Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


А) Мұнаралы күн электр стансасы




Олардың ішіндегі ең үлкені жобаланған қуаты 10 МВт-қа тең, Барстоуда (Америка) орналасқан Solar -1 КЭС-і. КЭС-тің алаңқайы эллипс тәріздес, оның осьтері 685 және 585 болатын, ауданы 0,31км2 тең. Гелиостат аланының ауданы 0,28 км2, онда 1818 гелиостаттар, айналар бетінің ауданы 73,2 мың м2. Жер аумақшаларын айналармен толтырудың орташа коэффициенті – 0,26. Айнаның шағылу коэффициенті – 0,9. Цилиндрлік пішіндегі күн сәулесін қабылдағыштың бу қазанының биіктігі 13 м, диаметрі – 7,2 м сәулелендіретін бет-тақталардың ауданы – 294 м2. Гелиостаттың тоқтаусыз жұмыс істеу дәрежесі – 98%. КЭС автоматты ЭЕМ көмегімен жұмыс атқарады [1, 11, 23, 29].

Бұл жүйеде күн сәлесін шоғырландыратын гелиостаттар жүйесі қолданады. Гелиостатар компьютермен басқарылатын екі осьтік бақылау жүйесі арқылы гелиостат айнасынан шағылған күн сәулесін қозғалмайтын және әрқашан мұнара басындаға қабылдағышқа-бу қазанына түсетіндей етіп жұмыс атқарады.

а) б)

11.2-сурет. а) Мұнарлы күн электрстансасы, б) оптикалық жүйесі

 

Бу қазанына өндірілген жылу энергиясын жинақталып оның дағдарасынан бу құбыры арқылы бу шығырына – турбинаға беріледі, соның салдарынан жылу энергиясы, механикалық энергияға, ал электр өндіргіште-генераторда электр энергиясына түрленеді. Бу қазанында будың температурасы 5600С-ден 14820С дейін қызады.

АҚШ-тың энергетикалық компанияларының консорциумы жылу тасымалдағыш сұйық ретінде ерітілген тұздар бірнеше түрлерін пайдалануды ұсынып отар.

Мұндай жүйеде ерітілген тұз «суық» бак-күбіден температурасы 2880С жылу қабылдағыш арқылы өтіп, онда 5650С дейін қыздырылады, қайтадан «ыстық» бак-күбіге барады. Бұл қондырғының жаңа түрлерінде жылу 3-13 сағат сақталады, осыған орай станса энергияны күндіз-түні және кез келген ауа райында өндіре алады [5, 23, 33].

 

 

11.3-сурет. Мұнара тәріздес күн электр стансасы (қуыс қазанды)

 

 

11.4-сурет. Мұнара тәріздес күн электр стансасы ( оптикалық жүйесі сектор тәріздес жинақталған)

 

Олар CESA-1 және CRS. Қуаты 1,2 МВт CESA-1КЭС-і. Секторлы пішіндегі айналар алқабы, әрқайсысы 38 м сайын 300 Martin Marietta Aerospase (АҚШ) гелиостаттарынан тұрады. Айналардың қосынды ауданы 11,4 мың м2. Айнаның шағылу коэффициенті – 0,87. Биіктігі 60 м мұнарада қуысты қазан-қабылдағыштың кіретін тесігінің ауданы – 11,6 м, ол 5200 қызады, ал жылу тасығыш 53% KNO2 40% Na NO2 және 7% Na Nо2 тұздар- қоспасынан тұрады [23,25].


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 321; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты