Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Герпеcтік инфекциялар




237. 30 жастағы науқаста, дене қызуы көтеріліп, әлсіздік дамыған, бүкіл денесінде дақты бөрпелер анықталған, кейіннен жаңа элементтер дамып, дақтар везикулаларға айналған, кей жерлерде жаралардың беттерін қабықша басқан. Бөртпелер шаштың арасына да шыққан. Үйінің төменгі қабатында тұратын көршілерінің баласында да осындай белгілермен жүрген инфекция болғанын айтады.

Сіздің диагнозыныз:

а) жел шешек

в) қызылша;

с) қызамық;

д) менингококкты инфекция.

е) жәншәу

238. Жел шешекке тән белгіні атаңыз:

а) бөртпелерінің ретпен шығуы

b) элементтердің қосылуы

c) бөртпелердің шаш арасына шығуы

d) бөртпелер шырышты қабаттарға ғана шығады

e) бөртпелер алақан мен табанға шығады

239. Жел шешектегі бөртпелерді сипаттаңыз:

а) мономорфты

b) полиморфты

c) бөртпелерінің ретпен шығуы

d) элементтердің қосылуы

e) бөртпелер аз

240. Цитомегаловирусты инфекцияда қандай эндокринді бездер зақымданады:

a) созылмалы паротит

b) созылмалы оофорит

c) созылмалы панкреатит

d) созылмалы тиреоидит

e) созылмалы орхоэпидидимит

241. Жедел герпесті стоматитте кездесетін белгілер:

a) біртіндеп дамиды

b) қызба мен улану белгілері кездеспейді

c) ауруға тән белгі – мұрынжұтқыншақтардың шырышты қабаттарында анықталатын көптеген топталып орналасқан серозды сұйықтығы бар бөртпелер

d) гепатолиеналды синдром

e) жергілікті ауру сезімінің болмауы

242. Терінің герпес инфекциясымен зақымдануын көрсететің белгілер:

a) жиі аяқ қолда кездеседі

b) шықпай тұрып тері қышиды және ашиды

c) теріде тыртықтар дамиды

d) бір екі көпіршіктің пайда болуы

e) айқын ісік пайда болады

243. Біріншілік герпестік инфекцияға тән дамитын шырышты қабаттардың зақымдану түрі :

а) тонзиллит

b) фарингит

c) глоссит

d) увулит

e) афтозды стоматит

244. Рецидивті герпеске тән белгілер;

а) афтозды стоматит

b) герпестік баспа

c) терідегі везикулезды бөртпе

d) «белдемелі теміреткі»

e) гингивит

245. Герпестік инфекцияны емдеуде жақсы нәтиже көрсететің дәрі:

a) ремантадин

b) виферон

c) ганцикловир

d) рибавирин

e) ацикловир

246. 17 жастағы әйелді, мұрнының маңына қайталанып шығатын бөртпелер мазалайды. Объективті: мұрынның маңында қызарған және ісінген теріде серозды сұйықтығы бар бір - бірімен қосылған 3-5 көпіршіктер көрінеді. Интоксикация айқын емес, температурасы субфебрильді. Науқасқа қандый ем тағайындау керек?

а) антибактериалдs май

b) глюкокортикостероидты май

c) десенсибилизациялаушы дәрілер

d) вирусқа қарсы дәрілер

e) антибиотиктер

247. 32 жастағы әйел, бір жыл бұрын радикалды мастэктомиядан кейін сәулелі терапия қабылдаған. Қазіргі кезде 8 қабырға арасындағы нервтің бойымен шыққан полиморфты элементтер: везикулалар, папулалар, эрозиялар байқалады, бөртпелер қатты ауырады. Ауруының алғашқы 3 күнінде әлсіздік, басының ауруы, дене қызуының 38ºС-38,5 ºС көтерілуі байқалған. Қандай диагноз қоюға болады?

а) экзема

b) тілме

с) генерализацияланған герпетік инфекция

d) жел шешек

e) белдемелі герпес

248. Инфекциялық мононуклеозды шақыратын қоздырғыш:

a) энтеровирустар

b) бактериялар

c) микоплазмалар

d) хламидиялар

e) герпес вирусы

249. 23 жастағы ер адам, аурғанына 7 күн болғанда ауруханаға келген, түскендегі шағымдары: тамағының ауруы, ауру сезімі жұтынғанда күшееді, басының ауруы, құсу, әлсіздік, буындарының ауруы, зәрінің қою түсті болуы. Қарап тексергенде: тері мен шырышты қабаттары сарғыштанған, мойын және жақ асты лимфотүйіндері ұлғайған, аңқасында – некрозды баспа, гепатоспленомегалия, дене температурасы 38,5°С. Сіздің диагнозыңыз:

a) инфекциялық мононуклеоз

b) лептоспироз

c) вируснты гепатит

d)гепатодуоденалды аймақтың ісігі

e) жедел холецистит

250. 23 жастағы ер адам, аурғанына 7 күн болғанда ауруханаға келген, түскендегі шағымдары: тамағының ауруы, ауру сезімі жұтынғанда күшееді, басының ауруы, құсу, әлсіздік, буындарының ауруы, зәрінің қою түсті болуы. Қарап тексергенде: тері мен шырышты қабаттары сарғыштанған, мойын және жақ асты лимфотүйіндері ұлғайған, аңқасында – некрозды баспа, гепатоспленомегалия, дене температурасы 38,5°С. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

a) Пауль-Буннель реакциясы

b) Видал реакциясы

c) Хеддльсон реакциясы

d) микроагглютинация реакциясы

e) Провачек риккетциясымен комплемент байланыстыру реакциясы

Ызылша

251. Науқас, 20 жаста, жөтелге, көзінің жасаурауына, тамағының ауыруына, әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. 6 күн бойы ауырған, ауырғанына 4 күн болғанда бетіне бөртпелер шыққан. Объективті: жалпы жығдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 390С, склерит, конъюнктивит белгілері байқалады, бетінде, денесінде, дақты-папулезді бөртпелер анықталады, бөртпелер кей жерлерде қосылыпкеткен, аңқасында, ұртында майда дәнді энантемалар анықталады.

Диагнозыңыз

а) жел шешек;

в) қызылша

с) қызамық;

д) менингококкты инфекция.

е) скарлатина

252. Науқас, 20 жаста, жөтелге, көзінің жасаурауына, тамағының ауыруына, әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. 6 күн бойы ауырған, ауырғанына 4 күн болғанда бетіне бөртпелер шыққан. Объективті: жалпы жығдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 390С, склерит, конъюнктивит белгілері байқалады, бетінде, денесінде, дақты-папулезді бөртпелер анықталады, бөртпелер кей жерлерде қосылыпкеткен, аңқасында, ұртында майда дәнді энантемалар анықталады.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісінқолдану керек:

а) преципитация реакциясы

в) ИФА

с) агглютинация реакциясы

д) комплемент байланыстыру реакциясы.

е) иммуноблоттинг

253. 19 жастағы әйел, дене қызуы 38 °С кәтеріліп, жедел ауырған. Ринит, ларингит, конъюнктивит белгілері анықталады. 3 күннен кейін алғашында бетінде, кейіннен денесінде, соңында аяқ-қолында дақты-папулезді бөртпелер пайда болған. Алғашқы диагнозыңыз?

a) қызылша

b) қызамық

c) аллергиялық дерматит

d) жел шешек

e) жәншәу

254. Қызылшаға ғана тән белгі:

а) Киари-Авцын симптомы

b) Бельский-Филатов-Коплик дақтары

c) Мурсу симптомы

d) «шымшу» симптомы

e) Падалки симптомы

255. Қызылшаға тән бөртпелер:

а) розеолезді

b) петехиалді

c) розеолезді-петехиальді

d) везикулезды

e) дақты-папулезді

Қызамық

256. Жүкті әйел 28 жаста, ауруханаға дене қызуының 37,70С дейін көтерілуіне, тамағының ауруына, денесінің бөртуіне шағымданып келген. Анамнезнде, ауырғанына 3 күн болған,осы күндері әлсіздік дамыған, үйінде емделмеген, кешеден бері бүкіл денесінде бөртпелер пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, активті: денесінде, арқасында, аяқ – қолында, әсіресе бүгілетін жерлерде майда дақты папулезді бөқртпелер анықталады. Мойнының артындағы лимфа түйіндері бұршақ пішініне дейін ұлғайған, аздап ауырады. Аңқасы аздап қызарған, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ. Сонымен қатар жүктілігінің 8-9 аптасы екені анықталған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

а) аллергиялық дерматит

b) қызылша

c) жел шешек

d) қызамық

e) иерсиниоз

257. Жүкті әйел 28 жаста, ауруханаға дене қызуының 37,70С дейін көтерілуңне, тамағының ауруына, денесінің бөртуіне шағымданып келген. Анамнезнде, ауырғанына 3 күн болған,осы күндері әлсіздік дамыған, үйінде емделмеген, кешеден бері бүкіл денесінде бөртпелер пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, активті. Денесінде , арқасында, аяқ – қолында, әсіресе бүгілетін жерлерде майда дақты папулезді бөқртпелер анықталады. Мойнының артындағы лимфа түйіндері бұршақ пішініне дейін ұлғайған, аздап ауырады.Аңқасы аздап қызарған, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ. Сонымен қатар жүктілігінің 8-9 аптасы екені анықталған. Диагнозды дәлеледеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек

а) ИФА қызылша мен қызамықты анықтауға

b) бактериологиялық зерттеу

c) комплимент байланыстыру реакциясы

d) ұрықты УДЗ

e) құрсақ қуысыныңУДЗ

258. Жүкті әйел 28 жаста, ауруханаға дене қызуының 37,70С дейін көтерілуңне, тамағының ауруына, денесінің бөртуіне шағымданып келген. Анамнезнде, ауырғанына 3 күн болған,осы күндері әлсіздік дамыған, үйінде емделмеген, кешеден бері бүкіл денесінде бөртпелер пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, активті. Денесінде , арқасында, аяқ – қолында, әсіресе бүгілетін жерлерде майда дақты папулезді бөқртпелер анықталады. Мойнының артындағы лимфа түйіндері бұршақ пішініне дейін ұлғайған, аздап ауырады.Аңқасы аздап қызарған, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ. Сонымен қатар жүктілігінің 8-9 аптасы екені анықталған. Диагноз дәлелденгендегі сіздің әрекетіңіз:

а) ем тағайындау, амбулаторлы емделуге жіберу, жүктілігін үзу мәселесін шешу үшін гинекологтың қарауын ұсыну

b)иинфекциялық аурухаға жатқызу

c) амбулаторлы емделуге жіберу

d) ұрықты УДЗ арқылы зерттеу

e) ем тағайындап, жүктілігін сақтауды ұсыну

259. Қызамыққа тән бөртпенің сипаты:

а) қызарған теріде шығады

b) белгілі ретпен шығады

c) бірігу тән

d) бірікпейді

e) алақан мен табанға шығады


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 169; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты