Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Динамикалық тұрақтандыру жүйесінің маңызын түсіндіріңдер.




ЖББҚ-ны тасымалдаудың 3 тәсілі бар: буксир арқылы, өздігінен жүргіш, комбинацияланған. Бұрғылау процессінде сважина үстінде ұстау тәсілі бойынша 3 түрге бөлінеді: якорьлі ұстау (бекіту) жүйесі бойынша, динамикалық позициялау бойынша, тартқыш тіректер арқылы бөлінеді. Су тереңдігі 200-300м – якорлі бекіту, одан жоғары тереңдікте - динамикалық позициялау жүйесімен әртүрлі жағдайларға байланысты- аралас бекіту жүйесімен қондырады.(ұстайды).

ЖББҚ-ны конструкциясымен игеру кезінде, оларға қойылатын, негізгі талаптар:

§ Тұрақтылығы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

§ Бұрғылау кезінде қозғалысын азайту;

§ Жұмыс жасау икемділігін қамтамасыз ету;

§ Технологиялық қор мөлшерін көбейту;

§ Қарапайым құрылу және пайдалану кезінде ыңғайлы болу;

§ Материалдар шығымын азайту;

§ арнайы аумақтар ескеру;

 

Сур.9- ЖББҚ-ның жалпы сұлбасы

Якорлі ұстау жүйесімен бекітілген ЖББҚ негізден және одан орналасқан бұрғылау қондырғылы платформадан тұрады. Негізге – айнымалы жүргізгішкі потондар және платформа астындағы тіректер кіреді. Тасымалдау жағдайында үлкен массасына қарамастан ЖББҚ шығып тұрады. Бұрғылау нүктесінде понтондар сумен толтырылып, қондырғының негізі 18-30 м-ге түсіріліп, якорланады. Ал платформа жабдықтарымен және оған қатты түрде жалғанған негіз бөлігі судың бетінде қалады.

Жартылай батпалы жағдайында ЖББҚ өзінің тіректерінің жүзгіштігі арқасыда ұсталады. Сумен толтырылған понтондар ЖББҚ-ң ауырлық ортасын төмендетеді. (егер ортасы судың жоғарғы жағында болса, толқындар қысымын әсерінде болар еді) қатты (күшті) толқын жүктемелерін қабылдайтын элементтердің қима ауданының кішірейту және ауырлық ортасын төмендету ЖББҚ-ның тұрақтылығын арттырады. Якорлі ұстау жүйесі тек ғана 300м тереңдікке арналған, өйткені тереңдік өскен сайын якорлі тростар/ң ұзыдығы өседі, якорлі лебедкалардың салмағы мен габариттары, өседі,→олар якорлау процестерін қиындатады. Мұндай ЖББҚ, мысалы «Седко-701» (Великобритаияда жасалған) «Шельф».

ЖББҚ-ны динамикалық позициялау якорлі бекітуге қарағанда бұрғылау процесінде ұңғы үстінде қодырғыны ұстау жүйесімен ерекшеленеді. Айырмашылығы: мұнда акустикалық аппарат, есептеуіш машина және винттен тұрады (көлденең және бойымен орналасқан ).

Шығатын сигналдар гидрофондармен қабылданып, есептеуіш машина арқылы ЖББҚ –ң орналасу жағдайы аықтайды.Скв/ға қатысты өзінің орнын ауыстырған кезде автоматикалы түрде сәйкес қозғалтқыштарға команда беріліп, өз орнына қайта қойылады.

Теңіз тереңдігі өскен сайын дин/лық жүйенің тиімділігін өседі (артады). Сондықтан, оны 6000м дейін қолдануға болады.

ЖББҚ якорлі бекіту және динамикалық позициялаудың бірқатар кемшіліктері бар: ұңғы осі горизонталь бойынша орнын ауыстыруы, ағымды акваторияларда якорлі тростардың үзілу қауіптілігі. Сондықтан, басқа түрлі ЖББҚ –ға қарағанда басты орынды алатын (келешектері жоқ) тартқыш тіректілі ЖББҚ болып саналады.(сур. 10).

Негізгі элементтері: айным жүзгішті понтондар, платформа астындағы тіректер,бұрғылау нүктесінде орналасатын фундамент, және фудаметті понтондармен жалғайтын тартқыштарды (олар түп якорінің рөлін атқарып, потондарды ұстайды). Тартқыштар әртүрлі болады: грунтқа батырылған үлкен ø свойлар, массивті плиталар т.б.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 140; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты