Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕМТИХАН БИЛЕТІ. 1.Ар-намыс бостандығы ұғымының философиялық және құқықтық проблемалары




 

1.Ар-намыс бостандығы ұғымының философиялық және құқықтық проблемалары

Ар-Намыс намысқойлық – адамның ар-ождан үні, рухани-құндылықтық сезімі.

Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Өзін-өзі танудан бастау алған адамның рухани ізденісі оның қоршаған ортасын меңгеруіне ұласады. “Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы” деген қағидадан көрініс тапқан, яғни ар-иманның қадірін білумен айқындалатын намыстың бір түрі адамның адамдық келбетін айқындайтын асыл қасиеті. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық иман, ар-ождан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе ол шын мәніндегі намысты тапқаны күмәнсіз. Намыстың тағы бір көрінісі – қоғамдағы өз орнын белгілегеннен кейінгі қауым алдындағы өзінің адамдық борышы, халқына еңбек ету бағытындағы адамның отансүйгіштік сезімі. Бұл оның ұлттық құндылықтарын түйсінуінен, туған халқымен етенелігін сезініп, оның рухани мұраларына деген риясыз ықыласынан және туған елін қорғауға ұмтылысынан байқалады. Сондай-ақ отбасының мұң-мұқтажын қамтамасыз ету және оны қорғаумен байланысты намыс тағы да көрініс береді. Адам өзі қымбат деп білген нәрсесін неғұрлым қастерлеп, құрметтесе және оған сүйіспеншілік сезіммен қараса – бұл намыстың белгісі. Демек, намыс адамға тән асыл ізгі махаббат сезімімен тығыз байланысты. Махаббат намыстың сезімдік қайнары болса, намыс махаббаттың құндылықтық мәні, әрекеттік қыры. намыс адамның жігерін жанып, ерлік пен тәуекелге жетелейтін, табандылығын арттырып, қажыр-қайрат беретін қуат. Намыс жайлы Мұхаммед пайғамбар(ғ.с.) хадисінде былай делінеді: “Ер жігіттің үш намысы бар: бірі – иманы, екіншісі – отаны, үшіншісі – отбасы, өзгесі жалған намыс”. Яғни баянсыз нәрселер үшін бәсекеге түсу намыстың белгісі емес. Ал адам қадір-қасиеті мәлім нәрселерді сыртқы жаудан қорғаумен қатар, ішкі жаудан яғни адамның өз бойындағы ішкі кеселдерінен қорғауының да маңызы зор және бұған өте көп күш-қайратын жұмсауға тура келеді. Намыс деңгейі адамның өз бойындағы нәпсіқұмарлық, қиянатшылдықпен күресінен де көрінеді. Себебі жоғарыда аталған құндылықтарға сыртқы дұшпанның жаулығынан гөрі адамның рухани азғындауымен ұштас қандай да бір қадірлі нәрсенің қасиетін жоятын нәпсіқұмарлықтың жаулығы басым.

 

2.Дін және дүниетаным

Дін — адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты — адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз — әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін — бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді.[1] Ғылыми білімдер Дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы тануына жағдай жасайды. Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан. Дүниетаным - әлемді түсіну, қабылдау, қоршаған ортадағы шынайылыққа жалпылама көзқарастар жүйесі. Дүниетаным - адамның өзіне, әлемге, өзінің әлемдегі орнына деген көзқарастар жүйесі.

 

3.Қырғызстанның Дін туралы Заңының құқықтық негіздері

Қырғызстан заңы бойынша, діни ұйымдардың қайырымдылық қызметтері құқықтық тұрғыда реттеліп отырады. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңның 18-бабына сәйкес, қайырымдылық қызметтері тұрмыстық жағдайы ауыр адамдарға материалдық көмек көрсету мен қарияларға, дәрменсіздерге, еңбекке жарамсыз жандарға, т.б. қамқорлық көрсетуге бағытталуы тиіс. Сонымен қатар мұндай қайырымдылық қызметтері діни ілімді таратуға немесе діни ұстанымдарды зорлықпен таңуға себеп болмауы керек. Қырғызстанның құқықтық реттеу тәжірибесіне оралар болсақ, Қырғызстан жерінде діни мазмұндағы әдебиеттер мен материалдар тек қана оларға меншіктік құқық бойынша тиесілі ғимараттарда және жергілікті басқарушы және атқарушы органдар тарапынан осындай мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарда белгіленген тәртіппен ғана таратуға рұқсат берілетіндігін атап өтуге болады.

21-билет

·Дін туралы халықаралық заңдар мен құжаттардың дін мәселелерін реттеудегі ролі

 

Қазіргі таңда демократиялық мемлекеттердің діни ұйымдар мен конфессияларға қатысты мемлекеттік саясаты оның ішкі және сыртқы саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Себебі діни сенім бостандығы халықаралық құқықтық актілерде мойындалған және бекітілген жалпы адамзат баласының фундаментальді құқықтарының біріне жатады.

·Қазақстандағы дін және саясат

2.Қазіргі таңда әр түрлі діннің бейбіт қатар өмір сүруі, діни бірлік, конфессияаралық келісім – кез-келген мемлекеттің гүлденуінің негізі болып табылады. дін және саясат - қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бет-бұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан әлемде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды. Саясат - қоғамның саяси саласы. Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады.

адамзат тарихында мемлекет пен діннің ара қатынасы үш түрлі шешіліп келеді:

· Мемлекеттік билікті діннің орталығына айналдыру;

· Мемлекеттік діни мекемелерге бағындыру;

· Мемлекет пен діннің одағы. Қазір ол екі түрлі шешіледі:

· 1) мемлекет пен діннің имандылық негізінде;

· 2) мемлекет пен діннің бәлінуі, бір-бірінің ісіне араласпауы.

· Діннің саясиландырылуы - саяси құралдарды діни мақсатта қолдану. Саясиландыру дамудың белгілі бір кезеңінде барлық діндерге тән. Саяси діндер бүкіл қоғамда өз тәртібін орнатуга тырысады. Онда басқа діндегілердің, дінге сенбеушілердің де құқықтары еленбейді. Онымен қоймай, саяси діннің әлемдік және тайпалық діндерден (мысалы, индуизм мен ислам арасындағы) айырмашылығы ажыратылмайды: индуистік радикалдар Үнді шекараларында саяси-аумақтық тәртіп орнықтыруға талпынады, ал, ислам фундаментализм! - исламға негізделген шексіз дүниетаным, әлемдік тәртіп тұжырымы. Дінді саясиландыру себептері әсіресе, мұсылман әлеміне қатысты тұсы өте жақсы зерттелген. Ғалымдардың көпшілігі саяси исламның "кұрт" өсуін халық жағдайының жақсаруымен, экономиканың өркендеуіне емес, терең дағдарысқа әкелген сәтсіз модернизацияның салдарымен байланыстырады. Кәптеген белгілі жағдайлардан анықталғандай, діннің саясиландырылуы, әдетте, дәстүрлі, халықтың басым көпшілігі діндар (салт-жоралғыларын ұстанатын, ырымдарын жасайтын, дәстүрін берік сақтайтын, дін негіздерін жатқа білетін) көнерген қоғамдарда емес, керісінше, жаңғырған әрі қоғамның, жеке адамның дін ықпалынан арылған қоғамдарда жүзеге асырылуда. Мұның себебі фундаментализм (діни ырым, жоралғыларды қатаң ұстау және діни "сауаттылық") және оны бетке ұстайтын игі-жақсылары мен саяси діннің арасындағы көпекөрнеу қайшылық болып табылады. Саясиландыру - қазіргі заманның өткір мәселелеріне діни жауап беруге талпыныс. Саяси діннің пайда болуы - модернизаңияданбас тарту емес, сәтті, сол қоғамның талаптарына сай модернизация жасау. Егер модернизация батыстық, либералдық негізде жүзеге асырылмаса, онда оны дін негізінде жасауға талпыныстардың болатыны сөзсіз. Бұл, әрине, саяси діндердің жақтаушыларына "дәстүрлі" құндылықтарға оралуга шақыруга кедергі келтіре алмайды. Осындай үндеулерге қарамай-ақ, саяси дін - қазіргі өркениет айбатына өз жауабы ретінде дамушы жаңа құбылыс.

·«Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы Заңның» бүгінгі күндегі маңыздылығы

Бұл заңның біздің қоғам үш­ін маңызы орасан зор. Ол азаматтық қоғамды қалыптастыруды ілгері жыл­жытуда айтарлықтай ықпал ете алады деп ойлаймын. Дін деге­ні­міз­дің өзі адамның тал бесіктен жер бе­сікке жеткенше өзімен бірге жү­ре­тін, жан-дүниесіне әсер ететін әле­уеті мол дүние ғой. Оған деген соңғы жылдардағы құрмет оның қай салаға да ықпалының күшті екенін көрсетеді. Сондықтан қандай да бір зайырлы мемлекет дінге қатысты өзінің ұлттық заңнамасын түпкілікті айқындап алуға міндетті деп есептеймін. 1992 жылы тәуелсіздік ал­ған­нан кейінгі аз уақыттың ішінде осындай заңның қабылдану себебі де сол. Өйткені, ол өз саласында қоғамды түрлі қыспақтардан қор­ғауға әсер етуі тиіс еді. Солай бол­ды да. Соның арқасында талай-талай кесапаттарды заң тала­бы­мен ауыз­дықтап, халыққа оның зардабын аз тигіздік. Демек, ол дер кезінде қа­был­данған құжат бо­лып шықты. Бі­рақ уақыт өзге­р­мей, алдыға жаңа талаптар қой­май тұра алмайды. Бұл – өмір заңы. Сондықтан осыдан 19 жыл бұрын қабылданған құжатты қайта қа­­­рап, толықтыру бұл табиғи нәрсе. Сөз ретіне қарай айта кетейін, қазір еліміздегі заңнамалық ба­за­мыз 350-дің үстіндегі ұлттық заң­дардан тұрады. Соның көбін біз жетілдіріп, қандай да болсын өрке­ни­етті мем­лекеттің заңнамалық нор­ма­ларына жақындатып келе жатыр­мыз. Осы­лар­дың ішінде Дін туралы заңды да жетілдіретін кез жеткен. Бірақ ол түрлі себептермен кешеуілдеп қал­ды. Соны пайдаланған түрлі, дәс­түр­лі емес діндердің ағымдары, олар­дың ішінде қоғам дамуына, ұлт­тық қауіпсіздігімізге, адамдар­дың денсаулығына кері әсер ететін секталар елімізде көбейіп, көңіл алаңдатарлық жағдайға жетті деп айтуға болады. 1992 жылы мәселен, бізде барлығы 300-ге жуық діни бірлестіктер болса, бүгінгі күні олар­дың саны 4551 болған. Солардың кейбірі қолданыстағы заңның әлсіз тұсын пайдаланып, елдің ішінде іріткі салуға әрекет ете бастады. Әсі­ресе, тіркелу мәселесінің бар­ын­ша солқылдақтығы, сырттан келетін миссионерлерге шектеулердің бол­мауы, олардың әкеліп, таратып жат­қан діни әдебиеттерінің мазмұнына ешкімнің назар аудармауы, міне, осы­­­ның бәрі діни бағыттағы ахуал­дың барынша күрделенуіне жол бер­ді. Тіпті, дін істерімен айналысатын өкі­летті органның да түрлі министрліктерге беріліп келуі бұл істерді реттеуде тұрақты мүмкіншілік ту­дыр­­мады. Осылардың бәрі, сайып кел­генде, жоғарыда айтқан кемшіліктерді туғызды. Тіпті түрлі ағым­дар­ға ерудің әсерінен бір ауылдағы екі көшенің, бір отбасындағы ері мен әйелінің, ата-анасы мен бала­сы­ның арасы ашылып, кикілжіңге ба­руына жол берілді. Міне, осының бәрі қажетті заңның кешеуілдеп қал­­ғандығының салдары еді.

22-билет

·Римдегі дін мен құқықтың даму сатылары

Рим империясының қол астындағы халықтар әр тілде сөйлеп, әртүрлі мәдениетті ұстанған және сан алуан құдайларға табынатын. Рим аумағында пұтқа табынушылықтың әр түрін кездестіруге болатын. Онда грек мифологиясы мен бақсы-балгерлік кең тараған еді. Шығыстың сиқыршылыққа негізделген діндері өлместікке жетуге және құдайлармен тікелей байланысуға болады деп үйрететін. Ал біздің заманымыздың басында Мысырдың құдайлары Серапис пен Исида, Сирияның балық құдайы Атаргатис және парсылардың күн құдайы Митраға табыну кең етек жайды.

Римдіктердің діні

Римдіктер өздері жаулап алған халықтардың құдайларына да теріс қарамады, өйткені оларды басқа кейіптегі өз құдайларымыз деп қабылдады. Сөйтіп олардың құлшылық ету жолына тыйым салмай, оны өздері де ұстанатын болды. Осылайша қол астындағы бағынышты халық көбейген сайын, римдіктер ұстанатын діни рәсімдердің саны да өсе берді. Олардың дінінде бір құдайға адалдық таныту талап етілмейтін. Адамдар бір уақытта бірнеше құдайға құлшылық ете беретін.

Римдіктердің басты құдайы Юпитер еді. Ол Оптимус Максимус, яғни ең жақсы да ең ұлы деп аталатын және жел, жауын, найзағайдың құдайы саналатын. Юпитердің қарындасы әрі жұбайы Юнона әйелдердің өмірінің барлық саласын қадағалайтын ай құдайы болып есептелетін. Ал қызы Минерва болса, қол өнері, кәсіп, бейнелеу өнері және соғыс құдайы саналатын.

Римдіктер олардан басқа да сан алуан құдайларға табынатын. Ларалар мен Пенаттар үй құдайлары болатын. Веста отбасына бақыт әкелетін әйел тәңір еді. Екі бетті Янус барлық бастаманың құдайы саналатын. Сондай-ақ әр кәсіптің де құдайы болатын. Римдіктер тіпті абстрактілі нәрселердің де құдайлары бар деп ойлаған. Мысалы, Пакс бейбітшіліктің, Салус денсаулықтың, Пудисития қарапайымдылық пен пәктіктің, Фидес шыншылдықтың, Виртус батылдықтың, Волюптас ләззаттың құдайы болатын. Рим қоғамы мен жеке адамдардың өмірі құдайлардың еркінетәуелді деп есептелетін. Сондықтан қандай да бір істің нәтижелі болуы үшін дұға ету, құрбандық шалу және діни мереке өткізу арқылы өмірдің сол саласына қарайтын құдайды риза қылу керек-тін.

Римдіктер құдайлардың еркін белгілерге қарап білуге болады деп ойлайтын. Көбінесе олар құрбандыққа шалынған малдың ішкі мүшелеріне қарайтын. Өйткені малдың ішкі құрылысының күйі мен түрінен құдайлардың іске оң батасын беретін-бермейтінін білуге болады деп ойлайтын.

Рим құқығы — Көне Римде пайдаболған құқық жүйесі. Византия империясының құлауына дейін дамыған жүйе. Ежелгі Римде қалыптасқан құқықтық жүйе. Б.з.б. 2 ғасырдың басында Рим құқықтанушылары халықтық нормативтік тәжірибені жүйелеуге кірісе бастады. Осы ұмтылыстың нәтижесінде б.з.б. 2 ғасырдың соңында Квинт Муций Сцевола бүкіл еур. құқықтанудың негізі болған алғашқы бір жүйелі Рим құқығы'н жазып шықты. Рим құқығы' азаматтық айналым субъектілерінің өзара теңдігі, бөтеннің мүлкіне қол сұқпаушылық, қоғамда қалыптасқан ережеге мұрсат берушілік, т.б. қағидаларға негізделді. Сондай-ақ норма тудыру ережесі, діни жоралғылар, халықтық басқару органдары (сенат, магистратура) қызметінің режимі, сот арқылы қорғану нысандары, шетелдіктермен қатынас қағидалары, азамат мәртебесінің өзгеру тәртібі, Рим азаматтығын беру және некеге тұру нормалары, мүліктік қатынас нормаларынан құралды. Әсіресе мүліктік қатынас нормалары басым болды. Осылайша басты қоғамдық қатынастарды реттейтін біртұтас құқықтық жүйе Рим билігі ықпал ететін Жерорта т. елдерінің негізгі заңына айналды. Рим құқығы' тек бүгінгі құқықтық жүйелердің негізі ғана емес, сонымен қатар құқықты дамытудың құнды тәжірибесі болып табылады. Рим құқығы әлі күнге құқықтық білімнің негізі ретінде заң тілі мен құқықтық ойдың алғышарты ретінде оқытылады.

2.Исламдағы діни құқық және оның бұлақкөздері

·Ислам – жалпы адамзатқа келген дін. Ондағы құқық мәселесі адамды, жан-жануарларды, тіпті барлық жаратылысты қамтиды. Ислам діні адам құқығына келгенде осы негізгі принциптерді басшылыққа ала отырып, әрбір адамға өмірлік құндылықтарды көзінің қарашығындай қорғау жауапкершілігін жүктейді. Мұсылман құқығының төрт бастауы бар:

1.Алланың соңғы елшісі Мұхамедке айтқан ережелерінен тұратын киелі кітап — Құран

2.Мұхамедтің сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер жиынтығы — Сұнна.

3.Құран ережелерін талдаған ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері – Иджма

4.Мұсылмандардың алғашқы бастауларында көрсетілмеген өмірлік құбылыстарын сәйкесінше талдау – Қияс.

3.Түркияның діни мәселелерді зерттеудегі тәжірибесі

 

Түркия мемлекеті - Батыс Азияда жіне ішінара Оңтүстік Шығыс Еуропа жерінде орналасқан мемлекет. Аумағаның 97%-ы Кіші Азия(Анадолы) түбегін, 3%-ға жуығы Еуропа Бүгінгі күні Түркияда ең кең таралған жамағат Сайд Нұр Сейттің жолын ұстаушылар. Жамағаттың негізін қалаған Сайд Нұр Сейт (1878-1960) «Рисале-и Нұр» (Нұрдан хаттар) кітаптар жинағының авторы. Осы жинақты негізге ала отырып жұмыс жасайтын бұл жамағат былайғы қауымға «Нұршылар» атымен танымал. Бұл жамағатты ұстаушылар қазіргі таңда әлемнің көптеген елдеріне жайылып үлгерді. Дегенмен жамағат өз ішінде бірнеше тармақтарға айырылған. Бұл тармақтардың саны оншақты болып табылады. Бұл тармақтардың ішінде ең танымалы және кең ауқымда жұмыс жасап жатқаны Мұхаммед Фетхуллах Гүлен жетекшілігіндегі топ. Мұсылман әлемінің артта қалу себебі білім мен ғылымда кенжелеп қалуында деп түсінетін Гүлен тобы білім саласында жүргізген жұмыстарымен танымал. Өздерінің қызметі жүрген барлық елде білім ордаларын ашуда, жамағаттың жұмысын солар арқылы жүргізуде. Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлері де осы жамағаттың білім ошақтары болып табылады. Әлемнің жүзден астам елдерінде мектептер ашқан бұл жамағат жылда Түркияда дәстүрлі «түрік тілі олимпиадаларын» өткізеді.

Пантүркизмді және панисламизмді уағыздайды деп Нұр жамағаты Ресей Федерациясында тиым салынған. Сондай-ақ Өзбекстан билігі де бұл жамағатқа қырын қарайды.

Қызметі мен таралу ауқымы жағынан Нұршылармен бәсекелесе алатын жамағат Сүлейман Хилми Тунахан (1888-1959) жолын ұстанушы «Сүлейманшылар» болып табылады. Жамағат ғасырлар тоғысында екіге айырылған болатын. Оның себебі ағайынды Ариф Ахмет пен Мехмет Теңізұлдарының жамағат лидерлігіне таласуында болса керек. Осылайша екі қолы қалыптасқаныменен бір тармағы әлсіз, жұмысын тек Түркия деңгейінде жүргізіп келеді. Ал екінші тармағы болса қызметін қарышты дамытуда. Медресе жүйесі негізінде жұмыс жасайтын бұл жамағаттың да қызметі әлемнің жүзге жуық елдеріне жайылған.

Жоғарыдағы екі жамағаттан басқа Түркияда Накши жолын ұстауды жалғастырушылар бар, сонымен бірге негізін Махмұт Ұстаосманұлы қалаған «Махмұтшылар», соңғы жылдары көпшілікке Харун Яхия деген атпен танылған Аднан Октардың соңынан ерушілермен тағы басқа жамағаттар бар. Бірақ бұл жамағаттар жоғарыдағы жамағаттар сияқты кең тарамаған.

Жоғарыдағы жамағаттардың барлығының дерлік бүгін Түркияда билікте отырған АК партиямен (Әділет және Даму партиясы) арақатынасы жақсы. Тіпті түрік солшылдарының арасында бұл партияны билікке алып келген Нұршылар жамағаты деген пікірлер де бар. Бірақ Сүлейманшылар жамағатының кең тараған тармағы мен партияның арасында қайшылық шыққан болатын, керісінше екінші тармағы партиямен тығыз байланысты және жетекшісі АК партияның парламенттегі фракциясының мүшесі.

Жоғарыда атап өткен тиымдардың көбі 1950-ші жылдары алып тасталғанымен олардың орнын кейбір жұмсағырақ тиымдар алмастырған. Сондықтан Түркия жамағаттары өздерін еркін сезіне алмайды. 1990 жылдары Тұрғыт Өзалдың либералдық реформаларынан кейін жамағаттарға қысым азайған болатын, бірақ артынан жасалған әскери төңкерістен кейін қысым қайта күшейді. Тек билікке исламшыл делінетін АК партия келгеннен кейін ғана жамағаттар өздерін қайтадан еркін сезіне бастады, бірақ заңда жасалынған тиымдар әлі алынбағандықтан (ол үшін ата заң өзгеруі керек) олар жұмыстарын әлі де ашық жүргізе алмай келеді.

Түрік жамағаттары Сауд Арабиялық уахабшылар сияқты бай емес. Олардың қаржылық мүмкіндігі шектеулі. Негізгі қаржыландырушылары қарапайым жұмысшыдан үлкен кәсіпкерлерге дейінгі аралықтағы адамдар болып табылады. Олардың барлығы табыстарының белгілі бөлігін зекет, қайырымдылық, құрбан ретінде өздері байланған жамағаттарға аударып отырады. Сонымен бірге жамағаттар жағдайы төмен жастарға жатын орын, стипендия тағы басқамен қаржылай көмек беріп оларға дінді үйретеді әрі оқуын бітіруге көмектеседі. Оқу бітіріп табыс таба бастаған жас одан кейін өмір бойы жамағатына көмектесіп отырады. Бұл жүйе түрік жамағаттарында жақсы жолға қойылған.

Қазақстанда жоғарыда аты аталған жамағаттардың көбінің тіпті олардың тармақтарының да орталықтары бар. Олар Қазақстанның барлық аймағында дерлік жайылған деуге болады. Түрік жамағаттарына байланған адамдардың саны уахабшылардан мен яссауишылардан кем болмауы мүмкін. Бірақ Түркиядағы тиымдардан сабақ алған олар тыныш жұмыс жүргізеді және өздерін қоғам өкілдерінен бөле-жарып ұстамайды. Егер интеллигенция өкілдерінің арасында таралуын салыстырсақ онда олардың саны тіпті уахабшылармен яссауишілерден де көп болуы мүмкін. Себебі түрік жамағаттарының білім саласында көбірек жұмыс істейтінін жоғарыда атап өттік. Қазірдің өзінде бақылап қараған адамға түрік жамағаттарына жұмыс жасайтын медиа мен баспаханаларды, ірі БАҚ құралдарының журналистерін ажырату қиын емес.

Ал енді бұл араб, түрік, парсы, пәкістандық жамағаттардың арасындағы басты айырмашылық не деген сұраққа келсек. Түрік жамағаттарының уахабшылардан басты діни айырмашылығы бұларда да әруақты құрметтеу бар. Бұл, ислам дінін орта ғасырда қабылдаған түркі халықтарының жаңа дінді өздерінің дәстүріне сәйкестендіруімен байланысты болса керек. Яғни халықтардың арасындағы салт-дәстүр ерекшелігі әр халықтың исламды өздеріне тән етіп алуына себеп болған сияқты. Бұлардың арасындағы негізгі діни айырмашылықтарды теологтарымыз ажыратып берер, біз саяси астарын ақтарып көрдік. Басты саяси айырмашылық, ол, болашақ халифтта кім гегемон болады деген талас сияқты. Ислам әлемінде уахабшылар Сауд әулетінің үстем болғанын қалайды, түрік жамағаттары Осман империясы тұсындағы гегемондықты, парсы ағымдары бұрынғы Парсы империясының өктемдігін, Пәкістаннан келгендер өздерінің идеологиясына негізделген халифат құрылуын көздейді.

23-билет

·Ислами билік үлгісінің негіздері

 

 

·Әртүрлі конфессияларға қатысты мемлекеттік саясат

2.Қазақстан елдің ішіндегі конфессионалдық тұрақтылықты сақтау және нығайтумен қатар, әлемдік бейбітшілікті орнатуға деген өз үлесін қосып отыр. Оған осыған дейін төрт рет Астанада өткізілген дүниежүзілік дәстүрлі діндер басшыларының съезі мысал бола алады. Соңғы рет 2012 жылы өткен осы жиын көптеген әлемдік дінбасшыларының басын қосты. Әлемдегі мұсылман мен христиан қауымдары өкілдерінің көп жағдайда шиеленісті қарым-қатынастарда екендігін ескерсек, Қазақстандағы осы екі конфессияның тату өмір сүруі бүгінгі таңда мән берілуі тиіс мәселе.Қазіргі таңда конфессионалдық мәселелерді шешуде біздің мемлекет әлемдік қауымдастыққа өз ұсыныстарын жасай алады. Болашақта да тиімді жасалынып отырған саясаттың арқасында Қазақстан осы саладағы көшбасшылардың бірі болып қалу ықтималдығы көп.

3. Әйелдерге берген ислам дінінің жеңілдіктері

3.Қазіргі таңда әйел адамның қоғамда алатын орны ерекше. Саяси, әлеуметтік, мәдени өмірдің барлық салаларына тартылғандықтан «Әйел», «Қоғамдағы әйел адамның орны» сияқты тақырыптар қай салада болмасын көп қозғалады. Мұсылман елдерінде қазіргі жаһандану дәуірінде әйел адам ошақ иесі, жанұяның ұйытқысы рөлімен қоса қоғамдық өмірдегі жұмыс, іс- әрекеттерді бірдей атқарушы, жан- жақты тұлға ретінде қарастырылады. Әр қоғамда, әр ұлтта әйел адамға деген көзқарас әрқилы және де дау тудыратындай жағдайда болған. Біреуі қыз баланың дүниеге келуін мақтаныш көрсе, ал біреулері бұл жағдайды ұят санаған. Жахилия дәуірінде, дүниеге қыз баланың келуі жанұяны масқаралайтын оқиға саналатын еді, қыз нәрестелерді туыла сала тірідей жерге көметін. Осындай қорлау тек арабтармен ғана емес, Рим империясында да, сол кездегі басқа мемлекеттерде де орныққан еді. Тек Құранда ғана сәбилерді өлтіруге тиым салды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың рахымы мен сәлемі болсын) дүниеге келген қыз нәрестелерді өлтіруге тиым салып қана қойған жоқ, сонымен бірге әйелдерге құрметпен қарап, қамқорлық жасауға үйретуден жалыққан жоқ.

Ислам дінінде әйел адамның орны ерекше екені анық. Алла Тағала әйелдің сезімің еркекке қарағанда артығырақ жаратқан. Бұл сезімнің молдығы отбасында әйелдің негізгі әрі табиғи міндеті болып саналатын ұрпақ жалғастығы мен тәрбиесінде үлкен пайда келтіретін болса, қоғам мен қызметкерлердің әйел жаратылысына сай келмейтін қиын шарттарында зиянға айналып, оны шаршататындай нәтиже тудырады.

Құран Кәрімде «Ниса» (Әйелдер) сүресі бар, Еркектер сүресі жоқ. Ислам дінінде Алла Тағала ер адамға әйелін, баласын, ата- анасын, қолына қараған жақын туыстарын асырап, бағып- қағуға жүктесе, әйелге ондай міндет жүктелмеген. Өйткені, әйел адам өмірге ұрпақ әкеліп, оны тәрбиелеу сияқты ешқандай жұмыспен салыстыруға келмейтін ұлағатты іспен айналысады. Әйелдер үйде немесе сыртта жұмыс істеуге мәжбүр емес. Тұрмыс құрған болса күйеуі, құрмаған болса әкесі әйелге қажеттіліктерін әкеліп беруге мәжбүр болып табылады. «Әйелдерінің және балаларының ақыларын өтемейінше адамның намаздары, оразалары қабыл болмайды» (Табарани). «Намаздары қабыл болмайды» дегені, намаз борышынан құтылады, бірақ оған берілетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды дегенді білдіреді. Алла Тағала әйелді еркекке аманат етіп, аманатқа қиянат жасамауын да әмір еткен. Хадисте былай делінеді: «Әйелдеріңді ренжітпеңдер. Ол Аллаһ Тағаланың сендерге аманаты». Пайғамбарымыз бір хадис шәрифінде: «Үйінде (жетім) балалардың тәрбиесімен айналысып жатқан әйел жәннатта менімен бірге болады» деп бұйырады. Басқа бір хадис шәрифінде де былай дейді: «Дүние- өткінші пайда ғана. Оның пайда тигізетін ең қайырлы жаратылысы- ізгі әйелдер» делінеді. Алысқа кетпей- ақ осы хадистерден әйел адамның отбасындағы бақыттың көзі, рахымшылықтың құшағы, мейірімділік тірегі екендігіне көз жеткіземіз.

Әйел бақыты- арын сақтап өмір сүріп, отбасын ұстап тұруда. Бірақ өкінішке орай қазіргі кезде әйел адамның ар- намысы болып табылатын сыртқы келбетіне көңіл аударып, дәстүр және тәрбие нақышында өз- өзіне лайықты киіну мен жүріп- тұруды елеп, басты орынға қоймайтындар кездесіп отырады және де әйел адамның қадір- қасиетін қорлап, төмендететін адамдар баршылық. Ең қорқынышты да жиіркенішті қылмыстардың бірі- қажеттілік болмаса да тек нәпсінің рахаты үшін баланы алдыру. Осындай зұлым істі істейтіндер өмірдің қандай күтпеген сыйына душар болары да белгісіз. Осы қылмысты істегендер бәлкім, ертең өмірде жалғыз қалған кезде қолына сол баланы ұстайтынын ойлану керек. Не болмаса өзінің ата- аналары да оларды қаламай, сондай нәтижеге ұшыратқанда, бүгін өмірде болмайтындығын назарға алу керек.

Қазіргі таңдағы дау тудырушы мәселелердің бірі- Исламдағы әйел киімі төңірегінде. Әйел баласына тән әурет жерін жабық кию үлгісі кемсітуден емес, қайта оны өте бағалы көздің қарашығындай көруден, сырт көзден, сондай-ақ, түрлі арсыздықтар мен кесірі қоғамға тиетін (зинақорлық, тастанды бала, түсік тастау секіл-ді) жамандықтардан сақтау үшін бекітілгенін ескерген жөн. Ислам адамдық қасиетке сай киінуге қатысты кейбір шарттар қойған. Олардың бірі- киімнің дене бөлшектерін көрсететіндей дәрежеде тар немесе жұқа болмауы. Әйелдің әйелдік, еркектің еркектік қасиетінің сақталуы шарт. Пайғамбарымыз былай бұйырады: «Әйел сияқты киінген еркектер, еркек сияқты киінген әйелдер Аллаһтың рахымшылығынан алыс қалады» (Әбу Дәуіт, Либас, 28)

Әйелдер Ислам дінінің өздеріне берген қадірін, жеңілдігін, еркіндігін білсе, бүкіл дүние жүзінің әйелдері бірден мұсылман болар еді.

Дінімізде әйел адамға көптеген жеңілдіктер берілген. Атап айтсақ:

«Әйел жүкті кезінде күндіз саим (ораза тұтқанның), түнде қаим (ғибадат еткеннің» және Аллаһтан қорқатын мүджаһидтің сауабын алады. Ауру күшейген кезде оған берілетін сауаптың көптігін ешкім біле алмайды. Сәбиді әр емізгенде бір жан тірілткендей сауап алады».

Әйел адам босану кезінде қайтыс болса, онда ол шәһид болады. Шәһидтің парыз амалдардағы қарыздары және құл ақыларынан басқа бүкіл күнәлары кешіріледі.

Сонымен қатар қыз бала үшін сойылған бір ақиқа, ұл бала үшін сойылған екі ақиқаға тең келеді. Дініміз қыз бала үшін осы жеңілдікті білдірген.

«Жәннат аналардың аяғының астында» (Суюти, І, 125) деген хадис шәриф ізгі әйел үшін Пайғамбарымыздың тамаша куәлігі.

Құран Кәрімде былай бұйырады:

«Жақсы әйелдер, Аллаға мойынсұнады және күйеулерінің ақыларын орындайды. Күйеулері жоқ кезде олардың намысын және мал- мүлкін Аллаһтың көмегімен қорғайды». (Ниса, 34)

Қыз және әйелдерге қадір бермейтіндер, мұсылмандықты білмейтін адамдар. Мұсылман дінін жақсылап үйреніп, әйелдерді лайықты түрде қадірлеу керек.

Осы дәлелдердің бәріне сүйене отырып ешкім «Ислам діні әйелдерді, қыздарды қадірлемейді» дей алмайды.

Әйелдің табиғатына сай өмір сүруі қоғамды жәннатқа айналдырары сөзсіз. Тарих беттеріне үнілсек қоғам әйелдермен безеніп, солардың қолымен күйрегінін көреміз. Егер бақыт үшін әйелдерге көшелерді көрсететін болсақ, өмір соқпақтары әйнек сынықтарына толары анық.

Қоғамның басты мақсаты үйдің ұйытқысы, адамзатты дүниеге әкелуші, көбейтуші болып табылатын әйел адамды сыйлап, қастерлеу, рөлін асқақтатып көтеру. Діни қоғам не болмаса зайырлы қоғам болсын әйел бұл ана ретінде қарастырылуы керек. Өз анасын қалай қастерлеп, биіктетсе, әйел адамды да сондай деңгейге қою әр адамның басты борышы деп есептейік.

Адамзат болашағы сол адамзатты дүниеге әкелуші «Ана» тағдырына тығыз байланысты.

 

24 билет

 

·Діни мейрамдардың (Құрбан Айт пен Рождество) халықтар достығына ықпалы

 

1.Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер ҰлыМеккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі

Рождество — Иса (ғ.с.) пайғамбардың туған күніне орай өтетін христиан дініндегі басты мейрамдардың бірі. Григориан күнтізбесі бойынша желтоқсан айының соңында, кейбір елдерде Юлиан күнтізбесі бойынша атап өтіледі.

·Ислам құқығының бұлақкөзі – Құран

Құран немесе Құран Кәрім (араб.: القرآن‎, al-qurʾān, [qurˈʔaːn]) — Ислам дініндегі басты қасиетті кітап. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп[1], иман келтіреді. Оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады. Құран Тәурат пен Інжілден кейінгі аспандық кітап ретінде және араб тіліндегікітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады.

Мұсылмандар Құран Мұхаммед пайғамбар 40 жасқа жеткеннен бастап өліміне шейін (632 жыл/11һ.ж.) 23 жыл бойы Аллаһ тарапынан Жәбірейіл періште арқылы түсірілгеніне сенеді. Сонымен қоса мұсылмандар Құранның сахабалармен дәлме-дәл сақталғанына, оның аяттарының анық және баяндалған екендігіне, оның барлық замандағы күллі адамзатқа уағыз ретінде жіберілгеніне сенеді.

Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін Құран әділетті халифа Әбу Бәкр әс-Сиддиқпен Омар ибн әл-Хаттабтың ұсынысына сәйкес бір нұсқаға жиналады. Екінші халифа болған Омардың өлімінен кейін Құранның бұл нұсқасы иман келтіргендердің анасы Хафса бинт Омарда сақтаулы қалды. Бұл жағдай үшінші халифа Осман ибн Аффанның мұсылмандардың Құран оқудағы түрлі диалекттердің себебінен болған қайшылықтарын көргенге дейін жалғасады. Осман Хафсадан Құрайыш диалектіне сәйкес жазылған нұсқаны ортақ үлгі болу үшін сұрап алып, көшірмелерін жасауды, оған сәйкес емес нұсқаларды жоюды әмір етеді. Османның бұл жинақтаған Құранның нұсқасы халифат аумағына таратылып, ол бір нұсқасын өзіне қалдырады. Бұл нұсқа Османның мусхафы (Құранның экземплярын «мусхаф» деп атайды) аталып кетті. Зерттеушілер Осман жинаған Құранның нұсқасы Әбу Бәкр жинаған нұсқаға толығымен сәйкес санайды.

 

3.Деструктивті діни ағымдарға анықтама

негізгі діни бағыттарға қарсы ағым ретінде танылатын діни бірлестіктердің айрықша түрі

25 билет

·Діни бірлестіктерді құру, мемлекеттік тіркеу

13-бап. Діни бірлестіктерді құру

1. Діни бірлестік он сегіз жасқа толған, құрылтай жиналысын (съезін, конференциясын) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамасы бойынша құрылады, онда діни бірлестікті құру, оның атауы, жарғысы туралы шешімдер қабылданады және оның басшылық органдары құрылады. Азаматтар құрылтай жиналысына (съезіне, конференциясына) өз еркі бойынша жеке түрде қатысады.

2. Діни бірлестіктің мынадай белгілері:

1) ортақ діни ілімі;

2) діни жораларды, рәсімдер мен уағыздарды орындау;

3) өз қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын дінге тәрбиелеу;

4) қызметінің діни бағыты болуға тиіс.

3. Республикалық діни бірлестіктер мен өңірлік діни бірлестіктер өз жарғыларына сәйкес діни қызметшілер даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын мекемелер нысанында діни білім беру ұйымдарын құруға құқылы.

4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, діни бірлестіктен басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда діни қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.

5. Мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құруға жол берілмейді.

15-бап. Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу

1. Дiни бiрлестiк оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап заңды тұлғаның құқық қабiлеттілігiне ие болады.

2. Республикалық діни бiрлестiктердi және өңірлік діни бірлестіктерді мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.

Жергілікті діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.

3. Діни бірлестікті құру туралы шешім қабылданған сәттен бастап екі ай мерзім ішінде тіркелу үшін тіркеуші органға өтініш беріледі. Өтінішке:

1) діни бірлестік басшысының қолы қойылған діни бірлестіктің жарғысы;

2) құрылтай жиналысының (съезінің, конференциясының) хаттамасы;

3) тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштердегі құрылатын діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының тізімі;

4) дiни бiрлестiктiң орналасқан жерiн растайтын құжат;

5) діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашып көрсететін және осы ілімге сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтер қамтылған діни баспа материалдары;

6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алымдар төлемін растайтын құжат;

7) діни бірлестіктің басшысын сайлау туралы шешім не шетелдік діни орталық басшыны тағайындаған жағдайда, уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжат қоса беріледі.

4. Өңірлік діни бірлестікті тіркеу кезінде тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша өңірлік діни бірлестіктерді құруға бастамашылық жасаған жергілікті діни бірлестіктердің әрқайсысының қатысушыларының тізімі, сондай-ақ олардың жергілікті діни бірлестіктері жарғыларының нотариат куәландырған көшірмелері қосымша табыс етіледі.

5. Республикалық діни бірлестіктер мәртебесін растау үшін тіркелген күнінен бастап бір жыл өткенге дейін тіркеуді жүзеге асыратын органға олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеуден өткенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.

6. Осы баптың 5-тармағының талаптарын орындамаған жағдайда, республикалық діни бірлестік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылуға немесе таратылуға жатады.

7. Діни бірлестіктерді мемлекеттiк тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептiк тiркеу, діни бірлестіктерді қайта тiркеу, тiркеуден бас тарту осы Заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) мерзіміне дінтану сараптамасын және діни бірлестікке бастамашы азаматтар тізімінің осы Заңның талаптарына сәйкестігі мәніне тексеру жүргізу үшін үзіліс жасалады.

9. Тіркеуші орган мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзіміне үзіліс жасау туралы шешімді қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға дінтану сараптамасын және діни бірлестіктер құруға бастамашы азаматтар тізімдеріне тексеру жүргізуді ұйымдастыру үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін жібереді.

10. Ұсынылған құжаттардың заңнамаға сәйкестігін тексерудің, жүргізілген дінтану сараптамасының, діни бірлестікті құруға бастамашы азаматтардың тізімін тексерудің нәтижелері бойынша діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу туралы немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады.

 

·Ислам құқығының бұлақкөзі – Сүннет

 

Сүннет (арабша سنة суннат) - Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөзі, әрекеті және тақриры (шешімі) деген сөз. Құранда Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) бойұсыну бұйырылады. Сүннет - парыз бен уәжіптен бөлек, Пайғамбар (с.а.у.) жасаған және жасауды насихат еткен іс-әрекеттер.

Сүннет үшке бөлінеді:

· I. Мүәккәд Сүннет (бекітілген сүннет). Пайғамбардың (с.а.у.) үнемі орындап, кейде орындамаған Сүннеттері. Мысалы, таң, бесін, ақшам намаздарының Сүннеттері. Осы Сүннеттерді орындаған сауапқа кенеледі. Орындамаған адам жаза берілмесе де, айыпталады.

· 2. Ғайри мүәккәд Сүннет (бекітілмеген сүннет). Пайғамбардың (с.а.у.) кейде жасап, кейде жасамаған Сүннеттері. Намаздыгер мен

құптан намазының алғашқы Сүннеттері осыған жатады. Осы Сүннеттерді орындау сауапты, ал орындалмаса, күнә жоқ.

· 3. Зәуәид Сүннет (артық сүннет). Осы Сүннеттер Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік үшін орындалса, сауабы көп, орындалмаса

күнәсі жоқ. Факихтер осы негіздегі бұйрықтардан Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) Сүннеттеріне бойұсынудың қажет екендігін түсіндірген, осылайша Сүннет Кұраннан кейінгі екінші түпдеректі қалыптастырған.

Сүннет құрылымы тұрғысынан үшке бөлінеді:

· а) ауызша Сүннет;

· ә) іс-әрекеттік Сүннет;

· б) тақрири Сүннет

Ауызша Сүннет - Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөздері, ол хадис деп аталады.

Іс-әрекеттік сүннет Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) орындаған іс-әрекеттерін білдіреді.

Ал тақрири сүннет Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) көрген ісі төңірегінде үндеместен, оны макұлдағанын көрсетеді. Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) көрген ісіне қарсы шықпауы сол істі істеуге болады деген сөз. Риуаят түріне қарай Сүннет үшке бөлінеді:

· а) Мутеуатыр Сүннет;

· ә) Мәшхүр Сүннет;

· б) Ахад Сүннет (хабер-и уахид);

Мүтеуатыр Сүннет - жалған айтуға келісуі мүмкін болмаған қауымдар тарапынан ұрпақтан ұрпаққа жеткізілген Сүннет. Сол себептен, мүтеуатыр Сүннеттің жарамдылығы мәселесінде фикһтер арасында пікірталастар туындамаған.

Мәшхүр Сүннет- бір табакадағы (топ) рави (Пайғамбар сөзін жеткізетін адам) саны бір немесе екі адамнан түрғанымен, екінші табақаларда көп равилер тарапынан риуаят етілген Сүннет

Ахад Сүннет - әрбір табакадағы жеке кісілер тарапынан жеткізілген Сүннет. Мұны «хабер-и уахид» деп атайды, яғни тек қана бір адам риуаят еткен хабар дегенді білдіреді. «Хабер-и уахид» пен іс-әрекет мәселесінде мазһаб имамдарының көзқарастарындағы шарттар бір-бірінен өзгеше. Әртүрлі фикһ мектептерінің пайда болуында және мазһабтар арасындағы көзқарастардың ерекшеленуінде Сүннетке түрлі көзқараспен қараудың да үлкен ықпалы болған.

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) - Құранды алғаш рет түсіндіріп, ондағы үкімдерді алғаш рет орындаған адам. Түсіндіру және орындау кезінде оның илахи бақылауда болғандығы қабылданады.

3.Конфессия дегенімізге анықтама

Конфе́ссия (лат. confessio — испове́дание) или вероиспове́дание — особенность вероисповедания в пределах определённогорелигиозного ученияа также объединение верующих, придерживающихся этого вероисповедания. Например, вхристианстве, церкви, в исповедании употребляющие разные символы веры, образуют разные конфессии.В общем значении слова термин «конфессия» является синонимом определённого направления в рамках отдельной религии[5].


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 140; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты