Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру




1. Мемлекет білім берудің басымдығын ескере отырып оған бюджеттік қаражаттардың бөлінуін қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржы­ландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген талаптар және Қазақстан Республи­касының заңнамасымен айқындалатын нормалар негізінде бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік білім беру мекемелерін бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландыру мекемелердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт­тарына сәйкес ұсталуын және функцияларды орындауын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік білім беру мекемелеріне жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін конкурстық негізде грант берілуі мүмкін.

4. Мемлекеттік білім беру кәсіпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандағы білім беру ұйым­дарын қаржыландыру мемлекеттік білім тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.

5. Білікті жұмысшылар мен мамандарды даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы:

1) мамандарды даярлау бағыттарын;

2) оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін (орындар, гранттар санын);

3) бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыс­тардың орташа кұнын қамтуға тиіс.

Мемлекеттік білім беру мекемелерінде техни­калық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар ма­мандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсы­рысын орналастыру кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және білім беру ұйымының атауы көрсетіледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысына сонымен қатар Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен көзделген оқу орындарында мамандарды даярлау, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды оқыту енеді.

6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы тәрбиеленушілер санын және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.

7. Білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын ұстауға қойылатын талаптарды білім беру саласын­дағы уәкілетті орган айқындайды.

8. Жоғары білім беруді қаржыландыруға мем­лекеттік білім беру тапсырысы білім беру гранттары түрінде мамандыққа, оқу орнының түрі мен мәр­тебесіне қарай саралана отырып орналастырылады.

Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының өтемді білім беру қызметтерін көрсету шарты бойынша бір білім алушыға жұмсалатын шығындары білім беру грантының мөлшерінен кем болмайды.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 69; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты