Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


КЖБҚ тасымалдау кезіндегі кедергілердің түрлері?




Өздігінен көтерілетін деп аталатыны теңіз бетінде платформаны көтеру және түсіру платформаның өзінде орналасқан дократтар және шоғырдың тросты жабдықтарымен жүргізілетіні.

 


Сурет 5-«Лукойл» компаниясының ӨКБҚ-сы.

ӨКБҚ үлкен тереңдіктерде тиімді қолдануға негізгі кедедергілер келесілер:

1. Теңіз бетінде үлкен негіздерді тасымалдау, монтаж және демотаждың қиындығы мен қымбаттылығы.

2. Тіректердің ұзындығы ұзарту кезінде олардың беріктігінің, тұрақтылығының төмендеуі.

3. Негіздерді теңіз грунт түбінен алу қиындығы.

34. Теңіз жұмыстарын қайда жүргізеді, негізгі аймақтар. Қашаган кен орнын меңгеру Континенталды шельф деп топографиялық жағынан теңіз жағына қарай құрлықтың созылуын түсінеміз. Ол таяз судың деңгейінен еңісі күрт өзгеретін түбекке дейін континенттің жанындағы аймақ. Күрт өзгеретін жерді континенталды шельфтің шеті деп атады. Көбінесе шетті 200 м тереңдікте шартты белгілейді, бірақ кей жағдайда еңістің күрт ұлғаюы 400 м тереңдіктен немесе 130 м-ден аз тереңдікте болады.

Теңіз және мұхит шельфтарының мұнай газ ресурстарының меңгерудің тәжірибесі бойынша, өте үлкен күрделі қаржыға қарамастан теңіз кен орындарына көмірсутек шикізатын өндіру көп пайданы әкеледі. Шельфте табылған мұнай және газды сатудан келетін пайда шығындарды 4 есе өтейді. Акваторияларда іздеу-барлау жұмыстарына жалпы кен орынды меңгеруге келетін шығындардан 10-нан 20% дейін құрайды.

Теңіз кен орындарды игеруге қажетті жалпы күрделі қаржы – климаттық жағдайлардан, кен орынның тереңдігінен және қызмет көрсету жаға базасынан алыстығынан, алынатын қордан, ұңғылар дебитінен, жалпы бұрғылау үрдісінде, теңіз жабдықтарын орналастыруда, өндіруде, теңіз жағдайында өнімді жинау, дайындау және тасымалдауда автоматизациялау аумағында ғылыми-техникалық прогрестен тәуелді болады.

Қашаған - Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан әлемдегі ірі мұнай және газ кен орны. Ол Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Қашаған 75 км x 45 км аумақты алып жатыр. Қашаған соңғы 40 жылда табылған әлемдегі ең ірі кен орны болды [1]. Кен орнының коллекторы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз түбінен 4200 метрдей тереңдікте жатыр.

Соңғы зерттеу деректеріне сүйенсе кен орынның мұнай қоры 9–13 миллиард баррель мұнайды құрайды. Мұнай кен орны шетелдік компаниялардан құралған North Caspian Operating Company (NCOC) халықаралық консорциумы Өнімді бөлісу туралы келісім арқылы игерілуде. Консорциумға Eni (16,81 %), «ҚазМұнайГаз» (16,81 %), Total (16,81 %), Royal Dutch Shell (16,81 %), ExxonMobil (16,81 %), ConocoPhilips (8,4 %), INPEX ( 7,56 %) компаниялары кіреді.

Кен орнына ХІХ ғасырда Маңғыстау облысында дүниеге келген қазақтың әйгілі жырауы Қашаған Күржіманұлының есімі берілген. Қашаған кен орны Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Ол Каспий аймағы мұнай кен провинциясына жатады. Қашаған - Солтүстік Каспийдегі Қаратон-Теңіз кен орнының жалғасы болып саналады. Ол негізгі үш массивке бөлінеді: Шығыс Қашаған, Батыс және Оңтүстік-Батыс Қашаған. Өндірілетін мұнай қоры 1,5-10,5 млрд тонна аралығында болса, ал жалпы геологиялық мұнай қоры - 38 млрд баррель құрайды (6 млрд т)[2].

Шығыс Қашағанның қоры 1,1 - 8 млрд тонна, Батыс - 2,5 млрд тоннаға дейін ал Оңтүстік-Батыс Қашағанда - 150 млн тонна. Қашағанның геологиялық қоры қазақстандық мамандардың есебі бойынша шамамен 4,8 млрд тонна деп жоспарлануда. Сонымен қатар Қашағанда табиғи газдың да ірі қоры бар - 1 трлн м3 асады.

Қашаған кен орнынан бөлек консорциум қосымша он бір блокті игеруде. Олар Ақтоты, Қайран және Қаламкас. Мұнайды өндіру жасанды аралдар арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күнге төрт жасанды арал құрастырылып, шамамен 37 ұңғыма бұрғыланған.

Мұнай мен газды кешенді дайындау мақсатында Атырау қаласынан 32 шақырым қашықтықта «Болашак» станциясы тұрғызылды. Аталған станция тәулігіне 300 мың баррель мұнай дайындай алады және кейін оны 450 мың баррельге дейін ұлғайтуға болады.

Өндірістік операцияларды қолдау мақсатында Маңғыстау облысында Баутино базасы арқылы асырылады. Сонымен қатар мұнда мұнай төгілуге қарсы күрес орталығы да қызмет етеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 217; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты