Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕМТИХАН БИЛЕТІ. 1.Қазақстандағы дін, діни мекемелер мен түрлі діни ағымдар




 

1.Қазақстандағы дін, діни мекемелер мен түрлі діни ағымдар

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді. Мемлекет – дін қатынастарының күрделілігі мен маңыздылығын түсіну үшін алдымен еліміздегі діни ахуалға шолу жасайық: 1. Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар – ислам және христиандық. Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. Республика халқының 58 пайызы қазақтар және оларға қоса ойғыр, татар, өзбек, түрік, курд, дүнген, шешен, әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балкар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және оның ішіндегі сүнни (суннит) жолын ұстанады. Тек, әзірбайжан және курд халықтарының бір бөлігі мен шағын ирандық топ ғана шиға (шиит) жолын ұстанады. Бүгінге дейін көп білінбейтін шиғалар, әсіресе, IV Кәрім Ага Ханның (1936- ) елімізге жасаған сапарлары және «Халықаралық тау университетінің» Қазақстан бөлімшесінің ашылуы арқасында соңғы жылдары елімізде үгіт-насихаттарын күшейте түсуде. 2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі уә 1534 мешіт жұмыс істейді. Осы арада ислам дінінің Қазақстанның негізгі діні екенін және халқымыздың тарихында үйлестіруші, ұйымдастырушы һәм біріктіруші күш ретінде ең маңызды орын алғанын атап айтуымыз керек...Қазақстандағы екінші орынды дін христиандықтың бүгінгі ахуалы исламмен салыстырғанда тым күрделі. Біздегі христиандық (мәсіхшілдік) алуан түрлі конфессиялар мен секталардан құралған және бір діни орталыққа бағынбайтын бытыраңқы көрініс береді. Христиандардың басым көпшілігі славяндық православие бағытында. 1956 жылы республика көлемінде 55 православие жамағаты (приход) болса, бүгінгі күні 240 діни бірлестік уә 8 монастыр жұмыс істейді. Қазақстандағы православие шіркеуінің тікелей Мәскеу Патриархтығына және Қасиетті Синодына бағынатын митрополиттік деңгейіндегі бөлім екенін ескерелік... Христиандықтың еліміздегі екінші тармағы католицизмді ұстанатын шағын топ. Олардың өзі екі топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі және Грек католик шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында белсенді жұмыс істеуде. Республика көлеміндегі католик жамағаттардың саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Шетелдердегі католик шіркеулері, әсіресе Ватикан және АҚШ-та орналасқан католик ұйымдары Қазақстанда миссионерлік іс-әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні елімізде материалдық қамсыздандырылған 150 шетелдік католик миссионердің (ресми тіркелгендері ғана – М.Б.) тоқтаусыз үгіт-насихат жұмыстарымен шұғылданып жатқанын айтсақ жеткілікті. Сонымен қатар католиктердің Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында діни оқу орындары мен басылымдары бар екенін айта кетелік. Христиандардың саны аз болғанымен ең көп тармаққа бөлінген тобы – протестанттар. Қазақстандағы ең басты протестант шіркеулері Евангелиялық христиан-баптистер, жетінші күннің Адвентистері және Лютерандар. Еліміздегі баптистердің саны 10-15 мың адам, дегенмен олардың жамағаттарының саны 300 мөлшерінде. Кейбір баптист топтардың ресми органдарда тіркелуден бас тартып келе жатқанын да ескерген жөн. Лютерандардың орталығы Астана қаласында орналасқан, 70-тей діни жамағаттары бар, негізінен немістер арасында көп таралған. Адвентистердің де орталығы Астана қаласында. Осы аталған протестант мәзһәбтары (конфессиялары) елімізде тек өткен ғасырда ғана пайда болғаны, Кеңес билігі кезінде (1917-1991) қоныс аударған келімсектер арқылы елімізге келгені белгілі. Жаңа елордамыз Астананың діни орталық ретінде таңдалуы осы шіркеулердің орталық және солтүстік аймақтарда етене жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде.

2.Діннің мәні мен мазмұны

Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды» . Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді. Цицерон шығармаларында «религия» сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғымретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-қатынас, байланыссынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық шалу рәсімі. Құрбандық не мақсатпен шалынады, оның мәні неде және тағы басқалары деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы қиыншылықтар сияқты көп бөгетке тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке белгілі, қалыптасып қалган көзқарас та жоқ емес — ол бойынша діни наным-сенімдердің қоғамды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарга шығарылған. Басқа сөзбен айтар болсақ, ол көзқарас діннің де, сенімнің де қоғамтудырушы рөлін анықтағысы келетіндігі айғақ.

Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.

Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан. Дамыған діндердің ортақ мүддесі — қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір құдайға табынушы діндердің алғашқысы — иудаизмнің өзінде қауымдастар арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік етуді көздейтін және бейбіт-тыныш өмір сүрудің кепілдііі бола алатын дәрежеде көрсетілген. «Дін — бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды». Құрылымына қарай діндер екіге бөлінеді.

Құрушысы болған діндер, құрушысы белгілі, құрушысы Алла немесе адам болған діндер: Исламият, Буддизм, Бракманизм және Христиандық сияқты.

Құрушысы болмаған, әдет-ғұрыпқа сүйенген діндер Дәстүрлі түрде жасаған, әдет-ғұрып түрінде өмір сүрген діндер: Якудилік, Мысыр, Рим, Грек діндері сияқты.

Діндер доктрина құрылымдарына және сенім жағдайларына байланысты екіге бөлінеді.

Тек тәңірлік діндер: бір Аллаға сенім негізіне сүйенген діндер болып табылады. Мұндай діндерде тек Тәңірлік негізге алынады. Алланы барлық жағынан бір екеніне және оған серік (орта) қоспау сеніміне сүйенеді. Ислам мұндай дінге үлгі болып табылады.

Көп Тәңірлік діндер: Бірнеше тәңірдің бар екенін қабылдайтын сенім жүйесі. Пұтқа табынушылық, екі тәңірлік (дуалистік) натурализм, көне Грек, көне рим, және көне мысыр діндері (полетеист) көп тәңірлік діндер болып табылды.

Мистикалық діндер: бір қатар ішкі жорамалдар мен сыртқы практикаларға сүйенеді. Ақыл ережелеріне емес, сезімге және бос жорамалдарға, нәпсі мен рухқа байланысты бағалауларға және тәжіребиеге мән береді. Дінге байланысты басқа бөлімдер де бар. Бірақ, барлық анықталар мен бөлінулердің ортақ пайдасы назарға алғанда, үш түрлі дін бар екенін байқауға болады.

Алғашқы қауым діндері

Ұлттық діндер

Әлемдік діндер

Дін аттары. Жалпы алғанда діндер құрушылары, ерекшелігі мен мазмұны сияқты негізгі жақтарын көрсететін бір бір немесе бірнеше түрде аталады. Көне ұлттық діндер өз ұлттарының аттарымен аталған

 

3.Ислам дініндегі бала құқығы

Ислам тарихына қарасақ, жаһилия дәуірінде бала құқықтарының ескерілмегенін көреміз. Тіпті бір отбасындағы, бір ата-анадан туған балалардың ұл-қыз деп алаланып, көп жағдайда қыз баланы қажетсіз деп тапқаны, шімірікпей тірідей өлімге қию оқиғалары ішінара кездескені мәлім. Сондықтан Ислам діні бірінші кезекте дүние есігін жаңа ашқан сәбидің өмір сүру құқын қорғады. Анасының құтты құрсағында жаралған, өмірге келген әр сәби өмір сүруге толықтай құқылы. Құран кәрімде бұл турасында «Сәбилерін надандықпен, ойсыздықпен өлтіргендер міндетті түрде зиянда» (Әнғам сүресі, 140) делінсе, тағы бір аятта Алла тағала: «Балаларыңды жоқшылықтан қорқып өлтірмеңдер. Оларды да, сендерді де Біз ризықтандырамыз. Анығында, оларды өлтіру үлкен қылмыс» (Исра, 31) деп ескерткен.

Адал несібе Әр ата-ана ұрпағын адал несібемен бағып-қағуы тиіс. Өйткені ол баланың төл құқы, ал ата-ананың міндеті. Адал астың адам ағзасына жағымды әсері мамандар тарапынан бүгінге дейін көп зерттелді. Сол себепті ата-ана қандай кәсіппен шұғылданбасын ұрпағын адал аспен асырауға тырысуы керек.

Сүт ему ақысы Сүт ему, уызға жару – әр сәби үшін керекті. Сүт құрамы бала жетілген сайын өзгеріп отырады. Жасанды сүт қоспасының ана сүтін алмастыра алмайтындығы анық дәлелденген жайт. Бүгінгі күні ғалымдар бала мінезінің дұрыс қалыптасуында да ана сүтінің пайдасы мол екенін айтуда.

Жақсы ат қою Ислам діні балаға мағынасы дұрыс, естір құлаққа жағымды, жақсы ат қоюға шақырған. Сондықтан балаға есім берерде бұған жауапкершілікпен қарау керек. Баланың өз ортасында жүзі жарқын жүруінде, жақсы кісілерге еліктеп өсуінде де жақсы есімнің берері мол. Сүннетте бала туыла салысымен немесе туылғанына жетінші күні ат қойылған.

Сүндеттелу құқы Хазірет Ибрахим пайғамбардан (а.с.) бері жалғасып келе жатыр деп білінетін сүндеттелу әр ұл баланың мәндуб ақыларының бірі. Сүндеттелудің профилактикалық әрі гигиеналық пайдалары, жыныстық аурулардың алдын алатындығы бүгін толық дәлелденіп отыр. Исламда сәбиді алғашқы туылған аптада да сүндеттеген. Бірақ имам ағзам Әбу Ханифа сүндеттелу жасына байланысты нақты мәлімет бермеген. Сондықтан балиғатқа толғанға дейінгі аралықта сүндетке отырғызу ісі әр ата-ананың өз ықтиярына қалдырылған.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 105; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты