КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ФИЗИКА-1 пәнінен емтихан сұрақтарының тізімі
1. Материалдық нүкте дегеніміз – есептің берілген шартында ...
2. Қозғалыстағы дене жылдамдығының бірлік уақытта модулі бойынша өзгеруін сипаттайтын физикалық шама ...
3. Дененің сызықтық және бұрыштық жылдамдықтары арасындағы байланыс:
4. Тыныштық күйден қозғала бастаған дененің үшінші секундтың аяғындағы жылдамдығы 3м/с. Қозғалыс басынан қанша уақыт өткенде дененің жылдамдығы 9м/с болады?
5. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 100 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 60 км/сағ жылдамдықпен өтті. Автомобильдің орташа жылдамдығы қандай?
6. Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене траекториясының ең жоғарғы нүктесінде үдеу қалай бағытталады?
7. Радиусы 12 м болатын шеңбер жасап қозғалған дененің орын ауыстыруын анықтаңыз.
8. Нүкте қозғалысының теңдеуі: x=4-6t+t3, 0,5 c уақыттағы оның үдеуі:
9. Жылдамдықтың бағыты шағынан өзгеру шапшаңдығын қандай шама сипаттайды?
10. Нормаль үдеудің дәлірек анықтамасын көрсетіңіз
11. Нормаль үдеудің бағыты қалай бағытталады ?
12. Тыныштықта тұрған дене жылдамдығын 5 с уақыт ішінде 10 м/с-қа жеткізді. Үдеуі қандай ?
13. Х осінің бойымен қозғалған дененің жылдамдығы уақыт бойынша v=10+4t заңымен өзгереді, 5 с өткеннен соң орташа жылдамдығы неге тең?
14. Берілген теңдеу көмегімен жылдамдық теңдеуін жазыңыз S = 0.1 t + 0.2 t2
15. Келтірілген сурет бойынша қисық сызықты үдемелі қозғалыстағы материалдық нүктенің толық үдеуінің бағытын көрсетіңіз. Қозғалыс сағат тілі бағытымен. 1 5
2 3 4
16. Радиусы 12 м болатын шеңбер жасап қозғалған дененің орын ауыстыруын анықтаңыз.
17. Екеуі де вектор болатын физикалық шамаларды көрсетіңіз.
18. Адам бір минутта 100 қадам жасайды. Қадамның ұзындығы 60 см. Адамның қозғалыс жылдамдығын м/с – пен анықтаңыздар.
19. Мына тендеумен берілген дене қозғалысының үдеуін анықтаңыздар X=20+2t - 4.5t2
20. Проекциялары vх = 4 м/с, vу = 1 м/с жылдамдықтың модулі қандай?
21. Материалық нүктенiң жүрген жолының сол жолды жүруге кеткен уақытына қатынасын ... деп атайды.
22. Орын ауыстыру дегеніміз не?
23. Нүктенің қозғалыс теңдеулері х=3t, y=t2 түрінде берілген. t=2 c кезіндегі нүктенің жылдамдығын анықтаңыз.
24. Бұрыштық жылдамдықтың өрнегін көрсетіңіз.
25. Жүрілген жол деген не?
26. Массасы 0,6 кг дене радиусы 10 см шеңбер жасап қозғалады. Дене шеңберді толық 3 рет айналғандағы орын ауыстыруы неге тең болады?
27. Қандай қозғалыста дененің жылдамдығы шамасы жағынан тұрақты болады ?
28. Қозғалыс теңдеуі берілген S =20 t+0.2t2 . Осындағы 20 саны нені көрсетеді ?
29. Дене радиусы R=4м болатын шеңбер бойымен v = 6 м/с жылдамдықпен бірқалыпты айналады. Дененің үдеуін анықтаңыз.
30. Тас 80 м биіктіктен еркін құлады. Тастың түсу уақытын анықтаңыздар.
31. Берілген санақ жүйесінде қозғалыстағы материалдық нүктенің жүріп өткен сызығы не деп аталады?
32. Тангенциал үдеудің бағыты қалай бағытталады ?
33. Бастапқы жылдамдығы 36 км/сағ автомобиль бір қалыпты қозғала отырып, 20 c өткен соң тоқтады. Автомобильдің үдеуін және тежелу уақыты ішінде жүрген жолын табыңыз.
34. Қозғалыс теңдеуі S = 15t-0,4t2 берілген дене жылдамдығының өрнегі:
35. Тұрақты 2 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналып тұрған дөңгелектің шетіндегі нүктелердің сызықтық жылдамдығы 40 м/с. Дөңгелектің радиусы:
36. Дене 100 метр жолды 10 секундта өтті. Жолдың алғашқы 6 метрін 2 секунд ішінде өтті, содан кейін тоқтап 3 секунд бойы тұрды. Оның осы жолдағы орташа жылдамдығы қандай?
37. Дене 15 м/с жылдамдықпен жоғары вертикаль лақтырылған. Ол қандай жылдамдықпен жерге түседі? Ауаның кедергісін ескермеңіз.
38. Дене белгілі бір биіктіктен құлады. Жерге құлаған кезде оның жылдамдығы 30 м/с болды. Дене қандай биіктіктен құлағанын анықтаңыз.
39. Дене үдеуі жылдамдығымен бағыттас болуы мүмкін бе? Болса қандай жағдайда?
40. Дене үдеуі жылдамдығымен перпендикуляр болуы мүмкін бе? Болса қандай жағдайда? 41. Формуланы толықтырсақ, қандай шаманы анықтайтын өрнек болады ? 42. Формуланы толықтырсақ, қандай шаманы анықтайтын өрнек болады ? 43. Формуланы толықтырсақ, қандай шаманы анықтайтын өрнек болады ? 44. Формуланы толықтырсақ, қандай шаманы анықтайтын өрнек болады ? 45. Траекторияға жанама бойымен бағытталатын шама қалай аталады?
46. Траекторияға жанамамен перпендикуляр бағытталатын векторлық шама қалай аталады?
47. Орын ауыстырудың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама қалай аталады?
48. Траекторияның қисықтық радиусы 2 есе артса, нормаль үдеу қалай өзгереді?
49. Берілген шамалардың ішінен скаляр шаманы көрсетіңіз.
50. Үдемелі қозғалысқа сәйкес графикті көрсетіңіз
51. «Материалдық нүкте өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сыртқы күштер әсер еткенше сақтайды». Бұл:
52. Дененің инерттілігін анықтайтын шама:
53. Ньютонның 1-заңы басқаша қалай айтылады ?
54. Ньютонның 2-заңын басқаша қалай айтуға болады?
55. Инерция заңын көрсетіңіз.
56. Ньютонның 1-заңының оқылуын көрсетіңіз.
57. Ньютонның 2-заңының оқылуын көрсетіңіз.
57. Ньютонның 3-заңының оқылуын көрсетіңіз.
58. Дененің бір нүктесіне 3 Н және 4 Н екі күш түсірілген. Осы күштердің арасындағы бұрыш p/2. Осы күштердің тең әсерлі күшінің модулін табыңыз.
59. Ілгерілемелі қозғалыстағы дененің инерттілік өлшемі …. деп аталады.
60. Үйкеліс күшінің формуланы көрсетіңіз.
61. Денеге басқа денелер тарапынан болатын әсер етуші шама қалай аталады ?
62. Ньютонның екінші және үшінші заңдарының өрнектерін көрсетіңіз
63. Егер бастапқы жылдамдығы 1 м/с екенін ескеріп, 1 с-та жылдамдығын екі есе арттырса, массасы 1 кг денеге қандай күш әсер етеді?
64. Консервативті күш дегеніміз не?
65. Консервативті күшті көрсетіңіз
66. Дисспативті кұшті көрсетіңіз.
67. Дисспативті күш деген не?
68. Динамиканың негізгі теңдеуін көрсетіңіз.
69. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын пайдалана отырып, гравитациялық тұрақтының өлшем бірлігін табыңыздар.
70. Келтірілген формулалардың қайсысы Ньютонның 2-заңын білдіреді?
71. Егер денеге әер етуші күштердің векторлық жиыны нольге тең болса, ол қалай қозғалуы мүмкін?
72. Келтірілген өрнектердің қайсысы ілгерілемелі қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі болып табылады?
73. Ньютонның үшінші заңы қай санақ жүйесінде орындалады?
74. Ньютонның бірінші заңы қай санақ жүйесінде орындалады?
75. Массасы 2 кг денеге 30 Н және 40 Н екі күш әсер етеді. Егер күштер өзара 900 бұрыш жасаса, дененің үдеуі қандай болады?
76. Дене көкжиекпен 600 бұрыш жасайтын көлбеу жазықтықпен сырғанайды. Үйкеліс коэффициенті 0,2-ге тең. Дененің үдеуі неге тең? (g=10 м/с2).
77. Инерттілік дегеніміз не?
78. Жылдамдықтың модулі және бағыты бойынша өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын кинематикалық шама:
79. Егер теміржол вагонының буферінің пружинасын 1 см-ге қысу үшін 30 кН күш қажет болса, оны 4 см-ге қысу үшін қандай күш қажет?
80. Егер шеңбер бойымен бірқалыпты айнала қозғалған дененің сызықтық жылдамдығын қозғалыс барысында 2 есе көбейтсе, онда оның нормаль үдеуі қалай өзгереді? Шеңбердің радиусы өзгермейді деп есептеңіз.
81. Тұрақты жылдамдықпен ұшып бара жатқан ұшақтан жүк тасталған. Ұшаққа байланысты санақ жүйесіндегі тасталынған жүктің траекториясы қандай болады? Ауа кедергісі ескерілмеген.
82. Массасы 2 т дене қандай күштің әсерінен 0,25 м/с2 үдеу алады ?
83. Тұрақты 2 Н күш әсер ететін дене қозғалысының теңдеуі x = 5+2t2 берілген. Дененің массасы?
84. Денеге басқа денелер тарапынан болатын әсер етуші шама қалай аталады ?
85. Массасы 3 т дененің салмағын анықтаңыз.
86. Дене салмағы деген не?
87. Салмақсыздық деген не?
88. Егер дене а үдеумен вертикал жоғары қозғалса, онда дене салмағы:
89. Егер дене а үдеумен вертикал төмен қозғалса, онда дене салмағы:
90. Егер дененің үдеумі еркін түсу үдеуіне тең болса, онда дене салмағы:
91. Ауырлық күшінің өрнегін көрсетіңіз.
92. Үйкеліс күшінің өрнегін көрсетіңіз.
93. Тартылыс күшінің өрнегін көрсетіңіз.
94. Серпімділік күшінің өрнегін көрсетіңіз.
95. Бүкіл әлемдік тартылыс заңының өрнегін көрсетіңіз.
96. Берілген өрнек қалай аталады ? 97. Берілген өрнек қалай аталады ?
98. Берілген өрнек қалай аталады ?
99. Берілген өрнек қалай аталады ? 100. Берілген өрнек қалай аталады ? 101. Берілген өрнек қалай аталады ?
102. Денелердің өзара әсерлесу күші олардың массаларының көбейтіндісіне тура, ал арақашықтык квадратына кері пропорционал. Қандай заң берілген?
103. Дене массасы мен жылдамдығының көбейтіндісі қандай шаманы береді?
104. Дене импульсінің формуласын көрсетіңіз
105. Импульстің өлшем бірлігі не?
106. Қандай заң берілген S mv =Const.
107. Массасы 0,5 кг дене 4 м биіктіктен 8 м/с2 үдеумен құлаған. Дененің импульсінің өзгерісі қандай?
108. Массасы 15 кг дененің ауырлық күшін анықтаңыз.
109. Массасы 150 кг дененің салмағын анықтаңыз.
110. Вертикаль жоғары 5 м/с2 үдеумен қозғалған дененің салмағын анықтаңыз.
111. Вертикаль төмен 5 м/с2 үдеумен қозғалған дененің салмағын анықтаңыз.
112. Қозғалыс мөлшерінің (импульстің) сақталу заңы қалай оқылады?
113. Импульстің сақталу заңы қандай жүйеде орындалады?
114. Механикалық жұмыстың өрнегін көрсетіңіз.
115. Айнымалы күштің жұмысын қай формуламен анықтайды?
116. Ауырлық күшінің жұмысын көрсетіңіз.
117. Массасы m дене көлбеу жазықтықта тыныш тұр. Жазықтық горизонтпен α бұрышын жасайды. Үйкеліс коэффициенті-µ. Жазықтық жағынан денеге әсер ететін үйкеліс күшінің шамасы:
118. Келтірілген өрнектердің қайсысы ілгерілемелі қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі болып табылады?
119. Айналмалы қозғалыстың анықтамасын көрсетіңіз.
120. Инерция моменті деген не?
121. Материалдық нүктенің инерция моменті.
122. Анықтамаға сәйкес инерция моментінің өрнегін көрсетіңіз.
123. Айналып тұрған дененің айналу осіне қатысты импульс моменті есептелетін өрнек:
124. Айналмалы қозғалыс үшін динамиканың негізгі теңдеуін көрсетіңіз.
125. Цилиндрдің инерция моменті.
126. Дискнің инерция моменті.
127. Берілген өрнек қалай аталады ?
128. Берілген өрнек қалай аталады ?
129. Берілген өрнек қалай аталады ? 130. Берілген өрнек қалай аталады ? 131. Берілген өрнек қалай аталады ? 132. Берілген өрнек қалай аталады ? 133. Берілген өрнек қалай аталады ? 134. Берілген өрнек қалай аталады ?
135. Бекітілген осьті айнала қозғалатын дененің кинетикалық энергиясының формуласын көрсетіңіз.
136. Штейнер теоремасы үшін жазылған өрнекті көрсетіңіз.
137. Қатты дененің айналмалы қозғалысы үшін Ньютонның екінші заңы қалай жазылады ?
138. Инерция моменті 50 кг×м2 болатын денеге 400 Н×м күш моменті әсер етеді. Дене қандай бұрыштық үдеумен айналады ?
139. Бұрыштық жылдамдығы 0,5 с-1, айналып тұрғын маховикті тоқтату үшін қандай жұмыс жасау керек? Маховиктің айналу өсіне қатысты инерция моменті 4·10-4 кг·м2.
140. Стерженьнің (шыбықтың) ортасына перпендикуляр оське қатысты инерция моменті.
141. Жүрілген жолы S, айнымалы күштің жасайтын жұмысы неге тең (FS -күштің қозғалыс бағытындағы проекциясы)?
142. Дене горизонтқа бұрыш жасай қозғалып барады. Дененің қозғалысы кезінде төменде келтірілген қай шама сақталады? Ауа кедергісі жоқ.
143. Айналыстағы дененің массасы 2 есе ұлғайып, жылдамдығы 2 есе кемісе, айналу кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
144. Массасы m және радиусы R біртекті дискінің инерция моменті:
145. Дененің айналмалы қозғалысы кезінде қандай физикалық шама оның инерттілігі болып табылады?
146. Массасы 2 кг шар 4 м/с жылдамдықпен қозғала отырып, тыныштықта тұрған массасы осындай шарға соқтығысты. Соқтығысу серпімсіз деп алып, шарлардың соқтығысқаннан кейінгі жылдамдықтарын анықтаңыздар.
147. Механикалық қуаттың анықтамасын көрсетіңіз. 148. Берілген өрнекті толықтырсақ, қалай аталады ? 149. Берілген өрнекті толықтырсақ, қалай аталады ?
150. Механикалық энергияның анықтамасын көрсетіңіз.
151. Насос двигателі 10 минут ішінде 20 м3 суды 6 м биіктікке көтерді. Двигательдің қуатын анықтаңыздар (g = 9,8 м/с2).
152. Тарту күші 100 Н-ға тең ракета 10 м қашықтыққа орын ауыстырады, осы кездегі ракета қозғалтқышының жұмысын анықтаңыздар.
153. Механикалық қуаттың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігін көрсетіңіз.
154. Дене 2 сағат ішінде 500 кДж жұмыс атқарады. Дененің қуаты қандай ?
155. Берілген шамалардың қайсысы Джоульмен өлшенбейді?
156. Қозғалмайтын нүктеге қатысты күш моментінің формуласы 157. Берілген формула қандай шама ? 158. Егер дөңгелектің инерция моменті 3 кг·м2 болса, 12 Н·м күш моменті әсерінен қандай бұрыштық үдеумен айнала алады? 159. Потенциалдық энергия деген не?
160. Деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы:
161. Қандай жағдайда дененің потенциалдық энергиясы Жерге қатысты тұрақты болып қалады, ал кинетикалық энергиясы өзгереді?
162. Дененің кинетикалық энергиясы 100 Дж және импульсі 40 кг·м/с. Дененің массасы неге тең?
163. Серпімді деформацияланған дененің деформациясын 2 есе кеміткенде оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
164. Серпімді деформацияланған дененің деформациясын 3 есе арттырғанда оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
165. Бір қалыпты айналмалы қозғалыс үшін бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеудің шамалары қандай болу керек?
166. Материалдық нүктенің немесе дененің айналмалы қозғалысы кезінде оның инерттілігін сипатайтын шаманы көрсетіңіз.
167. Берілген формуланы түсіндіріңіз ? =mgh.
168. Дене 7 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған. Дене 2 м биіктікке көтерілгенде, оның толық энергиясы қалай өзгереді? 169. Берілген формула қандай шама ? 170. Дене көлбеу бойымен сырғанамай, домалап қозғалса, энергиясы қалай анықталады?
171. Массасы 5 кг дене 12 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясын анықтаңыз.
172. Массасы 5 кг диск 12 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясын анықтаңыз.
173. Массы 10 кг дененің 15 м биіктіктегі энергиясын анықтаңыз.
174. Денеге 50 Н күш әсер еткенде 50 м жолында жасаған жұмысын анықтаңыз.
175. Тербеліс деген не?
176. Жүйенің ішкі күштері әсерінен болатын тербеліс қалай аталады?
177. Қатаңдығы 2 кН/м серіппеге ілінген 80 кг жүктің тербеліс периоды:
178.Гармониялық тербеліс деген не?
179. Математикалық маятниктің циклдік жиілігінің формуласын көрсетіңіз.
180. Серіппелі маятниктің циклдік жиілігінің формуласын көрсетіңіз.
181. Мына теңдеуден x=5cos (pt/6+p) материалдық нүктенің тербеліс периодын анықтаңыз.
182. Қатаңдығы 2 кН/м серіппеге ілінген 80 кг жүктің тербеліс периоды:
183. Мына теңдеуден x=5cos (pt/6+p) материалдық нүктенің тербеліс жиілігін анықтаңыз.
187. Массасы 0,1 г материалдық нүктенің тербелісі x=Acoswt теңдеуімен берілген, мұндағы A=5 см, w=20 с-1. Кері қайтарушы күштің максимал мәні: 185. Математикалық маятниктің массасын m есе арттырса, тербеліс жиілігі:
186. Тербелістердің дифференциалды теңдеуі х"+0,25π2х=0 түрінде берілсе, өшпейтін гармоникалық тербелістердің периоды неге тең? 187. Материялдық нүкте тербелісі x= теңдеуімен берілген, тербеліс периодты анықтыңыз.
188. Өшетін еркін тербелістердің амплитудасын көрсететін өрнек?
189. Өшетін тербелістің дифференциалдық теңдеуінің түрі:
190. Өшетін тербеліс деген не?
191. Cos немесе Sin заңдары бойынша өтетін тербеліс қалай аталады ?
192. Период пен тербеліс жиілігін байланыстыратын теңдеу:
193. Жиілігі 1 Гц материалдық нүктенің тербеліс периодын анықтаңыз.
194. Серіппелі маятниктің циклдік жиілігінің формуласын көрсетіңіз.
195. Жиіліктері тең бірдей бағытталған екі гармониялық тербелістерді қосқанда ... пайда болады. 196. Материялдық нүкте тербелісі x= теңдеуімен берілген, тербеліс периодты анықтыңыз.
197. Сыртқы күштің әсерінен болатын тербеліс ...деп аталады.
198. Ұзындықтары бірдей, массаларының қатынасы m1=2m2 болатын математикалық маятниктердің периодтарын салыстырыңыз.
199. Теңдеу көмегімен тербелістің амплитудасын анықтаңыз х = 0.54 Cos ( 2 p t + p/2)
200. Мына теңдеуден x=5cos (pt/6+p) материалдық нүктенің тербеліс периодын анықтаңыз.
2011. Периоды 5 секунд болатын тербеліс жиілігі қандай болады ?
202. Бірлік уақыт ішінде толқынға перпендикуляр бірлік аудан арқылы толқын тасымалдайтын энергия…. . .деп аталады:
203. Физикалық маятниктің периодының формуласын анықтаңыздар.
204.Серіппеге масасы 10 кг жүк ілінген. Егер серіппе 9,8 Н күштің әсерінен 1,5 см-ге созылса, онда жүктің вертикаль тербелісінің периоды қандай?
205. Серіппелі маятниктің циклдік жиілігінің формуласын көрсетіңіз.
206. Бірлік уақыт ішіндегі толық тербелістер саны ... деп аталады.
207. Келесі теңдеу арқылы x = 6 cos (pt+p/2) тербеліс фазасын анықтаңыз.
208. Өшетін тербеліс теңдеуін көрсетіңіз
209. Ұзындығы 1 м-ге тең математикалық маятниктің тербеліс периоды:
210. Математикалық маятниктің массасын 2 есе арттырса, периоды қалай өзгереді? 211. Берілген өрнекті атаңыз 212. Берілген өрнекті атаңыз 213. Берілген өрнекті атаңыз 214. Тербеліс энергиясының өрнегін көрсетіңіз.
215. Маятник 2 мин уақытта 180 тербеліс жасаса периоды қанша болады?
216. Маятник 2 мин уақытта 180 тербеліс жасаса жиілігі қанша болады?
217. Толқын деген не?
218. Көлденең толқын деген не?
219. Қума толқынның анықтамасын көрсетіңіз.
220. Көлденең толқындар қандай ортада тарайды?
221. Қума толқындар қандай ортада тарайды?
22. Қандай ортада көлденең де қума толқын да тарайды?
223. Қандай ортада көлденең толқын тарайды?
224. Қандай ортада қума толқындар тарайды?
225. Тербеліс периодын 4 есе азайтқанда толқын ұзындығы қаншаға өзгереді?
226. Тербеліс периодын 4 есе арттырғанда толқын ұзындығы қаншаға өзгереді?
227. Толқын неден пайда болады ?
228. Идеал газ дегенқандай газ?
229. Изотермиялық процесс үшін Бойль-Мариотт заңының теңдеуі:
230. Идеал газ үшін изобаралық процестің формуласын көрсетіңіздер.
231. Молекулалардың орташа арифметикалық жылдамдығы:
232. 1 моль сутегі бар ыдыста қанша сутегі молекуласы бар?
233. РV координатасында берілген диаграммасының қандай бөлігі изохоралық процеске сәйкес келеді ? Р 4
1
2 3 5 0 V
234. Қай график изохоралық процеске сәйкес келеді? p 5 V
235. Идеал газдың изохоралық процесс үшін формуласын жазыңыз.
236. Газдың температурасы 27°C болғанда көлемі 6 л болды, ал 77°C болғанда көлемі қандай болады (қысымы тұрақты деп есептеңіз)?
237. р,V диаграммасында идеал газдың изотермалары көрсетілген. Осылардың қайсысы ең үлкен температураға сәйкес келеді? P V
238. Көлемі 3 м3, қысымы 100 кПа, ал температурасы 270С газда қанша молекула бар?
239. Қандай процестердің графиктері берілген? P 1
T
240. Ыдыстағы гелийдің мөлшері 2 моль. Осы ыдыста гелийдің жуық шамамен неше атомы бар? Авогадро тұрақтысы NA=6·1023моль-1.
241. Абсолют температурасын 4 есе арттырған кезде газдың орташа арифметикалық жылдамдығы қалай өзгереді? 242. Идеал газдың изохоралық процесс үшін формуласын жазыңыз.
243. Газдың температурасы 3 есе кемісе, молекулалардың орташа квадрат жылдамдығы қалай өзгереді?
244. Идеал газ үшін изобаралық процестің формуласын көрсетіңіздер.
245. Су буының қандай массасында молекула саны 3,35·1022 болады?
246. Идеал газдың берілген мөлшері 1-күйден 2-күйге (сурет) өтуі кезінде газ көлемі қалай өзгереді? р
Т
247. Бойль-Мариотт заңы қандай процеске қолданылады ?
248. Изобаралық процесс қандай жағдайда өтеді ?
249. Бір моль оттегінде қанша молекула бар?
250 Молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы қалай анықталады?
251. Төменде келтірілген формулалардың қайсысы идеал газ молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі болып табылады?
252. Массасы 18 грамм су буында қанша молекула бар?
253. Егер V=Const болса, онда қандай процесс өтеді ? 254. Изобаралық процестің графигін көрсетіңіз. P P P V P
V V Т T T
255. РV координатасында берілген диаграммасының қандай бөлігі изобарлық процеске сәйкес келеді ? Р
2 3 5 0 V
256. Гей –Люссак заңын көрсетіңіз.
257. Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығының ең ықтимал жылдамдыққа қатынасы неге тең?
258. Төменде келтірілген формулалардың қайсысымен бір молекуланың массасын анықтауға болады?
259. Изохоралық процесс қандай жағдайда өтеді ?
260. Молекулалардың ең ықтималды жылдамдығы:
261. Қалыпты атмосфералық қысым:
262.Тұрақты концентрация кезінде газ қысымы √3 есе өседі. Молекулалардың орташа кинетикалық энергисы
263. Ыдыстағы газдың жартысы шығарылып жіберілді. Қалған газдың қысымын 3 есе арттырғанда оның абсалют температурасы қалай өзгереді ?
264. Изотермиялық процестің графигін көрсетіңіз. p 1
4 V 265. Көлемі 3 м3, қысымы 100 кПа, ал температурасы 270С газда қанша молекула бар?
266. Берілген өрнекті толық жазса, қалай аталады? 267. Берілген өрнекті толық жазса, қалай аталады? 268. Берілген өрнекті толық жазса, қалай аталады? 235. Берілген газ үшін ср = 14,7·103 Дж/(кг·К), сV = 10,5·103 Дж/(кг·К). Осы газ үшін адиабата көрсеткішін анықтаңыз.
269. Изотермиялық процесс үшін жұмыстың формуласы:
270. Адиабата көрсеткішін қалай анықтауға болады?
271.Изобаралық процеске арналған термодинамиканың бірінші бастамасы:
272. Қандай жағдайда атқарылған жұмыс шамасы көп болады? Р P P
10 10 20
0 5 15 20 V 0 5 25 V 0 5 20 V
273. Заттың бір килограмын 1 К-ге қыздыруға қажет жылу мөлшері:
274. Изобаралық процеске арналған термодинамиканың бірінші бастамасы:
275. Карно циклы қандай процестерден тұрады?
276. Қыздырғыштың температурасы 500 К. Қыздырғыштан алып отырған әр кДж энергиядан двигатель 350 Дж механикалық жұмыс жасайды. Суытқыштың температурасын табыңыз.
277.Термодинамикалық жүйенің көлемі өзгергенде істелетін жұмысты есептеуге арналған формуланы көрсет.
278. Тұрақты массадағы газдың 2 күйі А және В нүктелерімен көрсетілген. Осы күйдегі газ көлемдерін салыстырыңыз.
279. Бір атомды идеал газ қыздырғыштан 2 кДж жылу энергия алды. Егер процесс изохоралық болса, онда газдың ішкі энергиясының өзгеруі неге тең?
280.Тұрақты р қысымда газдың көлемі DV ұлғайды. Қандай физикалық шама р·DV көбейтіндісіне тең?
281. Клаузиус теңсіздігі:
282. Берілген формулалардың қайсысы мына анықтамаға сәйкес келеді: жүйеге берілген жылу мөлшері жүйенің ішкі энергиясының өсуі мен жүйенің сыртқы денелердің үстінен орындайтын жұмысқа жұмсалады.
283. Изохоралық процесс кезінде азотқа 70 Дж жылу берілді. Азоттың ішкі энергиясын арттыруға қанша жылу кетті?
284.Адиабаталық процесс кезінде қандай шарт міндентті түрде орындалады?
285.Төменде келтірілген өрнектердің ішіндегі идеал газ күйінің теңдеуі:
286. Тұрақты көлемдегі меншікті жылу сыйымдылығы формуласында CV=Ri/2M молекулалардың еркіндік дәрежесін көрсетіңіз.
287. Изохоралық процеске арналған термодинамиканың бірінші бастамасы:.
288. Изотермиялық процесс кезінде идеал газға 5000 Дж жылу берілді. Газдың ішкі энергиясы қаншаға өзгерді?
289. Оттегі О2 молекулалардының еркіндік дәреже санын анықтаңыз:
290. Изотермиялық процесс үшін термодинамиканың бірінші бастамасы:
291. Газға 100 Дж жылу берілді және сыртқы күштер 300 Дж жұмыс жасады. Газдың ішкі энергия өзгерісі неге тең?
292. Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясының өзгерісі.
293. Қандай процесте газдың ішкі энергиясы өзгермейді?
294.Адиабаталық процеске арналған термодинамиканың бірінші бастамасы: 295. Мына қатынаспен қандай шаманы анықтауға болады? 296. Пуассон теңдеуі қандай процесс үшін жазылады?
297 Бір моль идеал газ бастапқы р,V,T параметрімен p=const күйде 3V көлеміне дейін ұлғаяды.Осында газ қандай жұмыс істейді?
298. Тұрақты 105 Па қысымдағы бөлмедегі ауаның көлемі 20 дм3 артты. Газ қандай жұмыс жасады?
299. Мольдік жылу сыйымдылықты өрнектейтін формуланы көрсетіңіз.
300. Екі атомды молекуланың айналмалы қозғалыс үлесіне келетін еркіндік дәреже саны:
268. Энтропия ұғымын айқындайтын өрнек:
301. Идеал газдың молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі:
302. Жүйеге берілген жылу мөлшері жүйенің сыртқы күштерге қарсы жұмыс атқаруына жұмсалады. Қандай заң берілген?
303. Изотермиялық процесс үшін термодинамиканың бірінші бастамасы:
304. Изотермиялық процесс кезінде идеал газға 5000 Дж жылу берілді. Газдың ішкі энергиясы қаншаға өзгерді?
305. Екі атомды молекуланың айналмалы қозғалыс үлесіне келетін еркіндік дәреже саны:
306.Егер қыздырғыштың және салқындатқыштың абсолют температуралары екі есе өскен болса, онда идеал жылу машинсының п.ә.к.-і қалай өзгереді?
307. Идеал газдың адиабата теңдеуін көрсетіңіз:
308. Нақты газға арналған теңдеу:
309. Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясының өзгерісі.
310.Адиабаталық процеске арналған термодинамиканың бірінші бастамасы:
311. Идеал газдың бір молекуласының ілгерлемелі қозғалыс кезіндегі орташа кинетикалық энергиясының формуласы қай өрнекпен өрнектеледі?
312. Газға 100 Дж жылу берілді және сыртқы күштер 300 Дж жұмыс жасады. Газдың ішкі энергия өзгерісі неге тең?
313. Жүйеге берілген жылу мөлшері жүйенің ішкі энергиясын өзгертуге жұмсалады. Қандай заң берілген?
3142. Жылу құбылыстары үшін энергияның сақталу заңы:
315. Зарядтың сақталу заңының өрнегін көрсетіңіз.
316. Электр өрісі үшін суперпозиция принципі:
317. Электрон дегеніміз .... элементар бөлшек.
318. Өрістің берілген нүктесіндегі зарядтар жүйесінің кернеулігі жекелеген зарядтардың әр қайсысының кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең.
319. Берілген заң қалай аталады? Зарядтардың өзара әсерлесу күші сол зараядтардың шамаларының көбейтіндісіне тура, ал олардың ара қашықтығына кері пропорционал.
320. Кулон заңының теңдеуін көрсетіңіз.
321. Кулон заңының оқылуын жазыңыз.
322. Кулон заңымен нені есептейміз?
323. Электр өрісінің күштік сипаттамасы не?
292. Қандай шама электростатикалық өрістің энергетикалық сипаттамасы болып табылады?
324. Қандай шама электростатикалық өрістің электрлік сипаттамасы болып табылады ?
325. Зарядтардың өзара әсерлесу күші қай заңмен анықталады?
326. Электр өрісіндегі заряд потенциалын анықтауға болатын формуланы көрсетіңіз.
327. Кернеулігі 50 В/м электр өрісіндегі 5 нКл зарядқа өріс тарапынан әсер ететін күшті анықтаңыз.
328. Тұйықталған бет арқылы өтетін электр өрісі кернеулігінің векторлық ағыны осы беттің ішіндегі зарядтардың алгебралық қосындысын e0-ге бөлгенге тең.
329. Электр өрісіндегі заряд потенциалын анықтауға болатын формуланы көрсетіңіз.
330. Оқшауланған өткізгіштің электр сыйымдылығының өрнегі:
331. Салыстырмалы диэлектр өтімділігі әр түрлі ортаның қандай қасиетін сипаттайды?
332. Остроградский –Гаусс теоремасын көрсетіңіз.
333. Элементар заряд деген не?
303. Электрсыйымдылықтың физикалық мағынасы неде?
334. Астарларындағы потенциалдар айырымы 2 В, заряды 500 мкФ конденсатор зарядын анықтаңыз.
335. Цилиндр пішінді конденсатор сыйымдылығын анықтайтын өрнекті көрсетіңіз.
336. Сфералық конденсатор сыйымдылығын анықтайтын өрнекті көрсетіңіз.
337. Қандай шаманы анықтайтын өрнек берілген 338. Қандай шаманы анықтайтын өрнек берілген 339. Қандай шаманы анықтайтын өрнек берілген 340. Қандай шаманы анықтайтын өрнек берілген 341. Қандай шаманы анықтайтын өрнек берілген
342. Электр өрісі кернеулігі мен потенциалы арасындағы байланысты көрсетіңіз.
343. Электр сыйымдылық деген не? Формуласы.
344. Бірнеше конденсаторларды параллель жалғағанда конденсаторлар батареясында:
345. Бірнеше конденсаторларды тізбектеп жалғағанда конденсаторлар батареясында:
346. Өзара әсерелесуші екі зарядттың арақышықтығы 3 есе артса, әсерлесу күші қалай өзгереді? 347. Нүктелік зарядтың өріс кернеулігін анықтайтын формуланы жазыңыз.
348. Электр өрісіндегі заряд потенциалын анықтауға болатын формуланы көрсетіңіз.
349. Зарядтардың өзара әсерлесуін қандай заңмен анықтауға болады?
350. Конденсатор сыйымдылығы қандай параметрлерден тәуелді болады?
351. Электр өрісінде электронға 5 мН күш әсер етсе, өріс кернеулігі қандай болады?
352. Электр сыйымдылығы 10 пФ оқшауланған өткізгішке 15 в кернеу берсе, заряды қандай болады?
353. Өрістің берілген нүктесіндегі зарядтар жүйесінің кернеулігі жекелеген зарядтардың әрқайсысының кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең.
354. Анықтамаға сәйкес өріс кернеулігі:
355. Электр өрісінің энергиясының тығыздығы: 356. Кернеулігі 70 В/м электр өрісіндегі 7 нКл зарядқа өріс тарапынан әсер ететін күшті анықтаңыз.
357. Конденсаторларды тізбектей қосқандағы жалпы электр сыйымдылық?
358. Қандай өрнек берілген ? 359. Өткізгіштердің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде өтетін электр зарядымен анықталатын скаляр шама...
360. Зарядталған конденсатор энергиясының формуласы.
361. Жазық конденсатор сыйымдылығын анықтайтын өрнекті көрсетіңіз.
362. Қандай шаманы анықтайтын өрнек берілген
363. Конденсатордың сыйымдылығы 2Ф, астарларындағы потенциалдар айрымы 4 В. Конденсатор заряды қандай болады?
364. Электр сыйымдылығы 2 есе артса, конденсатор энрегиясы қалай өзгереді?
365. Диэлектрик поляризациясы деген не?
366. Электрлік диполь деген не?
367. Дипольдің электрлік моментін анықтайтын өрнекті көрсетіңіз.
368. Бір бірінен l қашықтықта орналасқан әр аттас нүктелік зарядтар жиыны қалай аталады?
369. Тізбектегі толық сыйымдылықты анықтаңыз.
370. Тізбектегі толық сыйымдылықты анықтаңыз.
371. Электр өрісі кернеулігің ағыны зарядтардың алгебралық қосындысын электр тұрақтысына бөлгенге тең. Қандай заң берілген?
372. Электрстатикалық өріс энергиясының тығыздығының формуласы қалай жазылады? 373. Берілген формуланы атаңыз 374. Бірлік оң зарядты өрістің бірінші нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстырғанда электрстатикалық өріс күштерінің орындайтын жұмысы ..... деп аталады.
375. Зарядталған конденсатор ток көзінен ажыратылған. Егер астарларының ара қашықтаған 2 есе үлкейтсе, конденсатор энергиясы қалай өзгереді?
376. Келтірілген теңдіктердің қайсысы электростатикалық өрістің біртектілігін көрсетеді?
377. Тыныштықтағы зарядтардан (маңайында) нені байқауға болады ?
378. Электр зарядының сақталу заңы қалай оқылады?
379. Әрқайсысының сыйымдылығы 8 мкф бірдей екі конденсатор тізбектей жалғанған. Мұндай батареяның сыйымдылығы қанша мкф тең болады?
380. Конденсаторлар астарларында жинақталған зарядқа пропорционал және олардың арасындағы потенциалдар айырмасына кері шама ...
381. Оқшауланған өткізгіштің электр сыйымдылығы 60 мкф,потенциалы 2 В болса заряды қандай?
382. Біркелкі зарядталған сфералық бет үшін өріс кернеулігі:
383.Электр тогы деген не?
384. Ток күшінің анықтамаға сәйкес өрнегін көрсетіңіз.
385. Ток тығыздығы деген не? Формуласы.
386. Тізбектің біртекті бөлігі үшін Ом заңын көрсетіңіз.
387. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының дұрыс оқылуын көрсетіңіз.
388. Конвекциялық ток деген не?.
389. Бірнеше өткізгіштерді параллель жалғағанда жазылатын өрнекті көрсетіңіз.
390. Кедергісі 100 Ом болатын өткізгіш ұштарындағы кернеу 5 В, Осы өткізгіштегі ток күшінің шамасын анықтаңыз (есепті шығарып көрсетіңіз).
391. Үш өткізгіш параллель қосылған. Дұрыс жауапты көрсетіңіз
392. Кедергісі 100 Ом өткізгіш ұштарындағы кернеу 2 В. Осы өткізгіштегі ток күші:
393. Кедергісі дәл сондай өткізгішті тізбектеп қосқанда тізбектегі ток күші қалай өзгереді?
394. Берілген формула қалай аталады ?
395. Электролиттерде электр тогын тасымалдаушылар ...
396. теңдеуі нені өрнектейді?
397. Газ арқылы ток өту процессі ... деп аталады
398. Газ разрядымен бір уақытта өтетін оған кері процесс ... деп аталады
399. Өткізгіш ұштарындағы кернеуді 2 есе арттырсақ, ток күші қалай өзгереді?
400. Металдың темпертаурасын арттырсақ, кедергі өзгере ме? 401. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы...
402. Кедергісі 40 Ом өткізгіш бойындағы ток күшінің мәні 0,5 А өткізгіш ұштарындағы кернеуді анықтаңыз.
403. Кирхгофтың бірінші ережесі:
404. Кирхгофтың екінші ережесі:
405. Ток тығыздығының анықтамасын көрсетіңіз.
406. Ток тығыздығының анықтамасына сәйкес формуласын көрсетіңіз.
407. Ток күшінің анықтамасына сәйкес формуласын көрсетіңіз.
408. Біртекті емес тізбек үшін Ом заңының өрнегі.
409. Дифференциалды түрдегі Ом заңының өрнегін көрсетіңіз.
410. Электр қозғаушы күшінің анықтамасын көрсетіңіз. 411. Қандай шаманы анықтайтын өрнек берілген 412. Қандай шаманы анықтайтын өрнек берілген 413. Қандай шаманы анықтайтын өрнек берілген 414. Қандай өрнек берілген 415. Қандай өрнек берілген ? 416. Қандай заң берілген ? 417. Берілген өрнек қалай аталады ? 418. Өткізгіштерді қалай жалғағанда мына шарт орындалады ?
419. Берілген өрнек қалай аталады å Ik Rk = å ek ?
420. Берілген өрнек қалай аталады å Ii = 0 ?
421. ЭҚК.-нің анықтамаға сәйкес формуласын көрсетіңіз.
422. Тұрақты ток жұмысын анықтайтын өрнекті көрсетіңіз.
423. Тұрақты токтың қуатын анықтайтын өрнекті көрсетіңіз.
424. Өткізгіштерді қалай жалғағанда ток күштері барлығында бірдей болады?
425. Үш өткізгіш тізбектеп қосылған жағдай үшін дұрыс жауапты көрсетіңіз
426. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының оқылуын және өрнегін жазыңыз.
427. Кедергісі 150 Ом өткізгіш ұштарындағы кернеу 2 В. Осы өткізгіштегі ток күші:
428. Электр тогы тығыздығының формуласы:
429. Кедергісі 12 Ом өткізгіштен 1 А токты 1 минут ішінде өткізсе онда шығатын жылу мөлшері қандай болады?
430. Джоуль-Ленц заңының өрнегі.
431. Металдардағы электр тогын тасымалдаушылар ... болады.
432. Кедергісі 100 Ом өткізгіш ұшатарындағы кернеу 20 в болса, өткізгіш арқылы қанадй ток өтеді?
433. Кедергісі 50 Ом өткізгіш арқылы 0,2 А ток өтеді, оның ұштарындағы кернеу қандай?
434. Ұштарындағы кернеуі 24 В болатын өткізгіш бойынан 2 А ток өтеді. Өткізгіш кедергісін анықтаңыз.
435. Дифференциалды түрдегі Ом заңы:
436.Өткізгіштерді өзара параллель жалғағанда қандай параметрлер барлығында бірдей болады?
437. Металдың кедергісінің темпертаурасына тәуелділік өрнегін көрсетіңіз.
438.
|