Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Суасты саға қондырғысы




Жүзбелі бұрғылау құрылымдарынан (БК, ЖББҚ) ұңғыларды бұрғылау тәжірибесінде теңіз түбіне қондырылатын суасты саға қондырғы (ССҚ) кешенін кеңінен қолданады.

Осындай орналасу ұңғы ортасынан жүзбелі құрылымның көбірек орын ауыстыруға мүмкіндік береді, осы кезде теңіз түбінде орналасқан жабдық механикалық жұмыс ауытқуына аз ұшырайды.

ССҚ кешенінің тағайындалуы:

- толқындар мен ағымдар әсерінен орын ауыстыратын БК немесе ЖББҚ арасы мен теңіз саға арасында иілгіш тұйық технологиялық байланыспен ұңғыны бұрғылауға мүмкіндік береді.

- бұрғылау аспабын ұңғыға бағыттау, бұрғылау ерітіндінің тұйық циркуляциясын қамтамасыз ету, бұрғылау кезінде ұңғыны басқару және т.б.

- апаттық жағдайларда ұңғыдан мүмкін лақтырулар болуы немесе теңіздің үлкен толқу кезінде бұрғылау

қондырғысын ажырату мақсатында бұрғылау

ұңғыны сенімді жабу үшін.

Ұңғыларды теңіздің әртүрлі тереңдігінде -50 ден 1800 м –ге дейін бұрғылауды қамтамасыз ету үшін ССҚ конструкциясының бірнеше түрлері болады.

ССҚ-ны үлкен тереңдікке орнату оның қасиеттеріне үлкен талаптар қойяды: сыртқы қысымдарды ұстай алу үшін қондырғы берік, тербеліске тұрақты, саңылаусыз және үлкен

Сурет17- Бірблокты суасты саға қашытықта басқаруға сенімді болуы қажет.

кешені.

. Кешендегі тармақтар конструкциясы бір-біріне жалғануы нақты (дәл) және ССҚ- ны басқаруда дұрыс жұмысты қамтамасыз ету қажет.

БК немесе ЖББҚ- да орналасатын және толқын, ағым, жел әсерлеріне ұшырайтын сенімді құрылғыларға – яғни байланыс механизмдерінің орналасуына үлкен көңіл аударады.

Теңіз түбіне ССҚ-ны орнату кемшілігі- Басқарудың, пайдаланудың және жөндеудің қиындығы. Жүзбелі бұрғылау қондырғыларынан бұрғылаудың көпжылдық тәжірибесі негізінен осы ұңғылардың суасты саға конструкциясының екі түрін анықтады.

Бірінші конструкцияда ( 5000-6500 м ұңғы тереңдігі үшін) диаметрі 762 мм фундаменталды тізбект, 508 мм –кондукторды, 340 мм- бірінші аралық тізбекті, 178 мм- екінші аралық тізбекті қолданады. Қабаттарды бірмезгілде – бөлек пайдалануда екітізбекті СКҚ-ды түсіріп, колдануды пайдалану тізбектің диаметрі қамтамасыз етеді.

Екінші конструкцияны ұңғылардың қарапайым конструкциясында азтереңдікте бұрғылау кезінде қолданады. Осы конструкцияда диаметрі 762 мм фундаменталды тізбек, 406 мм- кондукторды, 273 мм- аралық тізбекті, 178 мм- пайдалану тізбекті қолданады. Теңізде БК және ЖББҚ-да бұрғылау жұмысын жүргізу үшін бір немесе екіблокты ССҚ-ны қолданады.Суретте көрсетілген бірблокты суасты саға қондырғысы келесі тармақтардан тұрады: 1-бұрғылаушы пульті; 2- штуцерлі манифолбдпен басқару пульты; 3- аккумулятордық қондырғы; 4- гидравликалық күш қондырғысы; 5- дистанциялы басқару пульты; 6- штангілі барабандар; 7- гидравликалық спайдер, 8- теңіз тұрақтың жоғарғы жалғануы; 9- телескопиялық компенсатор; 10- қосылғыш; 11- бұрыш компенсаторы, 12- теңіз тұрағының төменгі бөлігі; 13- бағыттауыштар; 14- суасты ысырмалар; 15-цангілі муфта; 16- тіректі плита; 17- акустикалық бергіш; 18- лпаштілі превенторлар; 19*- штуцерлі манифольд; 20- теңіз тұрақ..

Бірблокты ССҚ конструкциясының жетістігі- кешенді қондыруға және монтажға аз уақыт кетуі, және осы бірблокты саға қондырғы барлық бұрғылау уақыты аяғына дейін болуы. Сурет 17-де терең көптізбекті ұңғыларды бұрғылауды қамтмасыз ететін бірблокты ССҚ конструкциясы келтірілген.

 

Сурет.18-Теңіз тұрағы

1-дөңгелек компенсаторры және арын бұрғышы бар жоғарғы секция; 2- телескопиялық компенсатор; 3-тарту арқандары; 4- аралық секция; 5-дөңгелек және гидравликалық қосқышы бар төменгі секция.

Теңіз тұрағы (сурет 19).

Теңіз тұрағы жалпы суасты саға қондырғысының негізгі және жауапты бөлшегінің бірі болып саналады. Бұрғылау жұмыстары кезінде теңіз тұрағы өте күрделі жағдайларда пайдаланылады. Тәжіребиде белгілі, мұндай жұмыс жағдайында пайдалану бірнеше жеке тармақтардың бұзылуына әкеледі. Теңіз тұрағының бұзылу себептері, ол – күрделі теңіз жағдайлары ұзақ уақыт әсер етуі, үлкен тығыздықты бұрғылау ерітінділерін қолдану, қосылулардың сенімді емес тармақтарын қолдану дұрыс жұмысын бақыламау т.с.с.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 211; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты