функционалды бөлімшелерінің жоспаршылары

айналысады. Әрбір бизнесмен-кәсіпкер өзінің жаңа кәсіпорынының іскерлік жоспарын әзірлеуге

жеке қатысуы тек шынайы стратегиялық және оперативтік мақсатты әзірлеуге ғана ықпал етіп

қоймай, келешекте шығыстар мен нәтижелерді салыстырудың негізінде бизнес-жобаның

орындалуын неғұрлым жетілдірілген ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Бесіншіден, отандық мамандар әлі біздің жаңа нарықтық қатынастарымыздың жағдайларына

қатысты бизнес-жоспарларды әзірлеудің ғылыми негізделген әдістемелеріне ие емес, себебі

әдістемелік және оқулық ұсыныстардың көпшілігінде қалыптасқан шетелдік нарықтағы жоспарлау

тәжірибесі басымырақ келеді.

 

37. Тәуелсіз жағдайда инв шешімдер.Инвестициялық жобанын нәтижелерінің белгісіздігі дегеніміз - осы жобаның жүзеге асыруының ақпаратты толық және дәл болмауы. Тәуекел - кері салдарға әкелетін жағдайлардың туу мүмкіндігі. Инвестициялық тәуекел жалпы каржылық тәуекелдің кұралы болып табылады және де қаржылық шығындардын каупі ықтималын көрсетеді.

Тәуекелдің түрлері:

1. Жалпы тәуекелдер (таза) - инвестициялық әрекетінің барлық қатысушыларына бірдей әсер ететін тәуекелдер жатады. Инвестор инвестицициялау объектіні таңдау барысында осы тәуекелдерді тудыратын факторларға әсер ете алмайды. Осы түрлі тәуекелдерді инвестициялық талдауында жүйелік деп аталынады.

2. Спецификалық тәуекелдер. Бұл тәуекелдер көбінесе прфессионалсыз инвестициялық саясатына, инвестациялық каражаттын рационалсыз құрамына және тағы басқа осыларға аналогты кері салдарға әкелетін факторларға байланысты, ал осы қолайсыз жағдайлардан бас тартуға болады, егер де басқару тиімділігі жоғары болса.

2. Белтісіз тұрғыдан жобаның әлділігін бағалаудың сапалық әдістері.

Сапалық тұрғыдан жобалардың тәуекелдерің талдауының негізгі талаптары келесідей:

- болу мүмкін тәуекелдерді аныісгау жіне идентификациялау;

- болу мумкін зияндыққа сипаттама беру және оған кұндылық баға беру;

- тәуекелге қарсы шаралар жүйесін усыну және олардың ұүндылық эквивалентін есептеу.

Сапалық талдауына тәуекелдерді бағалау және оларды басқаруын жаткызады.

Тәуекелдерді басқару әдістеріне келесілерді жаткызады: диверсификаиия, тәуекелден бас тарту, компенсация, локализация.

Диверсификация - тәуекелді азайту бағытының ең маңыздысы болып табылады. Көбінесе әрекетінің, жабдыктаушылар және тұтынушылардың диверсификациясын атайды, сонымен бірге қатысушылардың санын көбейту.

Тәуекелден бас тарту әдістерінің ішінде ең кен тараған - сақтандыру.

Тәуекелді компенсациялау - белглі бір резервтертерді (қаржылық, материалды, ақпараттық) құруды ескереді.

Локализация – жаңа тәуекелі жоғары инвестициялық жобаны іске асыру үшін жеке бір фирманы немесе еңшілік кәсіпорынды құру.

3.Белгісіз тұрғыдан жобаның әділдігін бағалаудың сандық әдістері

Тәуекелді сандық тұрғыдан талдлаудың негізгі талабы: тиімділік критерийлерге қаншалықты тәекел факторлары әсер етеді. Тәуекелді сандық тұрғыдан талдауы жобаның тиімділік бағалауының нәтижесінің негізінде өткізіледі және де келесі кезекті:

- жобаның тұрақтылығын талдау

- жобаныың сезімталдығын талдау

- жобанның сценарийлерін талдау

Жобаның тұрақтылық көрсеткіштері жобаның іске асыру барысында болу мүмкін өзгерістерге тұрақтылық деңггейін сиппаттайды.

Жобаның сезімталдық талдауы жобаның нәтижелік көрсеткіштер қаншалықты белгілі бір ауыспалы шаманың өзгеруіне байланысты.

Сценарийлерді талдау сезімталдық талдауының негізгі кемшілітін түзету негіз береді, өйткені бірдей бірнеше тәекел фактілерінің өзгеруіне қарастыра алады.

ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫЦ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН БАҒАЛАУ.

1. Құнды қағаздар нарығының аспаптары.

2.Құнды қағаздардың инвестициялық қасиеттері

3.Құнды кағаздардың инвестициялық қасиеттерін бағалау әдістері менкөрсеткіштері

І.Құнды қағаздар нарығының аспаптары - бұл каржылық міндеттемелердің түрлі формалары, олар қувды кағаздар нарығында сатылады. Құнды кағаздар нарығыньщ аспаптары негізгі және туындыларға бөлінеді. Негізгі кұнды қагаздар -олардың негізінде белгілі бір активке (тауарға, ақшаға, мүлікке, ресурстарға және т.б.) муліктік құқықгары жатады. Оларға акциялар, облигациялар жатады.

Туынды құнды қагаз - олардың негізінде белгілі бір бағалық акгив болады. Олар тауарлардың бағалары, негізгі қүлды қағаздардың бағалары, валюта нарығының бағалары болу мүмқұн.

Туынды құнды кағаздар инвесторлардың белгілі бір активті белтіленге көлемінде және уақытта сату/ сатып ал у құкыплн немесе міндеттемесін куәландырады. Оларға опциондар, форвардтар, фьючерстер, варрантар жатады.

2. Құнды қағаздардың инвестициялық касиеттері

Негізгі құнды қағаздардың инвестициялық касиеттеріне табыстылық, айналымдылық, өтімділік және тәуекел жатады.

3. Құнды қағаздардын инвестициялық касиеттерін бағалау әдістері менкөрсеткіштері

Құнды қағаздардың бағалау барысында, барлық инвестірлеу объетілеріне бірдей қатысты тиімділік көрсеткіштерінен тыс, каржылық тэжірібиесінде қодданылатын фундаменталды және техникалық әдістерімен зерттеулер жүргзіледі.

Фундаментальді талдау эмитент кәсіпорынның іс-әрекетінің тиімділігін бағалауында негізделеді. Бұл әдіс бойынша фирманың каржылық жағдайын, жұмыс істеп жүрген саланың даму тенденциларын, өндірілген өнімнін бәсеке кабілеттілітін сипаттайтын көрсеткіштерді талдайды. Эмитент компания жарыққа шығарған баланстар, табыстар және шығындар туралы есептер және баска мэліметтер талдаудың негізі болып табылады.

Техникалық талдау нарык конъюнктурасын және курстардың динамикасын бағалануыда негізделеді. Техникалық талдауының концепциясы бойынша, барлық фундаменталды факторлер қосылып және қаржы нарығында бағалар қозғалысында көрінеді. Зерттеу объектісі ретіне кунды кағаздарға сұраныс және ұсыныс көрсеткіштері, курс құндылықтарының динамикасы, қаржы нарығындағы құнды қағаздардың курс құндылықтарының жалпы тенденциялары болып табылады.

Техникалық талдауының деңгейінде акцияларының курс динамикасын бағалау үшін қаржы нарығының индекстрері қолданылады.

Ииндекстер салалық және композиттікке бөлінеді.

Аса маңызды индекстерге секьюритерилген түрі болады, яғни оны жай акцияны секілді биржада сатуға және сатып алуға болады.

 

38.

39.дисконттау мәні және инвестицияларды бағалауды қолдау. Инвестицияның тиімділігін анықтаудың ең қолайлы әдісі жүйелік ағымдағы шығынды дисконттау. Болашақ табыс мөлшерін инвестиция көлемімен салыстыру арқылы анықтау ең бір қолайлы әдіс ретінде қолданылады.

Бұл әдісті қолдану үшін қаржы менеджері төмендегі мәліметтері болуы тиіс:

— жалпы инвестиция сомасы және олардың таратылуы;

— жылдық шығындағы үнемділік;

— жабдықтарды іске жарату мерзімі;

— мүмкінді аммортизациялық төлем;

— пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі.

Бұл әдіспен бағалау болашақ ақша қаражат ағымын ағымдағы кезге тарату үшін дисконттау коэффициентін қолдануды ұйғарады.

Дисконттау коэффициентін таңдау, бағалау әдетте таңдау сияқты маңызды. Дисконттау коэффициенті бұл таңдалынған дисконт мөлшерлемесінің деңгейі , ол инвестордың тілегіне қарай өзгерісте болуы керек. Дисконттау коэффициенті әлбетте, тәуекел шығынын жабуды қамтамасыз ету үшін өзгерісте болады. Жоғарғы дисконттау коэффициенті аз дисконттау коэффициентімен салыстырғанда болжамды ақша қаражаты ағымын тез азайтады. Осыған байланысты инвесторлар инвестициялық жобаның тәуекелдігін , өте жоғарғы дисконттау коэффициентін қолдана отырып өтейді. Мұндай әдіс тәуекелді жобаларға капитал салымына жоғарғы табысты қамтамасыз етеді.

41. Инвестициялық жобаларда ануитет немесе қаржылық рента әдісін қолдану

Инвестициялық жобалардың негізін салуда жəне талдауды жүргізгенде

шығындарды салыстыру, ертеңгі күнгі ақшалай табыстарды алуға мүмкіндік

береді. Мұндай мəселелерді шешуде аннуитет құнының ағымдағы жағдайын

анықтау қажет.

n

PVAn = ∑PMTt/(1+k)t

t=1

PMTt – t уақыты соңына таман болашақ төлем;

k - инвестициялар бойынша табыс нормасы

n - бүгінгі инвестициядан түсетін болашақтағы табыстар əкелетін жылдар

саны.

Егерде аннуитет бойынша төлемдер барлық кездеде бірдей болса, онда

жоғарыдағы формуланы төмендегідей түрлендіреміз:

PVAn= PMT х PVA1n/k

PVA1n/k = [1-1/(1+k)n]/k

яғни бір теңгеде əр n кезеңдегі k табыс деңгейі ставкадағы ағымдағы

аннуитет құны.

42 Аннуитет немесе қаржылық рентатүрі- ренталар мен зейнет ақыларды сақтандырудың барлық түрлері үшін жалпылама түсінік. Сақтанушы сақтандыру мекемесіне бірден немесе бөліп-бөліп белгілі бір мөлшерде ақша төлейді, одан кейін бірнеше жыл бойы немесе өмір бойына жүйелі түрде кіріс алып отырады. Аннуитет бұрынғы кезде жылдық рента телеу болып есептелген. Ерекше аннуитетте кіріс сақтанушыға белгілі бір мерзімде немесе онын туыстарына сақтанушының көрсетілген мерзімінің аяқталуына шейін, қайтыс болуына қарамастан төленеді. Егер сақтандыру шартында сақтанушы қайтыс болған жағдайда жарнасын қайтару қарастырылса немесе керісінше қарастырылмаған болса, аннуитет қайтарылатын немесе қайтарылмайтын да болуы мүмкін.
Аннуитет коэфиценті:

Аннуитет түрлері:

1. Қарапайым өмірлік аннуитет – сақтанушының өмір бойына жүргізілетін жүйелі түрдегі төлемдердің белгіленген мөлшердегі аннуитеті.

2. Кепілдендірілген төлем мерзіміндегі өмірлік аннуитет – сақтанушының тірі не қайтыс болуына байланыссыз кепілдендірілген мерзім аралығына белгіленген аннуитет. Егер сақтанушы кепілдендірілген мерзімнен артық жасаса, онда оның өмірінің соңына дейін төлем жүргізіледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 131; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты