КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Агломерационды күйдіру машиналары
Қорғасынды өндірісте агломерационды біріккен машиналардың екі түрі қолданылады: қорытпа қабатының жоғарғы бөлігенен төменгі бөлігіненен ауаны сорып алумен және жоғарыдан төменге қарай қорытпаға ауа жіберу. Күйдіру және қорытпаны біріктіру бірігу тележкаларында(паллета) жүзеге асады. Паллета ол болат немесе шойын қорапшасы болып табылады. Онда шойынды желтартқыштар бар. Әрбір палета жоғарғы бөлігін көлденең рельсті жол бойынш, ал төменгі көкжиекке 3 – 5° бұрышта көлбеу бағытталған төрт жүріс дөңгелегіне тірелген. Паллетті көтеру және араластыру тартпа жұлдызшаның көмегімен жүзеге асады. Паллетаның төменгі ауданы болаттан жасалған вакуумды камерамен нық қысылған және ол эксгаустермен қосылған. Камералардағы ыдырау 1,5–8 кПа – ды құрайды. Қорытпа агломерациясы аглолентаның үстіне қоймаға түседі, маятникті қоректін әсерінен оны қозғалып отырған паллетаға тіркейді. Қорытпаны жағу ауасы алынып тасталған таулы аймақтарда жүзеге асады. Біріктіру аяқталуы соңғы ауасы алынған суытылған қорытпа вакуум – камералардан паллетаның өтіуімен сәйкес келеді. Тележканың жүк салынатын айналуға бағыттыалған бөлігі айналады, алдыңғыға соғылады және агломераттың жалпы массивінен кесек бөлінеді және оның ұзыедығы паллет ұзындығына тең болып келеді. Түскен қорытпа желтартқыш гүрілге дәл келіп түседі, сосын ұнтақтағышқа кіреді және қайтадын гүрілге түседі. Өнімнің жоғарғы бөлігінің ірілігі +20–100 мм болып табылады. Және ол дайын агломерат болып табылады және ерітіндіге барады. Өнімнің төменгі бөлігі ұсақтанады және айналма агломерат ретінде қорытпаға жіберіледі. Агломерациялық машиналардың меншікті өнімділігін 8–10 т/(м2сут) –ден (қорғасын концентраттары үшін) 20–25 т/(м2сут)-ге дейін (никель және мыс шикізаты үшін) өзгертеді. Қорытпаны жағуға арналған отын 1,5–2,0 %-ды құрайды. Сульфидті шикізатты біріктіруге арналған тесіп өтуі бар агломерациялық машиналардың кемшілігі ретінде күйдірілген газдың ауамен кемітілуін айтуға болады. Бұл орташа мән SО2 шығарылып жатқан газдарда 1,5–3,0 %-дан аспайды. Әсіресе күйдірілген газдар құйрықты вакуумды камераларда кемітіледі. Күкіртті құрамға бай газдардың сұйылуы үшін оларды басты камерадан алады, сонымен қатар оларды күкіртті қышқыл жасауға бағыттайды. Ал құйрықты камералардан алынған газ сыртқы газ ретінде қолданылады немесе шығарылып тасталынады. Сондай-ақ ауаның тесіп өтуі бар агломерацияның тағы бір кемшілігі борпылдақтылықтың алынуы болып табылады, яғни бекем агломераттар жеткіліксіз. Аглометратты машиналарды төменнен жоғары қарай үрлеу кезінде қолданғанда жоғарыда аталған кемшіліктер белгілі деңгейде ескерілмей қалады. Мұндай агломашинаның жұмысшы бөлігі жапқышпен қондырылған, бұл күкіртті құрамы бар газ алу үшін керек. Жапқыштағы кеңістік шартты түрде екі бөлікке бөлінген – бай және жұтаң (құйрықты бөлікте) газ. Бұл газ екі желдеткіш арқылы тартылып алынады. 5–7 % SO2 ие болып келетін бай газдар күкіртті қышқылды алуға бағытталады, 2–2,5 % SO2 ие болып келетін жұтаң газ бірінші үрлеуші камераға айналымға жіберіледі немесе шаң тозаңнан арылтқаннан кейін шығарылып тасталынады. Үрлеуші агломашиналар үш қоймаға ие: орын үшін, жанғыш қабат және негізгі қорытпа. Жанатын ошақ негізгі қорытпаның жанатын қабаттары қоректерінің арасында орналасқан , ал оның астында бір вакуумдық камера бар. Жанған қабатта қорытпаның негізгі массасын алады, сонымен қатар үрлеудің бағыты өзгереді. Төменгі жанатын қабат қорытпаны жандырады, оның жануы төменнен жоғары қарай араласып жатады. Үрлеуі бар агломерациялық машиналар 1,5–2 есе үлкен өнімділікке ие болып келеді (13–18 т/(м2сут)), қорытпаның жануын желтартқышқа қарай жылжытады, сонымен қатар газдан болатын күкіртті қолдану деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді, қорытпаны барынша жоғары қорғасын құрамымен жандырады. Отандық түсті металлургияда АКМ-50 және АКМ-75 маркалы конвейерлі біріктіру машиналары кеңінен қолданылады. Аталған машиналардың техникалық сипаттамалары төменде көрсетілген:
|