КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Пән постреквизиттеріПән бойынша білімдердің болуы «Операциялық жүйелер», «Қолданбалы программалық қамсыздандыру», «Жаңа ақпараттық технологиялар», «Программалау», «Білімдер қоры және эксперттік жүйелер» пәндерін оқыту үшін қажетті. Пәннің қысқаша сипаттамасы: Информатика – бұл компьютердің көмегімен ақпаратты түрлендіру үрдісімен және олардың қолдану ортасымен өз ара әсерімен байланысты адам қызметінің болмысы, сонымен бірге қоршаған әлемді талдаудағы жүйелі-ақпараттық тәсілді бейнелейтін, ақпараттық үрдістерді, ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, сақтау және пайдалану әдістері мен құралдарын зерттейтін ғылыми білімнің іргелі облыстарының бірі. «Информатика» курсы информатиканың келесі: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар аспектілері бейнеленілетін негізгі теориялық және практикалық мәліметтерден тұрады. Курстың мақсаты: · қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың даму перспективаларын зерттеу; · компьютердің, ақпараттық жүйелердің және компьютерлік желілердің ақпараттық және бағдарламалық қамсыздандыруларының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын зерттеу. Курстың міндеттері: · компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктері мен нақты мүмкіндіктерін түсіну, олардың даму және жетілдіру тенденцияларын білуі, компьютерлік техниканы пайдаланушы ретінде талаптарды нақты тұжырымдай білуі; · ақпараттарды өңдеу, беру, талдау, құрылымдау, формальдау әдістерін білу керек; · корпаративтік желілермен бүкіләлемдік ауқымды Интернет желісінің қызметін және жергілікті компьютерлік желінің қызметтерін пайдалана білу іскерлігі; · компьютердің көмегімен инженерлік-экономикалық және басқару есептерін шығаруға арналған бағдарламаларды өңдеу және алгоритмдерді жазу әдістерін меңгеру; · қазіргі есептеу техникаларының байланыс жүйелерін пайдалануға байланысты жұмыс істеу дағдылырының болуы, жаңа ақпараттық технологиялардың даму перспективалары мен негіздерін білу, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпараттық ресурстарды бағалай білу іскерлігі; · қазіргі заманға сай компьютерлерді қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және оны белсенді.пайдалана білу
Аталған курсты аяқтағаннан кейін студенттердің меңгеретін білім біліктері: · қазіргі заман компьютерлерінің қолданбалы программаларымен жұмыс істеуді; · жергілікті компьютелік желілермен, корпоративтік желілермен, INTERNET ауқымды желісінің қызметімен, қазіргі заманның компьютерлік технологияларымен жұмыс жасай білуі; · ақпаратты өңдеуде және ұсынуда структуралау, формализациялау, анализдеу әдістерін білуі; Пәнді меңгеру нәтижесінде төмендегі құзырылықтар қалыптасады: негізгі құзырылықтар: қалыптастырушы:қазіргі ақапаарттандырылған қоғамның дамуы кезінде ақпараттың мәні мен маңызын түсіну; жүйелеуші: ақпарат, ақпараттық үрдістер туралы білімді меңгеру, ақпаратты бағалау, таңдау, және ұйымдастыра білу; зерттеу: ақпаратты алу және пайдалану, түрлі деректерді қабылдау және қолдан білу; пәндік құзырлықтар: коммуникативтік: түсінікті болу үшін сұхбат құра білу, тапсырмаларды уақытылы орындау; технологиялық: білімгерлердің өздігінен жоспарлаған ақпараттық өнімдерін сызба бойынша құру және оны өңдеу мүмкіндігін түсіну; бақылаушы:ақпараттандыру саласындағы білімді меңгеру, бақылаушы-бағалаушы материалды дайындау, алынған нәтижені өңдеу; арнайы құзырлықтар: бағдарламалық: ақпаратты қабылдау, сақтау, өңдеу әдіс-тәсілдерін меңгеру, ақпаратты басқарушы құрал ретінде компьютерде жұмыс жасай алу, ауқымды компьютерлік желімен жұмыс істей алу қабілетінің болуы; пәнаралық: компьютерлік сауаттылықты меңгеру және әр түрлі пәндердің материалдарымен жұмыс істеу кезінде қолдана алу; әлеуметтік: ұжымда жауапкершілікпен жұмыс істей алу; дамытушық: оқытудың жаңа дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін меңгеру, жоғары кәсіби тәжірибелі ұстаздардың тәжірибесін үйрені және тарату; креативті: компьютермен басқарылатын конструкторлық материалдарды пайдалану арқылы құрастыру және модельдеу; ұйымдастырушы-әдістемелік: нормативтік құжаттарды меңгеру, ұйымдастырушы қабылетін дамыту;
|