Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Шельфте кен орындарын пайдалануда кезінде қоршаған ортаны қорғау шаралары қалай жүргізіледі.




Континенталды шельфтің бір еркшелігі, ол акваториялардың 75% солтүстік және арктикалық аудандарда орналасып, онда ұзақ уақыт мұз жатып қосымша қиындықты туғызды. Қоршаған орта теңіз жұмыстарын орындау жағдайын, мұнай кәсіптік объекттерде құру және пайдалану мүмкіндігі анықтайтын гидрогиологиялық факторлармен сипатталады.

Олардың негізгілері:

• температуралық жағдай.

• жел.

• толқындар.

• ағымдар.

• су деңгейі.

• теңіздің мұз беті.

• судың химиялық құрамы және т.б.

Осы факторларды ескеру іздену – барлау жұмыстары және теңіз мұнай газды өндірудің экономикалық көрсеткіштеріне әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Теңіз мұнай кәсіпшілік құрылымдарды құру теңіз түбінің инженерлі – геологиялық ізденістерін жүргізуді талап етеді. Мұнай кәсіпшілік құрылымдардың фундаментін жобалау кезінде грунтарды өз орнында және зертханада инженерлі – геологиялық ізденісінің сапасына үлкен көңіл аударылды. Мәліметтердің толықтығы және сенімділігі құрылымдарды пайдаланудың қауіпсіздігін және жобаның тиімділігін анықтайды.

Теңіз тереңдігі өсуімен кен орынды игеру құныда өседі. 30м тереңдікте игеру құндылығы құрлықтағыға қарағанда 3 есе көп, 60м – де – 6 есе, 300м – де – 12 есе көп болады екен.

Соңғы жылдары су асты ұңғыны пайдаланудың жабдықтарын тәжірибелі – кәсіпті пайдаланып, ғылыми – зерттеу жұмыстары көп жүргізілуде. Көбінесе, мұз жағдайында суасты теңіз кен орындарын пайдалануға үлкен көңіл аударылады.

Басты мәселе суасты құбырларды мұзды кезеңде құру, тексеру және жөндеу болып табылады. Суасты игеруге арналған техниканы пайдалану суасты – техникалық жұмыстарын қауіпсіз жүргізудің қамтамасыз етуін талап етеді. Техникалық мәселелерді шешумен қатар адам өмірлігін қамтамасыз ететін медицина – биологиялық мәселелерді, суастында жұмыс істеу кезінде жылумен сақтаудың медицина – техникалық аспектілер есептерін шешуді қарастыру қажет.

Теңіз мұнай газ кен орындарын барлау және игеру – техникалық жағынан өте күрделі және қымбат бағаланатын үрдістер. Меңгеру кезінде негізгі мәселелер ол – осы жұмыстарды өндіру технологиясы мен техникасы.

Теңіз кен орындарын барлау және игеру жұмыстары екі кезеңде жүргізіледі:

o бірінші кезңде мұзды уақытта геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, техника қолданылуы мүмкін:

o екінші кезеңде, яғни мұнай газды өндіру, дайындау, тасымалдауда үздіксіз өндірістік цикл жүргізілетін себептен сенімді, ұзақ мерзімді талаптарға сай келетін техниканы қажет ету.

Құрылымдарды дұрыс орнату мәселесінің дұрыс шешімінің негізгі шарты, ол қоршаған орта туралы толық және сапалы мәлімет алу. Космостық бақылау құрылғылардың тең дамуына байланысты келешекте информацияның өсу мерзімі азаюы мүмкін.

Мұнай газ кен орныдарын игеруде гидрометеорологиялық жағдайларды мұқият зерттеу өте қажет. Өткені гидротехникалық құрылымдар қорғалмаған акваторияларда қиын ауа – райында құрылып, пайдаланады. Қоршаған орта жағдайында құрылымдар жұмыстың сенімділігін кен орынды барлық пайдалану мерзімінде қамтамасыз ету қажет (25 – 30 жыл).

Теңіз мұнай кәсіптік құрылымдарды жобалау кезеңінде кен орынның алаңына гидротехникалық құрылымдарды орналастыру орындары мен сұлбасын анықтау үшін үлкен көлемде мәліметтер қажет. Осыларға келесі мәліметтер жатады:

Ø толқындардың ең үлкен биіктігі және оларға сәйкес кезең;

Ø жел мен ағымдар жылдамдығының ең үлкен мәндері.

Ø ағым келулерін ескере отырып су деңгейінің өзгерулері;

Ø мұз жағдайлары;

Ø толқындардың биіктіктерінің, кезеңдерінің және параметрлерінің режимді таралуы;

Ø ағым профиді, жел жіне толықын спектрі, толқындардың топты қасиеттері;

Ø әдеттегі және өте қатты шторымдарда жел жылдамдығының жүрісі, толқын параметрлері.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 141; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты