КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Суасты пайдалану әдістерінің қандай артықшылығы бар?Суасты технологиялық сенімділігі Сенімділікті қамтамасыз ету мәселесі- суасты технологиясын қолдануда ең маңыздысы болады, өйткені суасты жабдықты инспекциялау қиындатылған, ол оған қызмет көрсету немесе алмастыру үлкен шығындарға әкеледі. Осымен қатар, суасты жабдықтардан бас тарту қоршаған ортаның күйіне әсер етеді. Суасты қаржыны қайтаруды қамту керек. Суачты үрдістерін минимумға келтіру үшін инспекция жөндеуге немесе алмастыруға суасты жабдықтар компоненттері алуды қамтамасыз ету маңызды болады. Осыған байланысты өнімнің үздіксіздігіне кепілдік бола алатын, суасты жүйелерге дубілдеу принципін енгізу қажет. Сондықтан модульді жүйелер стандартты компоненттерді қосумен жобалану арнайы сынамалар өткізу және сапасын қатаң бақылаумен дайындалу қажет. Бір сөзбен айтқанда, суасты жүйелердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін творчествалық ізденулерді жаңа ойлармен абайлап біріктіру, қолдану қажет. Ұран болып қарапайымшылдық, ал мақсат- сенімділік болған жөн. Суасты жабдыққа қызмет ету Жоғарыда айтылғандай суасты жабдықта қызмет көрсету мәселесі оның сенімділігін қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Састы не болмаса басқа да жүйелерге қызмет көрсету бір принциптерге негізделеді. Модульді жүйелерді қолдану сыналған компоненттрді қолдануды ұсынады, өйткені оларды алуға және жаңалармен ауыстыруға мүмкіншілік береді. Бірақ, кезкелген жүйеде тек бір кен орынға тағайындалған компоненттер болады. Олар алынбайды және кен орынды игерудің барлық кезінде қызмет көрсетеді. Басқа жүйелер бұзылуы мүмкін. Осындай жағдайда екі жол бар. Бірінші жол- суасты жүйесінде осы компоненттердің жоғарғы сенімділігін қамтамасыз ету. Екінші жол – жүйені жобалау кезінде бір компонент істен шыққанда оның функциясын басқа компоненттер орындай алатындай жасау. Олардың рентабельдігін талдау нәтижелерімен қатар қолдану мәселелерін шешу кезінде ескерілу керек. «Закум» суасты өндіру жобасы «Закум» суасты өндіру жобасын жасау 1969ж. тамызында ұңғы бұрғыланып 1972ж. сәуіріне дейін жалғасқан кезде, және мұнай суасты сағалы арматурасы бар ұңғыдан жақын орналасқан платформаға дейін жеткен жағдайда болды. Осы мерзім ішінде әртүрлі суасты пайдалану қондырғылар және әртүрлі суасты үрдістер сынайды. Жобаны жүзеге асыру келесі мақсаттарды көздеді: 1. Суасты әдістер арқылы мсұнай өндіруді қамту. 2. Суасты жабдықтарды және суасты әдістерді тәжірибе жинау және оны мұнай кен орындарын игерде қолдану. Жобада суастында мұнай өндіру аспектілердің барлығын алатын жабдықтар мен үрдістер сыналды. Негізгі пайдалану жабдықтарымен (саға арматурасы, қақпақтар, лақтыру желілер т.б.) қатар келесі жабдықтар түрлері болады: - саға қондырғысы - мұнай және газ сепараторлары - газды лақтыру жүйелері - қақпақтар жұмысын реттеу құрылғысы - бақылау-өлшегіш аспаптар және байланыс жүйесі - электрэнергия көздері және оларды тарату жүйелері - құбырлар және манифольдар; - арқан жұмыстары; - водолаз жұмыстары; - қосымша кеме.
«Закум» суасты жүйені пайдалану жағдайлары жағымды болды. Судың тереңдігі 20м- ден аспай, қондырғыны орнату және оған қызмет көрсетуі бойынша үрдістерді арнайы водолаздармен орындауға мүмкіндік берді. Осымен қатар пайдалануды жеңілдеткен, жұмыстар орындалған жерден жаға базасының алыс болмағандығы. «Закум» жобасының арқасында суасты үрдістерін жүргізудің үлкен тәжірибесі үлкен тереңдіктерде алынды.
|