Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жүзбелі бұрғылау қондырғыларын (ЖБҚ) қолдану ерекшелігі және оны қолдану шарттары.




Теңіз акоаторияларында бұрғылау жұмыстарын жүргізу тәжрибесі жүзбелі бұрғылау қондырғыларына қойылатын бірқатар талаптарды анықтады:

- Ұңғыны құру кезінде бұрғылау қондырғыларының жоғарғы өнімділігі.

- Бұрғыланып аяқталған ұңғыдан ӨЖБҚ – сын жаңа нүктеге жылдам орнын ауыстыру;

- өте үлкен емес, жақын арақашықтыққа жүзілуін қамтамасыз ету;

- осы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- автономдылығы, яғни дұрыс бұрғылауға жеткілікті материалдар қорымен және қызмет көрсету персоналын қажетті тағамдармен, тұру жағдайларымен қамтамасыз ету;

Технологиялық жабдықтар кешені мыналардан тұрады.

- Ұңғыларды бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғысы.

- Бұрғылау ерітіндісін беруге, дайындауға, регенерациялауға, сақтауға және оның бұрғыланған жыныстан тазартуға арналған жабдық;

- Ұнатақтәрізді материалдарды сақтау жабдығы;

- Ұңғыны бекіту кезінде цемент ерітіндісін дайындау және айдау жабдығы;

- Ұңғыда электрометрлік және каротожды жұмыстарды жүргізу жабдығы;

- Су асты саға жабдығы;

- Ұңғыны игеруге арналған жабдық;

- Қосымша қондырғылар (көретгіш крандар, кіші механизация қондырғылары т.б)

- Теңіз ластануынан сақтау жабдығы;

- Ұңғыны құру кезінде технологиялық процесті бақылау және басқару жүйелері.

Сурет 8- «Бакы» ӨКБҚ мұнарасы

Мұнара айналасында (сур.7) келесі жабдықтар орнатылған: бұрғылау мұнарасы (сур.8), тәл арқанның жылжымайтын соңын бекіту механизмі 1, қосымша шоғыр 2, машиналық кілттерге арналған тұрық 3, ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған кассета 4, бұрғылау тізбегініңсвечаларын қолмен ауыстыру подсвечнигі 5, тәл блогының көтерілуін шектеуші 6, ротор 7, бұрғылаушының негізгі пульті 8, бұрғылау шоғырының электр жетегі 9, ауа жинағыш 10, қашауды беру реттегіші 11, ЛБУ-1700 бұрғылау шоғыры 12, АКБ-3М2 кілті 13, пневмотаратушы 14, КИП бар кабина 15, свечаларды автоматты түрде тарату магазины 16, ТКО-ны ьасқару пульті 17 және қосымша шоғырды басқару пульті 18. Бұрғылау мұнарада келесілер қондырылған: кронблок 1, свечаларды тасы механизмінің балконы 3, тәл арқанында қыстырылған тәл блогы және свечаларды көтеру және қысу механизмі 4, автоматты элеватор және вертлюг 5.

Свечаларды қолмен орнату кезінде тәл блокпен автоматты элеватор орнына ілмек блогын қолданады. Осыдан басқа мұнарада монтажды блок, жылжымалы орталағыш 2, төменгі блок, жапқыш, машиналар кілттерінің жапқыштары және т.б.

Негізгі палубада көлемі 120 м3 болатын жұмыс сиымдылықтар блогы бар айналдыру жүйесі орнатылған. Блоктарда келесі заттар бар: өнімділігі 50-60 л/с бұрғылау ерітіндісін тазалаудың елегіші, бұрғылау ерітіндіні газдан айыру үшін вакуумды дегазатор, құмайырғыш, су араластырғышқа суды немесе ерітіндіні берудің шламды сораптары, механикалық араластырғыштар, гнидравликалық араластырғыштар.

Кранның қызмет көрсету аумағындабұрғылаудан шыққан жыныстың шламын жинау және оны жағалауға апару үшін арнайы контейнерлер орнатылған.

ӨКБҚ–ның энергетикалық жабдығы дизельгенераторлардан, жалпы біріккен энергетикалық жүйеден тұрады. Олардың қуаты жалпы ӨКБҚ – ң параметрлерінен, бұрғылау тереңдігінен, теңіз тереңдігінен, жұмыс режимінің тәуелділігінен анықталады. Құрлыққа қарағанда электр жетектердің және электрқозғалтқыштарының қуаты жоғарыны таңдайды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 252; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты