КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Теориялық бөліміСтр 1 из 2Следующая ⇒ Шахталық желдетістік желілердегі табиғи ауа таралымының есебі Практикалық сабақтың мақсаты: тізбектей және параллель қосылған қазбалардыңжалпы кедергісінің есебі және олардағы ауа көлемін тарату бойыншатәжірибені қалыптастыру. Теориялық бөлімі Тау-кен қазбалары қосылыстарының негізгі үш түрі қарастырылады: тізбектей, параллель және диагональ. Бүйірден тармақталуы болмайтын ауа өткізетін қазбалардың тізбектей қосылысы кезінде бірі келесісінің артынан тізбектеліп отырады, барлық қазба арқылы ауаның бірдей мөлшері тізбектей өтіп отырады (3.1-сур).
Параллель қосылыс кезінде ауа өткізетін қазбалар белгілі бір нүктеде тармақталады, содан соң басқа нүктеде қайтадан ортақ бір қазбаға қосылады, осы екі нүктеден басқа олар өзара қосымша қазбалармен байланыспаған (3.2). Диагональді қосылған кезде екі параллель қазба өзара қосымша қазбалармен қосылады (3.3-сур.).
Тізбектей қосылыс кезінде қазба қатынас орындарына ие болады: Тізбектей параллель қазбаның жалпы депрессиясы қазба қосылыстарына кіретін барлық депрессиялардың қосындысына тең: –қазба нөмірі; - қосылыстағы қазбалар саны. 1. Тізбектей қосылған қазбалардың жалпы кедергісі қазба өосылыстарына кіретін барлық кедергілердің қосындысына тең:
2. Тізбектей қосылған қазбалардағы ауа шығымы тұрақты болады: Q=const. (3.3) Қазбалардың параллель қосылысы кезінде қатынас орны келесідей болады: Параллель қосылған қазбалардың жалпы депрессиясы оның кез-келген тармағының депрессиясына тең болады, сәйкесінше, тармақтар депрессиясы өзара тең: hпар=h1=h2=…=hn, (3.4) мұндағы:n – параллеь қосылыстағы тармақтар саны. 1. Параллель қосылған қазбаның жалпы кедергісі кез-келген тармақ кедергісінен төмен болады және келесі формула арқылы анықталады: Екі тармақпен параллель қосылыс үшін (3.5) формула келесі түрге ие болады: 2. Параллель қосылған қазбаға түсетін ауаның жалпы шығыны Qжалпы, қазбалар арасында олардың кедергілеріне сәйкес таралады: мұндағы:i - параллель қосылысты тармақтар нөмірі; n – параллель қосылыстағы тармақтар саны; j – ауысымдық мөлшер. Екі тармақпен параллель қосылыс үшін (3.7) формула келесі түрге ие болады: Кедергі есебінің мысалы: 1-мысал. 3.4-сур. көрсетілген қазбалардың күрделі параллель қосылысы бар.Н·с2/м8өлшенетін тармақтардың кедергісікелесіге тең болады: R1-2=0,2; R2-3=0,3; R3-4-6=0,4; R3-5-6= 0,1; R6-7=0,4; R2-7=0,4; R7-8=0,3. Барлық жүйенің жалпы кедергісін Rжалпытабу керек. Шешуі.Жүйенің жалпы кедергісін табу үшін біздіңқазбалардың күрделі қосылысын екі ағымды параллель қосылыс түріне келтіреміз, ол үшін 3-4-6 және 3-5-6 тармақтарын ойша кедергісі тармақталудың жалпы кедергісіне тең болатын (3.5-сур.) бір тармақпен алмастырамыз: 3-4-6 және 3-5-6 тармақтарының жалпы кедергісіRжалпы3.6-формуламен табамыз: Осылайша, біздің параллель күрделі қосылысымызды 3.5-сур. келтірілгендей қарапайым сызба түрінде көрсетуге болады. Сол тармақтың кедергісі 2-3-6-7 (3.2) формуласы бойынша келесіге тең болады: R2-3-6-7= R2-3+ Rжалпы´+ R6-7=0,3+0,044+0,4= 0,744 . Енді 2-3-6-7 және 2-7 тармақтарының жалпы кедергісін табамыз, Rжалпы´´: Енді барлық жүйенің жалпы кедергісін Rжалпы табу оңай болады: Rжалпы=R1-2+Rжалпы´+R7-8=0,2+0,054+0,3=0,0554 .
|