Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дислокация туралы түсінік, дислокацияның турі. Шеткі дислокация, қозғалыс кезіндегі шеткі дислокацияның пайда болуы.




Ұзындық ақау - бұл құрылымның түзу сызықты болынуының бұзылуы (түзу сызықты болу міндетті емес) Кристалдың тұрақсыз, сызықты ақауларына нүктелі ақаулар тізбесі - бос орындар немесе түйін аралық атомдар жатады. Бұл ақаулар ұзақ уақыт бола алмайды. Атомдық жазықтардың дұрыс реттілігін бұзатын ерекше сызықтық ақаулар болатын дислокациялар кристалдарда тұрақты және стабильді болып келеді. Кристалдағы жақын ретті бұзатын нүктелік ақауларға қарағанда дислокациялар кристалдағы алыс реттерді бұзып, оның барлық құрылымын өзгертеді. Дислокацияның екі түрі болады: шеткі дислокациялары және бұрандалы дислокациялары. Кез -келген нақтылы дислокация өзімен бірге бұлардың екі түрін ұсынады. Дұрыс торлы кристалды паралельді атомдық жазықтықтардың тобы түрінде бейнелеуге болады (сур.2 а). егер бір кристал ішінде жазықтықтар қажалып жатса (сур.2 б), оның шеті шеткі дислокацияны құрайды. 2 суретте, дислокацияның басқа түрі көрсетілген - бұрамалық. Мұңда ешбір атомның жазықтығы кристалл ішінде аяқталмайды, бірақ жазықтықтың өздері тек шамалы параллельді және бір-бірімен сапқа тізіледі, не нақты кристал бұрамалык негіз ретінде жалғыз иілген атомдық жазықтықтан түзеледі.

Сурет 2.Жетілген кристалда атомдык жазыктықтардың орналастыруы { а ), шеткі облыста(б) жэне бұрандалык дислокацияда (б).  

 

 

Шеткі дислокация экстражазықтық деп аталатын атом жазықтығының ажырасу нәтижесінде пайда болады, ол ішінде кристалдың жылжымалы бір бөлігінен басқа бағыттағы жылжу векторы r бір атомаралық қашқтықта болады. (3-сурет). Экстра жазықтық сына сияқты жұмыс атқарады, кристал ішіндегі өзінің төменгі шеттерін айнала кристалдық торды қатты бұзады. Кристалдың жоғарғы қабаты қысылған, ал төменгі жағы созылған, яғни экстра жазықтықтардың жоғарғы жағы атомаралық ара қашықтығы азырақ, ал төменгі жагы - бұрмаланбаған тордан көбірек.

Кристалдың айналасындағы экстра жазықтық облысы шеткі дислокация деп аталады, оның ұзындығы әдетте - 10-7- 10-5 нм. Шеткі дислокацияның тағы бір анықтамасы – кристалл ішінде жылжу облысын түзейтін сызықтық бұзылу. Бірақ бірнеше атомдардың ара қашыктығының радиустары орталықта өте аз, бұл жерде кристалл нағыз кұрылымды болады.

 

Рис. 6.2 Краевая и винтовая дислокации.

 

 

Барлық дислокацияларға тән маңызды ерекшелік – қатты бұрмаланулар дислокациялық сызыққа тікелей жақындықта жиналған. Бірақ центрден бірнеше атомдық радиус арақашықтықта ғана бұрмаланудың аздығы сонша, сол жерде кристалл құрылымы шындыққа ұқсас. Дислокациялық сызыққа жақын облыста бұрмалану өте жоғары және ол жер дислокация ядросы деп аталады.

Шеттік дислокацияны шартты түрде оң және теріске бөледі. Оң дислокация экстражазықтық үстінде орналасқан жағдайға сәйкес келеді, ал теріс – экстражазықтық төменгі жағында. Дислокациялар арасындағы серпімді әрекеттесу күші дислокация таңбасына байланысты болады: аттас дислокациялар – тебіледі, әр аттастар тартылады және бір жазықтықта сырғанау кезінде жойылады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 320; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты