КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Диплом жұмысының (жобасының) соңғы нұсқасын рәсімдеуДиплом жұмысының (жобасының) соңғы нұсқасы компьютерде немесе жазба машинасында терілген болуы тиіс. Диплом жұмысының (жобасының) көлемі иллюстрацияларды қоса алғанда қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшамен бірге стандартты парақта 40-60 бетті құрауы тиіс. Мәтінде абзацтар нақты бөлінген болуы тиіс. Абзац қызыл жолақтан 1см ілгері болуы тиіс. Диплом жұмысының (жобасының) тысқы беті берілген (Д,Е Қосымшасында)үлгі бойынша рәсімделуі тиіс. Мұхабаның ішкі жағында жапсырылған конвертте мыналар болады: - ғылыми жетекшінің пікірі; - диплом жұмысына сын-пікір; - Өзара пәндік байланыстылықты (антиплагиат)тексеру нәтижесі (есеп); - дискде диплом жұмысының электрондық нұсқасы; - дискде графикалық материал (диплом жобасы үшін); Диплом жұмысының жетікшісі пікір дайындайды, онда мыналарды ескере отырып шынайы баға беріледі ( жағымды немесе жағымсыз): - тақырыпты зерттеудің өзектілігін нақтылайды; - жұмыста келтірілген қортындылар мен ұсыныстардың теориялық және тәжірибелік маңызын сипаттайды; - студенттің зерттеу әдістерін жеткілікті білетіндігін, теориялық сипаттағы ақпарат көздерімен және тәжірибелік материалдармен жұмыс істей білетіндігін хабарлайды; - студенттің университетте алған білімін нақты міндетті шешуде қолдана алды ма (әдістемелік сипатта және тәжірибелік қызметте); - студенттің жұмысты орындаудағы өзіндік деңгейі мен бастамашылық танытуы көрсетіледі; - студент жеке шығармашылығымен, ұқыптылығымен, еңбек сүйгіштігімен ерекшеленсе ол аталады; - димлом жұмысын қорғауға жіберу туралы қортынды береді; - жетікші пікірде жұмыстың өзара пәндік байланыстылықты тексеру нәтижесіне талдау береді. Пікірге ғылыми жетекшінің қолы қойылып, толтырылған ай-күні жазылады. Егер ғылыми жетекші университет оқытушысы болуып табылмайты болса, онда оның қолы жұмыс істейтін ұйымның кадрлар бөлімі басшысының қолымен расталып мөр басылады. Диплом жұмысы (жобасы) мақұлданған жағдайда жетекші оған қол қойып және өзінің жазбаша қорғауға жіберу туралы пікірімен кафедра меңгерушісіне ұсынады. Диплом жұмысы (жобасы) мақұлданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жібермеу туралы өз шешімін негіздеп жазбаша пікір жазады. Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі тысқы бетінде сәйкесінше жазба жаза отырып, диплом жұмысы (жобасы) бойынша соңғы шешім қабылдайды. Егер, кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын (жобасын)қорғауға жіберу мүмкін емес деп санайтын болса, бұл мәселе аталған студентті оның ғылыми жетекшісін міндетті түрде қатыстыра отырып кафедра отырысында қарастырылады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары құқық мектебі дирекорының бекітуіне ұсынылады. Диплом жұмысын дайындаудың маңызды кезеңдерінің бірі кафедрада алдын ала қорғаудан өту болып табылады (ескертпе, қашықтықтан оқитын студенттердің диплом жұмысы кафедрада алдын ала қорғаудан өтпейді. Антиплагиатқа тексеру мен нормалық бақылауды ғылыми жетекші өз бетінше болмаса педогогикалық жүктемеге сәйкес уәкілетті оқытушы жүзеге асырады). Алдын ала қорғау кем дегенде 1 рет өткізіледі. Кафедраның нұсқауы бойынша студент қайталап алдын ала қорғаудан өткізуге шақырылады. Алдын ала қорғау ғалыми жетекшілер мен студенттердің міндетті түрде қатысуымен кафедраның ашық отырысы түрінде өткізіледі. Кафедрада алдына ала қорғау барысында антиплагиатқа тексеруге өткізілгендігі қарастырылады. Антиплагиатқа тексеру 2013 жылы 06 ақпандағы «Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті» АҚ білім алушылардың жазбаша жұмыстарды өзбетінше орындауын тексеру бойынша нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Студент кафедрадағы алдын ала қорғауға әкеледі: CD – дискідегі диплом жұмысын, жұмсақ қаптамада немесе папкада қыстырып кемінде 2 данада басып шығарылған жұмыс. Алдын ала қорғау сатысында студент диплом жұмысын дайындаудың ағымдағы жағдайы туралы, таңдалған тақырыптың өзектілігі мен оны дайындаудың деңгейі туралы кафедра мүшелерінің алдында баяндауға дайындалады. Сын-пікір. Кафедра қорғауға ұсынған диплом жұмысы (жобасы)сын-пікір беруге жіберіледі. Сын-пікір берушілердің тізімі өндірістік және ғылыми ұйымдардың мамандардың ішінен кафедра меңгерушісінің ұсынуы бойынша директордың бұйрығымен бекітіледі. Сын-пікір беруші ретінде өзге жорағы оқу орындарының профессорлары, доценттері мен оқытушыларын тартуға болады. Сын-пікір берушінің қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) бағытына сәйкес базалық жоғары білімі және/немесе ғылыми не академиялық дәрежесі, ғылыми атағы болуы тиіс. Сын-пікір беруші диплом жұмысына (жобасына) жазбаша сын-пікір береді, онда онда зерттелген тақырыптың өзектілігі, жаңалығы мен тәжірибелік маңыздылығы, дипломдық зерттеудің тақырыбы мамандарды дайындау бағытына, берілетін академиялық дәрежеге және біліктілікке сәйкестігі, зерттеудің өз бетінше жүргізілуі, қорытындылар мен ұсыныстардың болуы, проблемаларды шешу мен зерттеудің аяқталу деңгейі көрсетілуі тиіс. Сын-пікірде балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша баға және сәйкесінше біліктілік немесе академиялық дәреже берудің мүмкіндігі көрсетіле отырып болжамды қорытынды беріледі. Ғылыми жетікті қорғауға жіберген диплом жұмысын (жобасын) сын-пікір беруші «қанағаттанарлықсыз» деп бағаласа жалпы жағдайда қорғалады. Сын-пікір машинкамен жазу нұсқасында рәсімделіп, сын-пікір берушінің қолы қойылып ай-күні көрсетіледі. Сын-пікір берушінің қолы жұмыс істейтін ұйымның кадрлар бөлімі басшысының қолымен расталып мөр басылады. Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің пікірі және сын-пікір берушінің сын-пікірімен бірге жұмысты қорғауға бекітілген мерзімге дейін 10 күннен кем емес мерзімдекафедра меңгерушісіне беріледі. Аталған ереже сақталмаған жағдайда сол студенттің жұмысын кафедра меңгерушісі жария қорғауға жібермейді. Кафедра меңгерушісі жұмыспен, ғылыми жетекшінің пікірімен, сын-пікірмен танысып және олардың негізінде тысқы бетте өз қолын қойып диплом жұмысын қорғауға жіберуді бекітеді. Ғылыми жетекшінің піпірімен және сын-пікірмен студент мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысына дейін таныстырылған болуы тиіс (МАК). Диплом жұмысын (жобасын) қорғау оқитын тілінде жүргізіледі, бірақ та студенттің қалауы бойынша өзге тілде де жүргізілуі мүмкін (мемлекеттік тілде). Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды қазіргі техникалық құралдардың және апқараттық – коммуникациялық технология саласындағы жетістіктердіңкөмегімен электрондық ресурстарды қолдану түрінде мультимедиялық презентацияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
|