Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР




В050900» «Қаржы» мамандығы үшін

«Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу»

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

Семей

 

1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ:

 

Құрастырушы ______ «____»_____ 20____ж. И.С. Жұртыбаева, қаржы магистрі,

«Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы;

 

2. ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. «Қаржы» кафедрасының отырысында талқыланды

 

Хаттама № 1 29.08. 2013 ж.

 

«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі____________ С.Ж. Масалимова

 

2.2.Қаржы-экономикалық факультетеінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды

 

Хаттама №1 05.09.2013 ж.

 

Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы __________ С.Х. Тойкин

 

 

БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді және басылымға жіберуге ұсынылды

 

Хаттама №1 18.09.2013 ж.

 

Оқу әдістемелік кеңестің төрағасы ___________ Г.К. Искакова

 

 

Мазмұны

1. Пайдалану саласы  
2. Нормативтік сілтемелер  
3. Жалпы ережелер  
4. Оқу пәнінің (модульдің) мазмұны  
5. Студентерінің өздік жұмысының тақырыптарының тізімі  
6. Пән бойынша оқу-әдістемелік картасы  
7. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етiлу картасы  
8. Әдебиеттер  

 

ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ

Берілген құжат сәйкес пән бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі процедураларын жүйелеп, реттейді және «Қаржы» кафедрасында қолдануға ұсынылады.

«Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен «5В050900» – «Қаржы» мамандықтарының студенттеріне арналған. Ол студенттерді курс мазмұнымен, оның көкейкестілігі және қажеттілігімен, курс саясатымен таныстырып, студенттердің оқу процесінде меңгеретін талаптары мен дағдылларын арттыруға мүмкіндік береді. Оқу - әдістемелік кешен пәнді оқып үйренуде негізгі құрал болып табылады.

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

«Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» пәнінің оқу-әдістемелік кешені келесі құжаттардың ұсыныстары мен талаптарына сәйкес осы пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі өңдеп белгілейді

- Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты 6.08.008-2008 қолдануға енгізілген;

-«5В050900» – «Қаржы» мамандығының типтік оқу жоспары;

- «Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеудің және өңдеудің жалпы талаптары» СТУ 042-ГУ-4-2013 Университет стандарттары;

- «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрамы мен құрылымы» ДП 042-1.01-2013 Құжатталған процедуры.

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны

«Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» курсы қаржылық – банктік жүйе үшін жоғары мамандандырылған мамандарды дайындауда оқу пәндерінің ішінде маңызды орын алады.

Берілген курс экономикалық профиль студенттерінің алған білімдерін мейлінше дамытатын, нақтылайтын және тереңдететін базалық теориялық пән болып табылады.

«Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу» курсында инвестиция түсінігі, оның типтері, нысандары, инвестициялық қызмет, заңдылықтары, сол сияқты инвестициялық жобалар, инвестицияны қаржыландыру көздері, жобалардың микроэкономикалық фундаменталды талдау, нақты және портфелді инвестициялау қарастырылады.

«Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» курсын оқу процесіне еңгізу экономикалық мамандарды дайындауды жақсартудың негізгі қадамы болып табылады.

 

3.2 Курстың мақсаты

Аталған курстың мақсаты – мамандар үшін инвестициялық процесті жүзеге асыру және ұйымдастыру, оның қаржылық-несиелік қызмет көрсету аясындағы кәсіби білімді беру болып табылады.

«Инвестиция» біздің экономикасында жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде тек қана «капитал жұмсалымы» атты түсінікті қолданды. Біздің мемлекетіміздің нарықтық экономикаға көшу жағдайында бұл термин экономиканың ажырамас бөлігі болып табылады. Себебі, инвестиция экономикалық тетіктердің дұрыс қызмет атқару үшін қажет. Мемлекеттің экономикасының дамуына инвестицияның маңыздылығын ескере отырып, жоғарғы оқу мекемелерінде, әсіресе экономикалық мамандарды дайындайтың мекемелерде стандартқа сәйкес «Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу» атты ғылыми пән еңгізілді.

«Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу» оқу курсының сызбасы және оның құрылымы оқу процесін мейлінше жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Бағдарламада басқа экономикалық пәндермен өзара байланысқан курстың негізгі бөлімдері мен негізгі бөлімдердің тақырыптарының мазмұндары ашылған. Курсты оқыту әдістері, инвестицияны қаржыландыру және несиелеуге арналған отандық және шетелдік әдебиеттер берілген. Бағдарламаға сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңынан, Президент Жарлығынан, Ресми материалдар мен нормативтік актілерден, оқулықтар мен оқу құралдарынан тұратын әдебиеттер тізімі енгізілген.

Пәннің мақсаты болып студенттерді негізгі курс бөлімдерімен таныстыру және инвестиция саласындағы ғылыми - практикалық білімді беру.

- «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» курстың мақсаты – мамандар үшін инвестициялық процесті жүзеге асыру және ұйымдастыру;

- қаржылық-несиелік қызмет көрсету аясындағы кәсіби білімді беру;

- ақша және несие жүйесінің әрекет ету негізінің, халықаралық несиелік есеп айырысу мен валюталық қатынастардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының ерекшеліктерінің теориялық аспектілері бойынша жиынтық білімді кешенді түрде көрсетуге бағытталған.

- пәннің мәнін және мазмұнын сипаттайтын терминологиялық ұғымдық ақпарат беру;

- барлық ұғымдардың өзара байланысын, олардың ішкі мазмұнын ашу.

 

 

3.3. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

- экономикалық категория ретінде инвестиция мәнің ашу;

- олардың макро және микродеңгейде ролін және мағынасын оқыту;

- инвестиция жіктемесі мен олардың құрылымын анықтау;

- капитал жұмсалымды қаржыландыру көздерін және олардың ең арзан, берігін анықтау әдістерін ашу;

- капитал жұмсалымның экономикалық негіздемесінің нұсқасын зерттеу;

- кәсіпорындарда тиімді инвестиция портфелінің қалыптасуын оқыту;

- инвестициялық тәуекелді, олардың бағалануын, алдын-алу немесе төмендету жолдарын анықтау.

- студенттерге инвестиция, олардың қаржыландыру және несиелендіру сызбасын, инвестициялық жобалардың теориясы бойынша тиісті білім беру;

- оларға инвестициялық аясында қызмет ету үшін қажетті практикалық дағдыларды дарыту;

- инвестициялық қызметінің болашақ мамандарына мүмкін болатын жаңалықтар, интернет-технологиялар және басқаларды ескере отырып жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеу.

 

 

3.4 Оқытудың нәтижесі

§ инвестициялық қызмет етуі мен теориялық аспектісін, сонымен қатар қазіргі инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары мен қаржыландыруды ұйымдастырудың формалары мен принциптерін оқып үйренеді;

§ өз бетінше экономикалық шешім қабылдау және талдау дағдысын, инвестициялық саласында практикалық дағдыларды меңгереді;

инвестиция түсінігінің, оның негізгі түрлерің, несиелендіру негіздерінің, нысандары инвестициялық қызмет, заңдылықтары, сол сияқты инвестициялық жобалар,

§ инвестицияны қаржыландыру көздері, жобалардың микроэкономикалық фундаменталды талдау, нақты және портфелді инвестициялау .негізгідерінің теориялық аспектілерін меңгереді;

§ теорияда алған білімдерін практикамен ұштастыра білуді, инвестициялық қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін шараларды өңдеуді уйретеді;

§ «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» пәнінің экономикалық категорияларын, қазіргі заманғы инвестициялық саясатын, инвестициялық операциялардың жүзеге асырырлуының негізгі ережелерін түсініп біледі;

§ пәннің экономикалық категориялары, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру негіздері, есептік-несиелік және инвестициялық талдау негіздері туралы, сонымен қатар инвестициялық жобаларды құру негіздері, коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтері және инвестициялық нарықтың қызмет ету негіздері және т.б. туралы түсінік алады;

§ өзіндік экономикалық ойлауды, талдау нәтижелерін қорытындылауды, тиімді шешім қабылдау бойынша шараларды өңдеуді үйреніп, практикалық дағдыда меңгеріп, банктік қызмет саласында ерекше арнайы білім алады.

 

3.5 Курстың пререквизиттері:

 

3.6 Курстың постреквизиттері:

 

3.7 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 73; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты